Отандық телехикаялардың бүгіңі

Daniya Kuzembaeva March 12, 2014
465
0
1
0

Осы кезге дейін отандық телеарналарда түрік пен кәріс телехикаялары көрермендерге ұсынылып келген болатын. Әлдеқашан олардың пайдасы мен зияны толық зерттелді.Өткен жылдың қараша айында: «Қазақстан...

Осы кезге дейін отандық телеарналарда түрік пен кәріс телехикаялары көрермендерге ұсынылып келген болатын. Әлдеқашан олардың пайдасы мен зияны толық зерттелді.Өткен жылдың қараша айында: «Қазақстан аумағында шетел сериалдарын мемлекеттік телеарналар эфирлерінде көрсету тоқтатылды» - деп Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлімдеді. Алдағы уақытта шетелдік телехикаяларды отандық өнім баса ала ма?

Бұл хабарға біреу қуанса,біреу қарсы пікір білдірді. Соңғы он жыл ішінде қазақстандықтардың жүрегін бразилия, мексика, түрік, кәріс сериалдары жаулап үлгерген.Олардың  ішінде: “Сүлейман сұлтан”, “Келін”,“Күзгі жапырақтар”,“Жігіттің сарбаздары F4”, “Менің сүйікті ханшайымым” және т.б. Бұл телехикаялар негізінен үй шаруасындағы келіншектермен және зейнеттегі апалардың уақыт өткізуіне арналған. Алайда біздің елімізде аталмыш картиналар тұтас елді өзіне қаратты десек артық емес. Сонымен қатар, шетелдік телехикаялар халықтың санасын улатуды жалғастыруда. Психология ғылымының кандидаты Анар Алиақпаровнаның ойынша:

- Шынайы өмірде үйде отырған апалардың, келіншектердің ішкі әңгімелесетін адамы жоқ. Барлығы жұмысқа асығып кетеді, ал зейнеттегі апа біреумен сөйлесу керек,сол себептен де уақыт өткізу үшін телехикаялар көруге мәжбүр.Бұл бір психикалық ауытқушулық. Мүмкін, бұл телехикаялар болмаса, бір жаман қылықтарға баратын еді. Сондай-ақ, бұл үлкен психикалық терапия. Адамдар телехикаялар көргенде, тіпті еркектер де көзіне жас алып, эмоция мен әсер алады.Осындай психикалық терапия өте пайдалы.

Десек те, телехикая көрудің тиімді жақтары да бар.Дегенмен, бұл психатерапияны қазақ кейіпкерлері жасаған дұрыс. Рейтингтың артынан қуған телеарналар, шет елден шыққан сериялдарды аударып, халыққа ұсынуда. Ол әрине қиын емес. Бірақ, оларды сатып алуға және трансляциялауға көп шығын шығарылады. Егер уәде етілген реформа қабылданып, отандық телехикаялардың саны мен сапасы көбейсе, бір оқпен бірнеше қоян атамыз.

Сценарист, әрі тележүргізуші Марат Оралғазинның пікірінше:

- Отандық телехикаялардың саны көбейсе, біраз уақыт өте келе сапасы да артар. Бізде шыны керек, режиссер мен сценаристерге үлкен дефицит. Егер қазір Қазақстанда телехикаялар түсіріле берсе, бәсекелестік пен таңдау пайда болады. Мейлі, біреуі жақсы болар, біреуі нашар болар. Дегенмен, біраз уақыттан кейін олар жақсы деңгейге жетеді деген сенімдемін.

Казіргі таңда жақсы отандық телехикаялар мүлде жоқ деп айтуға болмас, бірақ олардың әлі де деңгейін көтеру қажет. Соңғы шыққандардың ішінен  отбасылық көрсетілімге арналған “Базарбаевтар”, “Домашние войны”, “Бажалар”, студенттік ғұмырды бейнелейтін “Вузеры” немесе романтика мен күлкіге толы “Тракторшының махабаты” көптеген көрермендердің көңілінен шықты. Алайда, біреуінде актерлік шеберлік жетіспесе, екіншісінің жарнамасы көп.

31-ші телеарнаның журналисті Мақсат Толықбайдың ойынша:

- Телеарналар сетканы толтыру үшін, отандық сериялды қоюға мәжбүр болды. Түрік пен кәріс сериялардың алып тастағаны дұрыс, бірақ біздің телехикаяларды ойнайтын сол 4-5 актер бәрі бір типаж немесе әнші актерлер қаптап кетті. Оларды рейтинг үшін шақырады. Басқа да талантты актер мен актрисаларды іздеу керек. Бұрында көркемдік кеңес деген болатын, кәзір бар шығар, бірақ керемет деңгейде емес. Сол жағын қарастыру керек деп ойлаймын.

Қорытындылай келе, отандық телеөнім бәсекелестік танытып, деңгейін көтеру үшін келесі проблемаларды жою қажет.Біріншіден, көркемдік кеңес қажет. Екіншіден, бәсекеге қабілетті сценаристер мен режиссерлер көп болу қажет. Үшіншіден, продюссерлер актерлерді жан-жақтан іздеген дұрыс.Ал, актерлердің өзі өз мамандықтарына немқұрайды қарап, актерлік білімі болған жөн. Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың актері Еркебұлан Дайыровтың пікірінше:
-Профессионалды театрдың актері, ол әрқашан актер болып қалады.“Театрдың актері, ол киноға жарамайды”- деген ұғым, ол өте теріс, мен онымен келіспеймін.Себебі, нағыз актер ол кез келген рөлді сомдай алады.

Аталмыш себептер жойылған кезде, проблема шешіледі. Әр ұлт мейлінше, өз салт-дәстүрін, өз мемлекетінде дәріптегені жөн. Ал біз, көрермен ретінде отбасымен кешкі ас үстінде көретін туынды көрсек деген тілек білдіреміз.

 

Оцените пост

1