Сізде де сондай ма?

Sakana Omar 2012 M10 29
662
0
1
0

Суды айтам.Үйіңіздегі құбырдан аққан су. Әсіресе, жазда құбырды бар күшіне ашып, судықатты ағызып жіберіп, салқындай ішетін шығарсыз? Әрине. Ал, сол судыңқаншалықты таза екенін білесіз бе? Тексеріп...

Суды айтам.
Үйіңіздегі құбырдан аққан су. Әсіресе, жазда құбырды бар күшіне ашып, суды
қатты ағызып жіберіп, салқындай ішетін шығарсыз? Әрине. Ал, сол судың
қаншалықты таза екенін білесіз бе? Тексеріп көрдіңіз бе?

Сенбі болатын.
Күндізгі 11-дің кезі. Таңғы асты іштім. Ұйқы қанды... Кенет, домофон
шырылдайды. Қонақ күтіп отырғам жоқ...

- Кім?

- Қайырлы  күн! Бұл, Досжан, судың сүзгісін көрсеткелі
келдім. Сіз сағат…

- А, иә, түсіндім. Кіріңіз. Бесінші қабат, 14 пәтер.

Үлкен сұр кейс, дипломатқа ұқсайды, бірақ жол шабаданындай көлемді екен. Құбырдағы суды тазартатын презентациялық сүзгінің пішіні міне, осындай. Демалыста үйге әкеліп көрсетейін деген сүзгіні сатушы компания өкілімен келіскенім есімнен шығып кетіпті. Дегенмен шаруалармен кетіп қалмай, үйде болғаным әбиір болды, әйтпесе, қонағым домофонды сипап қалар еді.

Ой, шіркін...
1000 доллар тұрады екен. Құбырдағы
суды бірнеше сүзгіден өткізеді. Неше түрлі құрылғылар, су сапасын өлшеуіштер. Бәрі
бекер емес, тазартылған судың дәмі ұнады, тұнықтығы көзге ұрып тұр. Сүзгіні бөліп төлегенге сатып алуға да болады екен.

Жо, жоқ. Мен суды
тазартатын сүзгіні жарнамалайын деп тұрғам жоқ. Және сөзді көбейтіп құралдың
жұмысы мен ерекшелігіне тоқталып нем бар?

Онда, несіне сөз еттім?

Себебі шәйнегімнің
түбінде тұнып қалған ұсақ сары ұнтақтарды көзім шалып қалды. Жоқ, ақ емес,
құмнан да ұсақ сары ұнтақ. Әрине, бұл құбырдың таты. Құбырдан су ішкенді
сұйқаным сүймеуші еді, бекер емес екен. Ағзамды таттан қорғап қалды.тат басқан фильтрдің губкасы

Бұл сүзгінің губкасы. Аппақ губканың таттан сарғайғанын көріп тұрсыз. Басқасын қайдам тым болмаса татты ұстап қалған. Негізі, бұл губка басқа сүзгінікі. Демалыста үйге әкеліп көрсетіп жүрген жігіттікі мүлдем басқа.

Бір жыл бұрын Көктем
ықшамауданына көшкем, алайда қайнаған судағы сары ұнтақты бірден байқағам жоқ.
Оған дейін Орбитада анамдікінде тұрғанда қайнаған шәйнектен аппақ хлордың
ұнтағы аузы-мұрнынан шығып тұратын. Ал менің суымда ондай ұнтақ жоқ деп мәз
болып жүрсем, міне, сұмдық. Бұдан кейін жаның қайдан жай тапсын. Шай да жайына
қалды... Құбырдағы суды қолданарда анам міндетті түрде оны эмаль ыдысқа құйып, хлорын тұндыратын. Маған да көшкенде жаңа кәстрөл сыйлаған. Құбырдан аққан тат кетуші ме еді, жаңа кәстрөліме де ізін қалдырып жүрді. Құтыға құйдым да тат суды ЖПК-не апардым.

Таң қалған жоқ, әрине. Қайдан таң қалсын, күнде көріп, мүмкін ішіп те жүрген суы шығар. Мұндайды бұрын көрмеген мен үшін ғана жаңалық боп тұр ғой судағы тат. Су неге сары, мұны қалай ішуге болады деген сұрақтарыма не деп жауап бергенін топшылап отырған шығарсыз. Әрине, бәріне тозығы жеткен құбыр кінәлі… Солай дерін білдім-ақ, дегенмен, қол қусырып отырмай тиісті орындарға жүгіну деген бар емес пе.

Содан не болды?
Ештеңке. Суға арналған сүзгі сатып алыңыз, деп қояды, әлгі ЖПК өкілі.

