Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:09, 01 ноября 2012

MediaNet в Атырау

Атырау қаласының Ренессанс қонақ үйінде халықаралық «Медиа Нет» халықаралық журналистика орталығының ұйымдастыруымен жергілікті БАҚ қызметкерлеріне арналған «мультимедиалық журналистика» тақырыбында семинар-тренинг болып өтті.

Blog post image

Тренингтің алғашқы күнінде Конрада Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өткен бұл шараны Қазақстандағы  директоры Амос Хельмс кіріспе сөзімен ашып, жоба барысымен   жан-жақты таныстырды. Сабақ барысында қатысушылар ақпарат кеңістігіндегі маңызды мәселелер мен халыққа дұрыс әрі уақытылы ақпарат жеткізу және мультимедиялық сауаттылықты арттыру жолдарын үйренді. Сондай-ақ орталық директоры И.Братцев қазіргі журналистің мультимедиалық ой-өрісін дамыту және мультимедиа мүмкіндіктері туралы, видео контент бойынша сарапшы, орталық жанындағы студия меңгерушісі Т.Укушев сапалы фото және видеотүсірілім, оны қалай өңдеу керектігі жөнінде маңызды мәліметтер келтірді. Қатысушылар топтарға бөлініп, тапсырмалар алды. Осылайша тренингтің алғашқы күні сол орындалған жұмыстар қорытындысымен аяқталды.

Семинардың екінші күні топтарға «Видеоматериалды өңдеу тәжірибесі» тақырыбында тапсырма беріліп, қатысушылар белсене қатысып, теория жүзінде  алынған  білімдерін тәжірибеде өте жоғары деңгейде көрсете алды. Семинар қорытындысымен қатысушылар алған білімдерін қызмет бабында еркін қолдана алатындарына сенім білдірді.

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

Blog post image

0
257
0