Жексұрын туралы

Marationok 2013 M01 20
877
8
0
0

Бірде бір езі, сүйкімсіз, күңкілдек адам, жалқау болып кетіпті. Тағы бір жағымсыз сипат қосылды ау ол бейшараға. Жалқаулық оның бойында біраз уақыттан бері көрінеді. Өзі әрі жалқау, әрі ез. Ол үшін...

Бірде бір езі, сүйкімсіз, күңкілдек адам, жалқау болып кетіпті. Тағы бір жағымсыз сипат қосылды ау ол бейшараға. Жалқаулық оның бойында біраз уақыттан бері көрінеді. Өзі әрі жалқау, әрі ез. Ол үшін отырып тұру былай тұрсын, сөулеуге де ерінеді екен. Ал физикалық жаттығу туралы айтудың да қажеті жоқ оған. Ібәй, не боп кетті өзі?

Еее мынау неғылған ез, сүйкімсіз, күңкілдек адам десеңші? Адамдармен де тілдесуге  ерінеді екен. Жұмысы – оның досы. Кәмпүтер - жары. Физикалық, моральдық деградация! Түктітбәймәйд! Ер тынысы – еңбеқ, ез тынысы – ермек, - дейді атам қазақ. Әу, жұмыс оның досы емес пе? Әй, ол жұмысты да дұрыс атқара алмайды. Жұмысы да жұмыс емес, әйтеуір өтірікті зуылдатып, алдап кету. Сапасыз, нашар, қате қате жасау. Ал ол үшін қазір және тез болуы керек, нәтиже керек, қорытынды керек. Ал оның қолыңнан поқ та келмейді. Шыдамсыз нақұрыс. Ол ишәкбас ақырзаманды күткен болатын, көптен. Өйткені ол адамдарды жек көреді, өйткені адамдармен тіл табыса алмайды, өйткені ол диуана, өйткені ол жалғызбас қасқыр, яғни қасқыршық, яғни ол қасқыршық да емес, ол жәй ғана шакал. Жалғызбас шакал.

Бірде оның оң құлағына кіріп, сол құлағынан шығып кетеді екен. Айтатыны өтірік. Бәлкім, оның сол иығыңда сайтан сыбырлап жатқан шығар? Қалай жасау керектігін?

«еу, қайтесын оны? тасташ, ібәй». Ал оң иығыңда періште түгілі, түк те жоқ.

Оның принциптері де жоқ. Принципсіз адам. Оның жасаған әрекеттері ешбір логикаға бағынбайды, ешқандай қағидаларға сүйінбейді. Ол жөзекшілер құсап өз айтқанынан лезде айнып кетеді екен. Рухами, моральдық, физикалық деградацияға ұшыраған недеген жарымжан.

Оның арманы мен мақсаты:

  1. әке шешесінің үмітін ақтау.
  2. абыроймен елге оралу.
  3. комплекстерден құтылу.
  4. хақ жолға түсу.

Әй, қайдам, бұндай жалқаулықпен, жағымсыз сипаттармен еш нәрсе шықпас.

Ауруын жасырған - ажалсыз өледі,

Қиянаттан қорыққан - амалсыз көнеді.

Пәсткриптұм:

ол дүниедегі жексұрын адамдарға қосылғысы келмейді.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1) Владимир Васильевич Пушкин: Кайфушалық қағидалар (әй қойшы, бәрәбір емес пе, аты жөні дұрыс жазылмаса да, оларда аты жөндері ұқсай береді бір-біріне)

2) Ақымақ Иванушка (орыс халық ертегісі)

3) Паустовский (бұл кім?)

 

Мына өлеңді тыңдап отырыңыздар.

 

Оцените пост

-9

Комментарии

0
жақсы жазылған =)) сонда нақты айтканда жексұрын деген кім? =))
-6
Жексұрын деген, басқаша айтқанда - aлбасты. Жәй ғана албасты.
-5
)) Marationok-аға, сiз сотта жұмыс iстейсiз ба?
-6
Сотқа қатысым жоқ, Алла сақтасын. Сот, арыз т.с.с. нәрселерді естігенімде басымды алып қашамын. Сосын, қай жақтан қарасақ та (лақап атыңа қарап), айналдырып, тоңқайтып та қарасақ та, саған аға болмайды екенмін :- )) қққ

Бұл сұрақ неден туындағаның айта кетсеңші? :))
-5
"Сосын, қай жақтан қарасақ та (лақап атыңа қарап), айналдырып, тоңқайтып та қарасақ та, саған аға болмайды екенмін" не себеб болды былай деуіңізге де? :(
Сондай қатал адамсыз ба? :(
Показать комментарии