Тек өзіңе сен

Ашуым басылды.Тат басқан суды сараптамадан өткізіп, тиісті орындардан шара қолдануды талап еткім-ақ келді. Себебі үйді ұстап тұру шығындарына ай сайын ақша төлейсің, төленіп жатқан салықтар тағы бар. Құбырды ауыстыру қымбатқа соғады десең де, ендігі жүйелі түрде жаңартатын кез келді емес пе? Не керек... Жарнама газетін сатып алдым да бір-бірімен жарысқан елдердің сүзгілерін салыстыра бастадым.

Нәтижесінде, орташа біреуін алдым. Нақтырақ айтсам, бұл сүзгіні біреу ұсынды. Жеке поштама хат жазыпты, маркетингтік әдіс деп осыны айт. Ол бірден сүзгіні жарнамалаған жоқ. Ішкен суың, жұтқан ауаң, тауып жатқан табысың жайлы ойландыратын сұрақтарымен еліктірді. Жә, оны қоя берейін де басты тақырыбым – судан ауытқымайын.

Арналарды қарап отырып не интернетте ұзақ отырғанда судың сапасы немесе адам ағзасына судың пайдасы туралы бағдарламаны не ақпаратты көзіңіз шалған шығар. Шыныңызды айтыңызшы, ол жайында хабардар болсаңыз да үйіңіздегі құбырдан аққан судың сапасын тексеріп көрдіңіз бе? Жоқ, дерсіз. Қолыңыз тимеді... Басқа да
проблемаларыңыз бар шығар.

Содан? Содан,сол. Бұрынғыша құбырдан суды ағызып жіберіп, ұрттап қоясыз. Әлде суда хлор барын біліп, қайнатып қана ішесіз бе? Оған да шүкір. Ал енді құбырдағы суды тамаққа пайдаланған сайын, шай ішкен сайын ағзаңызға қанша ұнтақ кетіп жатқанын елестетіп көріңізші. Жоқ, сіз елестете алмайсыз. Себебі оны елестету үшін сіз міндетті түрде қатты ауырып қалуыңыз керек, айталық, бауырыңызға құм,
бүйрегіңізге немесе өт жолдарыңызға тас жиналып қалуы тиіс. Сонда ғана
ойланасыз. Солай емес пе? Өкінішке орай ондай құм мен тас та бойыңызға бірден
жиналмайды. Мұнымен келісетін шығарсыз.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының (ДДҰ) дерегіне жүгінсек, әлемдегі аурудың 80% астамы су арқылы жұғады. Сары ауру, сүзек/холера/, тиф, гастроэнтерит сияқты белгілі аурулардың 75% ағзаға су арқылы жұғады. Сондай-ақ лай су теріні, шашты, тырнақты құртып, тістің түсуіне әкеп соғатынын білген жөн. Судағы ұнтақтан шәйнек, кір және ыдыс жуғыш машиналардың істен шығатынын жақсы білесіз. Техниканы жөндерсіз немесе басқасын аларсыз, ал ағзаны қалпына келтіру оңай ма? Техника істен шықпасын деп оны ұнтақтан қорғаудың жолдары ойластырылғанда, неге сізге  ағзаңызды қорғамасқа?
Адам баласы ауыз суды 1904 жылдан бері хлорлайды. ДДҰ мәліметінше
соңғы 100 жылда сусамыр /қант диабеті/, жүрек-тамыр аурулары, Альцгеймер синдромы, жаман ауру етек жайған.
Денсаулығына алаңдаған көпшілігіңіздің үйіңізде сапалы немесе менікіндей қарапайым сүзгі бар деп үміттенемін.  Өкінішке орай жеке компаниялардың сүзгіні сатқаны болмаса, құралмен қанша тұрғынның қамтылғаны жайлы ақпарат жоқ. Аурудың алдын алғанша, аурудан ем іздегенге етіміз үйренген емес пе.  Бәз біреу сүзгі зиян, ауыз судың құрамындағы табиғи минералдарды жояды дер. Келісемін. Сол себепті де кез келген нәрсені таңдамас бұрын салыстыру керек.

Еліміздің Ауылшаруашылық министрдігінің мәліметінше, сапасы жағынан дарқан даламыздағы су Алматы облысында, нақтырақ айтқанда, Алматы мен Талдықорған қалаларында ең жақсысы екен. Ал ең нашар су Павлодар мен Қызылорда облыстарында тіркелген. Сонда, кей өңірлерде бізде қанша жерден су таза болса да ескірген құбыр ауыз суға өз үлесін қосып келеді. Және мұндайда еліміздегі аурулардың өршу статистикасын келтірудің де қажеті жоқ шығар. Не ішіп жатқаның губкадан-ақ көрініп тұр емес пе.

Жоқ, мен бір пысықсынып тұрғам жоқ. Ішіп жүрген суымның тат, қайнаған суда сары ұнтақ барын көргенде ойланып қалған жайым бар. Сіз де осындай су ішіп отырсыз ба деп сұрайын дегенім ғой. себебі, судың сапасы ойландырады.

 

мен бұл жайында "Қазақстан іскері" газетіне де жазып едім.

Сіздің су қандай?

Оцените пост

1