• 10350
  • 3
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Атырау газетінің мақалалары

ИНВЕСТОРЛАРМЕН БІРЛЕСУ ИГІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

Мерзімі: 6 ақпан 2010 · 1 пікір бар

Облыс әкімі осы мәселеге баса назар аударды

Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Қалдыбек БӘЙІМБЕТОВТІҢ қатысуымен Исатай ауданының әкімі Зұлбұхар СҮЙНЕШЕВ өткен жылдың қорытындысы мен биылға белгілеген межелер туралы халық алдында есебін берді.

Осы уақытта барлық меншік түріндегі өндірістік кәсіпорындар бойынша 67,9 млрд. теңгенің өнімі алынды. Аудан аумағындағы мұнайшылар 1 млн. 159,6 мың тонна мұнай мен 20,1 млн. текше метр ілеспе газ өндірді. Өндірісті одан әрі дамыту үшін 1 млрд. 305 млн. теңге инвестиция салынды.

Аққыстаудағы «Әдемі үй-Кірпіш зауыты» кәсіпорны қайтадан іске қосылып, 700 мың данадан астам керамикалық тас шығарылды. Аққыстау темір жол стансасында 500 вагон жүк түсіріліп, меже екі есе артық орындалды.

Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім көлемі 1 млрд. 366,4 млн. теңгені құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 2,6; қой мен ешкі 0,5; жылқы 2,2 және түйе 2,8 пайызға өсті. Соның нәтижесінде ет өндіру 2,6 және сүт сауу 3 пайызға артты.

Жыл ішінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, оны сақтау, т.б. шараларға бағытталған 14,1 млн. теңге субсидия берілді.

Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту бағытында қожалықтар мен кәсіпкерлердің 11 жобасы қолдау тапты. Сөйтіп, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының Атырау филиалы арқылы осы жобаларды жүзеге асыруға 25 млн. теңге несие бөлінді. Олардың ішінде өңір үшін аса қажетті жылыжай және 200 тонналық көкөніс сақтайтын қойма құрылыстары бар.

Есепті жылы ауданда негізгі капиталға 3 млрд. 136 млн. теңге инвестиция салынды. Барлығы 10,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Өткен жылы Жанбай селосы «көгілдір отынмен» қамтамасыз етілді. Ол үшін облыстық бюджеттен қаралған қаржыға Нарын селосындағы автоматты газ тарату стансасынан 28 км жоғары қысымды газ құбыры мен 34 шақырымдық селоішілік желі салынды. Бұрын жобалау құжаттарына енбей қалған Жаңа Жанбай елді мекенінің Арай көшесіне де газ тартылды. Қазір аудан халқының 91 пайызы табиғи газды тұтынып отыр.

Сөйтіп, Аққыстау селосындағы жаңа ықшам аудандар мен көшелерге 10,5 шақырымдық электр және 20,5 км газ желісі жүргізілді.

«Таза су» бағдарламасы аясында Тұщықұдық селосындағы 4,2 шақырымдық су желісі пайдалануға беріліп, ол сенімгерлік басқаруға тапсырылды.

Ауданда демографиялық ахуал да сауығып келеді. Атап айтқанда, алдыңғы жылы 615 нәресте дүниеге келсе, былтыр 665 сәби өмір есігін ашты. Сәби өлімінің көрсеткіші 26-дан 14,7-ге кеміді. Квотамен 25 ана және 23 бала емдеу орындарына жіберілді. Әйтсе де, бір ана өліміне жол берілгенін жасыруға да болмайды. Өкпе дертімен алғаш ауру белгісі алдыңғы жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 31 адам болса, былтыр 23-ке дейін төмендеді.

Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана құрылысы жүріп жатыр, қажетті санитарлық көліктер алынды. Биылдан бастап аудандық емхана мен аурухана біріктіріліп, жаңа құрылым болып құрылды.

Білім сапасы ауданда 2008-2009 оқу жылының қорытындысымен 49,1 пайызды құрады. Орта мектепті бітірген 259 түлектің 168-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, нәтижесінде орта балл 76,9 болды. Бұл – облыс бойынша үшінші көрсеткіш.

Өткен жылы Зинеден ауылындағы балабақша жанынан қосымша топ ашу үшін ғимаратты жөндеу, Аққыстаудағы бұрынғы мектеп орнын 50 орындық балабақшаға бейімдеу шаралары жүзеге асырылды. Шәкірттердің 67,1 пайызы ыстық тағаммен қамтамасыз етілді.

