Тікелей эфир

Алуа Мақанова, «Ұлытау» тобының мүшесімен сұхбат.

2001 жылы құрылған «Ұлытау» этно-рок тобы – отандық және әлемдік заманауи инструменталды музыка саласындағы жаңалық. Топ музыканттары Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Нұрғиса Тілендиевпен қатар, шетелдік Бах, Вивальди, Паганини сияқты ұлы композиторлардың шығармаларын ерекше құлшыныспен және ынтамен орындауы арқылы көзге түсті.

_________________________________________________________________________

«Ұлытау» тобының ерекшелігі сол, олар орындаған шығармалардан дала  желінің ұйытқуы сезіліп, күн көзіне күйген шөптің иісі аңқиды, тәкаппар, сәнді жылқылардың желісі байқалады, қатал жүзді ақсақалдар мен әдет-ғұрыптардың арбаушы сиқыры елестейді. Бұл өнерді «World Music» деп те атауға болады. Домбыра, гитара, скрипка үшеуінен шығар әсем әуенді бір арнаға тоғыстыра алған топтың скрипкашы қызы Алуа Мақановамен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Әңгімені бала кезіңізден бастасақ... Мектеп сахнасының «жұлдызы» болдыңыз ба, әлде музыкаға деген қызығушылығыңыз кейін туды ма?

– Мен сазды әуенді саф алтындай қастерлейтін отбасында дүниеге келдім. Алтын ұямда музыканы айналып өткен адам жоқ. Әкем де, анам да, өзімнен үлкен әпкем де музыкалық мектепті, сосын консерваторияны бітірген жандар. Анам Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық арнайы музыкалық орта мектеп-интернатында дәріс берді. Сонда «қасымда боласың, әрі үйде фортепиано бар, содан үйрене бересің» деп мені фортепианоға бергісі келді. Ал мен «жоқ, мен скрипкаға барамын, болмаса мүлде бармаймын» деп тұрып алдым. Сол кезде анамның «скрипканы қайта-қайта ауыстыруға тура келеді, кішкентайын үлкеніне, үлкенін тағы басқасына, оның бәрі қымбат тұрады» деп мені әбден үгіттегені есімде. Кіп-кішкентай болсам да, табандылығымның арқасында скрипка сыныбын бітіріп шықтым. Содан кейін бүкіл балалық шағым скрипкамен өтті десем де болады.

– Музыкалық аспаптар ішінен таңдауыңыз неліктен скрипкаға түсті?

- Білесіз бе, соған өзім де таңқаламын. Әсте, скрипканы қыздың сондай бір нәзіктігін көрсететін, оның жан дүниесімен астасып жататын аспап деп ойласам керек. Кішкентай кезімнен ішімде скрипкаға деген бөлек бір сезім болды да, жүрегіммен қаладым. Қазір мүлде өкінбеймін.

– «Ұлытау» тобына қалай келдіңіз?

- Шыны керек, сахна жұлдызы болсам деген арман менде болмапты. Мектепте тек қана классикамен айналыстым. Мектепте оқып жүрген кезімізде сыныптас қыздармен сол жылдары жарыққа шыққан «Ұлытау» тобының шығармашылығын тыңдап, әңгімеге арқау ететінбіз. Ол уақытта осы атақты топтың құрамында өнер көрсетемін деген ой түсіме де кіріп шықпаған еді. Біз үшін бұл музыкадағы жаңа, жарқын және ғажайып бағыт болды. 2005 жылы мектепті үздік аяқтап, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясына оқуға түстім. Сабақта жүріп-ақ түрлі шараларға, концерттер мен республикалық және халықаралық деңгейдегі байқауларға қатыстым. Түрлі оркестрлер мен ансамбльдерде өнер көрсетіп, концерттермен шет елге де шықтық, мұның бәрі де маған ұнайтын. Менің өмірім классикалық музыкамен байланысты болады деп ойлайтынмын. Бірақ, бір күннің ішінде музыкадағы талғамым өзгерді... Есімде қалғаны, 3-курс оқып жүрген кезім, күн бейсенбі болатын. Оркестрдегі кезекті дайындық болып жатқан. Үзіліс кезінде жаныма бірнеше жігіт келді, арасынан Максті (Максим Кичигин) тани кеттім. Репетиция аяқталысымен олар маған кеңсеге келіп, бағымды сынап көруді ұсынды. Бірнеше күннен кейін мен «Ұлытау» тобының мүшесі атандым (2007 жыл). Көзді ашып-жұмғанша одан бері де бес жыл өтіпті.

