• 84544
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жүректің көзі - 08.11.12.


Әнес САРАЙ, Жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері: Арманым жоқ деуіме болады
 

- Аға, жетпістің бесеуіне келіп жатырсыз, құтты болсын айтамыз. Бұл жасқа жеткен де, жетпеген де бар. Әр жылды артқа тастаған сайын адам баласы өзіне-өзі есеп беріп тұруы керек екен. Ал сіз саналы ғұмырыңызды жазуға арнаған адамсыз. Қалам ұстаумен өткен өмір белесіңізге бұрылып қарағанда не көріп жүрсіз? Әттеген-айыңыз бар ма, әлде тәубешіл көңіл басым ба?
- Жетпіс бес жыл өмір сүру оңай емес. Біз халықтың басындағы қиын кезең өтіп жатқан 1937 жылы туғандармыз ғой. Осы жылы туған 15-ке жуық жазушы бар едік бір кездерде. Бүгін солардан Қайрат Жұмағалиев екеуіміз ғана 75-ке жетіп отырмыз. Демек, осы өмірдің өзін жүріп өту оңай шаруа болмағаны да. Соның өзі ойға қалдырады. Біз соғыс балаларымыз ғой. Соғыс балаларының басынан аз тауқымет өткен жоқ. Әйтеуір анамыздың жалғыз тұяқ деп алақанына салып, өсіргенінің арқасында аман қалдық.
Жазушы өмірі үлкен бір бәйге іспетті. Сол бәйгенің со­ңында қалсаң, сенде ешкімнің шатағы жоқ, тиіспейді. Алға шыға бастасаң, аяғыңнан тартуға тырысатындар табыла кетеді. Ондайды да көрдік. Мен бүгін ондайлардан гөрі, Мұхтар Әуезов секілді тәлім-тәрбие берген тұлғалар туралы айтуды жөн санаймын. Жақсы ағалардың алдын көрдік. Дәрісін тыңдадық. Соның өзі біздің бақытымыз екен. Мұ­хаңның дәрісін көп тыңдай алмадық, бақилық болып кетті ғой жарықтық. Кейін оның орнына Темірғали Нұртазин деген кісі келді. Өзі репрессияға ұшырап, Киевке жер ауда­рылған екен кезінде. Киев университетінде сабақ берген. Ол кісінің даусы қандай еді, бабымен ғана сөйлейтін адам еді. Қазақ, орыс тілдеріне де бірдей, ұстаздық қасиеті, мәдениеттілігі, үстіне қылау жұқтырмайтын кірпияздығын айтсаңшы, керемет білімді еді. Қазақ әдебиетін дүниежүзі әдебиетімен шендестіріп тұ­рып түсіндіретін. Төл әде­биетімізге деген сүйіспен­ші­лігімізді оят­қан да осы Те­­мір­ғали ағамыз болды. Ғабит Мүсірепов ағамыздың да көзін көрдік. Ұстамды. Орын­сыз сөйлемейтін. Жазу­шы­лардың көңіліне қарағаны болар, айтар сынын астарлап қана жет­кізетін. Ол кезде 50-60 қана жазушы едік. Ал қазір жазу­шылар саны 777-ге жетті деді өткендегі жазу­шылардың құрылтайында, құдды әлгі бір «крутой» ма­шинаның нөмірі секілді санға жетіппіз (күліп алды).
- Сіз Ресейдің Астрахан облысына қарасты Володар ауданының Қармалай ауылында тудыңыз, сол жақта мектеп бітірдіңіз. Білім қуып, Мәскеуге барсаңыз, бұдан да биік асу­ларды бағындырар ма едіңіз? Алматыға қалай жолыңыз түсіп жүр?
- Бұл тағдырдың ісі ғой. Әйтпесе мен онжылдық мектептен кейін физика-ма­тематикалық факультетке де, теңіз капитандарын даяр­лайтын училищеге де оқуға түскенмін. Алайда ешқайсысы ұнамады. Дел-сал болып жүрдім де қойдым. Арасында балық аулап теңізде жүрдім. Сосын әскерге кеттім. Әскерде сол­даттарды плацқа шығарып жібергенде, казармада кезекші болып жападан жалғыз қалатын кезім бар. Сондай сәттерде, оңашада өзімше ой кешіп отыр­ғанда, қалай да Қазақстанға жетуім керек деген байламға келдім. Сөйтіп, әскерден босаған бетте, «Алматы қайдасың?» деп тартып отырдым. Жалғыз ұлы­ның жолын тосып отырған анама да айтпай кетіп қалдым. Әрине, кейін анамды алып келдім ғой. Бірақ екі көзі төрт болып, мені күтіп отырған шешемді ренжітіп алдым ба деп ойлаймын, көп ұзамай, тісім түсе бастады. Есіңде сақтай жүр, анасын ренжіткен адамның тісі түседі деген ырым бар бізде.
