• 92106
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жүректің көзі - 01.11.12.

 
Сәуле ӘБЕДИНОВА, «Ақжүніс-Астана» журналының бас редакторы: Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі... Печать

- Сәуле, сізді жұрт жақсы біледі. Бір кездегі «Ақжүнісіңіз» сізді қазаққа жақсы танытты. Сізді эфирден жоғалтып алған елдің өзіңізге қояр сауалы көп шығар. Сол сұрақтардың ішін­де алдыңыздан жиі шығатыны бар ма?
- Елден екі сұрақты жиі естимін: «Теледидардан қашан көреміз?» және «Әп-әдемісің, неге тұрмысқа шықпайсың?»
- Сонда не деп жауап бе­ресіз?
- Бірінші сұраққа көбінесе, «нақты айта алмаймын. Аман­дық болса, Алла сәтін салса, теледидарға да шығармын. Шығармай жатса, өкпем жоқ...» деп жауап беремін. Ал екінші сұраққа әркезде әр­қалай жауап беруге тура келеді. Кейде қалжыңмен, кейде назбен дегендей. «Сол әде­мілікті жігіттер көрмейді», «сол әдеміліктен жігіттер қор­қады», «көне етіктіні менсін­бей, көң етікті кезікпей жүр...», «аузы күйген үрлеп ішеді...», «күйеусіз де өмір сү­руге болады екен...», «одно­люб­пын, махаббатымды кезік­тірмей жүрмін...», «мен сүйген азамат мені сүймейді...». Осы тәрізді жауаптар автоматты түрде өз-өзінен атып шығады (күлді). Сондықтан ол сұрақ­тың нақты жауабы жоқ.
- Дегенмен әзілмен айтыл­са да, осы жауаптарыңыз­дың әр­қайсысының түбінде бір шын­дық жатқан тәрізді...
- «Кез келген қалжыңның астарында бір мысқал шындық жатады» деген сөз рас...
- Кейде адам өзімен-өзі тілдесетін, сырласатын кездер болады. Сондай сәттерде қан­дай сауалды өзіңізге жиі қоя­сыз?
- Иә, қияли адамша өз-өзімнен күбірлеп, сөйлесетін кездер менде жиі болады. Іштегі ойдың сыртқа шығып кететін сәттері де бар. Ал­қым­нан алатын сұрақтар да көбі­несе сол сәттегі жағдайға, сол мезеттегі көңіл күйге байла­нысты. Кей сұрақтың жауабын таба алсам, көп сұрақтың жауабын таба алмай, жылы жауып қоямын. Мен үшін ұғы­нықсыз сұрақтардың жауабын уақыт өте келе өмір өзі түсін­діріп береді. Ал сіздің сауалы­ңызға келсем, өз-өзіме «неге сонша жалқаусың?» деп ұр­сатын кездер жиі болады.
- Сізді жалқау дегенге кім сенеді?
- Негізі, менің табиғатым, болмысым - өте жалқау. Бірақ өмір сүру керек болғандық­тан, амал жоқ, «әрекетке - бере­кет» деп, алға жылжуға, тірлік қылуға тура келеді. Бойымдағы жалқаулықты аз-кем жоюға бе­йімдейтін бір мақал бар: «Құ­дай жүгірте алмаған сиырды бұзауы безек қақтырады» деген. Дөре­кілеу естіледі, әрине, бірақ бұл мақалда менің шындығым жа­тыр. Балаларым үшін жүгіргеніме жиырма жыл болыпты...
- Ұлыңыз ержетті, қызыңыз бойжетті, ендігі кезекте өзіңізді ойлайтын кез жетті деп есеп­темейсіз бе? Психологтар «адам ең алдымен өзі үшін өмір сүруі керек» дегенді жиі айтатынын білесіз...
