ҚАЗАҚСТАН ҚАНДАЙ МЕМЛЕКЕТ?

zhake_altai 2012 M10 29
5321
0
7
0

Қазіргі Капитализм ұғымы мен түсінігі Капитализм  даму сатыларын мануфактуралық, өнеркәсіптік, қаржы капитализмі деген үш сатыға  бөліп қарастыруға болады. Капиталистік қоғам қатынастарының  әр...

Қазіргі Капитализм ұғымы мен түсінігі

Капитализм  даму сатыларын мануфактуралық, өнеркәсіптік, қаржы капитализмі деген үш сатыға  бөліп қарастыруға болады.

Капиталистік қоғам қатынастарының  әр өңірде  көрсеткен  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты оны

-         мемлекеттік капитализм

-         демократиялық капитализм

-         ұжымдық капитализм

-         халықтық капитализм

-         шеткері өңірлік капитализм

-         технокапитализм

-         турбокапитализм

-         анархо капитализм

Мемлекеттік капитализм

мемлекет капиталистің  рөлінде  қызмет етіп, өндіріс құрал жабдықтарына, жалдамалы  жұмыс күшіне  иелік етеді. Дайын болған  тауардың  қосымша  құнын  өз меншігіне  алады.  Мысылы:  кеңестер одағы

Демократиялық капитализм

АҚШ та орналасқан сарапшы ғалымдардың пікірінше.   Оның белгілері  еркін рынокты  білдіретін  заңдардың, қоғамда  демократия  мен жариялықтың  және  либералды құндылықтардың ( азшылық құқығын қорғау) болуы.

Ұжымдық капитализм

Жапонияда орныққан экономикалық қарым қатынастарды білдіреді. Мұнда капиталдың  басым бөлігі  корпоративтік топтасу  негізінде  құрылған  бірнеше  корпорациялардың  қолында.  Ал сол корпорациялардағы  байлықта онда еңбек  ететін  қарапайым  адамдардың  үлесі болады.  Ол көп  жағдайда  акция  түрінде қатталады.

Халықтық капитализм

Еңбеккерлер  өз кәсіпорындарының акционерлері болып табылатын экономикалық  қарым қатынас түрі.  (олигаохиялық капитализмге балама ретинде қарастырған америкалық экономист Луис  Келсо)

Турбокапитализ

Барлық үдерістер  жаһандану  есебінен өте жылдам  жүретін  экономиканың  жаңа түрі. Турбокапитализм  экономикалық  үдерістерді жылдамдата отырып, қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды жақсартады.

Анархо капитализм

Бұл терминді қолданысқа енгізген   америкалық экономист Мюррей Ротбард.

Кең мағынасында  алғанда  анархокапитализм  жеке меншікке шексіз еркіндік беруді  уағыздайтын философиялық  және саяси экономикалық ағым ретінде түсіндіріледі. Анархокапитализм тіпті мемлекетті жоққа шығарып, барлық еркіндікті  жеке адамдарға беруді жақтайды.  Мемлекетті жеке адамдардан салық жинау, белгілі  бір саясатқа күштеп мәжбүрлеу үшін құрылған монополист ретінде қабылдайды.

     

Сіздің ойыңыз қандай? Еліміз жайлы пікіріңізді білдірсеңіз?

 

Оцените пост

3
Дальше