– Топтың құрамында жалғыз қыз болып өнер көрсету қиындық тудырмай ма?

– Жоқ, мүлде қиын емес. Тек, кейде далабымды үйде ұмытып кеткен кездерде ғана болмаса, ешкімнен далап сұрай алмайсың (күліп). Ал, өзге ешқандай қиындығы жоқ. Тіпті, айтарлықтай артықшылықтары бар. Жалғыз қыз болғандықтан бәрі сыйлап тұрады, қашанда барын беріп, көмектерін аяған емес. Қарның ашқан шығар деп, біреуі кәмпит беріп, біреуі мен үшін бутерброд тасып жүреді. Немесе көңіл-күйің болмаса: «Не болды, кім тиісті, үй-ішілері аман ба? Ал, айт қане!», -деп сұрақтың астына алады. Жігіттердің жанұясымен де жақсы араласамыз. Ержанның да, Максимнің де кішкентайлары бар. Соларға барып тұрамын. Екеуінің де үйленгендеріне біраз болса да, жақында ғана кішкентайлы болды. Өздері де содан бері жұмысқа да аса құлшынысты, басқаша күйде жүр. Енді түрлеріне қарасаң, өзіңнің де көңіл-күйің көтеріліп қалады. Жігіттер үшін өте қуаныштымын. Екеуі де туған ағамдай болып кетті.

Көп балалы ана болуды армандаймын

– Ал, өзіңіздің жеке өміріңіз жайлы не айтасыз?

– Жеке өмірімнің құпия болып қала беруін қалаймын. Айтарым, әйел адам, мейлі ол әнші болсын, әртіс болсын, скрипка тартсын, негізгі міндеті ана болу екенін ешқашан ұмытпағаны жөн. Ия, қазір 21 ғасыр, барлық ауыртпалық пен жауапкершілікті ер адамның мойнына артып қойып отыруға да болмайтын шығар. Ер адам да шаршайды немесе жұмысында сәтсіздіктер болатын кездер бар. Сондай кезде әйел адамның да отбасы мен еліне аз да болса пайдасын тигізіп, жұмыс жасауында тұрған ештеңе жоқ. Әйтсе де, қашанда әйелге қойылатын ең бірінші талап – ұрпақ жалғастыру. Және денсаулығы көтерсе, көп балалы болғанға не жетсін! Өзім көп балалы ана болуды армандаймын.

- Егер сіздің алдыңызда сондай таңдау тұрса, өнеріңізді отбасыға айырбастап кете алар ма едіңіз?

– Ондай жағдай туа қалса, отбасыны бірінші қоя алар едім. Менің ойымша, топтағы жігіттер де ұстап қалмайды. Өздері де «сен қызсың ғой» деп жағдайымды әрқашан түсініп отырады.

– Дәстүрлі сұрақ, алдағы жоспарларыңыз қандай?

– Жақында екінші ән жинағымызды жарыққа шығаруды жоспарлап отырмыз. Естеріңізде болса, бірінші альбом «Жұмыр қылыш» деген атаумен бірнеше жыл бұрын жарық көрген. Келесі жинаққа әзірге «Жаңа күн» деген атау беріп отырмыз. Жалпы алғанда, жинақты дайын деп айтуға да болады. Әндердің  бәрін жазып қойғанбыз. Оның біраз шаруасы шетелде жасалды. Сахнада жүргендеріне он жыл болған болса, он жинақ шығарып үлгерген әншілер де, топтар да бар. Әрине, олай жасауға да болады, тек бұл әркімнің талғамына байланысты. Бізге сан емес, сапасы маңызды. Сондықтан, сапалы дүние шығару көп уақыт алатыны да заңдылық.

