место в рейтинге
  • 927735
  • 1002
  • 38
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Mайра Хасенкызы. Талим дариясы (ред.М.Курсабаев)

ҒАБДУЛЛИНА МАЙРА ХАСЕНҚЫЗЫ - GABDULLINA MAIRA HASENKYZY

ҒҰМЫРДЕРЕК - BIOGRAPHY

Майра Хасенқызы Ғабдуллина. 1.05.1940 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Шалақын ауданы, Жаңажол ауылында дүниеге келген. Биология ғылымдарының кандидаты, профессор. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. 1972 жылы Мәскеу еңбек гигиенасы ҒЗИ аспирантурасын тәмәмдап кандидаттық диссертация қорғады.Ұзақ жылдар бойына Қарағанды мемлекеттік медицина институтында (1976), Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының деканы (1982), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (1991), Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы (1998), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (2009) және «Тұран-Астана» Университетінде профессор, оқытушы һәм ғылыми қызметкер ретінде еңбек етті.

Халықаралық балалар мен жасөспірімдер және өлкетану Академиясының құрметті академигі (Мәскеу, №8547, 19.12.2011), Халықаралық информатизация Академиясының академигі (Алматы, 20.10.2007), Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясының профессоры (Алматы, 20.12.2000). Көптеген ғылыми мақалалар мен оқу құралдары авторы. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша ҚР интеллектуалдық меншік бойынша авторлық құқық иегері (№1113б29.07.2011, №941,21.06.2011). ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жанындағы Эксперттік кеңес мүшесі. Еңбек ардагері медалінің иегері (1988).

Габдуллина Майра Хасеновна. Родилась 1.05.1940 в с.Жанажол, Шалакынского района СКО. Кандидат биологических наук, профессор. Выпусница КарГУ им.Е.Букетова и аспирантуры Московского НИИ гигиены труда (1972). В течении многих лет работала деканам АГПИ им.Ы.Алтынсарина (1982), преподавателем и научным сотрудником Кар МИ (1976), ЕНУ им.Л.Гумилева (1991), НАО им.Ы.Алтынсарина (1998), АГТУ им.С.Сейфуллина (2009) и профессором Университета «Туран-Астана».

Является академиком Международной Академии детско-юношеского туризма и краеведения (Москва, №8547, 19.12.2011), Международной Академии информатизации (Алматы, 20.10.2007), профессором Каз АТиСО (Алматы, 20.12.2000). Автор многочисленных статей и учебных пособии и свидетельства интеллектуальной собственнности РК (№1113б29.07.2011, №941,21.06.2011). Член экспертного совета при Министерстве охраны окружающей среды РК. Награждена медалью Ветеран труда (1988).

Gabdullina Maira Hasenovna. Was born 1.05.1940 in the village Zhanazhol, the Shalakynsky region of South Kazakhstan. Candidate of Biology, professor. Gradueted Karaganda governmet University of E.Buketov and postgraduate study of the Moscow scientific research institute of occupational health (1972). Long time Kazakh National Education Academy of Y.Altynsarin (1998), Kazakh Agrotechnical University of S. Seyfullin (2009) and the professor of Turan Astana University worked to deans of Arkalyk government pedagogical Institute of Y.Altynsarin (1982), as the teacher and research associate Karaganda of Medical Institute (1976), Eurasian National University of L.Gumilev (1991).

Is the academician of the International Academy of child youthful tourism and study of local lore (Moscow, No. 8547, 19.12.2011), the International Academy of information (Almaty, 20.10.2007), the professor Kazakh Аcademy Work and Social relation (Almaty, 20.12.2000). Author of numerous articles both educational grant and certificates of an intellectual property of RK (No. 1113í29.07.2011, No. 941,21.06.2011). The member of advisory council at the Ministry of environmental protection of Republic of Kazakhstan. The veteran of work is awarded by a medal (1988).

ПРОФЕССОР МАЙРА ХАСЕНҚЫЗЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

1.Исторический опыт использования казахскими народными принципов «Зеленых технологии». МООС РК и развития стран Азиатско-Тихоокеанского регина (МСЕД-6), Астана, 27.09.2009.

2. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері. Оқу құралы, Астана, «Тұран-Астана» Университеті, 2010, 204 бет.

3. Выявление причинно-следственных связей социально-значимых заболеваний населения, проживающих в зоне экологического бедствия Приаралья. Сб. Международной научно-практической конференции «По проблемам экологического бедствия казахстанской части Приаралья», Узбекистан, Ташкент, 28.11.2009 (в соавторстве Д.Терешкевичем).

