• 96068
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жүрек тебірентер телетуынды

 
11.10.12.
Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» теле­топ­тамасы көрерменге жол тартты. Осыған орай баспасөз өкілдеріне туындының бірінші сериясы көрсетілді.

Ұйымдастырушылар уәде еткендей, бұл туынды ешкімді де бей-жай қалдырмады. Көрсеті­лімге қатысқан барлық жанның жүрегі бұл кештен ауырып қайт­ты. Көрерменнің туындыдан кө­-
ңілі қалып жүрегі ауырған жоқ, ондағы ауыр сюжеттен еңсесін көтере алмай шықты. Осылай басталған бұл телетоптаманың бірінші сериясынан-ақ көпші­лік­тің көңілінен шығатыны анық байқалды. Жобаның бас продю­сері Баян Есентаева: «Залда отыр­ған көрерменнің көз жасын сы­ғып алғанын көрдім. Біздің басты мақ­сатымыз да осы еді, яғни адам­ға ой салу болатын. Бұл бір көрген соң ұмытылып қалатын дүние емес деп ойлаймын» деді. Расында, бұл туындыны әрбір жан жүрегі сыздап отырып көре­тіні анық. Өйткені мұнда кешегі мен бүгінгінің проблемалары, қилы өмірдің қиындықтары жақ­сы көрініс тапқан.
«Еларна» телеарнасының ди­ректоры Айгүл Мүкей де те­ле­се­риалдың жұрт көңілінен шы­ға­тынына сенімді. «Көрерме­німіз бұл телетоптаманы ұзақ күт­кен болатын. Қазақ жұрты­ның сол үмітін ақтаймыз дегенге сенгім келеді. Өйткені мұнда ро­манти­-
ка да, бүгінгі күннің көкей­кесті проб­лемалары да бар. Сю­жеті де қызық. Сонау 90-жыл­дардың басынан бастау алатын оқиға желісі осы күнге дейін со­зыл­ған. Мұнда жетім балалардың тағдыры басты назарға алынып отыр. Бұл туынды өмірдің өткір тұстарын, қатал қоғамды көрсете отырып, адамды мейірімділікке шақырады» дейді.
Режиссер Асқар Ұзабаев пен Баян Есентаеваның айтуынша, бұл жоба - кинотоптама. Өйткені туындының әрбір сериясында көркем фильмге тән ерекшелік бар. Ендеше, кинотоптаманың бірінші сериясынан көңілге түй­генімізді баян етейік.
Алдымен телетуындының маз­мұнына тоқталсақ. Оқиға 1990 жыл­дардан басталады. Сол кездің бүгінгі күнмен үндес әлеуметтік проблемалары, әрбір қазақтың тұрмысындағы қиындықтар, мә­дениет саласындағы көкейкесті мәселелер туынды шеңберінен шет қалмаған. Сондай-ақ қазіргі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған қыз тәрбиесі, ойнап жү­ріп от басатын арулардың тағды­ры, соның нәтижесінде дүниеге келетін өмірге назалы, мұңды же­тімдер өмірі түгел қамтылған. Туындыдан шерлі жетімдердің шынайы өмірін көруге болады. Бұл орайда Баянның шығар­ма­шы­лық тобы көрерменге аяушы­лық танытпапты. Қалшылдап, ді­рілдеп суық көзқарастардан тоңып, қорғансыз бүрісіп тұрған жетімдерді көрген адамның жү­регі сыздап қоя берері анық. Же­тім бүлдіршіндердің қорқа қараған жанары, қайда барып, не істерін білмей, аңтарылып тұрғаны шы­найы шыққандығы соншалықты, дәл сол сәтте көкірегіңнен ауыр күрсіністің қалай шыққанын өзің де аңғармай қаласың. Иә, бұл сәт­тің шынайы шыққанының се­бе­-
бі картинада шын жетімдердің ойнағандығы болар. Міне, басты кейіпкердің өмірі осындай азап­тан, тар жол тайғақ кешуден бас­талмақ. Туындыда одан да басқа адамның барды бағаламайтын қасиеті әшкереленіп, оның әлсіз­діктен, дәрменсіздіктен ішкілікке салынатындығы да жақсы көрініс тапқан.
Телетоптаманың ең ауыр жүгі актерлерге жүктелетіні аян. Бар­лық актер мінсіз, керемет ойна­-
ған деп айтсақ артық болар. Шыны керек, жас актерлерге біраз ше­берліктің жетіспей тұрғаны аңға­рылып қалады. Бірақ Берік Айт­жанов сынды талантты ак­тердің шебер ойыны сол жастардың ол­қы­лықтарын жуып-шайып кете­тіндей. Естеріңізге сала кетсек, бұл - туындының алғашқы серия­сы. Ал кейінгі оқиға балалар үйін­де өрбіп, онда сол үйдің перзент­тері бой көрсетпек. Періштелерде жасандылық болмайтынын ескер­сек, кейінгі сюжеттердің сәтті шы­ғатыны сөзсіз.
Бір айта кетерлігі, телехикаяны сазбен әрлеген композиторлар музыка таңдауда еш жаңылыс­папты. Құлақ құрышын қандыра­тын ұлттық әуен туындының сю­жетімен керемет үндесіп жа­тыр.
Ұйымдастырушылардың жос­пары бойынша 25 сериядан тұ­ратын бұл телетоптама көзі қарақ­ты көрермен назарына 15 қазан­нан бастап «Ел арна» телеарна­сынан ұсынылады.

