место в рейтинге
  • 83201
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Түрлі-түстер музыкасы

Алматыдағы Қастеев атындағы өнер мұражайында бірінші қараша күні салтанатты ашылған үлкен сурет көрмесіне қатысып қайттым. Бұл - мен өте силайтын және құрметтейтін ағамның, үлкен дарын иесінің жетпіс жылдық юбилейіне орай ұйымдастырылған шуақты да шарапатты өнер мерекесі.

 

Сурет өнерінің саңлақтары жылы лебіздерін білдіріп, өнер тұлғасына өз құрметтерін көрсетті. Көрме қонақтарына ағаның соңғы жылдарда жасаған туындыларының түрлі-түсті де өте сәнді альбомы сиға тартылды. Сол альбомда ағаны мынадай қысқа сөздермен таныстырады:

"КЕНЖЕБАЙ ДҮЙСЕНБАЕВ

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.

1942 жылы Шымкент облысы, Абай ауылында дүниеге келген.1972 жылы А.Н.Островский атындағы ТКИ (Ташкент) бітірген. 1989 жылы "Созақ мотиві" атты кенепке салынған жұмысы Каспий маңы суретшілерінің Баку биенналесінің күміс медаліне ие болды. Дәл осы жылы "Аула" атты жұмысы үшінол КСРО Суретшілер Одағы Басқармасының хатшылығының дипломына ие болды. 2005 жылы Қазақстан меценаттарклубының платиналы "Тарлан" силығының лауреаты атанды.

Кенжебай Дүйсенбаевтың жұмыстары ҚР Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (Алматы, Қазақстан), Мемлекеттік Третьяков галереясында (Мәскеу, Ресей), Мемлекеттік Шығыс мұражайында (Мәскеу, Ресей), Г.Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық бейнелеу өнері мұражайында (Бішкек, Қырғызстан), АҚШ, Франция, Германия, Ресей, Қазақстанның жеке жинақтарында тұр."

Ағаның шығармашылық ауқымының кең де терең екенін бағамдау үшін сол альбомға Рауза Көпбосынованың жазған алғысөзін де толық келтіруді жөн көрдім:

"ТҮС ҚАЛЫП РЕТІНДЕ

Сурет дегеніміз не? Бұл сұрақ бүгінгі күні де өз маңызын жойған емес. Дегенмен, қазіргі уақытта өнерде кеңістікті концептуалды салу жағы басым болып отырғаны белгілі. Станоктық түрлер ығыстырылып шығарылған десе де болады.
Менің ойымша, Кенжебай Дүйсенбаев, Сурет өнеріне, оның міндеттеріне тұрақты көзқараспен қараудың сирек мысалдарының бірі. Оның айғағы - өзінің белгілі бір творчестволық кезеңін әйгілейтін, 70 жасқа толуына орай ашылып отырған осы көрме. Суретшінің өзі мерейтойлық датаға шүбәмен қарайды. Мүмкін, өзінше ол да дұрыс шығар. Алайда, көрме өте дер кезінде өтіп отыр, себебі сурет өнері әлем туралы тынбай сөйлейтінін растап берді.

Оның суреттерінің көпшілігінде әдеттегі көзбен көретін жәйттер жоқ, бірақ та кеңістікті, қозғалысты, қалыпты, табиғатты айқындайтын Жарық пен Түстің эмоционалды материалдануы орын алған. Сурет өнерінің түрткісі ағаш, қала автобусы, адамдардың мүсіні, ескі құмыралар, фарфор кесе және т.б. болуы мүмкін. Олар тіпті танымал болуы да мүмкін. Бірақ бұл жердегі ең бастысы - кәдімгі кенептегі бояулардың айрықша өмірі.

Дүйсенбаевтың суреттерінің барлығын қайталап айтып шығуға мүмкіндік жоқ, дегенмен олардағы мән мен мағынаны түсінбеске лаж жоқ. Картиналарда, меніңше, біздің бүгініміздің мазмұны мен көңіл-күйін жеткізе білудің адекватты қалыптары орын алған.
Суретші өзі былай дейді: "Бұл заттар мені мазалайды. Бірі сөйлейді, бірі сыбырлайды!" Ал менің ойымша бұл - талантты суретшіге сыйға берілген мистикалық өзіндік бір байланыс. Бұл орайда ХХ ғасырдағы кейбір суретшілерге тоқталмай кетуге болмас, олар да тірі табиғатпен және заттармен осындай құпия байланыста болғаны белгілі. Сезанн, Матисс, Пикассо... бұл тізімді жалғастыра, толықтыра беруге болады. Таңқаларлығы - шеберханаға барып, мен де өздері бір-бірімен сұхбаттасып тұрған сияқты болып көрінетін заттардың тұтқынына айналдым.
Дүйсенбаев үшін, шүбәсіз өзінің тұрақты бағыттары бар, ол оны жеке сурет өнері жолында қолдап жүреді. Шеберханаға жақында барғанымда көз жеткізгенім мынау, оның соңғы жылдардағы жұмыстарының "кілті", "жеңіл және өте жарық" Матисс болған екен.