- Заманауи психология біз­ге Батыстан келгенін сіз де жақсы білесіз. «Әркімнің өзіне лайық­тап пішілген үлгісі болады, ол біреуге тар, біреуге кең...» (Ба­уыржан Момышұлы). Бүгінгі психологтардың кей қағидалары қазақтың болмысына, менің табиғатыма жат. Ал шын мә­нісінде қазақтан асқан психо­лог халық жоқ шығар. Оны дәлелдеп жатудың өзі артық. Қазақ еш­қашан қара басының қамы үшін өмір сүрмеген. Қай кезде де қа­зақтың өмір сүру салты «малым жанымның, жаным арымның са­дағасы» деген жалғыз қағида­­ға барып тірелген. Өле-өлгенше бала-шағасын, туған-туысын ой­лайтын, солардың қуанышы­на қуанып, қайғысына қабыр­ға­сы қайысатын, олар абырой­лы болса, төбесі көкке жететін, ұятқа қалдырса, олардан бұрын өзі өлетін елдің перзентіміз. Таяуда бір сіңілім Америкаға барып қайтты. «Америкалықтар бала-шаға, туған-туыс мәселесі дегенді түсінбейді, «каждый за себя» деген принциппен өмір сүреді» дейді. Бізге де сол мейірімсіздік, сол қаталдық, сол тасбауырлық келіп жетті. Ал оның несі жақсы?
Иә, тәубе, ұлым ержетті, қы­зым бойжетті. Көптен көр­меген таныстар кездесе қалып, хал сұраса, «үшінші балам бар, Ақ­жүніс деген қыз тауып алғам, жеті айлық» деп қалжыңдаймын. Кейбіреулер шын сеніп қалады. Ал білетіндер «енді сол Ақжү­нісіңді аяғынан тұрғыз» деп ті­лектестік білдіріп жатады.
Наурыз айында «Ақжүніс-Астана» деген журнал ашқан болатынмын. Алғашқы санын шығаруға халық қалаулысы Нұр­тай Сабильянов қолдау танытты, одан кейінгі санын меценат аға­мыз Өмірзақ Сәрсенов шы­ға­рып берді. Ол кісілерге айтар алғы­сым шексіз. Енді сол шаруаны дөң­гелетіп, ары қарай алып кету мәселесі тұр. Менің бір жаман мінезім бар - бір істі бастасам, со­ңына дейін жетпей тынбай­мын. Қазір баспасөзге жазылу маусымы қызу жүріп жатыр. Осы кезеңде білек сыбанып жұмыс істемесем, өзім де, бала-шағам да, санаулы қызметкерлерім де, әсірелеп айтсақ - аш қалады. Сондықтан психологтар рен­жімесін, «өзімді ойлауға уақыт жоқ» (күлді). Жалпы, жұмысты, туысты, бала-шағаны ойлағаным - өзімді ойлағаным.
- «Ақжүніс-Астана» журналы оқырманға кең тарай қоймаған сияқты. Басылымның басты ба­ғыты, негізгі ерекшеліктері қан­дай?
- Журнал қоғамдық-әлеу­меттік бағытқа басымдық береді. Тек танымал адамдар ғана емес, кез келген қазақ баласы кейіпкер бола алады. Басылымды жаппай қазақ ұлтының тұрмыс-тірші­лігіне арнауды жөн санадық. Адам тағдыры сөз болады, шы­найылыққа көп көңіл бөлеміз. Оның ерекшелігі де осында. Әри­не, жұлдыздардың, танымал адамдардың өмірі назардан тыс қалмайды. Қыз да, жігіт те, жас та, кәрі де көкейіндегісін осы журналдан табуына атсалыса­мыз.
- Бүгінгі таңда газет-жур­налдың түр-түрі бар. Бәсекелес­тік зор. Оның үстіне, бір орыс таны­сым айтып еді, «казахи - не читаемый народ» деп. Сол айт­пақшы, біздің қазақ халқы­ның бір ерекшелігі - ақпаратты оқу арқылы емес, көру, есту арқылы алғанға бейім. Интернет, теле­дидар бар, одан қалса, радио бар. Осындай қайнаған нарық за­манында бұрқыраған бәсе­ке­лестікке төтеп бере алатындық­тарыңызға, өз аудитория­лары­ңызды қалыптастыра­тындық­тарыңызға сенесіз бе?
