Тікелей эфир

Қыз ұзату. Кеше, бүгін

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. Ата-анасының рұқсатын алған қызға жігіттің ата-анасы құда түсіп келіп, құда-құдағилар құйрық-бауыр жескеннен кейін, екі жақ та болатын тойға дайындалуға кіріседі. Қыз әкесінің негізгі дайындығы - қызына беретін жасауы мен киім-кешегі, құдаларға беретін киіттердің айналасында болса, жігіт әкесі қалыңмалдың соңын беру, қыз алуға барардағы сыйлықтар, той шығыны, кәде беру және бұдан да басқа толып жатқан дайындықтар қамын жасауға кіріседі. Екі жақ бірлесе отырып той күнін белгілейді. Ал қыз ұзату тойы күнін қыздың әкесі белгілеп, тойдан кейін алақанында аялап өсіріп отырған қызын жеңгелеріне қолтықтатып, құтты ұясына шығарып салады. Енді осы тойдың жайын тарқатып айтар болсақ...

Біз көріп жүрген қыз ұзату бұрынғыдан өзгерек... «Қазір оның сарқыншақтары ғана қалды», - дейді көпті көрген үлкен қариялар. Ендеше осы қыз ұзатудың бүгіні жайында сөз қозғамас бұрын, оның өткенінен бастасақ. Дәстүр бойынша қалыңдықты алып қайту үшін жеті не одан да көп адам қыздың ауылына келеді. Ауылға жарты шақырымдай жол қалғанда күйеу бір жолдасымен қалады да қалғандары ауылға барып күйеудің келгендігін хабарлайды. Сонда қыз-келіншектер оның алдынан шығып қарсы алады. Ауылға келген күйеу жолдастарымен оңаша отау тігеді. Отау тігуге ауыл адамдары тайлы-таяғымен түгел ат салысып, жеңгелері мен балдыздары «кереге керер» жолын алады. Ал шаңырақты сол ауылдың елге сыйлы кәрі күйеуіне көтерткізеді. Бұл жас күйеуге де соның жолын берсін деген ырым. Тігілген ақ отауға ең алдымен қалыңдықты, одан соң күйеуді кіргізеді. Қалыңдық отаудың ас-су тұратын сол жақ босағасына барып, оң аяғымен жерді бір теуіп сыртқа шығады. Бұл «отаудың иесі біз боламыз» дегенді білдіреді. Осы ғұрыпты күйеу де қайталайды. Отау тігілгенге арнайы сойылған малдың еті осы жаңа отауда желініп, ас үстінде қойдың омыртқасын әйел күйеуіне ұсынады. Ол оны жібек орамалға түйіп, отаудың шаңырағынан сыртқа лақтырады. Бұл ғұрып «жас отаудың шаңырағы биік, босағасы берік болып, түтіні түзу шықсын» деген ырымды сипаттайды.

Ы.Алтынсариннің айтуынша, бұл ырым «ақ отаудың босағасы берік болып, түтіні түзу шықсын» дегенді білдірсе, И.Ибрагимовтың пікірінше, шаңырақ көзінен тысқа мойын тастау әдеті – болашақ жаңа отаудың түтіні әрқашан сөнбесін деген тілек-арманға, магиялық сенімге байланысты қалыптасқан.

Сондай-ақ бұрынғы кезде ұзатылып бара жатқан қыздың киіміне де аса мән берген. Соның ішінде сәукелеге. Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі қазақтарда қыз ұзату тойы дайындығының келесі бір қажетті дәстүрі – қалыңдыққа арналып жасалынатын бас киім – сәукеле және оның той мерзіміне дейін жасалынып бітуі болған. Қыз ұзату тойына байланысты сәукелені ата-аналар өз мүмкіндігіне қарай әр түрлі уақытта тіктірген. Ауқаттылар сәукелені күні бұрын жасатып қойса, кейбіреулер сәукелені алдынала дайындай алмайды. Ал кейібір отбасылар күйеу келіп жатқанда тіккізген.

