Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:51, 04 февраля 2010

Алтын орда Республикалық тәуелсіз апталық

Мұнайлы өлке мұңаймайды
4 февраля 2010 г. 16:19
Биыл Мақат ауданына қарасты Комсомол, Қошқар, Бекбике ауылдарын толықтай көшіруді аяқтауға күш салынатын болды. Бұл жөнінде кеше Атырау облысы әкімдігі мен «ҚазМұнайГаз» Барлау. Өндіру» АҚ-ы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық меморандумына қол қою кезінде аймақ басшысы Бергей Рысқалиев мәлімдеді.
Маңызды құжатқа қол қою барысында белгілі болғанындай, «ҚазМұнайГаз» тарапынан бөлінген 420 млн. теңге Мақат, Қызылқоға, Жылыой және [...]
Бала бар,  балабақша қайда?
4 февраля 2010 г. 16:18
Қазіргі таңда 240 мың бала  мектепке дейінгі балалар мекемесінің кезегінде тұр. Орташа есеппен алғанда, өткен жылы әрбір 100 орынға 111 баладан келсе, оның алдындағы жылы бұл көрсеткіш — 112. Жалпы, республика бойынша мектеп жасына дейінгі балаларды қамту 38,7 пайыз құрайды, бұл көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 3,1 пайызға  артыпты. Бірақ, бұған мәз болуға әлі [...]
Саусақ бірікпей, ине ілікпейді
4 февраля 2010 г. 16:15
Ауылдағы көзімізге ыстық қос бөлмелі қоржын үйдің жөні бөлек. Ал, қалада бәрі басқаша. Көп қабатты зәулім ғимараттардың біріне қоныстанғаннан кейін өз үйіңнің меншігіне ненің жататынын, пәтерақыны кімге төлеуің керектігін, ақпай қалған суды кімге айту керектігін, жөндеу жұмыстарын қалай жүргізу керектігін білуің шарт. Кезінде «ЖЭК», кейін «ПКСК», «КСК» аталған тұрғын үйлерді басқару орталықтарының төрт түрі бар [...]
Бәсекелестік берекеге бастайды
4 февраля 2010 г. 16:13
Ұлттық қордан дағдарысқа қарсы бағдарламаны  жүзеге асыруға  1 трлн. 87,5 млрд. теңге бөлінгені белгілі. Ал, осы қаржының 120 млрд. теңгесі орта және шағын бизнесті қолдауға бағытталды. Оның кәсіпкерлерді тығырықтан алып шығуға көмегі қандай болды? Кеден одағының құрылуынан шағын және орта бизнес өкілдері ұта ма, ұтыла ма? Мәжіліс депутаты Айгүл СОЛОВЬЕВАМЕН сұхбатымызда осы және [...]
БОЛАШАҚҚА —БАТЫЛ  БАҒДАР
4 февраля 2010 г. 16:10
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы дјстүрлі Жолдауын қабырғалы қазақ елі халқы зор ынта-құлшыныспен қабыл алды. Өйткені, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы жария еткен “Жаңа онжылдық  — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” деп аталатын  Жолдау Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын нақты белгілеп берді.
—  Біздің жетістіктерімізді мойындай келе, Біріккен Ұлттар [...]
Жолдаудың жаңалығы неде?
4 февраля 2010 г. 16:08
Сенат депутаты Қуаныш СҰЛТАНОВ:
—  Халықтың ең үлкен тірегі — шағын және орта бизнес. Осыған әлеуметтің ықыласын күшейту керек. Президент Жолдауында осыған айрықша мән берді. Өйткені, өте дамыған мемлекеттердің экономикасының 70 пайызын шағын және орта бизнес құрайды. Біз осы көрсеткішке жете алмай отырмыз. Себебі, төрешілдік тосқауылдар көп, бизнес өкілдері емін-еркін көсіліп жұмыс істей алмай жүр. [...]
Ұлт болашағы — білімде
4 февраля 2010 г. 16:05
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” (2010)  деп аталған Жолдауының басты ерекшелігі 2030 жылға арналған Ел стратегиясының бірінші онжылдығын қорытындылауында және алдағы мақсат-міндеттерді айқындауында деп білемін.
Мені жоғары оқу орнының ұстазы ретінде бұл саладағы болашақ істелер істің бәрі де қызықтырады.  Жолдауда, әсіресе, білім және  ғылым саласына [...]
«Аштан  ақыл   сұрама!..»
4 февраля 2010 г. 15:40
Адамға ең алдымен не керек? Әрине, тамақ керек! Аш адамның Құдаймен де, басқамен де ісі жоқ. Кешіріңіздер, ұлттық идеялар, ұлағаттық ойлар да сосын. Қазақтың «үш күн аш болған адамнан ақыл сұрама» дейтіні осы.
Маман-сарапшылардың есебінше, біздің агроөнеркәсіптік кешенді аяғынан тік тұрғызу үшін жүз миллиардтаған теңге қажет көрінеді. Оның құрдымға кетуінің басты себебі нақ осы салаға инвестиция [...]
АРДАГЕРГЕ – алдымен құрмет
4 февраля 2010 г. 15:38
Бүгінде соғыс ардагерлерінің қатары тым сиреп қалды. Кей ауылдарда бір-екеуі қалса, енді бірінде мүлдем жоқ. Сондықтан да, біздің бүгінгідей бейбіт өміріміз үшін қан кешкен оларға ендігі жерде қандай құрмет көрсетсек те, артық емес.
Өткен жұма күні тікелей эфирден берілген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауын ықыласпен тыңдай отырып, өз басым қатты қуандым. Мемлекет басшысы да майдангерлерге [...]
ДҮМШЕЛІК  ДІНДІ  БҰЗАДЫ
4 февраля 2010 г. 15:37
Мені қайтыс болған адамның жерлеу рәсімі мен каделерін өткізудегі дін жолына қайшы жайлар толғандырады. Осыған байланысты өзімнің көкейдегі ойларымды ортаға салсам деймін.
Осы күні кей ауылдарда өзін-өзі молда сайлап алатын дүмшелер көп. Солар өзім білемдікке салынып, діни жоралғыларды бұрмалаушылыққа жол ашады. Екінші жағынан бұған бастағы баққа, қолдағы дәулетке мастанған жандардың өздері де кінәлі.  Айталық, жерлеу [...]

http://www.altyn-orda.com/?feed=rss2

0
366
0