Альбомның атауы болып тұрған «Жаңа күн» күйіне бейнебаян түсіру де жоспарда бар. Ол қалай болады, қайда түсіріледі деген мәселелермен клипмейкерлер айналысып жатыр.

– Топтан бөлек, болашақта жеке өнер көрсету ойыңызда бар ма?

– Қазір «ия», «жоқ» деп жауап бере алмаймын. Себебі, бәрі де мүмкін. Әрине, адам бір орында тұрмай, қалыптаса түсуі керек. Мен де алдыма мақсат қойып, одан әрі жетіле түсуге ұмтыламын. Ал қазір мен әлі ол деңгейге жеткен жоқпын деп ойлаймын. Бүгінде, Аллаға шүкір, көптеген мемлекеттерді аралап, үлкен-үлкен сахналарда өнер көрсетіп жүрміз. Өз басым үйренгенімнен үйренерім көп деп есептеймін. Әлі де көп тәжірибе керек. Жеке өнер көрсетсем деп алдыма мақсат қоймаймын, реті келіп жатса көрерміз. Орындаған шығарма бүкіл жан дүниеңнен, жаныңнан суырылып шығуы керек. Қазір барып, барлығын өтірік компьютермен өңдеп, ән айтып шыға  салуыма да болады. Бірақ, ондай арзан дүниенің қажеті қанша? Жүректен шыққан нәрсе ғана жүрекке жететінін жақсы білемін.

– Демек ән айтатын да өнеріңіз бар ғой?

– Жоқ, мен оны жай ғана мысал ретінде келтіріп отырмын. Алла берген өнерімді қанағат тұтамын. Әнді тек душта немесе үйде ыдыс жуып жүрген кездерде ғана айтамын. Сондай кездерде айқайлап ән салатыным бар, көршілерімнің не ойлап жүргенін қайдам (күліп).

– Сахнада өнерден бөлек сырт көрініс те маңызды рөл атқарады. Стилистеріңіз бар ма?

– Ия, ол Қыдырәлі ағамыз. Бізді тауып, топты құрған соң топқа қатысты барлық нәрсеге атүсті қарамайды. Костюмдермен арнайы дизайнерлер жұмыс жасаса да, ағамыздың өзі де біздің сахнадағы кейпімізге бас қатырады. Мен қыз болғандықтан, сырт көрінісіме қатысты кейбір ұсақ-түйектерді өзім де жасай берем. Шашымды бүгін былай жасаймын немесе мынадай сырға тағамын деген сияқты. Өйткені, сахнаға шыққанда ең алдымен өзіңе ыңғайлы болуы тиіс. Бір жақсы жері – біздің сахналық костюмдеріміздің бәрі де жабық, қазақы нақышта. Аллаға шүкір, сахнаға шыққанда анам мен әкем, немесе туыстарым көргенде беттерін басып, ұялмайтындай кейіппен шығамыз.

– Қазақ эстрадасынан кімдерді сүйіп тыңдайсыз?

– Әрине, «Музарт» тобы. Сәкен ағамыз бен Мейрамбек ағамызды шын жүректен сүйіп тыңдаймын. Кейде шаттанып жүріп көңілді әндер тыңдайсың, кейде көңіл-күйің болмай ырғақты әуендерге көшесің, кейде армандағың, кейде тіпті билегің келетін кездер болады. Айтайын дегенім, көбіне көңіл-күйге байланысты.

– Әлеуметтік желілерді қаншалықты қолданасыз?

– Әлемнің әр шетінде тұратын достарыммен байланысу үшін «Фейсбук» әлеуметтік желісін қолданамын. Ал тыңдармандарымызды қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап беріп, әрдайым байланыста болу үшін «Вконтакте» желісі көмекке келеді. Одан бөлек, тобымыздың жеке сайты бар, онда арнайы мамандар жұмыс жасап, жиі-жиі жаңаланып тұрады.

Анамды қуантқым келеді

– Асүйге жиі бас сұғып тұрасыз ба?