4. Қазақ халқының экологиялық ұлттық мәдениетінің тәрбиелік мәні. Сб. Материалов Международной научно-практической конференции «Формирование Евразийской культуры личности средствами туристко-краеведческой деятельности», Орал, 7.10.2010.

5. Әліби Жанкелдин әлемдік деңгейдегі ұлы саяхатшы. Қазақтың қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Жанкелдиннәң кіші жер шарын айналу саяхатының 100-жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Астана, 2011 жыл.

6. Свидетельство о государственной регистрации прав на объекты авторского права, Астана, №941,21.06.2011

7. Свидетельство о государственной регистрации прав на объекты авторского права, Астана, №1113,29.07.2011

ТӘЛІМ ДАРИЯСЫ

Ұлағатты ұстаз, ардақты ана, көрнекті ғалым Майра Хасенқызы һақында

Мұхамедрахим Қыдырбайұлы, «Атамекен» ұлттық тәлім-тәрбие бағдарламасының авторы, kursabaev61@gmail.com

Адам ғұмыры құпия... Өмірдің өткелдері мен тағдырдың соқпақтары тынымсыз тіршіліктің күрделі қайшылықтары мен заманның заңғар шыңдарына жетейлетн сағым сынды ғажайып дүние.

Арман қиялын тұрмыс-тіршіліктің қандай жолайырығында болмасын тұла бойы мен санасынан бір адым ұзатпаған, қайта күйбің көрністің ажарын нұрландыратын шынайы қабілетінен айнымаған өткен өмір жолдары бірде тастай күңіренетін күрең түске ендірсе, бірде қазбауыр бұлтты жарып шыққан күн шамшырағындай таңғажайып мөлдір кезеңдер кімді болмасын тербеліс толқынына шомылуына мәжбүр етері һаріп.

Халықтың тағдыры оның өмір сүріп отырған ортасынан бастауын алады. Сайын даланың сайыпқырандары Ұлы Жібек жолының негізін қалаған көшпенді-номадтардың соңғы тұяғы қазақ ұлтының кешегі мен бүгінгі жайы – тек қана тілек пен пен талаптың өзегі болып қана қоймай, жас ұрпақ бойында болашақ халқының тағдырына деген ерекше жүрек тербелісін қалыптастыру маңызды бір іс екені анық.

Халықтың сан ғасырлар бойы жинақтап келген құндылықтарын қарапайым қағидалар арқылы пайымдау болашаққа балта шапқанмен бірдей. Кез келген рухани һәм материалдық дүниені сақтау мен дәріптеу ісі қоғамның қай кезеңінде өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін ешқашан жоғалтқан емес. Ал оны сол табиғи күйінде сақтау және ашылмаған бағзы сырларын басқа биіктен көрсете білу – міне дәл қазіргі жағдайда жадымызда ұстанатын қағида.

Ғасырлар көшінен аршылмай келе жатқан ұлы дүниелер сандықтары қаншама? Міне, әңгімемеміздің төркіні және оның кейіпкері, асыл ана, мейірімді әже һәм қаһармандық қасиетті бойына сіңірген бүгінгі заманымыздың тұлғасы Майра Хасенқызы дер едік.

Біздің Майра апаймен танысқанымыз аса бір ерекше жағдайда, талай адам тамсанар және армандайтын жұлдызды бір сәтте көрініс тапты. Ғылымды халық игілігіне һәм ұрпақ қажеттілігіне айналдырудың асқан нәтижелігі арнайы келісім негізінен гөрі, бейнебір ерекше жағдайда ғажайып жарасымын табатынына ешкім кәміл келтіре қоймас. Демек, ұзақ зерделеуден, тайынбас жігерліктен, қайтпас қайсарлықтан, кемел шыдамдылықтан нұр алған іргелі істердің қиындық қилысынан мүдірмей өтіп, зерделі ұрпағына таным шуағын шашуды армандаған еңселі орда төрінен өзіне лайықты орнын алғанында ғана жемісті болары һақ.

Қиындықсыз қоламта тірліктің мәні болмайды, ал ауыртпашылықты қайтпай көтеріп, мойымайтын адам ғұмыр тоғысындағы алпауыт қайшылықтармен қалай күресудің жолын табатыны ақиқат. Бұл мәселе қазақ халқының ғана емес, сонымен қатар адам һәм табиғат арасындағы құпия үзіліссіз үдерістің себеп-салдарын айқындауға бар жан-тәнімен еңбек етіп, жүрек дүрсілі мен әрекет дәнекерін қатар алуды мақсұт еткен жанның қолынан ғана келері ғақлият.

