---
title: "3 күн"
description: "Ұлттық архив сақталған \"Мұрағат\" ғимаратына бардық.Спорттағы жетістіктер,1991 жылдан бастап осы күнг..."
author: "berik-011"
published: "2013-07-11T14:48:27+00:00"
modified: "2013-07-11T14:48:27+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/3-k-n-362470"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/3-k-n-362470/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# 3 күн

> Ұлттық архив сақталған "Мұрағат" ғимаратына бардық.Спорттағы жетістіктер,1991 жылдан бастап осы күнг...

Ұлттық архив сақталған *"Мұрағат"* ғимаратына бардық.Спорттағы жетістіктер,1991 жылдан бастап осы күнге дейінгі барлық қажетті құжаттар осы ғимаратта сақталған.

Архивтен кейін,Сәкен Сейфуллин мұражайына бардық.

![3 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/berik-011/KWCol85eIvunS9kh35pZMAgqdEfq2G.jpg)

С. Сейфуллин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы 1984 жылы ашылды. Құрылған жылы- Д.Ізтөлеуовтың бастамасымен және сол кісінің жеке өзінің еңбегімен 1960 жылдан бастап, аудан тарихынан жәдігерлер жинала бастады.Мұражайдың мақсаты: Жаңаарқа елінің, өлкенің тарихын зерттеп, елдің тіршілігіне байланысты қол өнер бұйымдарын, болашақ игілігіне үлгі-өнер ретінде көрсету, ұлы адамдар өмірін, олардың әдебиетінен мәдениетте қалдырған іздерін, шексіз ерліктерін насихаттау.

Осыдан кейін Тәуелсіздік сарайына бардық.Ғимаратта көптеген атақты суретшілердің салған суреттерін тамашаладық.Бұл ғимарат мемлекеттік ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді, съездерді өткізу орны болып табылады. Ғимараттың сыйымдылығы, техникалық жабдықталуы, жайлылығы іс-шараларды жоғары халықаралық деңгейде өткізуге және көрсетуге мүмкіндік береді.

![3 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/berik-011/K06r5BYo93E3FNcY09eN5lnd3JZLJO.jpg)

Сонымен қатар Хазірет Сұлтан мешітіне,Астананың символы болып табылатын-Бәйтерекке,Хан шатырға бардық.

![3 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/berik-011/n69nmtiFpBB8gyI75F2unSDTGC48k9.jpg)

![3 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/berik-011/6f4qNZw2KRe1qkRMULAKMGUDoN0Szb.jpg)

![3 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/berik-011/Ju13puf39dz6m02RTn8n5s9H7enjkl.jpg)

![3 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/berik-011/4oUn5azSkt0M33K76xXHPMd0pDh2b0.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/3-k-n-362470](https://yvision.kz/post/3-k-n-362470)