Тікелей эфир

Сәуле Сүлейменованың фото-сурет әлемі


Қаламыздың мәдени өмірінде болып жатқан жаңалықтарды назардан тыс қалдырмайтын «Екпін» еліміздің танымал фото-суретшісі Сәуле Сүлейменованың көрмесіне барып қайтты.

Сәуленің әрбір туындысы суретшінің ерекше көзқарасын көрсетеді. Суреттеріне қарап, ресми жылтырлық, жасырын сұлулықты байқамайсыз. Себебі жаны қарапайымдылықты сүйетін суретші әдемілікті сырттан емес, өз ортасынан іздейді. Жұмыстарынан өзіңізге таныс жерлерді көрсеңіз, таңқалмаңыз. Сондай-ақ, суретшінің әрбір туындысынан қатып қалған форматтағы «сұлулықты» емес, автордың көзі көрген сұлулықты көріп, оны жанымен сезінесіз. Сәуленің сол қарапайымдылығы, жанының нәзіктігі туындыларына ерекше сұлулық пен тылсымдық сыйлап тұрғандай.

Сәуле Сүлейменова:

— Мен негізінен фотографиямен жұмыс істеймін. Өзім фотографияны жақсы көремін, себебі ол, кескіндемеге қарағанда, шындықты әлдеқайда жақсы жеткізетін сияқты. Өйткені фотография шындықты салмайды, бірақ оны ұстап алады. Ал кескіндеме — адамның жеке әлемі. Мысалы, менің туындылар ішінен «Астана, мен сені сүйемін» деген триптихке қарасаңыз, шынайы Астананы көресіз. Бұл жерде ескі жатақхана бейнеленген. Оны бояп жатыр. Бірақ сонда да ол өзгерер емес. Өйткені шынайы әдемілікті жасыра алмайсың. Қазіргі ресми Астана — жылтыраған, өте әдемі. Бірақ шынайы, ең әдемі Астана осы суреттегідей деп білемін. Қарап тұрсаңыз, сұлулық дегенді әркім әрқалай түсіндіргісі келеді. Бүгінгі халықтың сана-сезіміне көптеген адамдар шабуылдап жатқандықтан, біз сұлулықты біреудің көзімен көріп, біреудің белгілеп берген үлгісін ғана әдемілік деп бағалап келеміз. Шыны керек, жай ғана әдемі әйелдің қандай болатындығын білмейміз. Өйткені оның бейнесін біз үшін басқа біреулер шешіп қойған. Көшеде келе жатсаңыз, голливудтық күлкімен жымиып тұрған, боянып-сыланған сұлу адамдар түрлі билбордтардан сізге қарап тұрады. Бірақ сұлулық деген ол емес. Мен өзімнің сұлулық туралы ойларыммен бөлісе алатындығыма өте қуаныштымын.

Владимир Шургаев, фото-суретші:

— Сәулені танитындығыма 30 жылдай болды. Кезінде құрылған «Зеленый треугольник» деген топтың құрамында болған Сәуле Сүлейменова мен Алма Меңлібаеваның еңбектерімен танысып, оларды әрқашан бақылап жүремін. Бұл екеуі осы Алматы қаласында тұратын менің ең сүйікті екі суретшім. Бүгінгі көрме өте тамаша, жұмыстары да керемет.


Бауыржан Көшербайұлы, экономист:
— Осындай көрмелер көп болып тұрса, жақсы болар еді. Бірақ бүгінгі көрмеге келіп жатқан адамдардың санына қарасақ, жастардың да, үлкендердің де рухани байлығы әлі де төмен екендігі көрініп тұр. Байқасаңыз, көбінесе адамдар экономикаға байланысты көп ойланады. Ол олардың мәдениет жағынан бұзылғандығы шығар деп ойлаймын. Сондықтан адамдардың рухани-мәдени байлығының көбеюіне күш салу керек. Сол кезде ғана барлық өзгерістер жақсы жағынан ғана болады.

Юрий Черногоров, блогшы:

— Бұл көрменің болатындығын әлеуметтік желі арқылы біліп келдім. Келемін деп ойламаған едім. Кешке қолым босаған соң бүгінгі заманауи суретшілер, заманауи өнер немен тыныстайтындығын көріп қайтайын деп келіп қалдым. Келегеніме өкінбеймін. Өте ұнап жатыр. Өзімді фото өнер қызықтырғаннан соң, фото суреттер көп болғанда деп ойлап қоямын. Бірақ жалпы жақсы, ұнады. Көрмеден көрген суреттерден кейін жаңа көзқарас пайда болады екен.

Peter Hübert, гарфика дизайнері:

— Сәулемен Парижде танысқан болатынмын. Көрме маған өте ұнады. Суреттер 1989 жылғы Алматыны көрсетеді. Өзім танитын суретшінің көрмесіне келіп тамашалау — өте керемет екен. Мен негізі Алматыда туғанмын. Он жасыма дейін осы қалада тұрдым. Содан Германияға көшіп кеткенмін. Сондықтан Алматы маған жат емес, оны фотографиядан Сәуленің көзімен көру ерекше сезім сыйлады.






Көрмедегі туындыларды 12 қарашаға дейін, сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін тамашалауға болады.
Мекен-жайы: Фурманов көшесі, 193 (Сәтпаев көшесінің қиылысында), «Пространство L.E.S» (бұрынғы Social Club Battler)
Көрмеге кіру — тегін.

Материалды дайындаған: Айжан Кәрібаева,

Айнұр Ракишева

Алия Arsik
12 қараша 2012, 11:26
3916

Loading...

Пікірлер

маман емеспин, бирак суреттер керемет екен!!!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 21872
  • 63
Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Рианна за $2 млн. Очередные понты от «ЭКСПО-2017»

Концерт Рианны всё-таки состоится летом в рамках культурно-зрелищных и спортивных мероприятий ЭКСПО-2017. Рианна крута, с этим никто не спорит. Но соберёт ли «Астана Арена» 30 тысяч зрителей при...
openqazaqstan
29 нау. 2017 / 14:29
  • 18553
  • 15
КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

КТЖ подарило iPhone мошеннику за краденную фотографию

Украл в супермаркете — отправился в полицию. Украл фотографию — выиграл новенький iPhone 7 от КТЖ. Вот такая нехитрая получается история. Огромное спасибо Тамерлану Жумабекову, который обратил моё...
andche
вчера / 0:06
  • 11686
  • 22
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 5257
  • 0
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 5116
  • 41
Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Почему наши парни выглядят как агашки? Хочется им сообщить, что мода на пафос прошла

Когда уже люди смогут самоутверждаться за счет своего интеллекта, энергии, познаний и настоящей красоты, а не за счет авторитетного вида и не менее авторитетного дяди?
Bookenova_smartass
28 нау. 2017 / 18:28
  • 4205
  • 91
Димаш, Головкин, Есентаева... О героях нашего времени – истинных и «картонных»

Димаш, Головкин, Есентаева... О героях нашего времени – истинных и «картонных»

В прессе, в соцсетях, на ТВ, во всём информационном пространстве Казахстана –заразная эпидемия. Что сказал Головкин, что съела Есентаева, что китайцы подарили Димашу...
openqazaqstan
вчера / 15:54
  • 3503
  • 21
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 5077
  • 36
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 4054
  • 14