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары Майра апамыз үшін ғұмыр көшінің сындарлы һәм салиқалы кезеңі болды. Еңбек жолы мен ғұмыр көшінің арман соқпақтарын қиыр Солтүстік өңірден бастаған жалынды жастың әуел бастан ата-баларынан намыс пен парыз қасиетін бойына сіңіріп, ата-анасының баға жетпес асыл өсеттерін жадында тұтқан сәттері қазір өзі үшін де, ұрпағы үшін де һәм халқы үшін де ғылым белесінің алғашқы жұлдызы сәті екенін, сірә сол қилы кезеңдерде өзі де мән бермеген болар.

Бойын намыс оты шарпыған, қанында батырлық қайнары бұрқыраған сайыпқыран бойжеткен Қарағандының білім ордасында тәлім-тәрбие ала жүріп, бойына біткен табиғи талантын ерте танып, білім мен біліктілігіне жоғары баға беретін Мәскеу төріне қанатын қомдауға ұмтылды. Алдынан тор құрылса, бұзып өтетінін, көлденең қияс төселсе ойқастап өтетінін, сын сағатының сағын сындырғанда, қабырғасы қайыспай өтетінін білді ОЛ!

Міне, бүгінгі ойшыл һәм арманшыл, көпшіл һәм инабатты парасат жолына сапар шеккен абзал азаматтардың құлық-әрекеттерінен табыла бермейтін ғажаып құбылыс осы емес пе?!

Ресейдің Шығыс Еуропа өңірі һәм жарты әлемге белгілі ғылым мен білім ортасында ғылыми-зерттеу жұмысын талмай жүргізіп, заман ағымдары мен қоғам талаптарын үйлестіре отырып жаратылыстану саласы бойынша халқына қалтықсыз қызмет еткен батыр апамыздың аталмыш жетістігі өз заманындағы тарихқа алтын әріппен жазылуға тиісті бірегей еңбек пен толағай табыстардың жетекші көрсеткіші деп атауға еш қамсынбаймыз.

Қазақ халқының жаратылыстану һақындағы көнеден ұлт санасынан орын алған құдыретін жан жүрегіне саялатқан Майра апамыздың қыран қанаты арада талай бел асып, талай мұзбалақтарды тау қиянынан ызғар шыңдарға қалықтатқан есіл еңбек шерулері, өз кезегінде ұлт-азаттық һәм қаһарман халықтың мыңғасырлық дәстүрін қайта жаңғыртқан киелі Торғай өңіріндегі ерен игіліктер, дария-дария толғаулар һәм жыр-сұлбаларына арқау болар ұшан ізденіс пен жетістіктерге толы қайнар бастауы екені бәрімізге ой салғаны ғажап-ақ!.

Халқымыз қашан да біз үшін қымбат, өзге ел үшін жұмбақ екені ғасырлардан белгілі. Елге еңбегі сіңген, ішінде соңғы шамы сөнгенше оттай лаулап, жан-дүниесін өртеп, өз ұрпағына табандылық пен жасампаздық қасиетін сіңіруді бұлданбай арпалысқан ерен ерлер һәм талай боздақтар, өз еңбегін шын ниетімен атқарып, бірде лайықты бағасын алып, кейде абайсыз һас тұлпардай кең далада серпіліс үстінде аяусыз сүрінсе де, өз ауылын амалсыз тастап кетерде ғұлама абыз-данышпан Әл-Фараби бабамыз сияқты «Жазығым.. қараңғы халқыма ғылым һәм білім кілтін ұстаным ғана еді», деп, жай күрсініп, қалған ғұмырында ғылымның белесіне өзімен бірге дарынды шәкірттерін қоса ертуді қам-қаракет еткен парасатты халге түсер ме еді, шіркін!? Ашуын ақылға көндірер ме еді дерсің!

Біз қазіргі таңда тағы бір мәрте халқымызда ұмыт бола бастаған есімдерді қайта жаңғыртуға мүмкіндік алып отырмыз. 1990 жылдардың басында мектептегі «пионер» ұйымының орнына келген «Атамекен» балалар ұйымы құрылған кезде 40 Бағыттан тұратын бағдарламаның бір бағыты «Сөнбес жұлдыздар» деп аталды. Оның ең басты мақсаты әр оқушы мен тәлімгер әр ауылда, шет жерде және елімізге есімі белгісіз һәм белгісіз себептермен танылмай, өз еңбегі мен қаһармандығы жөнінде әділ баға алмай қалған ұл-қыздар һақында материалдар жинақтау болатын. Нәтижесінде ұлт тарихы мен мәдениетіне қатысты мыңдаған деректер жинастырылып, жергілікті жерлердегі мұражайларға тапсырылды.

