• 6738
  • 16
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әлем тоқтаған кезде

"Реал" мен "Барселона" бір-бірімен ойнаған кезде әлем бір сәтке тоқтайды Жозе Моуриньо

Эль-Классико! Футбол тарихындағы ең қызықты кездесу. Қазан айының 7-сі күні ЛаЛиганың 7-турында кезекті "Эль-Классико" өтпек. Қызуқанды кездесуге барын салып дайындалып жүрсе де, қос клуб та оны мойындайтын емес.  Бапкерлер де, ойыншылар да ЛаЛиганың кезекті тур ойындары деп, жұртты сендіріп бағуда. Дегенмен, әлемдегі ең мықты қос клубтың ойынына дайындалмау мүмкін бе?!

Барса мен Реал бүкіл турнирді санағанда 252 рет кездесіпті. Демек, 7 қазанда 253-ойын болмақ. Кім жеңуі мүмкін? Ол - уақыт еншісінде. Осы орайда, командалардың құрамына сараптама жасап көрсек.

Чемпионат басталғанда "Реал"-дың ойыны жүрмеді. Болмайтын жерден ұпай жоғалтып, басты қарсыласы "Барсадан" 8 ұпайға қалып кетті. Әрі корольдік клубтың басты жұлдызы Роналду көңілсіз екенін мәлімдеген еді. Рас-өтірігін кім білсін, кейбір БАҚ бас бапкер Моуриньо мен Рамос арасында кикілжің туды деп хабарлады. Дегенмен, соңғы ойындарда мадридтік клуб өз қалпына толық келді деп айтуға болады. Роналду да үсті-үстіне голды топырлатып жатыр. Соңғы ойында Криштиану хет-трик жасап үлгерді. "Реалдың" құрамынан мін таба алмайсың. Қақпашы Касильяс өз деңгейінен түскен емес. Қорғаушылар Марсело, Коентрау, Пепе, Арбелоа - нағыз бабында. Тек Рамос ғана күмән тудырады. Оның орнын кез келген сәтте Варане басуға дайын. Оған қоса Альбиоль мен Карвалью да бар. Яғни, қорғаушыларда еш кемшілік жоқ. Ал, орталық алаңдағы ойыншылар бұрынғыға қарағанда анағұрлым жақсы. Хаби Алонсо, Хедира, Өзил, Ди Марияларға биыл Лука Модрич пен Эссьэн келіп қосылды. Кака болса, бұрынғы деңгейіне қайта оралып келе жатқандай. "Реалдың" ең кемшін соғатын тұсы - шабуыл. Роналду шабуылда ойнап жүрсе де, ол номиналді ортаман болып қала береді. Супер жұлдыз болғанына қарамастан, онда шабуылшылық инстинкті жоқ. Ал, Бензема мен Игуаин ортаңқол ойыншы. Бірде жақсы ойнаса, келесіде тепкен добы қиыс кетеді. Кальехон туралы жұмған аузымды ашпай-ақ қояйын. Моуриньо оны "Реалдың" сапында өз мектебінен шыққан ойыншы жоқ деген әңгімеден қашу үшін алаңға шығаратын секілді.