Дүйсенбаевтың кенеппен жұмыс стилін сипаттап жеткізетін сөзді мен ХХ ғасырдың классиктерінен табуды жөн деп шештім. Және де менің жолым болған сияқты: 1934 жылы жазылған Матисс Роммудың хатында мынадай жолдар бар екен: "...сізді қызықтыратын менің жұмыс әдістерім туралы айтып өтсем: алдымен - үлгіні терең зерттеу, одан кейін картинаны өте жылдам орындап тастау. Мұның барлығы осылай, бірақ та әрбір суретшінің жұмыс әдісіндегінің көпшілігі оның темпераментіне байланысты. Делакруа былай деген, барлық дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін, картинаға кірісіп: "Ал енді қателерге түкіргенім бар!" деу қажет. Басқаша сөзбен айтар болсақ, инстинктке сену қажет". (Матисс. Сурет өнері. Скульптура. Графика. Хаттар.// Кеңес суретшісі. 1969. 140-бет.)

Меніңше, суретші талантын ұштауға бағытталған бұндай анық және дәл тауып айтылған сөздер (уақыт арасындағы қашықтыққа қарамастан) біздің мерейтой иесінің де творчестволық жарқырауының принципін айқындайды".

Ал осы альбомды құрастырушы Баян Барманқұлова өзінің алғы сөзін былай бастапты:

"Кенжебай Дүйсенбаев қылқалам өнеріне бас иеді және барлық саналы ғұмырын пішін, түс, рең проблемаларына арнап келеді. Оның суреттерінде барлық функциялар түс пен оның реңдеріне берілген. Түстің арқасында мұнда кеңістік пен объект жүзеге асырылады, қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріне көзқарас кезінде суретшінің жанында туындайтын түйсіктер мен сезімдер бір ырғаққа келеді. Кез-келген түстің жылжуы - образдың дыбысталуын байытатын хордағы жаңа дыбыс. Суретшінің сүйікті нақыл сөзі: "Менің дауысым - түс".

Бұл - кәсіби мамандардың сөзі. Ал енді өзімнің толғанысымды айтайын.

Аға мен әпкемнің қос аққудай бірге жүзген бар өмірі менің көз алдымда. Мектеп қабырғасынан бір-біріне деген сүйіспеншіліктері оянып, кейін отбасын құрып, өмірдің бар ыстық-суығын бірге көтеріп, бір-біріне әрбір сәтте сүйеу болып, тіпті бар ағайын-туысқа мейірім-шапағаттарын, барын аямай, бас бола білген осы бір рухы биік адамдардың бар өмірі бізге де күш-қуат пен бақыт силаған үлкен ғибрат болып келеді. Мен, алпысқа тақасам да, аға мен әпкемді "менің екінші әке-шешем" деймін. Бұл да менің оларға деген айрықша сүйіспеншілігім мен сый-құрметімді сездірсе керек. Аяулы әпкем мен ағамның барына шүкіршілік айтамын, амандық-саулықтарын тілеп отырамын.

Мен суретші емеспін. Бірақ өнер мен білім атаулыға бүкіл жан-жүрегімен аңсары ауып тұратын пендемін. Өнерден құралақан да емеспін. Ал өнердің бар түрінің түбі бір. Сондықтан да болар, аға ешқашан мені аласартпай, теңсұхбат жасап отырады, реті келгенде өнер мен өмір пәлсәпасын анау-мынау қаражаяу жете алмас жерлерге асырып тастайтынымыз рас. Ақыл-ой қашанда адалдық пен тазалық, тереңдік пен биіктік іздейді, міне соларды ағаның ақыл-парасатынан, тұлғасынан табатыныма қуанамын, өзіме қуат тұтамын.

Ағаның еңбектерін көрмегеніме біраз жылдың жүзі болған еді. Осы көрмеде оның туындыларына көз алмай үңіліп, рухани нәрін алып қалуға шама-шарқымша бар күш-зейінімді салып бақтым. Қасымдағы жұртқа қарауға да шамам келмеді. "Бәрін ұқтым" десем, жалған, бірақ кейбір түйіндерді өзімше түйгендеймін.

Балгердің алақандағы сызықтарға қарап, адамның бар өмірін болжап беретіні сияқты, ағаштың бір жапырағынан бүкіл табиғаттың сырын көруге де болады. Бұл менің әлімсақтан қалыптасқан бір ішкі түйсігім еді. Енді соған тағы бір бекем түйсік қосылды - қылқаламның бояуды бір-ақ нық сүйкеуінен де бүкіл өмір пәлсәпасын, адамның жан дүниесін ұғуға, оның сырларын сезуге болады екен. Түс - сөйлейді. Оны тек есіте білу керек. "Есіте" емес, көре білу керек екен.