Осы орайда Майра Хасенқызының «Тұран-Астана» Университеті қабырғасында даңқты саяхатшы, мемлекет қайраткері, қазақ туризмологиясы ғылымының негізін салушы Әліби Жанкелдиннің 100-жылдығына орай, бұрын белгісіз болып келген тың ақпараттарды жинастырып, мұражай ашып һәм ғұлама саяхатшының ХХ ғасырдың басында әлем мемлекеттеріне жасаған көпжылдық сапары мен жүрген жолдары һақында жұмыс атқарғаны ерекше аталып өтетін жайт.

Уақыт шіркін кең даланың төсінде көсіле шапқан арғымақтай, күн көзіне қаймықпай қарап қанатын қомдаған қырандай өтіп барады. Асыл апамыз болса 70-тің желкесіне шықса да әлі де тынымсыз жүрегі аттай тулап, соңынан ерген ұл-қыздары мен шәкірттерін аялы алақаны мен жылы қанатының астына алып, қиын да қызықты һәм ғибратты таным кеңістігіне сара жол салуда. Ғұмыр заңы Ата дәстүріне ұласа берсін!

 
Mr_Kursabaev
21 октября 2012, 17:27
912

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Школа High Tech High – дети здесь самостоятельны так же, как и профессионалы в офисах

Известный казахстанский бизнесмен становится первопроходцем и создает школу, о которой можно только мечтать. То, что мы, как взрослые, делаем в бизнесе, дети будут делать в этой школе.
Zhumanova
24 апр. 2017 / 16:29
  • 19108
  • 3
Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Как выбрать новостройку в Алматы: инсайты, критерии и личный опыт

Я прекрасно понимаю тех, кто долго ищет подходящую квартиру - сама искала, потратила на поиск 1,5 года. Что, прежде всего, повлияло на мой выбор при покупке квартиры в новостройке Алматы?
Zhumanova
21 апр. 2017 / 10:04
  • 3721
  • 12
«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

«Третья мировая война начнётся в мае 2017 года» – провидец из Португалии

Провидец из Португалии по имени Горацио Вильегас считает, что новая мировая война состоится уже в текущем году. Считается, что португалец два года назад объявил, что Трамп станет президентом.
Seattle
21 апр. 2017 / 15:33
  • 3539
  • 13
Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Кому в Казахстане жить хорошо? Почему мы остаёмся в топ-5 стран мира по числу самоубийств

Всё ли так хорошо у жителей Казахстана? Почему-то наша страна сохраняет твёрдые позиции в первых строчках мировых рейтингов по числу самоубийств.
openqazaqstan
24 апр. 2017 / 16:54
  • 3180
  • 18
«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

«А ты покушала?» или Как завоевать сердце женщины простой заботой

Так как опыт хождения по свиданиям у меня немаленький, да и с интуицией давно дружу, я быстро отсеиваю тех, с кем будут проблемы. Как я это определяю? Очень просто.
Bonittta
22 апр. 2017 / 14:10
Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Депутат сената Айтимова: «Не нужно критиковать депутатов, так как вы сами их избирали»

Наши депутаты известны не достижениями и работой, а своими высказываниями. Сегодня в СМИ вышла новость, где депутат сената Бырганым Айтимова ответила на критику народа.
tala03
20 апр. 2017 / 13:44
  • 2563
  • 20
Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания

Каждую ночь я жду его. Такая уж у него работа, он приходит поздно. Но почти каждую ночь он оправдывает мои ожидания. Когда его долго нет, признаюсь, я начинаю нервничать. Названивать и писать смс-ки...
DominaOmnium
21 апр. 2017 / 2:25
  • 2390
  • 11
Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Советы бывалого: выбираем надежную систему денежных переводов и хранения денег

Какую систему выбрать для денежных переводов внутри СНГ и как избежать потерь при девальвации. В общем, берегите свои кровно заработанные, помните...
Pablo13
20 апр. 2017 / 16:00
  • 2281
  • 19
Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

Атбасарская дамба: кто так красиво сэкономил 137 миллионов?

История с разрушенной атбасарской плотиной получила интригующее продолжение. На официальном уровне говорят о 200 млн тенге, в то время как районный аким сообщил, что дамбу строили совсем за другие деньги.
openqazaqstan
20 апр. 2017 / 15:10
  • 2165
  • 14