Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
12:55, 05 ноября 2012

««Көкшетау» студенттер Альянсы» «Қарттар айы» қайырымдылық акциясы өткізілді.

««Көкшетау» студенттер Альянсы» корпоративтік қорымен Жастар саясатын жүргізу басқармасының ұйымдастыруымен «Қарттар айы» қайырымдылық акциясы өткізілді.

Blog post image

Бұл акцияның мақсаты қаламыздың қарт адамдарына көмек колын созу, студенттермен қарт адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнату, әлеуметтік көмек көрсету болды. Қарттарының даналығын қашан да алға ұстап, осыдан үлгі-өнеге алып, кейінгі жастарға да сол ұлағатты табыстаған ұрпақтыңөкілі екендігімізді ұмыттырмау.

Blog post image

Негізгі мақсат болып қарт адамдарға мемлекет тарапынан  тек қаржылай көмек қана емес, сонымен қатар рухани демеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдей отырып, олардың өміріне нұр енгізу.

Осы акция шеңберінде қарт адамдардың үйлеріне арнайы ұйымдастырылған студенттер тобы  жіберілді. Студенттер оларға арнайы көмек көрсетіп,  түскі ас  ұйымдастырды.Шараның соңында қарт адамдар да студентттер де жасалынған іске көңілдерінің толғанын білдірді.

   
1
1406
0