...Жолым болып, оқуға қа­былдандым. Негізі, біздің қазақ өз қадірін өзі айта бермейді. Қазақтың жақсылығын көре бермейміз. Ал мен қазақтың жақсылығын көп көрген адам­мын. Алматыға оқуға түсуге келгенімде, ҚазМУ-дің оқы­тушысы Мәскен апай Сар­мурзина нағыз жанашырым болды. «Ресейден бір қазақ келген екен, «ананы білмейсің, мынаны білмейсің» деп сұрақтың астына ала беретіндерің не, Ре­сейден келіп, қазақша оқимын деп тұрған бірінші адам емес пе?! Одан да қолдау білдірсең­дерші» деп өз сабағынан бес қойып, оқудан құлап, кері қайтып кетейін деп тұрған жерімнен сүйреп алып шықты. Мен сондай жанашыр апай­ларымның арқасында Алматы­да қалып қойдым. Сондай қам­қорлықты көрмесем, бүгін қайда жүрерімді кім білін?
- Қаламгерге тұңғыш туын­дысының баспа бетінде жарық көруі шексіз бақыт сыйлайды дейді. Алғашқы әңгімеңіз басылым бетіне шыққанда, сізде сондай күй болды ма? Есіңізде ме?
- Менің ең алғашқы әңгімем «Қос капитан» деп аталды. Бірақ ол газетте «Дауылда» деген атпен жарық көрді. Біз оқуға түсерде екі жыл стажы бар және әс­керден келгендер конкурссыз қабылданатын тәртіп шықты. Қазақ мемлекеттік универ­си­тетінің журналистика бөліміне жылына 25 адам ғана қабылдайды екен. Ал қас қылғанда, сол жылы журналистикаға әскерден келіп жеті адам оқуға түсіппіз. Сол жетеуіміз көзге шыққан сүйелдей болдық па, әйтеуір бір пысықай студент бұлардың бірде-бірі жазу білмейді, журналист емес, бұ­ларды оқудан шығару керек немесе филология фа­культетіне ауыстыру керек деген мәселе көтерді. Әсіресе, «қазақ тілін білмейді» деп маған көбі­рек шүйлікті. Ал мен ол кезде «Қос капитан» деген әңгімемді «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімінің қызметкері Жүсіп Қыдыровқа тапсырып қой­ғанмын.Жүсіп аға әңгімең әне-міне шығып қалады деген. Біздің мәселемізге қатысты әңгіме ушыға бастаған соң, газетті күнде қарайтын болдым. Содан күндердің бір күнінде газетті ашып қалсам, бір бетіне же­теқабыл жарияланған әңгімем көзіме оттай басылды. «Дауылда» деген атпен шығыпты. Көзімнен жас тамшылап кетті. Уни­вер­ситетке келсем, айғай-шу, бәрінің қо­лында бір-бір газет. Мен сол бір қуанышымды өмір бойы ұмыт­қан емеспiн, ұмыта да алмаймын. Бұл әңгімем мені жазу білмейді деген әңгіменің сап тыйылуына және жазушылық қырымнан таныла бастауыма себеп болды.
- Бұлар жазу білмейді деген сөз шықпаса, «Дауылда»-ның жазылмауы мүмкін бе еді?
- Кім біледі, әйтеуір сондай бір қызық оқиғаның болғаны бар. Менің басымдағы кішкентай бір күйзелісті жағдайға «Ле­ниншіл жас» ара түскендей болды. Мен осы оқиғадан кейін қиын-қыстау кезде адамды қорғайтын бір құдіретті күш бар екен-ау деген ойға келдім. Сол жылдары көп әңгімем «Лениншіл жаста» басылды.
- Кейін «Лениншіл жаста» өзіңіз де еңбек еттіңіз...