– Шынымды айтайын, мен үйде көп бола бермеймін. Ал үйде болған кезде мүмкіндігімше тамақты өзім жасауға тырысам. Мен анаммен тұрамын. Үлкен әпкем тұрмыста, әкеммен бірге тұрады. Анам жұмыста болады, мен де жұмыста, үйде болғанда қасында болып  анамды қуантқым келеді. Көбіне гастрольмен шетте жүргендіктен, ол да мені сағынады. Қолымнан келгенше тамақ жасап беруге тырысамын. Анам жеп көріп күледі де, дәмді деп айтады. Көңілім үшін айтқанын біліп тұрсам да, өз қолыммен жасаған тамақтарым өзіме де дәмді болып көрінеді.

– Өнер жолында өзіңізге кімді үлгі тұтасыз?

– «Ұлытауға» келер алдында 1 ай бұрын қайтыс боп кеткен Иосиф Фудиман есімді ұстазым болды. Консерваторияда скрипкадан дәріс беретін. Ол менің шынайы ұстазым. Өнерге деген, өмірге деген көзқарасымды сол кісі қалыптастырды десем болады. Ол кісінің айтқан сөздері әлі күнге дейін жадымда сақтаулы. Есіме түсіріп, әр түрлі жағдайда бағдаршам ретінде ұстанамын. Сол сөздері арқылы әлі күнге ұстазым болып келе жатыр десем де болады.

– Сіз үшін өнердің ең биік шыңы қандай?

– Халықты жылтырақпен алдамау, шын мәнінде өнердің биігіне жету.  Бұл өмірде бастысы атақ немесе қаржы емес, меніңше. Аз болса да, ақшаның берекесін берсе болғаны. Ол қашан берекесін береді? Өзіңнің шын еңбегіңмен тапқанда ғана. Мүмкін, адал еңбегіңмен келген атақ та бақыт шығар. Ондай деңгейге әлі өзімді лайық деп ойламаймын.

– «Грэмми» сыйлығын алуға ұмтылып жүр екенсіздер. Ол үшін қандай жұмыс атқарып жатсыздар?

– Ия, бұйыртса алармыз деген ниетіміз бар. Дегенмен, «Грэмми»  кез келгеннің қанжығасына бұйыра беретін көлденең жатқан дүние емес. Оны уысыңа түсіру оңайға соқпайтыны айтпай-ақ белгілі. Қоятын талаптары да аса жоғары. Бізде арнайы осы жобамен айналысып отырған мамандар бар.

– «Ұлытау» тобы көптеген шет мемлекеттерде өнер көрсетті. Ол жақтағылар сіздерді қалай қабылдап жатады?

– Мақтанғанымыз емес, мен топтың құрамында болған бес жылдың ішінде бірталай шетке шықтық. Бірақ, бір де бір концертте залда адам аз жиналғанын немесе концертіміздің сәтсіз өткенін көрген емеспін.

– Репертуарды қалай таңдайсыздар?

– Мысалы, дайындыққа Ержан келіп: «Ал, жігіттер, мен кеше түнімен отырып, жиырма шақты күй тыңдадым. Ішінен ұнағанын тыңдап көріңдер»,– деп екі-үш күй ұсынады. Соны бәріміз тыңдап, ішінен ұнағанын аламыз. Немесе Ержан да, Максим де өздері әуен жазады. Композицияларда скрипка қатты маңызды емес, маңыздысы – домбыра, кейін гитара. Шығарма деген бір күнде шыға салмайды, кейде апта, кейде айлап дайындаламыз. Арасында бір-бірімізбен келіспей қалатын кездер болады. Бір жақсысы, оның бәрі дайындықта басталып, дайындықта аяқталады. Кейде шықпай қалатын күйлер болады. Оны қойып, басқасына көшеміз де, сосын қайта қолға аламыз. Көңіл-күйге байланысты ма, әлде Алла сәтін салады ма екен, аз ғана уақыт ішінде сәтті дүниелер туатын кездер болады. Егер жаңа дүние бәрімізге ұнап, бірімізге ұнамай қалған жағдайда да оны орындамаймыз. Сахнаға шыққанда біреуіне болса да ұнамай тұрса, халық бәрібір оны сезеді. Халықты алдау мүмкін емес.