Соңғы деректер бойынша, аудандағы медицина мекемелеріне 11 дәрігер, мектептерге 17 мұғалім жетіспейді. Малдәрігерлік салаға да төрт маман қажет.

Өткен жылы ауданға 27 мұғалім мен екі дәрігер келді. Оларға барлығы 3,1 млн. теңге әлеуметтік көмек берілді. Облыс әкімінің тікелей қолдауымен екі медицина қызметкеріне пәтер сатылып алынды. Сонымен қатар, жергілікті бюджет қаржысына бір дәрігер отбасы да пәтермен қамтамасыз етілді. Қазір келешек 8 дәрігер, 7 мұғалім, бір-бірден құрылыс пен мал маманы жеңілдікпен білім алуда. Өткен жылы оларға оқуақысы үшін аудандық бюджеттен 3,2 млн. теңге бөлінді.

Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға барлығы 100,3 млн. теңге бөлініп, ол тиісті төлемдерді төлеуге, жұмыссыздарды қолдауға және мүгедектерді оңалтуға жұмсалды. Жұмыспен қамту орындарына хабарласқан 1220 адамның 1217-сі түрлі қызметке орналастырылды. Сонымен қатар, 700 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылып, 614 жас кәсіби мамандыққа оқытылды. Қазір нақты жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды, ал ресми жұмыссыздық 0,9 пайызды құрап, алдыңғы жылмен межелес болды.

Облыс әкімі мен коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындар арасында жасалған келісімге орай 28 отбасы электр энергиясын және 24 отбасы табиғи газды 25 пайыз жеңілдікпен пайдаланып отыр. Аз қамтылған отбасыларына аудандық бюджеттен де 2,5 млн. теңге жәрдемақы берілді.

Былтыр облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға екі майдангерге және бір соғыс ардагерінің жесіріне барлық инженерлік жүйесімен қамтылған пәтерлер сатып алынды.

Облыс әкімінің жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқитын жастардың оқуақысын өтеу мақсатында өткен жылы аз қамтылған және бюджет саласы қызметкерлерінің отбасыларының 130 келешек маманына барлығы 8,3 млн. теңге көмек берілді.

Есепті мерзімде 874 шағын кәсіпкерлік нысандарында 1 млрд. 365,7 млн. теңге өнім өндіріліп, қызметтер көрсетілді.

Содан соң жарыссөз басталып, алдымен мінбеге Жайық мұнай-газ өндіру басқармасы кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Самат ҚАБДЕЛОВ көтерілді.

-Мен өңірде атқарылып жатқан шараларды алдымен облыс әкімі Бергей Сәулебайұлы есімімен байланыстырамын. Бұл – көзге жай мақтау емес, депутат ретінде жұртпен араласып жүрген кезде естіген сөзім. Ақпарат құралдары да облыс басшысының игі істерін ұдайы хабарлап келеді. Оның ауданға әр сапары есте қаларлық оқиғамен ерекшеленеді. Халық әлі де қолдау күтеді. Ендеше, барлық бастамаларға сәттілік тілеймін, – деді ол.

Жанбай селосындағы Х.Наубетов атындағы орта мектептің мұғалімі Гүлпара ҚАЙРЕДЕНОВА да аудандағы оралымды өзгерістерді сөз етті.

-Өткен жыл жақсылықтарға толы болды. Бұрын сыртта қала беретін Жанбайға табиғи газ келді. Турасын айтқанда, тұрғындар мұндай кереметтің жуырда боларын күтпеген де еді. Оның үстіне, әлемді қаржы дағдарысы кернеп жатқанда қажетті қаражат тауып берген облыс басшысына халықтың алғысы ұшан-теңіз. Жалпы облыс әкімінің батыл бастамаларына бұрын да куә болып жүрміз. Өткен жылы жұртшылық алдында есеп бергенде «Мен мойныма үлкен жауапкершілік жүктеп отырмын. Соның бәрін ерлігім қысқандықтан емес, туған жеріме жаным ашығандықтан жасап жатырмын» деген-ді. Сол серт үдесінен шыққан азаматқа алғыстан басқа не айтуға болады?!

Қамысқала селолық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Өтеген ҚАРАКЕСОВ те көптің көңіліндегі ойды қозғады.