- Сенбесек, бұл істі бастар ма едік? Әрине, оңай емес. БАҚ-тағы бәсекелестеріміз де кілең мықтылар. Көпшілігінің артында бір-бір алпауыт тұр. Олардың көпшілігі мемлекеттен де қо­мақты қаржы алып шығып жатыр. Өзімізді олармен са­лыстыруға әлі ерте. Дегенмен әр басылымның өз оқырманы бар. «Ақжүніс-Астана» журналы да уақыт өте келе өз аудиториясын қалыптастырып, халықтың сүйікті басылымына айналуы үшін күш-жігерімізді аямаймыз. Бар мәселе қаржыға кеп ті­релетіні айтпаса да түсінікті. Әзірше жоқтан бар жасап жүр­ген жайымыз бар. Халық аман бол­са, ел ағалары аман болса, әлі-ақ журнал ең танымал басылым­дардың қатарына қосылады. Бұ­лай дейтінім, «журналыңыз біз­дің қалаға қашан жетеді, біз­дің ауылға қашан жетеді, қалай жазылуға болады?» деп элек­тронды поштама хабарлама жа­затындар саны күн сайын артып отыр. Алматыдағы кейбір мектеп ұжымдары біздің тұрақты оқыр­мандарымызға айналып үл­герді.
Таяуда Павлодар облысына іссапармен барып қайттым. Павлодар Мемлекеттік педагоги­калық институтының ұжымы, С.Торайғыров атындағы Павло­дар Мемлекеттік университеті­нің басшылары, сондай-ақ Ас­танадағы Л.Гумилев атындағы Еу­­разия ұлттық университеті­­нің басшылығы жылы қабылдап, журналға қолдау танытатын­дықтарын айтты. Облыс бас­шысы Ерлан Арын мырза жур­налдың тұтастай бір нөмірін Павлодар өңіріне арнауға ұсы­ныс білдірді. Мұндай ықылас төбемді көкке жеткізді. Сон­дықтан журналымыз болашақ­та өз аудиториясын қалыптас­тыратынына сенемін. Негізі, жаңағы сіздің орыс танысы­ңыздың сөзімен келісуге де, келіспеуге де болады. Рас, ин­тер­нет дамып кетті, теледидар­мен газет-журнал бәсеке бола ал­майды, радио тыңдаушылар да аз емес. Дегенмен «қазақтар оқымайды» деген стереотип түсінікті кезінде кеңестік шови­нистік пиғыл қалыптастыр­ған, әлі де кейбір «ұлы халық өкіл­дері» қазақты «оқымайтын надан» дегенге сендіргісі келеді. Қазақ оқымаса, Абай қайдан шықты? Мұхтар қайдан шықты? Сәтбаев қайдан шықты? Қа­зақтан шыққан оқымысты ғұ­ламалардың тізімі сала-құлаш. «Бала оқыт, ағаш отырғыз, үй тұрғыз» деген ең «цивилизо­ванный» қағиданы ұрпақтан-ұрпаққа өсиет етіп қалдырған қазақ қалай надан болады? Бүгінде бала оқыту жолында жанкештілік танытатын бір ұлт болса, ол - қазақ. «Ішпесем іш­пейін, кимесем, кимейін, ба­ламды оқытайын» дегенді жүз қа­з­ақтың тоқсан тоғызы айтады және сол жолда бар жанын са­лады. Оның ішінде өзім де бар­мын. Сондықтан қазақты надан санайтын кез өтті. Оқылатын дүние болса, оқушысы табы­лады.
- Сіздің негізгі мамандығы­-ңыз - театртанушы. Бірақ жур­налис­тикада жүргеніңізге он жылдан асыпты. Ол кәсіптен кетіп, бұл кә­сіпке келуіңізге не себеп болды?
- Театр - менің мешітім. Ең алғаш рет он жасымда театрға барғаным есімнен кетпейді. Ауылда, дәу жолдың бойында шашым жалбырап, құрбы­ла­рыммен жалаңаяқ «скакал­ка» ойнап жүрген болатынмын. Бір кезде көшеде кетіп бара жатқан жигули көзіме оттай басылды. Солай қарай тұра жүгірдім. Әдетте сенбі күні әкем үйде болады. Демалыс күні ол атқа отырды деген сөз - не базарға, не қонаққа барады деген сөз. Жанында екінші шешем, арт жағында ағам, інім отыр. Бәрі сықиып киініп алған. Мені кө­ріп, ол да тоқтады. Қайда бара жатқаныммен шаруам жоқ, әй-шай жоқ, «мен де барам!» деп кө­лікке ұмтылдым. «Мына түрің не? Үйге барып киіміңді ауыс­тырып, аяқкиіміңді киіп кел, біз осында күте тұрамыз...» дейді. Көнбеймін. «Мені алдап кетіп қалмақсыңдар ғой...» деп ебіл-дебілім шығып жылап, ақыры айтқанымнан қайтпай маши­на­ға мініп алдым. Әкем, шешем, ағам «ұят