- Иә. Бірақ оған дейін «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде өндірістік тәжірибеден өттім. Қаби Мыңжанов аға басқаратын бөлімде аға редактор Шерхан Мұртаза, жай редактор Мұқағали Мақатаев жұмыс істеді. Төр­теуіміз бір кабинетте оты­рамыз. Маған бұйырған бұрыштағы үстелдің бір шеті ғана. Соның өзіне мәзбін. Шерағаңның Текеліден жазған очкерктері күнбе-күн шығып жататын. Бір күні Шерхан аға: «Бір жерге барып келейін, сен мына те­лефоннан бұрылушы болма» деп тапсырды. Шығып кетіп еді, телефон шыр ете қалды. Кө­тердім, «Шерхан бар ма екен?» деді. Даусынан таныдым, Камал Смайылов екен. Арада бір са­ғаттай уақыт өткен соң, Шерағаң да келді. Қағаздарын жинап, сала бастады. «Әй бала, сен бірдеме сезіп отырсың ба?» деді. «Сез­ген де, сезбеген де болып отыр­мын» дедім. «Лениншіл жасқа» ре­дактор болып бекітіліп келіп отырмын, мына үлкен кісі (Қаби ағаны айтып отыр) жоқ кезде, Мұқағали да кетіп қалды. Мен де кетіп жатырмын. Үлкен бөлімде сен ғана қалдың, енді екеуміз байланысты үзбейік, «Лениншіл жасқа» келем десең, есік ашық» деді. Сол айтқанын орындап, 1963 жылы қазан айында мені жұмысқа алды. Мен осылайша студент кезімде-ақ жұмыс істей бастадым. Батыс Қазақстанның төрт облысы бойынша тілшісі болып тағайындалдым. Ақселеу Қарағанды облысы, Мұхтар Шаханов Шымкент облысы, Рымғали Нұрғалиев Ақмола облысы бойынша тілшісі болды. Атырауда істеген жылдарда іссапарда көп жүрдім. Нарын құмын, Тайсойған, Қызылқоға ауданын Ойылға дейін араладым. Индер, Махамбет, Исатай, Ганюшкин, Бөкей орда, Жә­нібекке де ат ізін салдым. Соның бәрі тегін кеткен жоқ, жадымда қатталып жата берді. Бала кезде көргендерім, жадыма то­қы­ған­дарым «Атырау» ди­логиясына кірді. Ал журналистік сапардан түйгендерім «Еділ - Жайық» трилогиясына арқау болды. Мен сізге бір деректі айтайын: 1919 жылы Ленин Жылыойдағы 12 млн пұт мұнайды алу үшін бір жыл бойы совнаркомның бірнеше мәрте жиналысын өткізген екен. Ленинге Киров қол қойып жіберген құжатта үш қазақтың аты аталады. «Ре­волюция ісіне ерекше еңбек сіңіріп, Жылыойдың Рокуша аралында 12 млн пұт мұнай тұндырулы тұрғанын анықтап келген Ақтан Мұхамедиев, Ізбасар Жанекенов, Қазығали Жарқынбаев» деген жазу бар сонда. Мен сол үш адамның ізіне түсіп, көп зерттедім. Алайда олар туралы ешқандай дерек қалмапты. Біреуі әкесі Алаш­ордаға қосылғаны үшін атылған. Екеуі азаматтық соғыста қаза болған. Жымпитыдағы Алаш­орданың кеңсесін, Алашорда әскері тұрған казармаларын көрдім. Соның бәрі «Еділ-Жайықта» жазылды.
- Дәл осы «Еділ-Жа­йық»романы сізге мемлекеттік сый­лықты әперді. Сіз бұл сый­лыққа ұсынылғанда бәсеке қалай болып еді? Мұны сұрап отырған себебім, соңғы жылдары осы сыйлықтың айналасында әңгіме көбейіп кетті ғой, естіп те жүрген шығарсыз? Мемлекеттік сыйлық жазушыны емес, жазушыларымыз мемсыйлықты қуып жүргендей көрінеді...
- Бұл сыйлықтан құламайтын адам жоқ. Мен де 1992 жылы ұсынылғанда құлап қалғанмын. Бұл сыйлыққа ұсынылғандардың барлығы да алуға лайық жа­зушылар деп санаймын. Мем­сыйлықты да алатын адам алады. Осыған дейін мемлекеттік сый­лық алған жазушылардың тізімін қарасаңыз, өзіңіз-ақ осындай қорытынды шығарасыз, кез­дейсоқ өткен ешкім жоқ. Әрине, ең соңғы мәреде екі-үш адам бәсекеде қатар келіп қалады да, солардың біреуіне ғана бұ­йыратыны заңды ғой. Сондықтан да бұл сыйлықтың айналасында әңгіме туындайды. Меніңше, Мемлекеттік сыйлықты та­ғайындайтын комиссияның құрамына осы сыйлықты алған жазушыларды енгізу керек.
