• 93365
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Бұқараға арналған бес бағыт

 
01.11.12.

Оңтүстік Қазақстан облысында халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыру үшін көптеген игілікті жұмыстар атқарылып жатыр. Елбасы тапсырмасының орындалуы облыс басшысының тікелей бақылауында. Десек те, басқа да саладағы жанданған жұмыстармен қатар Асқар Мырзахметов қазіргі таңда өңірдің әлеуетін көтеретін, аймақтық-республикалық маңызы бар бес бағытқа айрықша назар аударып отыр. Сонымен, бес бағыттың маңызы неде?

1. «Бейнеу - Бозай - Ақбұлақ»
Өзбекстаннан келетін «Газли - Шымкент» магистральдық газ құбыры арқылы тағы да 385 ел­ді мекенді табиғи газбен қам­тамасыз ету міндеті тұр. Бұл об­лыстың «Даму» бағдар­ла­масына енгізілген Шымкент қаласы және Сайрам, Қазығұрт, Түлкібас, Сарыағаш, Төлеби, Мақтаарал, Шар­дара аудандарының елді мекендері. Нәтижесінде, аталған магистральдық газ құбырынан 616 елді мекенді табиғи газбен қам­тамасыз етілетін болады.
«Бейнеу - Бозай - Ақбұлақ» магистральдық газ құбыры ар­қылы облыстың Түркістан, Кен­тау, Бәйдібек, Созақ, Отырар, Ор­да­басы, Арыс, Сайрам, Түл­кі­бас ау­дандарынан 230 елді ме­ке­ніне табиғи газ беру жоспарда тұр.
«Бейнеу - Бозай - Шалқар - Ақбұлақ» магистральдық газ құ­бырының құрылысы 2010 жы­лы желтоқсанда басталып, 2015 жы­лы аяқталады. Оңтүстік Қа­зақстан облысы аймағы арқылы өтетін газ құбырының ұзындығы - 264 шақырым. Газ құбыры ар­қылы пайдаланатын болжамды жылдық табиғи газ мөлшері жы­лына - 749,4 млн м3. Бұл жүйе бойын­ша 9 дана АГРС (автоном­ды газ тарату стансасы) салынады. Газ құбыры құрылысының ерек­шелігі, жаңа елді мекендерді та­биғи газбен қамтумен қатар, Өз­бекстанға тәуелді болып отыр­ған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ал­маты облыстарының халқы да отан­дық отынмен қамтамасыз ете­тін болады.


2. Көгілдір отын... Көтерілген тұрмыс
2009 жылы республикалық бюджет есебінен «Жол картасы» бағдарламасы аясында газ құ­быр­лары құрылысына 480,807 млн теңге бөлініп, Сарыағаш, Сай­рам, Төлеби, Түлкібас аудан­дарында барлығы 17 елді мекенде табиғи газбен қам­та­м­а­сыз ету құрылысы жүргізіліп, пай­­далануға берілді. Облыстық бюд­жеттен елді мекендерді таби-ғи газбен қамтамасыз ету құры­лысына 146,497 млн теңге қаржы бөлініп, 39,0 мың адам табиғи газбен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек 91,1 млн теңге бөлініп, 54 ел­ді мекенді газдандырудың жобалық-сметалық құжаттары әзір­ленді. Нәтижесінде 2010 жыл­дың 1 қаңтарына облыстағы 900 елді мекеннің 148-і газдан­ды­рылды. 2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы аясында газ құ­быры құрылысына 1,3 млрд теңге қаржы бөлініп, Сарыағаш, Қа­зығұрт, Төлеби, Түлкібас, Шар­дара, Ордабасы ауданында бар­лы­ғы 25 елді мекенде табиғи газ­­бен қамтамасыз ету құрылысы жүргізіліп пайдалануға берілді.
Сонымен бірге облыстық бюд­жеттен елді мекендерді таби­ғи газбен қамтамасыз ету құ­ры­лысына (15 елді мекен) 628,3 млн теңге қаржы бөлінген. Оның 2 елді мекенде құрылыс жұмыс­та­ры аяқталды. 90,0 мыңдай адам та­биғи газбен қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, 61,1 млн теңгеге 25 елді мекенді газдандырудың жә­не Сарыағаш ауданында ГРС салу­­дың жобалық-сметалық құжат­тары әзірленді. 2010 жылы «Қаз­ТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ-ы жаң­ғырту бағдарламасы аясында 4,2 млрд теңге бөліп, Шым­кент қаласындағы 45,0 ша­қы­рым жә­не Мақтаарал ауданы Жылысу ауы­лындағы 7,0 шақырым газ құ­­быры мен қондырғылар ауыс­ты­рылды, 130,0 шақырымдық газ құ­быры жаңаланды. Нәтижесінде 2011 жылдың 1 қаңтарына облыс­тағы 900 елді мекеннің 175-сі газ­дандырылды.