Маусым басталғалы "Барса" бір-ақ рет ұтылыпты. Оның өзінде Испания суперкубогінде, "Реалға" қарсы ойында есе жіберді. Әрі ЛаЛигада жүз пайыздық көрсеткішке ие. Ұзақ мерзімнен кейін жасыл алаңға "Эль Гуахо", Давид Вилья оралды. Алайда, "Барса"-ның бас ауыртар мәселесі жетерлік. Вальдес каталондық клуб сапындағы ең нашар ойнайтын футболшы. Әрдайым қателікке бой алдырып, қарсыластардың гол соғуына мүмкіндік беріп қояды. "Барселона" клубының басшыларына қақпашыны ауыстыру туралы ойлану керек. "Блаугрананың" ең кемшін түсетін тұсы - қорғаушылар. Жо-о-оқ! Дани Алвестер бабынан тайған жоқ әлі. Бас ауыртып тұрған мәселе - қос орталық қорғаушы Пике мен Пуйольдің жарақат алғаны. Соңғысы 7-8 ай бойы футболды трибунадан тамашалайды. Сол қанатта атойлап жүрген Адриану да жарақатынан айықпады. Әйтеуір, Хорди Альба сапқа қосылып, сол жақты іске қосты. Маскерана мен Сонг тәжірибелі ойыншы болса да, қорғаныста сауатты ойнай алмайды. Марк Бартраға мүмкіндік беру керек. Әлгі Фонтас, Муньеса әлі лазаретте. Ал, Монтояның тәжірибесі Алвесті ығыстырып шығуға жете қоймады. "Реалдағы" секілді "Барселонаның" орталық алаңы нағыз бабында тұр. Хави, Иньеста, Бускетс, Фабрегастар кез келген сәтте ойынға тың серпін әкеле алады. Өкінішке қарай, Тьяго тағы да жарақат алып қалды. Сірә, Мазиньоның ұлы жоғары классты ойыншы бола алмайтын секілді. Джовани дос Сантос та ағасының кебін киетіндей. Тек, Серджи Робертоның мүмкіндігі мол. Жалпы алып қарасаң, "Барселонаның" шабуылшыларының екеуінен басқасы жоғары деңгейлі емес. Месси мен Вилья бабынан таймаса, қақпашыларға әлі талай сан соқтырады. Айта кетерлік бір нәрсе, Месси инопланетян болса да, Роналдуға жетіспейтін сұрмергенге тән  инстинкт онда да жоқ.  Бұл жерде қос футболшыны төмендеткім келіп отырған жоқ. Айтқым келгені оларға Фалькао, Дрогба, ван Перси, Роналдоға тән мінез жетіспейді. Алексис тура Игуайн секілді. Ал, Педро болса, Бенземаның каталондық нұсқасы. Куенка жарақатынан айықпады. Тельо әр ойын сайын тәжірибесі артып келеді. Менің жеке пікірімше, Ла Масияның болашақ жұлдызы осы Тельо болмақ.

Құрамаға қарайтын болсақ "Реал"-дың күші басым екені айқын. Ал, психологиялық тұрғыдан "Барса" мығымдау. Өйткені олардың еншісінде артық 8 ұпай бар. Ойын "Ноу Кампта" өтетінін ескерсек, алаң иелерінің есе жіберуі екіталай. Менің ойымша тең ойын болатын секілді. Әуелі Реал гол салады, сосын Барселона есепті теңестіреді. Ойын соңына таман бір ойыншы алаңнан қуылуы мүмкін.

Енді, кішігірім статистика.

ЛаЛига ИК КЛ СК ЧЛ Барлығы Жол.
Барселона 64 15 2 4 2 87 18
Тең 31 6 4 2 3 46 9
Реал 69 10 0 6 3 88 4
Голдар
Барселона 256 63 13 17 10 360 78
Реал 266 59 8 25 13 371 35

Жүлде

ЛаЛига ИК КЛ СК ЧЛ УК КК СУ ӘЧ Бәрі
Реал 32 18 1 9 9 2 0 1 3 75
Барселона 21 26 2 10 4 3 4 4 2 76

Ескерту: ИК - Испания кубогі, КЛ - Испан лигасының кубогы, СК - Испания суперкубогі, ЧЛ- чемпиондар лигасы, УК- УЕФА кубогі, КК - кубок иелерінің кубогі, СУ - УЕФА суперкубогі, ӘЧ - клубтар арасындағы әлем чемпионаты. Менің пікірімше командалар төмендегі құраммен алаңға шығады.