-«Желмаясымен жер шолған Асан Қайғының қазақ өлкелері мен қоныстарына берген бағасы дәлдігімен, терең мағынасымен әлі де таңғалдырады. Жағырапия ғылымы үшін аса маңызды Асан Қайғы пайымдаулары оқулықтарға енгізілсе...» деген пікіріңізді оқы­дым. Бірақ қазіргі жағырапия пәндерінен Асан қайғының па­йымдауларын көзіміз шалмады... Осы идеяны құзырлы орындарға өзіңіз ұсынып көрмедіңіз бе?
- Мен ұсынысымды орын­датуға жоқ адаммын. Міндетім жазу деп білемін, бір шығарманы бітірген соң,екіншісі кезегін күтіп тұрады. Мен үшін жазылып біткен туынды халықтыкі, оны әрі қарай жүзеге асыра ма, жоқ па, өздері біледі.
- Соңғы жылдары жарық көрген кітаптарыңыз көркем шығармадан гөрі, тарихи дерекке құрылған зерттеулерге көбірек келеді. Жазушылықтан тарихқа бет бұруға не себеп болды? Бұл әлде он жыл жұмыссыз отырғанда айналысқан ермегіңіз бе? Айт­қандай, сіз осы қалай жұмыссыз қалып жүрсіз? Әрине, ол жөнінде айтқыңыз келмейтінін білемін. Дегенмен оқырмандарыңыздың дәл сол оқиға туралы білгісі ке­летіні ақиқат.
- Оны қайтеміз қозғап. Бірақ қысқа қайырып қана айтсам, Жазушылар одағынан Жұбан Молдағалиев, Қалтай Мұхаметжановтар кетіп, олардың орнына келгендер қазақ әдебиеті енді басталды деп ақылға сый­майтын сөздер айта бастады. 100 том фольклорды шығарған қазақ, авторлық поэзияны Шалкиізден, Асанқайғыдан бастаған қазақ, зар-заман ақындары, Исатай - Махамбеті, Абайы бар қазақ, 1000 томдық рухани мұраны қат­тап қойып отырған қазақтың әдебиеті енді басталды деген не сөз? Әрине, мен бұл пікірмен келісе алмадым. Жұмыстан кеттім. Бірақ ол үшін бәлендей өкінбеймін. Себебі тарихи деректерді жинастырумен, өзім­ше бір ретке келтірумен ай­налыса бастадым. Әуелі қазақ руларының тарихы туралы деректерді жинадым. Қай ру туралы қай жерде қандай дерек бар, соның бәрін сілтемесімен жазып шықтым. Қалың-қалың он дәптер шықты. Қазір еш қиналмаймын, дәптерлерімнен көре саламын. Хандарымыз, батырларымыз, шешендеріміз, көсемдеріміз туралы да барлық деректі осылай қаттап қойдым. Бұл жұмыс үшін он жыл аздық етті, тағы да он жыл шұғылдандым. Не керек, 25 жылда осы кітап­тардың реті бір ізге түсті. Бұл жұмыстарыммен қатар, «Еділ - Жайықтың» үш кітабын жаздым, пъесаларға да қалам тербедім.
- Ал қазір не жазып жүрсіз?
- «Қалмақ қырғынын» жазып жатырмын. Әрине, менің жаз­ғандарымның барлығы маған дейін де жазылған. Тек оларда хандардың тарихы ғана жазыл­ды, тайпалардың тарихы жа­зылмаған. Мен осы тақы­рыптарға тайпалар тарихы арқылы келдім. Бүгінгі жас ұрпақ жаңа тарихты талап етіп отыр. Соларға азық болсын деп жаздым. Мәселен, Көк түріктің тарихын оқып-білмей, оны бойымызға сі­ңірмейінше жастарымызда патриоттық сезім оянбайды. Біздің бойымызда әлемдегі ең ғажап көшпелілер өркениетін жасаған халықтың ұрпағымыз деген мақтаныш сезімі оянуы керек. Әлемге танылған көш­пелілер өркениетінің мәңгі көктем аясында өмір сүру деген философиясы бар. Көшпелілер көктемнің соңынан жүріп отырды. Көктем қайтқан кезде олар да қайтатын. Жазу-сызуын орыстан 5 ғасыр бұрын шығарған да осы көк түріктері. Махмұд Қашқари ХІ ғасырдың басында түріктің грамматикасын жазды, Жүсіп Баласұғын философия­лық- этикалық трактаты «Құдатғу білікті» жазды. Мен бұл жерде парсы тілінде жазған әл-Фараби, Ибн Синаларды айтып тұрған жоқпын. Міне, осындай тарихы бар халықтың ұрпағы өз тари­хын білуі тиіс. Жаңа тұрпатта.