2011 жылы облыстық бюджет­тен 4,4 млрд теңге бөлініп, 44 елді мекенде және 1 ГРС (газ рет­тегіш стансасы) газдандыру құ­рылысы жүргізіліп, оның 35 ел­ді мекенін-де құрылыс жұмыстары аяқ­талды. 9 елді мекендегі және Са­рыағаш ауданындағы ГРС құ­рылысы 2012 жылға қал­ды­рыл­ды. Нәтижесінде 2012 жыл­дың 1 қаңтарына 900 елді ме­кен­нің 210-ы табиғи газбен қам­­­­тамасыз етілді.
2012 жылы республикалық бюджеттен 3 666,8 млн теңге, об­лыстық бюджеттен 1 770,6 млн тең­ге қаржы бөлініп, 60 елді ме­кенде газбен жабдықтау құ­ры­лысы жүргізілуде. Оның ішінде, 21 елді мекенде газбен жабдықтау құрылысы аяқталып, 48 255 тұр­ғын халық газбен қамтамасыз етілетін болады. Қалған 39 елді мекеннің құрылысы 2013 жылға қалдырылмақ. Нәтижесінде, 2013 жылдың 1 қаңтарына 900 ел­ді мекеннің 231-і газданды­ры­лады.


3. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай»
«Батыс Еуропа - Батыс Қы­тай» көлік дәлізін қайта салу мем­­лекет басшысы Назарбаев­тың бастамасымен 2009 жылы қолға алынды. Аталған көлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойын­ша өтетін учаскесін қайта салуды жобалау барысында жол бойына жақын орналасқан елді мекендерге көлік қатынасына кедергі келтірмеу мақсатында жо­балаушылар 50 көпір мен жол өтпелерін салу қажеттігін ескерді. Қазіргі уақытта 30 көпір мен 13 жол өтпелерін тұрғызу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, «Батыс Еуропа - Ба­тыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Оңтүстік Қазақстан облысының аймағымен өтетін учас­кесінің ұзындығы 418 ша­қырымды құрайды, соның 353,7 шақырымы цемент бетонды жа­­б­ынды болады. Бұл жол тран­зиттік автокөліктің көп болуына байланысты бірінші техникалық санатқа сай келетін 4 жолақты бо­лып салынады. Бүгінде құ­ры­лыс жұмыстары жалпы ұзындығы 239 шақырымды құрайтын 7 учаскеде жүргізілуде. Алғашқы 55 шақырымы өткен жылы са­лынды, ағымдағы жылы 142 ша­қырым жол құрылысын аяқтау жос­парлануда. «Ғасыр жобасы» атан­ған көлік дәлізін салу ба­ры­сында облыста жұмыс­сыздық төмендеді. Құрылыс жұмысына 4221 адам тартылса, олардың 3927-сі жергілікті тұрғындар.

4. Көксарай суқоймасы
«...Оңтүстікке су ауадай қа­жет. Керек десеңіз, елді ауызсу­мен, ағынсумен қамтамасыз ету - еліміздің қауіпсіздігін нығайту. Сондықтан Көксарай - еліміз­дің қауіпсіздігін нығайтатын құ­рылыс. Жыл сайын көктем шыға дарияның су тасқынынан қор­қып, Оңтүстік пен Қызылорда облыс­тарының халқы жандарын шү­бе­рекке түйіп отырады, мил­лиард­таған теңге бөгет, тоспа салу­ға да­рия жағалауын бекітуге жұм­салады. Көрші елге кетіп жат­қан суды Аралға жеткізіп, оны қалпына келтіруіміз керек. Негізінен ал­ғанда, Көксарай Оңтүстік Қазақ­стан үшін емес, Қызылорда халқы үшін салынып жатқан құрылыс. Су тасқыны қау­пін жою үшін, Арал­ға су жет­кізу қажет. Қыста жи­налған тау­дың таза суын жаз ай­ларында Қы­зылорда халқы пайдалануы ке­рек. Көксарайды салуды 2 жыл­да бітіруіміз қажет. 2010 жылы 1 млрд текше метр, ал 2011 жылы реттегіштің құрылы-сын бітіріп, 3 млрд текше метр су жинап, Қызылордаға береміз».
Президент Нұрсұлтан Назарбаев бұл пікірді Көксарай су реттегішін салу туралы жиында 2008 жылдың көктемінде айтқа-ны белгілі. Бұл дұрыс шешім бол­ды. Сыр суы 40 мыңнан астам тұр­ғыны бар 50-ден астам елді ме­кен­ге жылда қауіп төндіріп отыр­­ды. Елбасы ел қауіпсіздігін ескере отырып, дана шешім қабылдады. Сырдың аяғында отырған қызы­лордалықтар жыл сайынғы су апа­тынан құтылды. Елбасына осы шешімі үшін қос аймақтың тұр­ғындары алғысын білдірді. Көксарай жобасының арқасында жыл сайын Арал арнасы ша­ма­мен 1-2,2 миллиард текше метр сумен толмақ.
- Көксарайдың құрылысы Ел­басының жеке бақылауындағы алып құрылыс ретінде тарихта қалады. Ол - Қазақстанның үде­мелі индустриялық-инно­вация­лық даму бағдарламасына ен­ген, - деп атап көрсетті облыс әкімі Асқар Мырзахметов. Сонымен, Елбасының тікелей тапсыр­ма­сымен үш жылда салынған Көк­сарай суқоймасының маңызы неде? Ол Кіші Аралдың су дең­гейін көтереді, Шардара ГЭС-нің қуатын арттырады. Сыр өзені бойындағы экологиялық жағдай жақсарады. Халық жыл сайынғы су апатынан құтқарылды. Демек Президент тапсырмасымен аяқ­талған құрылыстың стратегия-лық мәні жоғары болды.

