• 91772
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Сенатор «Гитлер бункерін» салуға қарсы

 

02.11.12.

Сенаторлар бір «құпия сырдың» бетін ашты. Қазақстанда мектеп салынады. Әу баста ол бойынша бір компания төмен бағасы арқасында тендерде жеңіске жетеді, алайда құрылысы ортасынан ауғанда, «материалдары қымбаттады, құрылысы күшейтілді» деп, мектепті салушы қосымша миллиондар талап етіп, қол жайып, отырып алады. Ел Үкіметі талай жыл бас қатырып, бұл кесірді қалай тию жолын білмей келген. Сөйтсек, оның кейбіріне Ташкент сәулетшілері «кінәлі» болып шықты! Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы палатаның кешегі жалпы отырысында тағы бір елең еткізген ақпар айтылды: Қызылордада «Гитлердің бункері» салынып жатыр екен.

Үкіметтің Парламенттен «секреттері» көбейе бастады. Биік лауазымды шенеуніктер қалаулыларға жалаң заңды алып келеді де, оны айқындаушы материалдарды көрсетпейді. Олардың мазмұнын сұраса, түлкібұлаңға салып, айтпайды. Тықақтап сұраған депутаттарға: «Сіздің сұрауыңыз бойынша кейін жазбаша түрде ұсынамыз» деп жалтарады. Бір ғажабы, жоғары мансапты шенділер де­путаттардың осал жерлерін дөп басады. Осы жолы да олар «Қазақстанның Бюджеттік кодексіне өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын Парламентке үш жылдық бюджет жобасымен қосақабат енгізген. Аталған заңға қатысты кеше сенаторлардың да көптеген қар­сылықтары туындады.