Сәукеле жұқа ақ киізден сырылып тігілетін, өте қымбат бас киім. И.Ибрагимовтың айтуына қарағанда , ХІХ ғасырдың екінші жартысында сәукеле жасату үшін 5–тен 25 –ке дейін жылқы құны аталған.

Той күні қызықты өту үшін той иесі төңірекке аты мәлім өнер адамдарын – ақындар мен әншілерді, сал-серілер, жыршыларды, билер мен шешендерді, батырлар мен балуандарды түгел шақыратын болған.

И.Изразцовтың айтуынша, Жетісу қазақтарының арасында  ұзату тойына маңайдағы ауылдарды тойдан бір күн бұрын барлық қымбат киімдерін сәндене киген қыз жеңгесі басына қалыңдықтың сәукелесін киіп, қоныраулы күміс ер-тоқымды жорға мініп шақыратын болған.

Шақырылған қонақтар жолына, жасына, дәрежесіне қарамай арнайы әзірленген қонақ үйлерге түсіріліп, қыз-жігіттер оларға қызмет көрсететін. Той малы сойылып, саба-саба қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар тартылғаннан кейін, жаяу жарыс, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу секілді өнер сайыстары өткізілетін.

Дәстүр бойынша тойдың екінші күні балуандар күресі басталады. Балуандар күресі әрі қарай көкпарға жалғасып, көкпар аяқталғаннан кейін кешке айтыс және ән салу, күй тарту, жұмбақ айту, «Балтам тап», «Хан», «Мыршым» секілді ойындар ойнатылатын.

Қыз ұзату тойының келесі бір белгісі - кешқұрым ақ отаудың алдында «Жар-жар» айтатын қыз-жігіттердің бас қосуы.

Өзбекәлі Жәнібеков өз еңбектерінде: «Жар-жарды», «Сыңсу», «Аужармен» қоса қалыңдықтың ұзатылатын сәтінде оның өз үйіндегі тойда, ата-анасымен, жора-жолдастарымен қоштасу ретінде өткізетін болған» - деп көрсеткен.

Жар-жар айтудың тәртібі бойынша алдымен бір жігіт бастап, қажет жерінде жігіттер тобы қостайды. Ал жауап сөзді құрбылары қостаған қалыңдықтың өзі қатады. Жар-жар мазмұны жағынан алып қарағанда қалыңдық пен ауыл жігіттерінің айтысы тәрізді, сондай-ақ бір ауылда бірге өскен қыз-бозбалалардың бір-бірімен қоштасуы. Жігіттер жағы үлгілі, әдепті бол, қайын ата, қайын енеңді сыйла, туған ауылыңа сөз келтірме деп наздарын айтады. Егер қалыңдық баратын жеріне, болашақ күйеуіне көңілі толмаса, әкесіне, ел-жұртына жар-жар айту сылтауымен өзінің наразылығын да айтып салады. Бірақ, қазақтың қалыптасқан дәстүрі бойынша бұл есепке алынбайтын болған.

Кешке қарай қыз туыстары қыз бен жігіттің некесін қидырады. Неке қию мұсылман дінінің қағидаларына сай өткізіледі. Қыз анасы күміс жүзік, сақина және садақ жебесі салынған сырлы тостағанға су құйып, молданың алдына жайылған ақ шүберекке қояды. Неках дұғасын оқыған молда күйеуден, қалыңдықтан, куәлардан, қыз әкесі мен бас құдадан ризалық алып, су ұрттатады.

Неке қиылғаннан кейін ұзату тойы да аяқталады. Қыз үйінен күйеу еліне аттанарда қимас өз ауылын аралап жүріп, жақын туыстарымен қоштасады. Қоштасудың негізгі мәні – үйлердің адамдарымен ғана жүздесіп шығу емес, әр туыстың от орнымен, шаңырағымен қоштасып, сол шаңырақ иелерінен, дәстүр бойынша, ескерткіш есебінде ұсынған сыйлықтарын қабылдап, ықыластарына ризашылық білдіріп, олардың сыйлықтарын көзіндей көріп жүруі. Бұл салт ел ішінде «танысу» деп аталған. Соңынан ата-анасымен, жұртымен, құрбы-құрдастарымен қоштасып, «сыңсу» айтып, өзінің жаңа үйіне кете барады...