P.S. Менің блогыма қонаққа келіп тұрыңыздар

Абайус Отариус abay_convict
Қазақтың қарапайым баласымын.
5 октября 2012, 15:56
2507

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Кәнвікт осы жерге де келіпті :)
Кәңбікттің жүрмейтін жері жоқ
Осы Реалда емес пе, ішкі мәселелері сыртқы шығып жатқан, бір футболист өзінің журналист әйеліне іштегі келіспеушіліктерді жайып салған..
Jets
1
0
давай барса!!!!! БАРСА!
Бұл жерде қарасақ барса басымдау себебі состав:вр вальдес , лз альба , цз пике , цз маскерано , пз алвес , оп бускетс , цп фабрегас , цп хави , лн вилья , цн месси , пн иньеста енді қарайық барса үшін ең керегі хави-иньеста-мессидің алаңда бірге жүруі .
Реал жыртады, айырады!!!
рЕал төрешінің арқасында жеңіске жетті
Барса бро, реал не бро
Ювентус алға! :)

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Мой дом – не гостиница. Я не останавливаюсь у своей родни, потому что знаю, что это такое

Наступил долгожданный момент и мы смогли заселиться в собственную квартиру. А потом началось... Все знакомые, родственники, даже коллеги и соседи родителей вспомнили о нашем существовании.
Idealovnet
14 окт. 2017 / 20:38
  • 8406
  • 78
Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Работа на EXPO. «Улыбайтесь, вы – лица Казахстана»

Продление перерывов, втыки от менеджеров, борьба за стенды, кучкования, как мы друг-друга прикрывали, защищали от гостей. Все эти события доставляли радость, и каждый день на работу я приходила...
madiNAtty
14 окт. 2017 / 22:34
  • 5829
  • 22
«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

«Bank RBK» банкрот? Почему мы не можем распоряжаться собственными же деньгами?!

Мы не можем выдать зарплату, оплатить по счетам или как-то иначе распорядиться нашими же деньгами! У физ.лиц, насколько мне известно, ситуация не лучше - при нас люди не могли снять свои деньги с депозитов.
daniyar4422017
13 окт. 2017 / 15:46
  • 3246
  • 12
«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

«Что дали задом?» Родительский чат в WhatsApp покорил Интернет

Чат дагестанских родителей в WhatsApp стал популярным в Интернете. Кто-то записал общение родителей в мессенджере и после опубликовал в Твиттере.
tala03
12 окт. 2017 / 15:10
  • 3249
  • 12
Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

Я четко помню тот день, когда мне позвонили друзья и сообщили: «Она выходит замуж»

У нас была особенная атмосфера, мы постоянно были вместе, читали треки, летом часто поднимались в горы. Гуляли пешком по ночному городу, иногда до утра. Снимали хату и представляли совместную жизнь...
Dominator-kz
14 окт. 2017 / 22:29
Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Актогайский горно-обогатительный комплекс – брат-близнец Бозшаколя

Рядом с посёлком Актогай в ВКО расположено одно из крупнейших в мире неосвоенных медных месторождений. В октябре Актогайская обогатительная фабрика вышла на проектную мощность.
theYakov
12 окт. 2017 / 10:47
  • 3162
  • 23
Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Отчего в Казахстане предвзятое отношение к отечественному продукту?

Вы когда-нибудь пользовались казахстанской косметикой? Я тоже нет, поэтому сразу же откликнулась на приглашение своего фейсбук-френда протестировать отечественные крема… из Степногорска.
Shimanskaya
16 окт. 2017 / 11:32
  • 2461
  • 29
Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Когда почти все уехали в «А-города», стоит ли жить в Шымкенте?

Город имеет особую ауру - очень густая энергетика, думаю, это от того, что он со всех сторон окружен "местами силы". Шымкент напоминает мне старенького доброго мудрого дедушку-аксакала.
Bonittta
13 окт. 2017 / 15:15
«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

«На пути к успеху всей семьей»: как супруга Кайрата Нуртаса наконец вышла в свет

Зачастую казахские селебрити выходя в свет, привлекают внимание и обьективы камер только к своей персоне, оставляя свои вторые половинки в тени неизвестности.
gulshat87
13 окт. 2017 / 17:56
  • 1859
  • 6