– Продюсеріңіз жайлы не айтар едіңіз?

– Қыдырәлі аға менің ағам сияқты. Бәріміз арқа сүйеп жүреміз. Тек продюсеріміз болып, бізге ақша төлейтін болғаны үшін ғана емес, шын сыйласып, отбасымызбен де жақсы араласамыз. Біз Астанаға барғанда да, «Жүріңдер, шаршадыңдар, үйге барып шай ішіп кетіңдер» деп жаны қалмай тұрады.

– Шығармашылық адамы үнемі өзін жетілдіріп отыруы тиіс. Ара-тұра қолыңызға кітап алып тұрасыз ба?

– Әрине, бұл жағынан ұятты емеспін. Кішкентай кезімізден ата-анам соған үйретті. Енді ғана өзімізді қыз сезініп, айнаның алдында ұзақ тұра бастаған жеткіншек шағымда да әкем үнемі: «Айнаның алдында тұрғанша, барып кітап оқы»,– дейтін. Үйдегі сондай тәрбиеден болса керек, талай шығармаларды оқып өстім. Өкініштісі сол, орыс мектебін бітіргендіктен, шығармаларды да орыс тілінде оқыған жеңіл. Ал, қазір iPad деген жақсы болды, бірнеше кітапты енгізіп алып, жүрген жерімде оқып жүремін. Ал, топтың жігіттері тіпті көп оқиды. Әсіресе, Ержан газет немесе журнал көрсе отыра қап оқи кетеді. Қашан қарасаң да «Оқитын бірдеңе беріңдерші» деп жүргені.

– Ашық әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Маржан Әжібек

«Жастар үні» журналы#1(52)

Р.S.Редакциямызға келіп түскен соңғы дәлелденбеген ақпаратқа сүйенсек, Алуа «Ұлытау» тобымен қош айтысып, АҚШ-та өз білімін ұштамақ екен. «Алтын алма, білім ал» деген ұстанымы бар өнерлі қызға сәтті сапар тілейміз!

_________________________________________________________________________

«Жастар үні» жаңадан шыққан журнал - елу беттік басылым елу түрлі сезімді қозғап, қарбалас өмірге бір мезгіл сырттан қарауға мүмкіндік сыйлайды. Алып қарап, өз ойларыңызды айтып отырыңыздар.

Жазылу индексі 74555

Журналға жазылу «Қазпочта» АҚ және «Евразия пресс» агенттігінің кез келген бөлімшелерінде жүргізіледі.

Алия Arsik
12 қараша 2012, 0:26
4461

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

igrek
0
0
моя соседка раньше была :)
Басынан курылганнан , Улытаудын мушелер!н тандаудагы урд!с деп айтуга болады , кас!би аукымы кен бастаманын коптеген ансамбльдерге урд!с болганы шындык !!!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор чиновники будут игнорировать защиту детей?

До каких пор Уполномоченный по правам ребенка, как институт во всем мире стоящий на страже жизни и прав детей, в нашей стране будет выполнять представительские функции?
AliyaSadyrbaeva
вчера / 18:27
  • 4680
  • 5
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3869
  • 58
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
24 июля 2017 / 10:18
  • 3009
  • 12
Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Зачем эмигрировать в Россию? Лично я никогда не понимал этой странной мечты

Некоторые мои знакомые, мечтают уехать в Россию и побыстрее получить гражданство. Кому мы там сдались? Есть замечательная поговорка: "Где родился - там и пригодился".
Washington
вчера / 12:15
  • 2918
  • 85
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2890
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2398
  • 19
Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Мужчины Люксембурга и Казахстана: «У нас они уже в 35 добиваются статуса»

Что касается парней, так это вообще отдельная тема. Они для меня загадка. Уже год пытаюсь понять ход их мыслей. Для нас, казахов, немного сложно понять, почему человек в 35-36 лет, до сих пор не нашел смысла жизни.
AASh
24 июля 2017 / 15:19
  • 1908
  • 18
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1920
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1937
  • 41