Бұның барлығы өткен ғасырдың қыз ұзатуына байланысты жөн-жоралғылары болса, бүгінгі қыз ұзатудың жөні мүлдем бөлек. Әрине, ескі салттың қалдықтары бар, бірақ заманның ағымына қарай көптеген салт-дәстүрлер ұмыт болып, жаңа дәстүрлер енген. Мысалы, қызды үйден шығарып саларда төселетін тазалықты, адалдықты білдіретін ақ мата «Ақ жол» үстіне кейінгі кездері раушан гүлінің гүлжапырақшаларын шашу пайда болды.

Ол жайында кезінде этнограф, зерттеуші ғалым Жағда Бабалықұлы: «...Қазақтың әрі-бері тарихында көкті жұлғанды кім көрді? Және сол жұлып-жұлмаланған «тірі организмді» ұзатылып бара жатқан қыздың аяғының астына төсеу деген не сұмдық?...Гүлді шашқанды қою керек. Қазақта «көктей солған» деген сөз тіркесі бар. Ырым жаман ғой», деп айтып кеткендігін білеміз.

Алайда, бұл үрдіс әлі күнге дейін жалғасуда. Сонымен қатар қызды күйеудің қолына әкесі алып келіп ұстатып жатқанды да көрген боларсыздар. Бұл Бастыстың сериалдарын көріп өскен жастар үшін дұрыс салт болып көрінері анық. Соған қарамастан, бұрынғы кезде қыз ұзатудың дәстүрінде әкесі кетіп бара жатқан қызды өз қолымен алып барып күйеуге ұстатпақ түгілі, еркелеп өскен қызы қиянға кетіп бара жатқанда жұрт көзінше егілуден ұялып, атқа мініп, ауылдан аулаққа кететін болған.

Айта берсе көп қой... Тіпті бұрын қызды өз үйінен ұзатып, онымен қимай қоштасып, жылап жатса, қазір мейрамханаларда дүркіретіп той-думан жасап жатады. Қыздың кеткеніне әйтеуір бәрі мәз, ағайын-туыс, жора-жолдастар ішімдік ішіп тойлатуда. Жылдар өткен сайын қыз ұзату үйлену тойы емес екендігін ұмытып бара жатқандаймыз...

2000-жылдардан бастап Қыз ұзату міндетті түрде жасалынатын үлкен тойға айналған соң қазіргі кезде арнайы тойханалар, бірнеше банкет залынан құрылған арнайы ғимараттар салынуда. Салттың бір кездері ұмыт болғандығынан қазіргі кездің пайда тапқылары: қыз ұзату тойына сценарий жасаймыз, деп әлек. Сондай-ақ бұл тойда арнайы декорациялар әкеліп, театрландырылған қойылым жасайтын әртістер де бар екенін тағы білеміз.

Одан қала берсе, қазақ-орыс газет-журналдарында соңғы жылдары бірі біліп жазса, бірі естіп жазған Қыз ұзатуға байланысты түрлі нұсқаулықтар пайда болып жатады.

Бұрын табақта тартылатын тойбастар бүгінгі күні неше түрлі формада тігілген қобдишаларда, тіпті өзінің ауқаттылығын көрсеткісі келгендер оны үлкен сандыққа салып алып жатқандығына да куә болып жүрміз.

Қалыңдық көп ретте қазақша стильде тігілген көйлекпен ұзатылады, заманауи ұзату бүрмелі көйлектерді сіз ательеден тіктіртіп, не дүкеннен сатып ала аласыз, сұраныс барда, ұсыныс та жетерлік. Алайда, солардың ішінен жарасымды, қазақы, қыз баланың талғамына сай болатын көйлекті табу оңай емес. Бағасы да жоғары. Мысалы, қолдан жасалған әдемі сәукеле бағасы 30 000 - 100 000 теңгеге дейін де жетуі мүмкін.