Менің өзіме оғаштау көрінетін бір әдетім бар - дүние менің құлағыма толассыз музыка болып естіледі де тұрады... Кейде нәзік мелодия, кейде екпіндеген ритм, кейде аккордтар, симфония, полифония, домбыра, скрипка, виолончель, фагот, сырнай, саксофон, фортепиано, орган... Жалпы Дүние Дауысы. Картиналар да, ондағы түстердің үйлесімі мен қозғалысы да көкейімде сол музыканы тудырып, түстерге жан біткендей сезіндім. Толқыдым.

Мен музыканы да, суреттерді де ақыл-оймен ұғынып, түсінуге ұмтылмадым, ол, меніңше, түбегейлі қате әрекет болар еді. Оларды сезіммен қабылдай білу керек сияқты, қуатты сезім-түйсіктен кейін барып ой туады. Мысалы, бөтен адамды алғаш көрген кезден-ақ не жақтырмай, не жақын тартып қалатын сәттер болады ғой, өйткені сіз ол адамның жан дүниесін сезіп қойдыңыз. Егер сезім-түйсігіңіз өткір болса, онда сіз сол сәттің өзінде қателеспедіңіз. Міне, дәл солай, суреттерге үңілгенде де мен өз сезім-түйсігімді оларға лазер сәулесіндей қадап, қателеспеуге ұмтылдым. Түстердің музыкасына өмірді тыңдағандай көкейімді тіктім. Түстерден өмір ақиқатын түйсінуге күш салып бақтым. Тырыстым. Ойым бос қоя берген асаудай аласұра, лағып кетті. Мұңайдым. Рухым сілкінді.

"Бірнәрсені ұқтым" дей алмаймын, бірақ жан дүнием біраз аласапыран болып, ой-қиял қанатында бүкіл дүниені бір шарлап қайтқаным анық. Бұл жақсы ма, жаман ба, пайдалы ма, жоқ па, дұрыс па, бұрыс па, оны да білмеймін, әлі қорытып бола алмай жүрмін.

Аға мен әпкемді мерейлі юбилейлерімен шын жүректен құттықтап, қажымас қайрат, амандық пен саулық тілеймін. Осылай қол ұстасып, көз қуантып, өздеріңіз еккен бақыттарыңыздың мәуелі де мейізді жемісін көре беріңіздер деймін.

Ал Алматыдағы Ә.Қастеев республикалық мұражайында Кенжебай Дүйсенбаевтың көрмесі осы қарашаның он сегізіне дейін ашық деді-ау, сіз де барып көріңіз, сізге әсері қандай болар екен.

 
5 ноября 2012, 8:50
1776

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Зачем Forbes.kz пытается дискредитировать программу латинизации?

Буквально вчера заинтересовался одним любопытным сайтом. Не зря заинтересовался, взбесил он меня не по-детски. Да и не только меня. С этим хитрым сайтом был связан настоящий взрыв негатива в Казнете.
Rulan_Oteshev
13 сент. 2017 / 16:32
Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

Почему GGG, при любом результате боя, не войдёт в историю как великий боксёр

16 сентября в Лас-Вегасе состоится боксёрский вечер, главным событием на котором станет бой за титул чемпиона мира в среднем весе между Геннадием Головкиным и Саулем «Канело» Альваресом.
openqazaqstan
13 сент. 2017 / 13:44
  • 5177
  • 33
Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Дорога Алматы – Хоргос. Впечатления от первой поездки

Если раньше путь до Хоргоса занимал около 5 часов по Кульджинской трассе, то сейчас время до границы с Китаем сокращается до 2,5-3 часов. Уже сейчас можно ехать по 4-полосной дороге с цементобетонным покрытием.
theYakov
15 сент. 2017 / 9:35
  • 5135
  • 12
Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Посол Польши: «Переход на латиницу для Казахстана станет цивилизационной революцией»

Сегодня в Казахстане активно обсуждают предложенный латинский алфавит казахского языка в Парламенте, мнения высказываются самые разные, некоторые даже предпочли вообще отказаться от такого перехода.
Shimanskaya
13 сент. 2017 / 12:28
  • 2921
  • 45
Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

Работа в Mc Donald's. Советы и лайфхаки для гостей

За три месяца я поработала в трёх разных сферах. И сегодня, хочу поведать вам о работе в одной из богатейших компаний мира. Звучит значительно лучше, чем «Я работаю в Mc Donald’s».
madiNAtty
15 сент. 2017 / 12:44
  • 2839
  • 16
Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Фильм «Крылья, подаренные матерью» учит ценить своих близких в любых ситуациях

Вчера состоялся предпремьерный показ нашего отечественного фильма "Крылья, подаренные матерью", после просмотра которого защемило сердце - настолько правдоподобной казалась эта история.
Gulmira-I
14 сент. 2017 / 9:34
  • 2185
  • 0
Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Фотопрогулка по Алматы. Иностранцам не интересны наши стеклянные здания и моллы

Алматы - самый лучший город для меня, так как родной и самый близкий. Так как я много лет прожил за рубежом, могу сказать свою точку зрения, что надо делать у нас.
Ispanec
15 сент. 2017 / 6:20
  • 1865
  • 21
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 1705
  • 16
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 1921
  • 17