- Сіз Алашорда тақыры­бына да қалам тербедіңіз. Бұл та­қырыпты қозғауыңызға не себеп болды?
- Біреулер бір-екі жерде Батыс Алашордаға тіл тигізіпті. Олардың айтуына қарағанда, Алашорданың екіге бөлінуіне Батыс Алашорда мұрындық болыпты-мыс. Бірақ ондай пікір айтпас бұрын тарихи жағдайды бағамдау керек қой. Себебі Алашорда отырған Орынборды Дутов алып қойды. Сөйтіп, Алашорда өзінің негізгі штабын Семейге ауыстырды. Бұл Батыс Алашорда мен Шығыс Алаш­орданың арасындағы қарым-қатынасты баяулатты. Себебі Семейге бару үшін Оралдан шығып, Орынборға бару керек, содан Челябіге келіп, Омбы арқылы Семейге дейін кемемен жүзу керек болатын. Ол кезде Семейге барып қайту үшін 3 ай керек екен.Осындай жағдайда Оралда қалған Батыс Алашорда мен Семейге кеткен Шығыс Алашорданың арасында қалай байланыс болуы мүмкін. Олар бір-бірімен қалай хат-хабар алмасады, қалай бір орталықтан басқарылады? Жер жағдайы келмейді ғой. Сондықтан Батыс Алашорда «біз Алашорданың құрамындамыз, Батыс бөлім­шесіміз» деп айтқан. Батыс бөлімшесі ретінде жұмыс істеген. Шығыс Алаш ордамен таласы әскер құру мәселесіне қатысты болған. Батыс Алашорда «егер біз әскер құрмасақ, бізді мемлекет ретінде ешбір ел мойында­майды» деген. Сөйтіп, өздері әскер құрған. Ал Шығыс Алашорда «әскер құрсақ, ба­сымызға пәле болады» деп тек қана милициялық қосын ашты. Ал Батыс Алашорда Ойылдан юнкер училищесін, Қы­зылқоғадан милиция мектебін ашты. 5 мыңға жуық тұрақты кәнігі маман әскер дайындады. Олар сол әскердің күшімен Фрунземен де, Толстов әскерімен де соғысты. Мен әскер құру керек деген Батыс Алашорданың ұсынысы өте орынды болды деп санаймын.
- Байқауымша, сіз жазушы­лар арасында болып жататын дауларға мүлде араласпайсыз. Ешқандай қақ-соқта шаруаңыз жоқ. Десе де, қоғамда болып жат­қан өзгерістердің сіз де куәсісіз ғой. Бүгінгі елдің ахуалы, тыныс-тіршілігі жайлы айтарыңыз бар шығар?
- Мен өзімнің адам, жазушы ретіндегі кредомды айтайын. Біз егемендікті қалай да сақ­тауымыз керек. Тәуелсіздік болмаса, осыған дейін айтылған сөз де, төгілген көз жасы да, ағылған ата-баба қаны да бос нәрсе болып қалады. Барлық мемлекеттер өзінің мемлекеті жаңа орнаған кезде, басшының соңынан ергені жөн. Өзгеріс көп бола бермеуі керек. Көп өзгеріс аяғынан жаңа тұрған мемлекетке келе бермейді. Баяғыда Римнің билік басына Цезарь келгенде ай­нала­сын­дағылар көп өзгеріс болады деп күтіпті. Алайда арада екі жыл өтсе де, ештеңе өз­гермепті. Содан бір күні жолдас­тары: «Екі жыл уақыт өтті. Бір адамды орнынан алмадың, мұның не?» деп сұрапты. Сонда Цезарь: «Бала кезімде базарға бар­ғанымда, бір қылмыскерді базар ортасында алып жүрді. Үсті-басы толған жара, жараның үсті толған шыбын екен. Байғұсқа жаным ашып, үстіндегі шы­бынын қағып қалып едім, ол менің жағымнан тартып жіберді. «Неге ұшырасың, үстімдегі шыбынды?! Сен қаққанмен бұлардың ор­нына аш шыбындар келіп қо­нады. Олар енді менің жанымды шығарады ғой. Одан да тоқ шыбындардың отыра бергені жақсы еді» деді жы­ларман болып. Сол себепті мен де өзгеріс жа­сасам, аш шы­бындардың кел­геніндей, бұ­рынғыдан да жаман болады» депті. Мен де сол көз­қарастағы адаммын. Әрине, бәрін көріп, сезіп отырмын, қиянаттар бар, түңілдіретін нәрселер бар. Бірақ егемендік үшін төзуімізге тура келеді.
