• 95851
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Гүлбаршын ТЕРГЕУБЕКОВА: Қасымды іздейтін халық бар екен...

 

08.11.12.

- Үстіміздегі жылы мамыр айында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Ұлы Отан соғысы жылдары қару мен қаламды қатар ұстаған қаһарман ақын Қасым Аманжоловтың шығарма­шылығына арналған концерт тұңғыш рет ұйым­дасты­рылды. Игілікті істің басы-қасында өзіңіз жүрдіңіз. Жұртшылықтың жоғары бағасына ие болған кеш енді Қарағанды өңірінде жалға­сын тапқалы жатыр екен. Осы шара төңірігенде аз-кем әңгімелессек...

- Құдайға шүкір, «Қасымның әндері-ай» деп аталған жобамыз көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. Халық көп жиналды, ине шаншар орын болған жоқ. Өнер жұлдыздары бір кісідей атсалысып, жұдырықтай жұмыла жұмыс істеді. Ком­позиторларымыз қа­лам­гердің өлеңдеріне жаңа ән жазып, бұрын жарық көргендеріне қайта әрлеу жасады. Бір сөз­бен айтқанда, көрермендер ақынды жаңа қырынан танып, өте жоғары деңгейде қа­былдады. Бұл қошемет бізді қатты қанаттандырып, енді осы бастаманы Қасым ағаның туған жерінде жалғастыруды ұйғардық. Әуелі Елордаға барсақ деп ойлағанбыз, бірақ Қарағандыдан аттап кете алмадық. Бұйыртса, осы айдың соңында шахтерлер қаласын думанға бөлемекпіз. Содан кейін Астана, Орал қаласына ат басын бұрмақпыз.
- Ол кісінің әндері қан­шалықты екен?
- Қасым ағамыздың ән-мұраларын ел ішінен сұ­ратқанымда, Қарағандыдан жиырмаға жуық ән беріп жіберді. Соның ішінде «Дариға, сол қыз», «Өзім туралы», «Туған жер», «Жас дәурен», «Айтшы, жаным» сияқты он шақтысы халыққа кең тараған. Роза Бағланова орындаған «Ах, Самара жас қала» әнін Қасым ағамыздың аударғанын елдің бәрі біле бермейді. Сол концертте бұл әнді Қарақат Әбілдина орындап, Қасым ағамызды халыққа автор ретінде қайта таныстырды. Өкінішке қарай, қалған он шақты әні осы уа­қытқа дейін насихатталмай келген. Өлеңдеріне де ком­позиторлар көп назар ау­дар­мағаны ащы да болса шын­дық. Осы олқылықтардың орнын толтырып, кешке дайындық барысында Сейфуллин Жолбарыс «Ала­тау» өлеңіне керемет ән жазып, тұсауын кесті. Сондай-ақ Жарылқасын Дәулетов ағамыз «Көктем» өлеңіне жастарға лайықтап ән шығарып, оны «Райан» тобы орындады. Өзімнің шәкіртім, әнші-актриса Гауһар Жүсіп Қайрат Байбосынов ағамыздан Қа­сымның тың әнін үйреніп, тарту етті. Яғни осы жобаның арқасында ақынның өлең­деріне жаңа әндер туылып, көп орындалмай жүрген туын­дылары қайта тірілген­дей болды.
Бұған қоса, «Қасымның әндері-ай» кешінде ақынның поэзиясы қамтылып, Ұлықбек Есдәулет, Қасымхан Бегманов сынды інілері қаламгерге арналған өлеңдерін оқыды. Қарағандыда өтетін еске алу кеші барысында Серік Ақсұңқарұлы бастаған жас ақындар жыр арнаймыз деп дайындалып отыр.
- Ал сізге ұйымдастыру мәселесін қолға алуға не түрткі болды?
- Бала кезімнен Қасым ағаның «Өзім туралы» әнін жақсы көріп, мектеп қа­быр­ғасынан орындай­тынмын. Алматыға келгенде де ре­пертуарымнан түсірген емеспін. Басқа ақын-ком­позиторлардың кеші өтіп жатқанда «Ойпырм-ай, Қасым ағамыздың кеші қашан қолға алынар екен» деп күтіп жүретінмін. Қасым ағамыз туралы «Қазақфильм» ки­ностудиясы түсірген деректі фильмді көргеннен кейін, менен тіпті маза кетті. Қатты әсер еткені соншалық, екі күн ойланып, ақыры «осы кон­цертті міндетті түрде ұйым­дастыруым керек» деп шеш­тім. Сөйтіп, айналамдағы аза­маттармен ақылдасып, іске кірістім. Шыны керек, бастапқы уақытта қиындау тиді. Неден бастарымды білмей, басым қатты. Қалалық әкімшіліктен бастап, ми­нистрлікке дейін хат жазып, ондағылар мүмкіндігі келгенше көмектесті. Аллаға шүкір, Қасымды іздейтін халық бар екен. Соған көзім жетті. Бар­лығы ойымыздағыдай өтіп, келгендер ризашылығын білдіріп кетті. Енді Астанада өткізсең дұрыс болады деген пікірлерін білдірді. Бұл менің өз ойымда да болатын. Өйт­кені бір істі бастағаннан кейін, орта жолға тастамау керек. Қасым ағамыздың поэзиясын, әндерін көбірек танытсақ, нұр үстіне нұр емес пе? Бұл бір реттік шара болып қалмауы тиіс. Бұйыртса, ол кісі тұрған Орал, Семей қалаларында да өткізсек деген ойдамыз.
- Қасым туған өңір қол ұшын созып жатқан болар...
- Барлығы көптің күшімен өтіп жатыр. Сондықтан тағы да ел-жұртқа ерекше алғыс айтқым келеді. Ал жергілікті әкімшілікке, Мәдениет бас­қармасына хат жазып, қанша хабарласқанымызбен, өкі­нішке қарай, бізге ешқандай қолдау көрсетпеді. Әзірге ешқандай хабар жоқ, үнсіз жатыр. «Орталық Қазақстан» газеті мен «Қазақстан-Қарағанды» арнасы ғана концертін көрсетіп, мақала жариялап, бізге оң қабақ танытты. Соған қарап, Қасымның әндері қарапайым халыққа ғана керек пе деп қалдық.
- Ол кісілер былтыр мерейтойын өткізген соң, қайта-қайта жүгіруге шамасы келмей жатқан шығар...
- Иә, барлығының айтатыны - сол. «Біз былтыр 100 жылдығын республика көлемінде өткіздік» дейді. Бірақ сол жүз жылдығында тура осындай толыққанды бағдарлама болған жоқ. Ол кісінің әндерін өнер жұл­дыздары қосылып, бір кон­церт аясында ешқашан шырқамаған. Өлеңдері оқылмаған. Осы кештің ар­қа­сында жаңа әндер қосылып жатыр. Енді Қасым ағаның әндерін кең тарату үшін кезекті мерейтойын күтіп отырмайтын шығармыз. Жүз жылдықпен шектелмеу керек. Осы насихаттың жоғынан «Ах, Самара, жас қала» мен Әбілахат Есбаевтың «Ақ сәулем» әнінің сөзін Қасым ағамыз жазғанына ешкім көңіл аудара бермейді. Әйт­песе екеуі де керемет ән ғой. Сондықтан бұл өлеңдердің авторын толық біліп жүру үшін мұндай шаралар ауадай қажет. Оны қазір біз жа­самасақ, мұрасына біз ие болмасақ, біз бас-көз бол­масақ, ертең кім керек қы­лады?

