Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:31, 10 октября 2012

Роза Ресейде ән салды

 
 
11.10.12.
Blog post image
Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек және дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай Мәскеудегi Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда салтанатты кеш өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин тамашалаған концертте Ресей халық артисі Лев Лещенко мен Қазақстанның халық артисі Роза Рым­баева өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасында әлемдік классикалық туындылар, оның ішінде Верди, Россини операларынан үзінділер орындалды. Сондай-ақ бұрынғы және қазіргі заман композиторларының шығармалары орындалды. Жұртшылық Лев Лещенко мен Роза Рымбаеваның орындауындағы ретро әндер мен патриоттық туындыларды сүйсіне қабылдады.

 
0
235
0