• 26140
  • 4
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Меккедегі политеистік салттар.

Биыл Сауд Арабиясы Қазақстанға қажылыққа 5 мың квота бөліпті. Бұл туралы 16 шілде күні ҚазАқпарат жариялаған еді. Қазір еліміздің мыңдаған азаматтары Мекке қаласына аттанып жатыр. Сауд Арабиясының танымал, ірі қаласына әлемнің түкпірінен миллиондаған адамдар осы маусымда ағылып келеді. Бұл мұсылман әлеміндегі жыл бойы болатын үлкен шаралардың бірі.

Мекке – дәстүрлі Исламның өзегі, жүрегі, орталығы. Себебі, Мұхаммед осы қалада туылған, өскен, пайғамбарлық осында міндеттелген. Бірақ, Мекке қаласындағы аса қастерлі құлшылық орны ол - қағба (куб тәрізді ғимарат). Үлкен шараның жыл бойы өтуіне осы ғимарат себеп болып келеді.

«Сүннет» ұстанушы ұстаздардың сөзіне сенсек, осы ғимараттың бір бұрышындағы қара тас жәннаттан түскен екен (осы туралы көптеген хадистер бар)!!! Оған қоса Мұхаммед пайғамбарымыз қара тасқа нұрлы жүзін қойып, мүбарак еріндерімен сүйген.

dinislam.kz сайтында қара тас туралы мынадай ақпарат бар:

Абдулла ибн Омар (р.а.) былай риуаят етеді: “Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Қара тасты ұстады, мұнан соң еріндерімен сүйіп тұрып ұзақ жылады. Соңынан бұрылып, хазреті Омарға қарап: “Иә, Омар, бұл орын – көз жасы төгілетін жер”,– деді. Сол себепті мүмкіншілік болса, мұсылмандардың барлығы Қара тасты сүйеді.

Пайғамбарымыз: “Қиямет күні – Аллаһ тағала Қара тасқа көретін көз, сөйлейтін тіл беріп, бұрынғы көрінісіне қайтарады. Сонда қара тас Қағбаны зиярат еткен мұсылмандар үшін куәлік етеді”,– деген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде: “Қара тасты сүйіп алыңдар, күндердің бір күнінде адамдар кешкісін Қағбаны тәу етіп Қара тасты сүйеді. Таңертең келіп қараса, Қара тасты орнынан таба алмай қалады. Өйткені, Аллаһ тағала қиямет жақындағанда жәннаттан жерге түсірген нәрселерін қайтарып алады”,– деді.

Пайғамбарымыздың істегені – қара тасқа деген құрметін білдіреді.

Ол не деген қара тас? Неге ол тасты пайғамбарымыз сүйген? Бұл туралы Құдайдың Құранында ақпарат бар ма екен? Әрине жоқ!!!

Құдай өзінің берген Кітабында қара тасты сүю туралы ешнәрсе айтпаған. Сүюді былай қоя тұрайық, тіпті қара тас туралы Құранда ақпарат жоқ! Оған қоса шайтанға тас ату, қағбаны 7 рет айналу салты да жоқ! Ендеше, неліктен миллиондаған адамдар қағбаның бұрышындағы жұмбақ (тылсым) тасты сүйеді!?

Себебі, сондай хадис бар. Хадис – дегеніміз пайғамбарымыздың айтқан сөзі десек, Мұхаммед пайғамбарымыз мұндай хадистерді айтқаныма?

- зинақорды таспен ату (жаза).

- діннен безгендерді өлтіру (жастардың көбісі намазды қойып кеткендерді діннен безген дейді).

- қара иттерді өлтіру (Себебі олар шайтан).

- бір көзді Антихрист - Әдеміше келген Құбыжықтың әлемді қопаруға келуі.

- Құран аяты жазылған парақты ешкінің жеп кетуі.

Құранды адамзатқа жеткізген елші, қалайша Құранда жоқ нәрсені ойдан шығарып айтады? Ойланып көрелік, мүмкін бұл хадистерді пайғамбарымыз айтпаған шығар. Пайғамбар Құраннан басқа ешнәрсені айтпаған, дінге өз ойынан мүлдем қоспаған. Ондай іске рұқсаты да жоқ еді.

Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер. Ол, әлемдердің Раббысынан түсірілген. Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге қосса; Әрине оның оң жағынан қолға алар едік; Сосын оның күре тамырын кесер едік. Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды. Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат. (69:41-50)

Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа. Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет. Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес. Сосын оны түсіндіру Бізге міндет. (75:16-19)

Біз мына кітапты саған әр нәрсені егжей-тегжейлі анықтаушы, тура жолға бастаушы, рахым және бой ұсынушыларға (мұсылмандарға) сүйінші етіп түсірдік. (16/89)

Күдіксіз нағыз үкім тек Аллаһтікі. Ол Өзінен басқаға құлшылық етпеулеріңді әмір етті. Нағыз тура дін міне осы. Бірақ, адамдардың көпшілігі білмейді! (12/ 40)

.. Мына Кітапта (Құранда) еш нәрсені де кем етпедік! (6/38)

Олар Құранды әбден түсінбей ме? Егер ол Аллаһтан өзгенің хұзырынан болғанда, олар оның ішінен әлбетте көптеген келіспеушіліктер табар еді ғой! (4/82)

Бұл аяттарын адамдар әбден ұғынсын және таза ақыл иелері үгіт алсын деп, тарапымыздан өзіңе түсірілген мүбәрәк бір кітап! (38/29)

... Сендерге аяттарды әбден анықтадық, бәлкім ақылдарыңды пайдаланарсыңдар! (3/118)

Мінекей, осы аяттарды түсініп оқысақ көп нәрсенің мағынасы ашылар еді. Адамзатты нұрға шығаратын Құранды елшіге игілік ретінде берген. Елші Құдайдың сөзінен басқа ешқандай сөзді өз ойынан қоспаған. Бұл Кітапта еш нәрсе де кем етілмеген! Яғни, бұл Кітапта адамға керек нәрсенің бәрі де бар деген сөз, және де түгелімен егжей-тегжейлі анықталған. Ал, ән- Ниса сүресінде Исламға қатысты емес болса көптеген келіспеушіліктер табылатыны туралы айтылған. Пайғамбардың қара тасты сүюі ерсі қылық, тіпті сүйгені мүмкін емес . Мұхаммед, басқа пайғамбарлар секілді ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚҚА қарсы келген. Ол адамзатты БІР ҚҰДАЙҒА табынуға, ақылды пайдалануға, білім алуға, келіспеушіліктерден құтылуға шақырған.

Ең маңыздысы, қазір айғақты дәлелдерге сүйенсек Мұхаммедтің заманындағы арабтар политеистік пұтқа табынушылар болған. Қағбаға қара тастың тамшы секілді әйел мүшесіне ұқсас тесіктің ар жағына монтаждалуы, сол политеистік діннен қалған салттың бірі екенін көруге болады.

Бұл тікелей ПҰТҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚ. Бүкіл әлемнің миллиондаған «сүннеттерімен», «шииттері» осы қара тасқа сиынып жатыр. Олар бұрынғы заманнан келе жатырған аңыздық «ӘЙЕЛ ҚҰДАЙДЫҢ» символына сиынып жатыр. Мұхаммед пайғамбар осы аймақтағы символдарға сиынушыларға, Құдай мен адам арасын татуластырушы қызметкерлердің болуына, олардың дәстүріне тиісу арқылы сын айтудан бастаған. Құранда ашып қарасақ осы пұттардың есімдері де аталған: Аллат, Манат, әль-узза.

Пайғамбарымыз Мұхаммед осындай символикалық культтермен күрескен. Себебі, ол пұтқа табынушылық. Пұтқа табынушылық Құдайға серік қосу болғандықтан кешірілмейтін күнә. Әрбір адам істеген ісіне ойлану керек. Мүмкін қара тасты сүю, қағбаны 7 рет айналу, шайтанға тас лақтыру политеистік діндерден қалған ритуалдар шығар? Өйткені, Құранда бұлар туралы ешқандай ақпарат жоқ! Мұндай ақпарат тек қана Бұхаридың, Мүслимнің қарама – қайшы, мифологиялық хадистер жинағында кездеседі.

Аман Құмаров

nurmura
22 октября 2012, 15:44
918

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8729
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3100
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3253
  • 37
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2937
  • 50
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2770
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2831
  • 31
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2139
  • 18
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2286
  • 2