- Жаңадан өңделген әндерінен бір жинақ шы­ғармадыңыздар ма?
- Оған қаражат керек қой. Бірақ болашақта шы­ғарсам деген жоспарым бар. Кеш өткеннен кейін «әндерін қайдан алсақ болады» деген сұраныс көбейді. Қасымның тыңдармандарының қолында мұндай альбом міндетті түрде болуы керек деп есептеймін.


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
8 ноября 2012, 11:51
2370

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 23381
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 12146
  • 344
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
вчера / 11:00
  • 6966
  • 44
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 6031
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 4034
  • 28
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2560
  • 18
«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

«Men in black» по-казахски: «сотрудники» плевать хотели на Закон о СМИ

Бесцеремонные попытки силовиков помешать работе журналистов демонстрируют, в каком правовом государстве мы живём. Разбить телефон, угрожать, бить – всё это для «сотрудников» в порядке вещей.
openqazaqstan
13 нояб. 2017 / 19:02
  • 2423
  • 33
Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Поездка на заработки в Южную Корею: пройти таможню и не стать персоной нон грата

Между нашими странами действует безвизовый туристический режим до 30 дней. Но на таможне не "туристов" разворачивают назад с пожизненным запретом во въезд в их страну. Однако пройти паспортный контроль вполне возможно.
Krykbayeva
12 нояб. 2017 / 14:38
  • 2780
  • 46