Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
04:05, 08 октября 2012

ҚАЗАҚ ТЕЛЕБАҒДАРЛАМАЛАРЫ ҚАШАН ҚЫЗЫҚТЫ БОЛАДЫ?

Blog post image

Бала күнімізден мультфильм көріп, ой-санамыз, таным-түйсігіміз жетілді. Ана мен әкеге, қоршаған ортаға, қоғамға деген оң көзқарас, тәрбие қалыптасты бойымызда. Сол бір естен кетпес мультфильмдер «Ну погодиден» басталып, «Том и джеримен» бітеді.  Ата- анамыз қазақ киносының ұлы туындысы  «Қыз Жібекті» асыға күтіп, үндінің сезім пернесін шертетін фильмдерін жылап көріп жататын еді. Сол бір өткен шақтарды көз алдыма елестетсем адамға берері өте мол ғой. Теледидарда құшақтасып, сүйіспек түгілі, бір- бірлерінің қолдарын ұстай қалып жатса, бетімізді бала алақанымызбен қалқалап, теріс қарап мойнымызды бұра салатынбыз. Мейрам күндері теледидардан көз алмай жан тербетер керемет бағдарламаларды тамашалайтынбыз. Халық әртісі, орны қайталанбас тұлға Құдайберген Сұлтанбай атамыз бастаған «Күлкі керуені», Лидия Каденова апаларымыз талай керемет өнер көрсеткен заман. Өсе келе асыға сенбі күнін күтіп, таңғысын сүйікті көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлайтын Серік Абас-Шах ағамыздың ұсынған «Ұят болмасын», «Еркектің аты еркек», «Мың бір мақал», «Қымызхана» секілді бағдарламасын үзбей тамашалайтынбыз. Бұл бағдарламалардың  халыққа берері көп. Әсіресе, «Ұят болмасын» бағдарламасы - сахнаны қандай керемет етіп безендіріп, бүкіл  өнер жұлдыздарына бір қазанан дәм ұсынған, киелі дастархан басына жиып, халқымызға жақсы көңіл-күй сыйлайтын, тәрбиелік мәні жоғары бағдарламамыз ауыз толтырып айтарлықтай дүние еді. Ех шіркін, сол күндер қайта кетті?!

Қазіргі кезде заманымыз дамыған сайын көркейдік пе десек, керісінше жағымсыз,  жиіркенішті болып бара жатқандаймыз. Теледидарды қосып, отбасымен жиналып отырғанда арналарды бірге көріп, тамашалауға ұяласың. Жағымсыз, арсыз, түкке де керегі жоқ телебағдарламалар жетіп артылады. Меніңше, орыстардың бағдарламалары әлі де жастарымыздың санасын улауда. Олардың халыққа ұсынып жатқан бағдарламасын көре отырып, жағаңды ұстайсың. Әр отбасында бір теледидар болғандықтан, қалайша оны кейінгі ұрпағымыздан жасыра аламыз. Адам әсер алушы емес пе, көргенді көріп, біліп, үйрену деген ол адам бойындағы кездесетін табиғи қасиет. Жақсының жақсылығын үйреніп жатсақ, жаманның жамандығын үйренбейді  деген ол ақылға қона қоймас. Бала күнімізден бар-жоғы үш-төрт арнаны ғана ауыстырып көріп өссек те, өмірден кем қалып қойған жоқпыз ғой. Қазір барлығы басқаша, қала тұрмақ, ауылдағы әр жанұяда бір- бір спутник ұсынған табақшаның телеарналарын көріп жатамыз, ал спутниктің ұсынып отырған арналары  жүздеген.

Ұмытпасам, түріктің «Дениз» сериалы осыдан екі жыл бұрын басталған сериал еді. Бірақ оны жұрт үзбей әлі күнге тамашалап келеді. Қандай да болмасын адамды тоқтатып сұрасаң Дениз тұрмақ, оның ата жұртын жатқа айтып беретіні таңғалатын дүние емес, ағайын. Өзіне баурап алғаны соншалық, ауылдағы қалың ел қазан-ошағын, бала-шағасын, мал-жайын тастап, көгілдір экран алдына тайлы-таяғымен жиналады. Аты шулы Дениз ханым жұртты әбден әуреге салып жібергендей, ондағы Мелихтің ролі мүлдем бөлек. Қазіргі мектеп қабырғасындағы оқушылардан ұлы Абай атамыздың қара сөздерін, болмаса, сабақ сұрасаңыз, мұның бәрі оларға Дениздей қызықты емес. Керісінше осы Дениздің өміріне алаңдап, уайымдап жүретінін қайтесіз. Сериалды көріп отырып, сөзі сүйектен өтетін «сайқал, екі жүзді, нақұрыс, анадан бала көтеріп қалыпты, ананың жігітін алып кетіпті, болмаса күйеуін айырбастап ажырасыпты» деген қазақша аудармаларды естігенде жүрегіңе қорғасынды қайнатып құйғандай боласың. Сонда біздің бала тәрбиелеп отырғанымыз қайда?  Киелі ана тіліміздің сондай қажетсіз дүниеге бола қор болғаныма?! Кешкісін сізбен тамашалап, ертесіне қайталауын қайра көретін бүлдіршіндеріміздің өмірге деген көз қарасы қалай болмақ?!

Менің айтпағым, біздің отандық телебағдарламаларымыз мүлдем аз. Халықтың жағдайына үңілетін, болмаса ұрпаққа жаңа дүние үйрететін бағдарламаларымыз жоқтың қасы. Еріншекпіз, қайталағанды ұнатамыз, Ресейдің қанша бағдарламасын қазақ тіліне аударып көрсетіп жатырмыз. Әрине ол жастарымызға қызық емес. «Мың бір мақал», « Ұят болмасын», «Ақжүніс» деген ұлттық санаға сай бағдарламалар қайда жойылып кетті? Жастарымызды сегіз қырлы, бір сырлы етіп өсіретін дүние болуы керек. Еліміздің қай бағдарламасын көрсеңде, тек өнер жұлдыздарынан құралады. Бір- бірлерімен сыңға түсіп жарысып жатады, тіпті қарап отырып ойға батасың. «Неге жастарымызды алға шығарып, халықпен жұмыс жасамаймыз? Қазақ деген атымыз болмаса, көбіміз өз ата-жұртымызды білмейміз. Жастарымыздың жеті аталарын білмейтіндері де ащы болса да шындық. Мәдениеттілікке шақырып, рухани дүние беретін, өз тарихымызға сүйенетін, этнографиялық құндылықтарымызға байыппен қарайтын, өзіміздің қазақ екенімізді танытатын, соған деген сүйіспеншілікті арттыратын патриотизмдік бірде- бір бағдарлама жоқ десем жалған айтпаспын. Қызығып, соған қарап ұмтылыс танытатын, болмаса тәрбиелік мәні бар адамға әсер беретін бағдарламаларымыз санасақ саусағымызға, жұмсақ жұдырығымызға жетпейді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні - бәрін болашақтың еншісіне салып отыра берсек, болашақты бүгіннен бастап тәрбиелеу керек екенін ұмытпайықшы!

 
1
2253
0