Сабина Зәкіржанқызы

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
11 октября 2012, 11:28
423

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

Самый большой провайдер в стране: методы работы с клиентами от «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 35221
  • 199
Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

Бесспорные доказательства – путь к упрощенному судопроизводству

В Казахстане введен институт упрощенного (письменного) судопроизводства, который позволяет повысить доступность правосудия и сократить сроки рассмотрения дел.
mark_iceberg
20 нояб. 2017 / 15:49
  • 15799
  • 3
Новшества на орбите уголовного правосудия

Новшества на орбите уголовного правосудия

Недавно я приняла участие в международной конференции по модернизации уголовного процесса, прошедшей в Бурабае. В чем значимость данных реформ для обычного казахстанца?
mirabeisenova
20 нояб. 2017 / 16:22
  • 12594
  • 3
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
18 нояб. 2017 / 17:21
  • 8051
  • 92
Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

Атамбаев под занавес президентства сделал всё, чтобы сжечь мосты

На своей итоговой пресс-конференции в понедельник уходящий кыргызский президент говорил не об итогах своей деятельности, а о «плохом» Казахстане.
openqazaqstan
21 нояб. 2017 / 18:36
«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

«Смех сквозь слезы», или 7 причин не любить Алматы

Жизнь в Алматы не всегда сладкая, как сахарная вата и мультики субботним утром. В этой ироничной статье автор блога «Almaty — My First Love» расскажет о семи причинах не любить Алматы.
AlmatyMyLove
20 нояб. 2017 / 13:12
  • 2990
  • 71
В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

В Кызылорде нет Детского дома: мы построили 8 коттеджей для детей

Тут живут будущие повара, актрисы, журналисты, боксеры, баскетболисты, певцы, поэты и многие другие талантливые дети!
socium_kzo
22 нояб. 2017 / 14:49
  • 2320
  • 0
«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

«Полет ради полета»: знакомство с калужской авиацией изнутри

В прошлом году на мероприятии "Слет Авиатора" я выиграла подарок - экскурсию на командно-диспетчерский пункт (КДП). Но тогда я даже не ожидала, что эта экскурсия выльется в такое интересное...
Aleksandra747
20 нояб. 2017 / 9:00
  • 1682
  • 6
«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

«Развитие Казахстана самими гражданами»: миф или реальность?

Проблем в обществе много: даже больше, чем догадывается среднестатистический казахстанец. И тут я хочу описать несколько, с моей точки зрения, проблем нашего общества.
Advokot
18 нояб. 2017 / 23:27