Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
08:26, 19 октября 2012

ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ДІН ЖӘНЕ ҚҰРАНДАҒЫ ДІН (КІРІСПЕ)

Дін турасында жасалатын пікірталастар, бұқаралық ақпарат құралдарында әрі халық арасында жие болып тұратын жәйт. Бұл пікірталастардың қайсысы дұрыс қайсысы бұрыс екендігіні, қай пікірдің хақ діннің ақида-сеніміне сәйкес келетіндігіні қалай шешеміз? Не себептен, дін атына ұсынылған бірбіріне қарама-қайшы алуан түрлі көзқарастар бар? Дін атына ойдан шығарылған нәрсемен діннің өзіні бір-бірінен қалай ажырата аламыз?

Қолдарыңыздағы осы кітап барлық осы сұрақтарға жауап ретінде әрі осы мәселедегі түсінбестіктерді ұғындыру үшін жазылған. Жауап берілуі қажетті ең мағызды сұрақ, ол:- “Діннің қайнары не?” деген сұрақ болып табылады. Осы сұраққа берген жауабымыз басқа сұрақтардың да жауабыны айқындатады. Дін атына ұсынылған алуан түрлі пікірлердің қайнарының, бұл сұраққа берілген әртүрлі, бір-біріне қарама-қайшы жауаптардан туғандығыны осы кітаптың кейінгі беттерінде көретін боламыз. Дін турасындағы пікірталастарда “Діннің қайнары не?” деген сүраққа жауап бермей, дінді түсінудегі негізгі тәсілді анықтамай басқа сұрақтарды талдау, бұқаралық ақпарат құралдарында әрі халық арасында көрілетін тұйыққа тірелудің себебі.

“Діннің қайнары не?” деген сұраққа беретін жауабымыз, біздің дінді түсінуіміздегі тәсілді анықтайды. Осы мәселені шешпей пікірталасқа кірген адамдар, дінді әдіссіз түсінуге тырысуда. Осындай адамдардың, бір сұраққа Құраннан, екінші сұраққа хадистен, үшінші сұраққа өз көзқарасынан, төртінші сұраққа ұстанып жүрген мазхабының фикхынан, бесінші сұраққа болса, басқа бір мазхаптың пәтуәсынан алып, жауап бергендеріні көреміз. Тәсіл қолданбай дінге жақындаған адамдардың негізінде жасағаны, ол өз нәпсілерінің қалаулары мен құмарлықтарыны дінге айналдыруға тырысулары. Осы адамдардың ұсынған пікірлері берік логикаға (тәсілге) таянбағандығынан, бұл көзқарастармен танысқан адамдар, сол пікірдердің неге және қайдан пайда болғаныны түсінбеуде. Дінді түсінудегі тәсілді белгілеу, яғни “Діннің қайнары не?” деген сұраққа жауап беру, дін атына ойлап шығарылған зобалаңды жоюдың ең маңызды шарты.

Дін - Құдайдың адамдарға жіберген жүйесі. Олай болса “Діннің қайнары не?” деген сұрақтың жауабы, “Құдайдың адамдардан күтетін дәмесі, талаптары, әмірлері әрі ақыл-кеңестері не?” деген сұрақтың да жауабы болады. Діннің қайнар көзі жалғыз Құран ба? Мазхаптардың дінде орыны бар ма? Суфизмды және пірлерді қалай бағалауымыз керек, бұлардың дінде орыны бар ма?Бүкіл осы сұрақтардың жауабыны осы кітапта өңдейміз. Әрі бұл сұрақтарға берілген жауаптардың қателігіні, діни мағынадағы тәсілді қате белгілеуден туатындығы-ны, ал қате тәсілдің болса дін атына ойдан шығарылған нәрселерді дінге енгізілуіне себебші болғаныны көрсетеміз.

Осы кітапты оқып бітіргеннен кейін, дін мәселелерінде әңгіме қозғап жүрген адамдарға, баста дінді ұғынуларындағы тәсілді сұрауыңызды яғни “Діннің қайнары не?” деген сұраққа беретін жауаптарыны біліп алуыңызды, сосын осы адамдардың сол сұраққа берген жауаптары арқылы (тәсілдері арқылы) айтқандарының бір-біріне қарама-қайшылықтарыны бақылауларыңызды сұраймыз.Ең азынан осы әдісті қолдана білсек, олардың дін мәселесінде беделді деп ұсынғандарының шын мәнінде өзара қарама-қайшылық ішінде болғандарыны дәйектейміз.

Қоғамда дін мәселелерінде, тәсілден жұрдай әңгіме қозғайтын адамдар секілді, қорғап жүрген тәсілдері мен өмір салттары да бір-біріне қарама-қайшы адамдарға да назар аударғанымыз жөн. Осындай адамдардың іс-әрекеттеріне назар аударғандар, олардың ақиқатта қандай діни негізге ие болғандарына көз жеткізе алмайды. Мысалы олардың “Діннің қайнары не?” деген сұраққа берген жауаптары, өмір-салттарының Ауғанстандағы Талибандықтар тәрізді болуының орнына, керісінше Талибандықтардың өмір-салтына тіпті ұқсамайды. Осындай кісілердің қорғап жүрген теориялары мен практикалары арасында терең ор бар. Аталып өткен кісілер, еліміздегі кішкене бір топ қана емес, өкінішке орай халқымыздың көпшілігі. Жүргізілетін жұмыс, олардың теориялары мен практикаларының арасыны оданда тереңдетіп, олардың өмір-салтыны түзету емес. Маңыздысы, тәсіл мен теория деп аталатын негізді дұрыс құрып, өмір-салты мен сенім арасындағы қарама-қайшылықты жою. Алайда дұрыс және мықты тәсіл арқылы дінді түсіну нәтижесінде әрі өмір салтыны, теория мен тәсілден ажыратпайтын әдіс арқылы рационалды, зерделі әрі тиісті дұрыс нәтиже шығады. Бұлардың бәріні бізге қамтамасыз ететін нәрсе ол ең баста “Діннің қайнары не?” деген сұраққа берілген дұрыс жауабымыздан ажырамай, алыстамай, адаспай өмір-салтының қалай болу керектігіні көрсетуіміз.

Алланың жіберген жүйесі-дінді бұрмалаудан, қанаудан, дәстүрлер мен нәпсінің қисынсыз тілектерінен қорғаудың жалғыз шарасы осы. Себебі діннің негізі болып саналатын нәрседен діннің негізі болып саналмайтын нәрселерден ажыратуға таянған тәсіліміз, негізінде Алладан келген нәрседен адамның ойдан шығарған нәрсесіні бір-бірінен ажырату болып табылады. Бұл тәсілдегі қаталдықтың себебі, Алланың жібергенімен (діннің қайнарыны) адамдардың ойдан шығарған діни қағидаларды бір-біріне араластырып, дін атына (Алланың жүйесі атына) ұсынуларына бөгет болу.

0
745
0