Аптаның қызықты материалдары #18

Алия 2012 M11 11
2156
0
5
0

Жалпы ақындармен салыстырғанда прозаиктердің танымалдылығы төмендеу болып жатады. Бірақ танымалдылығы ақындардан бір кем емес бір жазушы бар. Ол – Оралхан Бөкей. Соңғы кезде Оралхан Бөкейдің таңдамалы

Жаңабек ЖЕТІРУОВ, режиссер: УАҚЫТ БӘРІМІЗДІ ЕКШЕП ОРНЫМЫЗҒА ҚОЯДЫ: МЕНІ ДЕ, РАҚЫШЕВТІ ДЕ, БАСҚАЛАРЫН ДА

Бір ғана «Дүниежарық» фильміңізбен әлемнің шоқтығы биік халықаралық конкурстары мен кинофестивальдеріне қатысып, жүлделі орындардан көрініп, бәйгенің басын бермеп едіңіз. Бірақ соңғы өткен Үндістандағы бәйгеден олжасыз оралдыңыз және осы жолы сіздің картинаңызды өз елімізде өткен VIII Еуразия кинофестивалінен де көре алған жоқпыз. Неге?

– Үндістандағы халықаралық «Остеан синеман» кинофестиваліне өзге фильмдермен қатар Каннда өткен бәйгеде бас жүлде алған фильм де қатысты. Ол фильм бұрынырақ «Оскарды» да, «Глобусты» да жеңіп алған болатын. Сол себепті ол жерден маған жүлде бұйырмайтынын іштей білдім. Бірақ осы конкурста Рим кинофестивалінің директоры Марке Миллер менің соңғы түсіріп алып барған «Аққызымды» ұнатып,  алдағы қазан айында өздерінде өтетін конкурсқа шақырды. Сол себепті жоғары деңгейлі фестивальдерге қатысқандықтан, Еуразия конкурсына іліге алмай қалдым. Бірақ көңіл жұбататын үлкен қуанышым, италиялық мәртебелі директор маған  Италияның әлемге танымал актерлерімен бес минуттық фильм түсіруге ұсыныс білдіріп отыр. Қыркүйек айының соңында сол жаққа аттанамын (жалғасы).

ОРАЛХАН БӨКЕЙ немесе КЕРБҰҒЫНЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

Жалпы ақындармен салыстырғанда прозаиктердің танымалдылығы төмендеу болып жатады. Бірақ танымалдылығы ақындардан бір кем емес бір жазушы бар. Ол – Оралхан Бөкей. Соңғы кезде Оралхан Бөкейдің таңдамалы шығармалары жыл аралатып болса да, жарық көріп жатыр. Осы тарапта Оралхан Бөкей десе, ішкен асын жерге қоятын қаламгерлер Асқар Алтай мен Серікқали Хасанды «Мәдениет» телеарнасының «Кітапханасына» сол танымалдылықтың сырын ашуға шақырдық.

Жүсіпбек ҚОРҒАСБЕК: Асеке, ел ішінде жас күндерінде Оралхан Бөкейге еліктеп-солықтамаған жазушы, журналист кемде-кем. Бұл құбылыстың сыры неде?

Асқар АЛТАЙ: Оралхан сөздің магиясын игерген. Сондықтан оның шығармаларын оқыған кезде кез келген оқырман соған ұқсап бірдеңе жазғысы келіп, арбалып отырады. Осының әсерінен Оралханға еліктеп жазған жастар болды. Кейін, әрине, бәрі еліктеу-солықтаудан шығып кетеді, Оралхан бола алмайды. Оралхан Оралхан болып қалады. Досым Талаптан Ахметжан Оралханды басына жастап қойып оқып, шығармаларына соншама махаббатпен ғашық болып жүрді. Мысалы, «Мұң» деген шығармасының осы Оралханның қолтаңбасына ұқсайтын жері бар. Талаптан екеуіміздің әңгімемізге осындай жағдайлар арқау болған. Оралханның табиғат, өмір, дүние туралы жазған көркем, ғажап очерктері де бар (жалғасы).

Мирзоянның аруағына алғыс айтуымыз керек пе?

Жақында ғана ашылған «Оқырман сауалы» айдарына редакциямызға еліміздің әр тарапынан хат келуде. Олардың арасында аузы дуалы ел азаматтарының да хаты бар. Бүгін сол кісілердің айтар уәжін назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Құрметті профессор ініміз Омарбеков Таластың Л.Мирзоян туралы пікір-жауабымен таныстым. Газет материалына («Мирзоянның Алаш арыстарының атылуына қатысы бар ма?», 28.09.2012 ж.) жалпы ден қой­­ғанмен, Таластың ондағы: «Ал Алаш зиялыларының қудалануына Мирзоян себеп болды деген бекер сөз... тікелей қатысы жоқ» деген тұжырымын түсіне алмағанымды ғана айтпақпын.
Қай-қайсымыз да әрқашан нақты дерекке сүйенуге тиіспіз. Сондықтан мынаны оқылық: «13 июля первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л.И.Мирзоян направил в Москву на имя Сталина шифротелеграмму следующего содержания: 
«Во время съезда компартии Казахстана кандидатура председателя Казахского ЦИК тов. Кулумбетова после длительного обсуждения на пленуме съезда тайным голосованием была провалена. Основным мотивом отвода и провала был факт перехода в 1919 г. тов. Кулумбетова с оружием в руках на сторону врага (жалғасы).