Тойдың тағы бір нышанына орай арнайы «Жасау» сияқты дүкендер де ашылып, қыз жасауына қажетті жабдықтарды түр-түрімен сата беруде (әрине, бұл өте ыңғайлы). Базар-дүкендер болса, қызды шағарып саларда аяғының астына төсейтін ақ жол маталардың неше түрін жасап сатуда.

Шығынға батқан қыздың әке-шешесі несие алып жатқан жағдайлар жетерлік. Бір сөзбен айтқанда, «ырым» деген түсінікті халыққа біртіндеп бизнеске айналдырғандаймыз... Осыны біреулер түсінсе, біреулер: басқалардан қаламыз ба — деген оймен жаңа «дәстүрлерге» бас июде.

Бұл жайында бүгінгі этнографтар не айтады екен?

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалшабаева Бибизия Кенжебекқызы:

«Қазақта баяғыдан бері келе жатқан «Қыз туғанда қырық жеті туылды» деп айтылатын мақал бар. Яғни ол қалың малдың көлемі болып есептелген. Әрине, қазір бізде ондай жоқ. Бүгін көбісі: «қыз ұзату тойы деген қазақта болмаған, кейін шығарып алынған дүние» деп жатады. Ол дұрыс емес. Қазақ ертеден қызын ұзатқанда той жасаған. Ұлдан кем көрмеген. Қызды жат жұрттық деп ертеден қадірлеген. Қыз ұзатыларға дейін бір-екі апта бұрын қыздың бүкіл туған-туыстары үйіне шақыратын болған. Жасауына дүние қосқан. Ал қыз болса, оларды аралап қоштасу жасайтын болған. Ұзатудың өзіне келетін болсақ, бұрында, мысалы, ұзату кезінде некені қыздың үйінен қиып жіберетін. Қазір бұл дәстүр Қытай, Түркия қазақтарында сақталады. Ал бізде болса, тек жігіттің үйіне барғанда неке қию дәстүрін өткізеді.

Бүгінгі ұзатуды шамасына қарай жасайды. Үй жағдайы болмаған жағдайда кафе, мейрамханаларды жалға алады. Ол заманға сай өзгеріс. Дәстүр дегеніміз өз заманына сай болып, ыңғайланып отырады. Тек оның негізін, берер тәрбиесін жоғалтып алмау керек. Мысалы, қазірде кей жерлерде қыз ұзатылып болғаннан кейін өз үйінде жүре береді екен. Тек жігіт тойы жақындаған кезде баратын көрінеді. Бұл мүлдем дұрыс емес. Ұзату тойы жасалған соң, қыз сол күні-ақ жігіт үйіне кетеді. Ұзатудың мәні де сонда».

Ал жастардың «Қыз ұзату» дәстүрінің мән-маңыздылығына деген көзқарасы әр түрлі.

Наурызгүл, 21 жаста:

«Мен қыз ұзату дегенді қолдамаймын. Өйткені ұзату той деген құр шығын. Мысалы, менің туған әпкем күйеуге шыққанда ұзаттық. Екі миллион кетті. Ол деген әке-шешенің соры ғой. Олар сені өсіреді, бағып-қағады және келіп сені ұзатады. Екі миллион менің әке-шешемнің екі жыл жүріп жинаған ақшасы. Соның бәрі бір күнде сарп кетті. Шымкент жақта қалың малды көп әкеледі деп айтып жатады. Бірақ оның бәрі өтірік. 1000-2000 мың доллар әкелетін шығар, бірақ өздері екі есе етіп алып кетеді. Негізі қызды алып қашып кеткен дұрыс. Егер қыз қашып кетсе, құда да тыныш, құдағи да тыныш. Тек артынан қуып бара саласың. Сосын ақша шығынданбайсың. Меніңше, алып-қашып, аман-есен сүйгендерімен қосылған дұрыс».