– Менің облыс әкімі атына айтар алғысым мол. Х.Ерғалиев ауылына ауыз су келді. Оны тазартатын қондырғы орнатылды. Мұны ауыл адамдары көптен күткен-ді. Мұндай игіліктер өзге де елді мекендерде жасалды. Демек, алыстағы ауылдардың жағдайы жөнделіп келеді, – деп қорытты ол ойын.

Осы кезде залдан Ұлы Отан соғысының ардагері Үмбет ӨТЕҒАЛИЕВ сөз сұрады.

-Қарағым, әкім, – деді ол облыс басшысына, – мен майдан даласында бір аяғын қалдырып кеткен соғыс мүгедегі едім. Енді, елге келген соң да ауру жабысып, екінші аяғыммен де жүруден қалдым. Әйтеуір, өздеріңнің көмектеріңмен осы арбаға ие болып, қазір сонымен жүремін. Оның бер жағында пәтер мәселесімен де қиналып жүргенмін. Содан өткен жылы өзіңнің тапсырмаңмен маған екі бөлмелі пәтер берді. Оның барлық коммуникациясы тартылған екен, қатты разы болып отырмын. Осындай игі істерің көп болсын.

Одан әрі Бергей Сәулебайұлы аудан әкімінің есебін қорытындылады.

-Исатай – малға құтты қоныс, қойыны кенге бай өңір. Өткен жылы мұнда облыстық бюджеттен 1 млрд. 725 млн. теңге бөлінген болатын. Оған қыруар шаруа жасалды. Оны халық көріп отыр.

Жалпы, Атырау облысы дағдарысқа қарамастан қалыпты дамып келеді. Көрсеткіштеріміз республика бойынша озық саналады. Елбасының сарабдал саясаты нәтижесінде толымды табыстарға жеттік. Оны өткен жылы облысқа келген Мемлекет басшысы да атап айтты. Осы еңбекте исатайлықтардың да үлесі мол. Ендеше, баршаңызға рахмет айтқым келеді.

Ауданда елді мекендер газдандырылды, селоішілік жолдар жөнделді, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасы жақсартылды. Абаттандыру мен тазалық жұмыстарына қажетті техникалар алуға 12 млн. теңге берілді. Демек, енді санитарлық тазалықты талап етуге құқымыз бар.

Биыл – Ұлы Жеңістің 65 жылдығы. Соған сәйкес Елбасы майдангерлерді жан-жақты қолдауға тапсырма берді. Былтыр аудандағы ардагерлерді пәтермен қамту үшін 33 млн. теңге қаралған-ды. Ендеше, бұл бағытта проблема болмауы тиіс. Бірақ, әлі үйін кеңейтемін деушілер болса, жағдай жасалады.

Сонымен қатар, тылда еңбек еткендер де ұмыт қалмайды. Олар да аталып өтіледі. Әрине, бәріне пәтер беруге мүмкіндік жоқ. Бірақ, жағдайларын жасауға күш саламыз.

Облыста қабылданған кешенді өңірлік бағдарлама биылғы жыл ортасында аяқталады. Олардың кейбірі тіпті уақытынан бұрын біткелі тұр. Табиғи газ, таза ауыз су, электр энергиясы, т.б. инженерлік жүйелерге қатысты проблема толық шешімін тапты. Ендеше, ауыз суды белгілі бір уақытта ғана сағаттап беруден арылған абзал.

Мұқтаж студенттерге көмек көрсету де жалғасады.

Басты шаралардың бірі – бүлдіршіндерді бала бақшамен қамтамасыз ету. Әрине, үлкен ғимараттар тұрғызу міндет емес. Бала бақша ретінде пайдалануға болатын жеке үйлерді сатып алу қажет.

Одан әрі бала бақшаларын сенімді басқаруға берген жөн. Өркениетті мемлекеттердің бәрінде де осындай тәсіл бар. Облыстағы барлық бала бақшаларды бюджет күшімен ғана ұстап тұру мүмкін емес. Бірақ, сенімгерлікке тапсырылған бала бақшалардың мақсатты жұмыс жасауы, онда тәрбиенің талапқа сай болуы қадағаланады.

Содан соң әр балаға қазір төленіп жүрген ақы тым аз. Сол бала бақшада мұнайшының да, мұғалімнің де баласы бар. Ал, олардың жалақысы әр түрлі емес пе? Рас, ауылдағылардың жағдайын түсінеміз. Сондықтан, оларға барынша қолдау көрсетеміз.

Үстіміздегі жылы облыста 48 бала бақша пайдалануға беріледі. Олардың 30-ы қалада, ал қалған 18-і аудандарда. Сөйтіп, таяудағы бір-екі жылда бала бақшаға деген сұраныс толық қанағаттандырылады.