болады, дұрыс киініп кел» деп қанша айтса да көн­беймін ғой. Ақырында екінші шешем «жарайды, бала ғой, жүре берсін» деп әкемді көндірді. Сөйтсем, олар театрға бара жа­тыр екен. Қойылым басталмай тұрып, театрдың қапталын ай­нала бере, екінші қабаттағы ка­феге кіргеніміз есімде. «Кафе-бар» деген жазуды оқығанда ол сөздің «кофе бар» деген сөз еке­ніне сенімді болдым. «Көке, кофе ішеміз бе?» деп сұрадым. «Сені мына жалаңаяқ, шашың жалбыраған түріңмен театрға қалай кіреміз? Елден ұят емес пе? Осында жұрттан жасыры­нып, шай ішіп, елдің театрға кіріп кеткенін күтейік...» деді. Кафеде адам жоқ, жым-жырт екен. Жұрт түгел театрға кіріп кет­кен соң, ең соңынан кірдік. Зал тас қараңғы. Түк көрінбейді. Бір қыз бізді жетектеп апарып бір орынға жайғастырды. «Не­ғылған қап-қараңғы жер... бекер келіппін...» деп, көкемдерге жа­бысып еріп алғаныма пұ­шайман боп отыр едім, бір кезде музыка ойнап, шымылдық баяу сырғып ашыла берді. Бұрын-соңды көрмеген ерекше әлем. Ғажайып сиқырлы дүние. Сол әлем мені баурап алған екен. Бұл 1981-82 жылдар шамасы еді. Аудан ор­талығындағы Жетісай теат­рына жалаңаяқ, кір-кір, шаң-шаң, алба-жұлба боп барғаным есіме түссе, күлкім келеді. Сонда «Әр үйде мереке» деген қойылымды көргенім де күні бүгінгідей көз алдымда. Театрға деген махаббат сол жолы мені мәңгіге жаулап алған екен. Одан кейін де әкеме бірнеше рет театрға апаршы деп жалынғаным есімде, бірақ қайтып апарған жоқ. Жетінші сыныпта Алматыдағы әпкем қа­ладан оқытамын деп қолына алып, қалалық боп шыға кел­дім. Мектептен оқушыларды театр­ға жиі апаратын. Солайша театр десе, ішкен асымды жерге қоя­тын дәрежеге жеттім. Фарида Шә­ріпова, Зәмзәгүл Шәріпо­ва, Меруерт Өтекешовалардың сахнадағы бейнелерін көріп, соңғы сыныптарда актриса бо­ламын деп шештім. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясына, Халық артисі Тұңғышбай Жа­ман­құловтың шеберханасына оп-оңай оқуға түстім. Алайда екі жылдан кейін өзімнің актриса бола алмайтыныма көзім жетті де, театртану бөліміне ауысып кеттім. Белгілі театртанушы, осы салада қазақтан шыққан жалғыз доктор, марқұм Бағыбек Құн­дақбаев өз жетекшілігіне алып оқытты. Әшірбек Сығай, Сәния Қабдиева, Ахметжан Насыров сынды білікті ұстаздардан дәріс алдым. Мені журналистикаға әкелген де осы театртанушы деген кәсібім. Театр артистерінен алған сұхбаттарымды «Қазақ әдебиеті» газетіне ұсынып жүрдім. Көп ұзамай газеттің сол кездегі бас редакторы Жүсіпбек Қорғасбек мені жұмысқа алды да, «Сәуле Әбединованың сұх­баты» деген айдар беріп, менің кейіпкерлермен болған әңгі­мелерімді газетке жиі жариялап тұрды. Газетте істеген соң, жур­налистикадан да аз-маз хаба­рым болуы керек деп өзіме талап қой­дым да, осы салада өз бетімше біраз іздендім. Іс жүзінде журна­листиканы да меңгеруге тура келді. Одан кейін телеарна, қайтадан газет-журнал... Осы­лайша журналистика маманды­ғым болмаса да, кәсібіме ай­налды. Дегенмен негізгі маман­дығымды біржола тастап кет­кен жоқпын, театрға жиі барып тұ­руға, театр туралы жазып тұруға тырысамын. Жалпы, театрта­нушылық пен журна­листика­ның айырмашылығы жоқ сияқты.