Нұршапағат, 21 жас:

«Қазіргі кезде қоғамда, әсіресе қыздардың арасында, «Ақылды қыз қашып кетеді, ақылсыз қыз шашып кетеді» деген пікір бар. Мен онымен келіспеймін. Ол негізі әркімнің отбасылық жағдайына байланысты деп ойлаймын. Қазақ «Қыз — қонақ» дейді ғой. Сондықтан өз үйінен жөнімен кеткенедігін дұрыс деп білемін. Өзім де болашақта жарымды қазақтың салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы бойынша аламын деп ойлаймын».

Бүгінгі күні бір әулеттің келіні болып отырған қыздар.

Айғаным, 20 жаста:

«Салтымызға мен оң көзқарастамын. Әр қыз баласына ата-ананың ризалығын алып, басқа әулетке батамен босаға аттағанға не жетсін? Себебі, қазақтың батасы әр істің ақ бастамашысы ғой. Ер жігіт болашақ қайынатасының алдына барып, танысып, мән-жайдың қанығын айтып, келісімін алады. Кейін сырғасын салып, құда-құдағилар құйрық-бауыр жегізіп, кәде тарту сияқты ырымдары басталады. Алып қашып, батасыз қиылған некеден қыз ұзату әлдеқайда артық, әрине. Бүгінгі күні мұны дүркіретіп той қылып, думандатып жыр қылып жататындар аз емес. Мұндай көңілді ата-ана баласының өміріндегі үлкен қуанышына аясын ба. Осы тойдың астарында сыңсыған қыз бен қимастықпен жылаған әке-шешенің көз жасы ұмытылып қалып жатады көбінде... Алайда, ең бастысы, ұлы мен қызының бақыты ғой».

Шынаргүл, 22 жаста:

«Ата-ананың демеуімен, солардың ақ батасымен қолынан ұзатылдым. Қызды қолдан ұзату дегенді өзім құптаймын. Ата-анамның қолынан ақ батасын алып ұзатылғанымды абырой көремін. Қолдан ұзатылған бір қызық екен. Кетіп бара жатқанда жыламаймын деп ойлағанмын. Бірақ мен кетіп бара жатқанда бәрі жылаған соң, көңілім босап кетті.

Кезінде қыз ұзатылып бара жатқанда түрлі ырымдарын жасап, салт-дәстүрлерін сақтап, артынан нар-нар жүк артып, жеңгелері жасауын апарып беретін. Соның бүгінгі көрінісі, жұқанасы болса да, қалған қалдығы осы деп білемін».

P.S. Түп-тамыры тереңге кетіп, нық бекігендіктен, «Қыз ұзату» бүгінгі күні өз жалғасын табуда. Алайда, ұмыт болып бара жатқан жөн-жоралғысын қайта жаңғыртып, Батыстан енген, орыстан көшірген салт-дәстүрлерді «Қыз ұзату» тойының сценариінен шығарып тастау бүгінгі ұрпақтың өз қолында.

Материалды дайындаған Айнұр Ракишева,

Айжан Кәрібаева

________________________________________________________________________

Тақырыпқа орай:

Қалыңмал турасында не білеміз?