5. Елбасы назарындағы оқу орны
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Президенті:
- Университеттің халық­аралық дәрежесі болғандықтан ол қатардағы оқу орны болмауы тиіс. Біздің алға қойған басты мақ­са­ты­­мыз - түлектері кез келген жер­де сұранысқа ие болатын жо­ға­ры деңгейдегі университет құру.

Абдолла ГҮЛЬ, Түркия прези­ден­ті:
- Бүгінгі таңда Қожа Ахмет Йассауи атын­­дағы халықаралық қазақ-түрік университеті түркі әле­міндегі мемлекеттерінің геог­ра­фиялық қашықтығын қыс­қар­тып, туысқан елдер арасындағы бай­ланысты жақындатты. Ал білімге салынған инвестицияның мәні зор. Халықаралық дәрежедегі мәртебесі бар білім ордасы Орта Азиядағы іргелі оқу орнына айналуы қа­жет.
Қожа Ахмет Йассауи атын­дағы қазақ-түрік университеті 1991 жылы 6 маусымда Президент Жарлығымен құрылды. Уни­верситет - түркі тілдес мемле­кеттер арасында ең алғаш ха­лық­аралық мәртебеге ие бірден-бір оқу орны. Мұнда әлемнің 32 түр­кі тілдес елінен жастар білім алу­да. 300 гектар жерді алып жатқан университет қалашығында бо­таника бағы, профессорлық оқытушылар құрамына арналған тұрғын үйлер, оқу корпусы, тағы басқа ғимарат орналасқан, шаруа­шылық, кілем тоқу, үлгілеу, тігу, шаштараз цехы жұмыс іс­тейді. Еуропалық үлгідегі мә­дениет сарайы мен қонақүй, 80 пәтерлік 10 коттедж бар. Универ­ситетте алғашқыда небәрі 332 студент оқуға қабылданған болса, қазіргі таңда 10 мың студент қа­зақ, түрік, орыс және ағылшын ті­лінде білім алуда. Президент Назарбаев пен Түркия премьер-министрі Демирельдің кез­де­суін­де «халықаралық универ­си­тет» мәртебесі берілді. Ха­лық­аралық қазақ-түрік университетінің кеңеюіне екі ел басшылары ба­рынша назар аударып келеді. Қазіргі кезеңде 400 мыңдық кітап қоры мен жабық бассейні бар. Үкіметаралық келісімге сәйкес, түркі елдерінің жастарын оқыту үшін 200 грант бөлінеді. Бүгінгі таңда Қожа Ахмет Йассауи атындағы қазақ-түрік универ­си­тетінде 1006 оқыту­шы, 87 про­фес­сор, 16 фи­ло­софия докторы (PhD), 343 ғы­лым кандидаты мен доценттер, со­нымен қатар Түр­кияның 40-қа жуық пофес­сор­лары мен оқыту­шы құрамы сабақ береді. Уни­верситет түлектері Қазақстанда ға­на емес, ТМД, Азия, Еуропа жә­не Түркия ел­дерінде еңбек етіп жүр.
Білімді бағалау жөніндегі агент­тіктің мәліметі бойынша университет 2011 жылы көпса­ла­лы университет арасында жетінші орынды жеңіп алып, алғашқы ондыққа енді.
Оңтүстік Қазақстан облы­сын­дағы халықаралық дәреже­дегі мәртебесі бар оқу орны, Жам­был, Қызылорда аймағы­ның, сонымен қатар респуб­ликаның өзге де өңір­леріне бо­лашақ маман дайындап беріп жатыр. Елбасы назарындағы оқу орнының көк­жиегі кең, мақсаты биік...

Берiк БЕЙСЕНЏЛЫ


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
1 ноября 2012, 11:19
368

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 9968
  • 18
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4376
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2942
  • 68
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2011
  • 72
Сеульское метро: инструкция по применению. «Остерегайтесь колясок и пожилых людей»

Сеульское метро: инструкция по применению. «Остерегайтесь колясок и пожилых людей»

Корейское метро полностью автоматизировано: здесь пользуются карточками TMoney, баланс на которых можно постоянно пополнять. Этими же картами можно расплачиваться в магазинах и столовых.
daminaishappy
18 сент. 2017 / 21:56
  • 1718
  • 4
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1621
  • 41
Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Заметка №16. «Burger shop». Съесть и не обляпаться практически невозможно

Если честно, для нас формат заведения был в диковинку - раньше нам доводилось есть бургеры в сетевых ресторанах фаст-фуда или же в заведениях, где кроме бургеров подают еще много разных блюд.
zhanuska_checkedboe
19 сент. 2017 / 15:12
  • 1404
  • 16
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
вчера / 17:58
  • 1115
  • 6