Биыл да ауданға 1 млрд. 554 млн. теңге беріп отырмыз. Әлеуметтік жобаларға байланысты тағы да қаржы бөлінер. Ал, қазіргі қаражатқа аудандық емхана құрылысы жалғасады, Аққыстауда ішкі жолдар жаңартылады, Зейнеден және Аққыстау мекендерінде сумен қамту нысандары жөнделеді, Жанбайда су желілері салынады, газ құбырлары тартылады, т.б. шаралар жүзеге асырылады.

Аудан әкімінің жұмысын оң бағалаймын. Бағыты дұрыс, тапсырмалар орындалуда. Бірақ, алда әлі үлкен міндеттер тұр. Соларды шешу барысында өңірдегі инвесторлармен бірлесіп әрекет істеу керек. Сайып келгенде, өткен жылы атқарылған шаруалардың 30-40 пайызын қаржыландыруға осы инвесторлар үлес қосты. Ендеше, Елбасы бастаған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін одан әрі жандандыруымыз қажет, – деп түйіндеді сөзін Бергей Сәулебайұлы.

Жиналыс соңында облыс әкімі ауданның бір топ еңбек озатына Алғыс хат тапсырды. Ал, аудан әкімі З.Сүйнешев облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға орталық аурухананың бас дәрігері Сағытжан Айдарлиев пен Қызылордадан келген маман Гүлнұр Балмурзинаға пәтер кілтін табыс етті. Баспанаға ие болғандар облыс әкіміне алғыстарын арнады.

…Міне, Исатай ауданы әкімінің халық алдындағы есепті жиналысы осындай игі шарамен аяқталып, оның өткен жылы атқарған жұмысы қанағаттанарлық бағаланды.

Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Айдар: Аудандар · Мақала белгілері: , , , , , Жазуды түзету

Пікірлер

Дулат былай депті:

Меңдібай, Сіздің мақала жазу стилін өзгертетін уақытыңыз келген секілді. Дәл бір Коммунистік партия газеттеріне мақала жазғандай әсер қалдырасыз.

Өз басым, Бергей Сәулебайұлының жасап жатқан жұмыстарына дән ризамын, үнемі іштей қолдап отырамын. Бірақ… Бірақ, Сіздер оны тым әсіре мақтап жібересіңдер! Әр мақалаңызда “анау әкімнің басты назарында, мынау басты назарында” дегенді қайталай бересіз, Назардан тыс қалған проблема болмай қалды соңында

KazakhNews
6 февраля 2010, 4:27
1849

Загрузка...
Loading...

Комментарии

harm
0
0
А как будет "под кат" на казахском?
yvision.kz пользуйтесь катом

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
25 июля 2017 / 18:27
  • 11028
  • 10
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
25 июля 2017 / 12:15
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3492
  • 12
Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Если вам отвечают на казахском языке – ситуация с точки зрения законодательства

Я своим постом не собираюсь критиковать кого-либо, что люди знают или не знают казахский или русский язык. Я выражаю своё мнение с точки зрения законодательства о языках.
Advokot
25 июля 2017 / 13:50
  • 3478
  • 31
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 2434
  • 24
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 2093
  • 51
Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Алматы глазами астанчанки: «У вас жара за 30! Вы не то, что южные – вы Африка!»

Все дороги ведут в Алматы. Хотелось бы поспорить, учитывая, как я насмешливо провожала друзей или коллег, которые покидали родную Астанушечку и переезжали «на юг».
SogdiK
21 июля 2017 / 18:25
  • 1971
  • 34
СказQAZ о королеве ночного города. Казалось, ничто не могло прошибить её оборону

СказQAZ о королеве ночного города. Казалось, ничто не могло прошибить её оборону

- Ты задолбала быть такой прекрасной!.. Пьяный в доску романтик еле держался на ногах. Девушка, сидящая за столом, даже не удостоила его взглядом. Охранники нежно вытолкали его из заведения.
Aks_Ras
26 июля 2017 / 12:09
  • 1626
  • 3
Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Хан Ордасы – ставка Жангир-хана. Здесь была открыта первая в Казахстане типография

Ханская ставка Жангир-хана в селе Хан Ордасы Бокейординского района Западно-Казахстанской области - это одно из самых интересных исторических мест Казахстана.
theYakov
26 июля 2017 / 5:34
  • 1601
  • 5