- Арманыңыз бар ма?
- Арманым жоқ деуіме болады. Мен Ресейден келіп, атақ алмай, мемлекеттік сыйлық та алмай, жүре берсем, жазушы деген атыма да риза болатын адам едім. Себебі менің өмір сүрген ортам үлкен самғауға жібермейтін орта болатын. Көп уақыт тілдік жағынан кемістік көрдім. Менің ана тілімді сақтап қалуыма ықпал еткен елге деген махаббатым мен Әбу Сәрсенбаев дер едім. Себебі біздің колхозда Әбу Сәрсенбаев екі жыл парторг болып істепті. Парторг болып жүрген кезінде, колхоздың кі­тапханасына бүкіл фольклорды алдыртқан екен. Сол кітаптарды жесір жеңгелеріме аңыратып тұрып, әнге салып тұрып оқып беретінмін. Менің кітап­құ­марлығым қазақ тілімді сақ­тауыма тікелей ықпал етті. Әйтпесе, Алматыға келіп, орыс бөліміне түсер ме едім? Кім білсін, тағдыр ғой. Менің Амангелді Тәжібаев дейтін жолдасым бар. Қазақфильм тарихында қазақ тілінде тұңғыш рет кино түсірген адам. Сол Амангелді біздің ауылда өсіп, мен сияқты орысша оқып, татар мектебінде директор болған жігіт. Кейін ол да Алматыға келіп, оқуға түсті. Сонда Асқар Тоқ­панов ағамыз емтихан алып жатыр дейді, Амангелдінің сөзін түсіне алмай қиналған Асқар аға: «Қай тілде сөйлеп тұрсың?» депті, Амангелді: «Біздің ауыл­дың тілінде сөйлеп тұрмын» депті. Ол сөздің жаны бар, елдің нобайы жалпы қазақ тілінде сөйлегенімен, күнделікті сөз алмасуларымызда говор, диа­лекті, кәсіби сөздер қаптап жүретін. Міне, сол Аман­гелді комиссия мүшелеріне мас­күнемнің рөлін ойнап беріп, оқуға түскен. Сол Амангелді бір жылдың ішінде қазақшаға судай болды. Қазақтардың арасында тұңғыш рет қазақ тілінде кино түсірді. Себебі оның қазаққа деген сүйіспеншілігі күшті бо­латын. Менің түсінгенім, адам баласының жүрегінде, ата-баба қанымен келе ме, халқына деген шексіз махаббат орнайды. Ол адам орыстың арасында жүрсін, мейлі ағылшын мен жапонның арасында жүрсін, өз тілін еш­уақытта ұмытпайды. Ол әр адамның өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігінің белгісі. Сондықтан халқына деген сүйіспеншілігі жоқ адамға қазақша үйретудің қажеті жоқ. Өйткені үйрене алмайды.
- Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбатты жүргізген
Халима БҰҚАРҚЫЗЫ


«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
8 ноября 2012, 15:41
368

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 21926
  • 64
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
29 марта 2017 / 14:29
  • 18828
  • 15
КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

Украл в супермаркете — отправился в полицию. Украл фотографию — выиграл новенький iPhone 7 от КТЖ. Вот такая нехитрая получается история. Огромное спасибо Тамерлану Жумабекову, который обратил моё...
andche
вчера / 0:06
  • 12309
  • 22
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5273
  • 0
Димаш, Головкин, Есентаева... О героях нашего времени – истинных и «картонных»

Димаш, Головкин, Есентаева... О героях нашего времени – истинных и «картонных»

В прессе, в соцсетях, на ТВ, во всём информационном пространстве Казахстана –заразная эпидемия. Что сказал Головкин, что съела Есентаева, что китайцы подарили Димашу...
openqazaqstan
вчера / 15:54
  • 4126
  • 22
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 5141
  • 41
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Когда уже люди смогут самоутверждаться за счет своего интеллекта, энергии, познаний и настоящей красоты, а не за счет авторитетного вида и не менее авторитетного дяди?
Bookenova_smartass
28 марта 2017 / 18:28
  • 4289
  • 91
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 5100
  • 36
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 4079
  • 15