Шерхан атаның шері

Қазақтың «Қызыл жебесімен» жүздесетін сәтті өзімше әдемі елестеткем. «Шерхан атаны туған күнімен құттықтай келдік... Анау да мынау...» деп стендап жазатын болғам. Қайдағы... «Түстен кейін маңырайтын ақсақ қойсыңдар! Неғылған еріккен жансыңдар! Күніне 15 журналист мазалайды. Баяғыдан қайда қалдыңдар?» деп өрекпіп тұрған көңілімізді су сепкендей өшірді. Неткен қатал әйел!

Бірақ, кілтипанның бір ұшы өзімізде... Бұқаралық ақпарат құралдарында. Расымен, тұлғаларымыз тек туылған күнінде не дүниеден қайтқан күнінде есімізге түсіп, жанығып, жаппай мақала жазып, сұхбат алып жатамыз. Сосын сап тыйыламыз... Тым болмаса бір ай бұрын қимылдасақ, бәлкім, Шерхан атамыздың Ақбілегінен /Ақбілек – Шерхан атаның жары/ мұнша ауыр сөз естімес пе едік?!

Қош, сонымен Шерхан ата отырған бөлмеге имене кірдік. Бөлменің төрт қабырғасы толы кітап... Басына бөркін киіп, қолына таяғын ұстап отыр екен жазушы.

-  Қай баласың? Қайдан жүрсің? – дейді. Жәйімді айттым.

-  Соооонааау Астанадан мен үшін келдің бе? – Иә. Сөйттім. – Мен ауырып жатқам. Басып кірдіңдер. Енді сооол Астанадан мен үшін келсеңдер, жарайды. Сұрағандарыңды айтып берейін. Бірақ менде не әңгіме қалды дейсің... (жалғасы)

ДӘУРЕН СЕРҒАЗИН: МЫНА «РЕВИЗОРМЕН» ТЕАТР АШУҒА БОЛАДЫ ДЕП ЕДІ

Қыркүйектің соңғы күндерін ала елордалық «Жастар» театры жаңа VI- маусымының шымылдығын түрді. Жуырда ғана Оралдағы фестивальден жүлделі оралған Н.Гогольдің «Ревизорымен». «Жастардың» бұл «Ревизоры» классикалық тұрпаттағы қойылымдардан әлдеқайда бөлекше. Бес жыл әр ғимаратты паналап келген театр күні кеше ғана тұрақты қоныс тепкен Оқушылар сарайының сахнасындағы  алғашқы шығармашылық қадамын осындай трагифарспен бастады.

Сахнадағы көріністен алғашқы сәтте әлдебір өзгешелік байқала қоймайды. Классикалық туынды. Классикалық қойылым күтіледі. Алайда, кейіпкерлердің киген костюмдері, сөйлеу мәнерлері, спектакльге қиюласа кіріктірілген әр заманның әндері,  Хлестаковтың қитұрқылығы бүгінгі күннің алаяқтарынан бір аусашы. Режиссер Н.Жақыпбаевтың айтуынша, ол бұл қойылымды орыстың емес, бүгінгі қазақтың проблемасына арнаған. Ғасырлар алмасып жатқанымен, адамдардың көрсеқызар әулекі қылығын, іштарлығын, үркектігін, жылпостығын ештеңе  өзгерте  алмаған (жалғасы).

Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына арналған кеш өтті

Бүгін қазақтың тұңғыш кәсіби бишісі, қазақтың музыкалық өнерінің, ұлттық биінің негізін қалаушы, алғашқы драмалық актриса, Қазақ КСР-ның халық әртісі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген әртісі, ұстаз Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына орай музыкалық кеш өтті. Кеш Ұлттық кітапхананың Өнер бөлімі жанындағы «Інжу-маржан» клубы аясында ұйымдастырылды.

Келген қонақтарға арналып кітапхана қорынан Шара Жиенқұлованың өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ биінің падишасы» атты көркемделген кітап көрмесі ұсынылды. Шара аясында ұлттық библиография бөлімінің дайындаған «Шара Жиенқұлова (1912-1991)»атты ұсыныстық библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесері өтті.

Кешке құрметті қонақтар да келді. Оның ішінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Шәрбану Құмарова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова, танымал әншілер Тамара Асар, Айгүл Иманбаева, Жанар Айжановалар мен А.Селезнев атындағы хореография училищесінің түлектері қатысты (жалғасы).

Оцените пост

5