Алия Arsik
12 қараша 2012, 11:17
169627

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
1
0
Осы сәт тақап қалған соң да, осындай нәрселерге алаңдайтын болыппын. Бірақ, 25 тен асып кеткен қызды алып қашып кету ыңғайсыз секілді, құда түсіп жөн-жоралғысын жасап шығарып алған дұрыс сияқты. 20 жасқа дейінгі қыздар қашып кете алатын шығар. Ата-анам ұзатып, той жасап шығаруды қалайды. Әрине, бәрін жағдай шешеді. Ата-анамды қиналмайтындай етіп, өз жасауымды жинап кеткім келеді.
Arsik
0
0
иә, дұрыс айтасың) өзіме 25тен кейін не ұзату, не той қажет емес))
бір таныстарымда қыз бен жігіт үйленгенде семьясы кредит алған, 2 жылдан олар айырылысып кетті, бірақ кредитті жабуға әлі үлгермеген ол кезде...
Shpak
0
0
Қайдағы жоқ хиял жазғанша, қазақтын адатың (әдет) ашып жазбайсындар ма? Қазақтарда бұрын Ұзату той болмаған, Ала-келүу деген әдет болған. Ұзату той деген жаңадан келген әдет, 1921 жылы маусымның 14-інде Түркістан AССР орталық атқару комитеті қалың мал мен көп әйел алуға тыйым салатын декрет қабылдаған сон.
шынында қазіргі мен көне замандағы салт-дәстүрлерде көптеген өзгешелік бар
МЕНІҢ ОЙЫМША БӘРІ ЕКІ ЖАСТЫҢ ҚОЛЫНДА. ОСЫ СӘТТЕН БАСТАЛАДЫ, БІРГЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАП, ДҰРЫС ЖОЛЫН ТАБУ. МЫСАЛЫ; МЕНІҢ ТАНЫСТАРЫМНАН ҚЫЗЫН ҰЗАТЫП ТОЙ ЖАСАП БЕРДІ, ЖІГІТ ЖАҚ ТА ТОЙЫН ЖАСАП БЕРДІ. ЕНДІ БІРДЕ ЕКІ ЖАСТЫҢ АРАСЫНДА ҰРСЫСЫР ҚАЛҒАНДА АТА-АНАЛАРЫ ТОҚТАУ АЙТУ ОРНЫНА ЖЕКЕ АРА ҰРЫСЫП ЖАТЫР, ҚЫЗ ЖАҚТАН МІНЕ БАЛАРЫН ОСЫНДАЙ ДА МҰНДАЙ ДЕП, АЛ ЖІГІТ ЖАҚ, БІЗ НЕ ІСТЕЙМІЗ ТОЙЫН ЖАСАП БЕРДІК, ҮЛКЕН БОЛДЫ, БАСТАРЫН ӨЗДЕРІ АЛЫП ЖҮРСІН ДЕГЕНДЕ, ҚЫЗ ЖАҚТАН, БІЗ ДЕ ТОЙ ЖАСАП БЕРДІК ДЕП МІНДЕТСІП ЕКІ ЖАҚ БАЛАЛАРЫН АЛЫП КЕТІП ЖАТТЫ. МІНЕ, ОСЫ ІСТЕРДЕН КЕЙІН МЕНІҢ ЖАСАҒАН ҚОРЫТЫНДЫМ, ЕКІ ЖАС, БІР БІРІНЕ СЕНІМДІ, ЕШКІМДІ АРАҒА САЛМАЙ БАСТАРЫН АЛЫП ЖҮРСЕ, БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ. МЕН ҚЫЗ ҰЗАТУДЫ ҚҰПТАЙМЫН, МЕНІҢ ҚАЗІРГІ СӘТІМДЕ, ӨЗІМ ҰЗАТЫЛҒАЛЫ ОТЫРМЫН МЕН АЛМАТЫДАН ОЛ ОЛТҮСТІКТЕН, ЖІГІТ ЖАСАҒАН ТОЙҒА БӘРІ БАРА АЛМАЙДЫ, СОНДЫҚТАН ҰЗАТУДЫ АЛМАТЫДА ЖАСАУ ТИІМДІ БҰЛ МЕНІҢ ЖАҒДАЙЫМДА. ЖӘНЕ МЕН ҮЙДЕГІЛЕРГЕ МІНДЕТСІП АЙТУЫНА РҰҚСАТ БЕРМЕЙМІН. ЖАСАСАҚ ЖАСАЙМЫЗ ТОЙЛАЙМЫЗ БӘРІ ДҰРЫС БОЛАДЫ, ЕРТЕҢГІ КҮНІ ҰРЫС ІЗДЕЙТІНДЕРІҢІЗ БОЛСА, ҚАЗІРДЕН ШЫҒЫП КЕТЕ БЕРІҢІЗДЕР, МЕНІ РЕНЖІТПЕЙ ДЕЙМІН. АЛ ЕГЕР АҚЫЛШЫ АДАМ КЕРЕК БОЛСА, ОНДАЙ АДАМДАРДЫ КҮЙЕУІМ ЖАҚТАН ІЗДЕЙМІН, СЕБЕБІ ҚАЗАҚТА БЕКЕР АЙТПАҒАН; ТАСТАЙ БАТЫП, СУДАЙ СІҢ ДЕП, ЕШҚАШАН ӨЗ ТУЫСТАРЫМА ЖҮГІНБЕУГЕ ЖІНЕ ТЕК ЖАҚСЫЛЫҚТАРЫМДЫ КӨРСЕТУГЕ ТЫРЫСАМ.
менің бір өтінішім бар: қыз баланың жасауына кіретін киімдер тізімін (қандай киімдер және саны жайлы мәліметтер) қайдан алуға болады? немесе дайын тізімдер болса жіберіңіздерші? Алдын ала рахмет!
Arsik
0
0
Бақытты болыңыз, Сәуле. Жасаудағы қыздың киімін жай ғана киім-кешек дейді, яғни жас келінге қажет болатын киім түрлері (күнделікті, үйге киетін, сыртқа шығатын).
Ойымша екі жақтың әкелері пікір алмасу керек. Егер екі жас тағы сәл шыдай алса және материалдық тұрғыдан екі жақ дайын болса неге жасамасқа? Шыдай алса дегенім — үйленуге дейін ер мен әйел арасында болатын қатынас құрмайтын жұп.
Негізі ұлым үшін үлкен той жтб жасағым келеді. Алайда, жағдайларына кіруге тырысамын. Егер шыдамай жатса және қыз жағы келіссе сырға салғаннан кейін некелестіріп, содан кейін той-қонақ мәселесін қарастыруға болады.
Дана әке-ана бірінші ұрпақтарының қамын ойлайды. Туыс-құда алдында қандай боламын деу... адам көтере алса жасауға болады. Бірақ кейде идея фикс болып қалады.
Салт, дәстүр ұстанамын деп қиындып алмау керек. Не жеңіл, не киын өз жағдайларына қарап шешеді.