- Ендеше, театртанушы ре­тінде бүгінгі қазақ театрлары­ның ахуалы туралы не айтасыз?
- Бүгінгі қазақ театры халық алдындағы да, мемлекет алдын­дағы да өз міндетін дұрыс атқа­рып отыр деп айтар едім. Рас, заманауи шығармалардың дең­гейі публицистикадан аса ал­май отыр. Жеңіл-желпі қойылым­дар да, үстіртін ойнай салатын ар­тистер де жоқ емес. Тере берсек, кемшілік жетеді. Алайда өз ба­сым, тырнақ астынан кір ізде­генді ұнатпаймын. Таяуда Қыр­ғызстанда Қазақстанның Мәде­ниет күндері өтті. Бір айға со­зылған сол шараның соңғы нүк­тесін Ғ.Мүсірепов атындағы ба­лалар мен жасөспірімдер театры қойды. Қазақ театрының төрт қойылымын тамашалаған қырғыз ағайындар аузын ашып, көзін жұмды десек, артық айт­қандық емес. «Қазақ театры алға озып кетіпті», «қазақ мәдениеті алға озып кетіпті» деген сөзді ханы да, қарасы да, бәрі айтты. Ең бастысы, нарық заманында театр да күн көру керек, бүгінгі көрерменнің сұранысына жауап беруі керек. Осы жағынан ал­ғанда қазақ театры қоғам ал­дында ілгері-кейінді орнын сақ­тап тұр. Театрға сынау үшін бар­ған дұрыс емес. Кейбіреулер мақ­сатты түрде сынап жатады. Тіпті артықшылықты көрмей, бас салып сынаған дұрыс емес. Қазір мен сізге қазақ театры ту­ралы сын айтсам, оным «тисе - терекке, тимесе - бұтаққа» бо­лар еді. Сондықтан бұл мәселеге тереңірек зерттеп, мақтасам да, даттасам да оған негіз болар­лықтай салмақпен қарауға мін­деттімін.
- Ал журналист ретінде өмір­ден түйгеніңіз не?
- Журналист ретінде түй­генім, журналист неғұрлым шы­найы, адал болса, өзі де, сөзі де өтімді болады. «Жүректен шық­қан сөз жүрекке жететінді­гіне» көзім жетті. Әрине, өмірдің өз заңы бар, бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Тек өзіндік прин­циптен ауытқымау керек екен. Бір данышпанның: «Никогда не отказывайтесь от своих прин­ципов - принципов свободы и духовности. Не то, вы погибнете» деген сөзі ойыма оралып отыр. Адам өз принципiнен бас тарт­қан күні - өледі.
- Дегенмен әйел заты үшін жур­налистиканың қиындығы көп екенін мойындайтын шығарсыз?
- Әрине, мойындаймын. Оңай еш нәрсе жоқ. Қиын дей берсек, бәрі қиын. Мәселе сол қиындыққа мойымауда болса керек. «Егемен Қазақстан» га­зетінің тілшісі Айнаш Есалиден осы туралы сұхбат алғанымда: «Басқа кез келген жұмысты жұмыста тастап кетуге болады, тек журналист қана жұмысын жұмысында қалдырып кете алмайды, өзімен бірге жүрген жерінде арқалап жүреді...» деп еді. Сол рас. Жазған дүниең де, жазатын дүниең де әркез ма­залап, миыңда тұрып алады. Журналистиканың рахаты да өз алдына. Журналистканың ар­қасында ел көрдім, жер көрдім, небір мықтылармен дәмдес те болдым, сырлас та болды, жолдас та болдым. Сондықтан шағым­данбаймын.
- Жігіттерден көңіліңіз қал­-ған сәттер көп пе?
- Жоқ, мен жігіттерді жақсы көремін. Әйел достан гөрі, жігіт достарым көп. Бір жігітке рен­жісем, жүз жігітке риза боламын. Өйткені мені бірінші Құдай қолдап, аруақ оңдап жүрсе, екіншіден, желеп-жебеп жүрген адамдардың бәрі жігіттер, қа­зақтың ер-азаматтары. Расында, «біздің елдің жігіттері жігіт­тер­­дің төресі...» Осы ән маған да қатты ұнайды...

Сұхбаттасқан Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ


«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
1 ноября 2012, 11:46
516

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Қызық сұхбат екен! Сәуле ханым мықты! Өзіне де, журналына да өркендеу тілеймін!

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 12309
  • 178
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
21 авг. 2017 / 16:25
  • 7816
  • 34
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
21 авг. 2017 / 17:21
  • 3472
  • 3
Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Байбек замахнулся на то, о чём давным-давно писали и говорили – «город для людей»

Какой «золотой квадрат»? Вам действительно это место кажется лучшим?! Вот когда Байбеку удастся воплотить в реальность скверы и парки, тогда я буду согласен называть старый центр золотым квадратом.
openqazaqstan
вчера / 16:53
  • 3530
  • 22
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3589
  • 52
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
21 авг. 2017 / 12:29
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2635
  • 68
Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

Казахский язык выбирает алфавит, который считает необходимым. Дело не в латинице

У русскоязычных казахов два варианта, один - срочно отдавать детей в казахские школы, если видят их будущее в стране. Русскоязычным неказахам ещё меньше выбора. Надо становиться казахами.
Aidan_Karibzhanov
22 авг. 2017 / 18:08
  • 2599
  • 60
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2231
  • 1