Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:53, 04 февраля 2010

Арыстанның күшігі «қайтыс болды»

4 Ақпан 2010 Автор: altyn-orda.com Blog post image

Апырай, сөз сабақтап білмейтін дүбәралар да эфирді жаулай бастапты. Мен телехабарға кездейсоқ шақырылып, екі сөздің басын құрай алмай немесе қазақшаға тілі бұралып отырған басқа саланың маманын айтып отырғаным жоқ. Кәдімгі өзіміз аузымызды ашып тыңдайтын диктор ғой жанымызды күйдірген!

7-ші телеарнаның дикторы дүйсенбі күнгі кешкі жаңалықтардың бірінде «арыстанның күшігі қайтыс болды» деп қойып қалды. Көке-ау, «қайтыс болды» деген сөз адамға арнап айтылады ғой. Мал мен жануарды жүрегің жарылып кетсе де, «өліп қалды» деп дүңк еткізеді.
Телеарна жүргізушісінің, дикторының сөздерін тыңдап, басқаны қайдам, балалар сөздік қорларын толықтырады. Қазақ тілі — өте бай тіл. Ұғымдары қолданысқа қарай әртүрлі. Демек, ойланып сөйлеген жөн.

Айбек ДОС,
Ақтөбе облысы

Ілмектер: , Айдары: Бұқара

0
465
0