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
вчера / 17:21
  • 38014
  • 62
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Балконы Алматы. Интересные экземпляры встречаются только на старых домах

Ещё один отчёт, который очень хотел сделать. Посмотрим на старые алматинские балконы. Хоть у нас и нет шедевров, но кое-что можно снять и выставить.
Ispanec
10 авг. 2017 / 0:04
  • 2847
  • 9
Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

Американцы хотят напасть на КНДР, но не знают, где находится эта страна

В США 75% жителей считают, что КНДР является "критической угрозой" для их страны. Авторы популярного американского шоу Джимми Кимела решили проверить жителей США, знают ли те, где находится КНДР.
tala03
10 авг. 2017 / 16:48
  • 2642
  • 62
Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

Ограбление года: 3 млн долларов и 50 тысяч евро украли у казахстанского экс-министра

КТК: "У жителя Алматы украли… 3 миллиона долларов! В деле, которое расследует сейчас местная полиция, удивляет всё – и внушительная сумма, и фамилия пострадавшего..."
SamJamKZ
10 авг. 2017 / 11:43
  • 2387
  • 42
Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

Учителям, владеющим английским языком, повысят зарплату на 200%

В Казахстане началось поэтапное внедрение трехъязычного образования. По данным МОН РК, с 2017 учебного года начнется внедрение трехъязычия в 5-х классах.
tala03
10 авг. 2017 / 15:20
  • 1963
  • 31
Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Приложение казахстанских школьниц признали лучшим на конкурсе в Сан-Франциско

Команда алматинских школьниц выиграла главный приз международного конкурса Technovation Challenge 2017 по разработке мобильных приложений.
yviNews
11 авг. 2017 / 16:38
  • 2238
  • 5
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Кандидат в президенты Польши просит место жительства в Казахстане

Балли Мажец, ранее Балжан Наурызбаева, уроженка Южно-Казахстанской области уже 30 лет проживает в Польше. Является гражданской активисткой и председателем ассоциации Wspolnota Kazachska.
tala03
10 авг. 2017 / 0:25
  • 1412
  • 11