Бірақ Үкіметтің ұсынғанын қабыл ал­масқа шара жоқ: Үкімет қаржыгерлері мен экономистері Қазақстанның үш жыл­дық «әмиянын» әлгі заң Бюджет кодексіне енгізетін жаңалықтарына құрып, қалып­тастырыпты. Яғни Парламент заңжобаны қабылдамай тастаса, алдағы үш жылдың басты қаржылық құжаты да қабылдана алмайды. Бюджетті қабылдамаса, бір тоқ­тамға келе алмаса, ел басшылығына Пар­ламентті таратуға тура келеді.
Оның үстіне депутаттардың көкірегін «осы, Үкімет Парламентті ауыстырғысы келіп отырған жоқ па?» деген күдік-қор­қыныш кеулей бастады. Оны бірқатар депутаттар ашық айтты. Мұның мәнісі мынада: «Бюджеттік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заңның жобасы бізде бұрын-соңды бол­маған «шартты қаржыландыру» деген жаңалықты енгізбек. Яғни енді бірқатар істерді қаржыландыру нақты емес, шартты сипатқа ие болады: бұлайша қаржыланды­рылатын бағдарламалардың, жобалардың тізімі бюджетке кіреді, бірақ олар ел қазы­насына қосымша түсім түссе ғана қар­жы­ландырылатын көрінеді.
Бұған дейін, яғни қазір басқа тетік жұмыс істейді: егер қосымша түсім түссе, ел Үкіметі оларды қайда бөлетіндерін көр­сетіп, ендігі бекітілген бюджеттің жаңа жобасымен Парламентке қайта келеді, рұқсатын алады. Ал депутаттардың айтуын­ша, «шартты қаржыландыру» те­тігі ел Үкіметіне депутаттар алдына кел­мей-ақ, түскен қаржыны «шартты қаржы­ландырылатын шығыстар тізіміне» кір­гендерге бағыттай салуға мүмкіндік бермек. Қосымша қаражаттарды енді Үкі­метте Республикалық бюджеттік комиссия бөліске салады.
- Біз соны заңдастырғалы отырған сияқтымыз. Сонда қалай болғаны? Пар­ламенттің рөлін қандай дәрежеге дейін төмендеткелі отырмыз. Осыған түсін­бей­мін, - деп дабыл қақты сенатор Қ.Айта­ханов.
Ең сорақысы сол, жауапты шенеуніктер «шартты қаржыландырудың» қандай тәр­тіппен айқындалатындығын түсіндіретін материалдарды депутаттарға да бермепті. «Оны неге біз бүгін білмейміз? Парламент білуі керек қой? Неге ол тәртіп бізге, осы заңмен бірге, қосымша берілмейді?» деп мазасызданды сенатор Қуаныш Айта­хан­ұлы.
Заң жобасын Парламентте қорғауға жауапты Экономикалық даму және сауда министрі «шартты қаржыландырудың» мектеп, аурухана сияқты әлеуметтік жаңа нысандардың құрылысына сеп болатын­дығын алға тартты: сондай кейбір жобаның құрылысын қаржыландыру кей жылдары бюджетке кірмей қалатын, енді мына тетік арқасында ондай оқиғалар сиремек.
- Сіз Мәжілісте сөйлеген сөзіңізде: «Біреулердің сметасы көтерілді, бітіре алмағандықтан, ақша сұрап жатыр» деп айтыпсыз, - деп министрге қайырылды сенатор Қожахмет Баймаханов. - Мен осыны түсінбеймін де. Құрылысшы ре­тін­де, бұрынғы әкім ретінде де айтып отыр­мын. Менің түсінбейтінім, 1 миллиард тұ­ратын мектеп құрылысы аяқталғанша бір жарым миллиардқа барады. Қалай?! Рұқ­сат етілетін шек бар, құны миллиардтық мектепті 1 миллиард 50 миллионға салуға келісуге болады. Ал жарты миллиардқа қымбаттау... Осы соңғы уақытта өте кө­бейіп бара жатыр.
Қожахмет Баймаханов қымбаттау себептерін іздепті: «Жақында мен Қызыл­орда қаласында бюджет есебінен салынып жатқан құрылысты барып көрдім. Ол де­ген анау «Гитлердің бункері» сияқты! Тол­ған арматура, жатқан бетон! Жалпы, Қы­зыл­орда қаласының сейсмикалық жағдайы 5 балға дейін деп көрсетілген. Кеңес өкі­меті кезінде Қызылордада монолиттік бе­тон, монолиттік балка, монолиттік колонна деген мүлдем болмаған. Осы соңғы кезде ақша көбейгеннен бастап, мына Тәшкеннің архитекторлары келе бастады. Ал Тәш­кенде 9-12 балл! Өзбектер содан 9-12 балға есептелген бағдарлама бойынша компью­терге «салып» кеп жібереді де, содан 9-12 балға төтеп беруге тиісті мектептің жо­басы шыға келеді» деген сенатор өзбектер­дің онысын Оңтүстік Қазақстанға емес, «Тәшкенге есептелген проекті» деп шорт кесті.
Нәтижесінде, Қ.Баймахановтың ай­туын­ша, өзбектердің солайша жобалауы кесірінен, біріншіден, жоба қымбаттайды. Екіншіден, құрылыстың мерзімі 1,5 есе дерлік артады. «Өйткені құйылған балка 28 күн қатуы керек! Мен айтамын: «Айна­лайындар-ау, бюджеттің ақшасын аямай­сыңдар ма? Мынау не, істеп жатқан­да­рың?» деп күйінді сенатор. - Оу, Кеңес өкі­меті кезінде салған құрылыстар аман-есен тұр ғой! Әлде де олар тұрады сол жер­де» дей келе, ол осыған Үкіметтің назар аударуын сұрады.
Бұған қоса, Сенат депутаты Үкіметке мектеп, аурухана сияқтыларды әр жерде әр алуан түрлендірмей, бір типте салуды ұсынды: «Аурухана, мектеп болсын, орта­лықтан бірыңғай жоба шығарсаңдаршы! Әйтпесе әр облыс өзінше жоба жасайды. Неге бюджет есебінен әртүрлі ауруханалар салуымыз керек? Неге бюджет есебінен салынатын ұқсас нысандар бір облыста 1 миллиард, екіншісінде 1,5 миллиард тұ­рады. Неге 1 облыста беті керамогранитпен қапталады, екінші облыс бетін «алтынмен» аптайды? Жекенің салған ақшасы болса, мен түсінер едім. Не істесе, оны істесін! Ал мынау - халықтың ақшасы ғой?!»
Экономика министрі бұл ұсыныспен келісті.
Заң жобасын Сенат бірінші оқылымда мақұлдады.

Айхан ШӘРIП

 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
2 ноября 2012, 9:33
310

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38059
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2667
  • 64
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2408
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1977
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2252
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

На EXPO через Балхаш и Боровое своим ходом

Мы объехали по кругу озеро Иссык-Куль, о чем повествует предыдущий пост, и вернувшись из поездки подумали, а почему бы нам не рвануть на наше озеро, не менее прекрасное?
yelenasergiyenko
13 авг. 2017 / 13:13
  • 1197
  • 6
Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Сколько дней казахстанцы отдохнут на День Конституции и Курбан айт

Многие уже сейчас планируют отпуска и праздничные выходные. Сколько дней отдыха будет в этом году в честь Дня Конституции и мусульманского праздника Курбан айт?
yviNews
11 авг. 2017 / 15:08
  • 1192
  • 0