Тікелей эфир

Әдеби талғам

Жазушылар үшін алдыңғы толқынның еңбектері — заманауи тарих десек те болады, ал сүйікті автор көп ретте замандасы немесе жақын досы ретінде қабылданады. Бүгінгі материалда XX ғасыр қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі Оралхан Бөкей, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, эссеист, көрнекті аудармашы Иосиф Бродский сияқты тұлғалардың сүйікті авторлары мен кітаптарының тізімін оқырмандар назарына ұсынбақпыз.


Эрнест Хемингуэй

Эрнест Хемингуэй (1899–1961) «өз қабілетіңді толықтай түсінудің жалғыз жолы — бұрынғы заман жазушыларымен жарысу» деп білген. Дүниежүзілік соғыстар кезінде Парижде ағылшын тіліне аударылған барлық орыс классиктерінің туындыларын оқып шыққан Хэмингуэй американдық жазушылардың ең мықтысы деп Марк Твенді санаған.

«Сен өзің тауып алған жаңа әлемде өмір сүрдің... Ғажап әлем, оны саған орыс жазушылары сыйлайтын. Басында орыс еді, одан кейін өзге жазушылар. Бірақ ұзақ уақытқа дейін тек орыс жазушылары болатын».

Марк Твен, «Гекльберри Финның басынан кешкендері»
Лев Толстой, «Соғыс және бейбітшілік»
Иван Тургенев, «Аңшының жазбалары»

Сергей Довлатов

Сергей Довлатовқа (1941–1990) орыс әдебиетінің тәрбиелік және сәуегейлік міндеті ешқашан жанына жақын болмаған. Өйткені ол әдебиетті және өзінің әдебиеттегі орнына басқа көзқараспен қараған. Яғни, ол өзін қарабайыр дүниелерді әңгімелеуші ретінде ғана көрген. Қарабайыр дүниені шебер жеткізу — оқырманның күнделікті зымырап өтіп жатқан мағынасыз өміріне бір жарық сәуле түсірумен бірдей деп білген. Ал орыс әдебиетінен ең жақын, әрі оқырманға бір нәрсені үйрету емес, суреттеуге деген құштарлығы үшін Чеховты ерекше бағалаған.

«Толстойдың ақылгөйліне құрмет көрсетуге болады. Пушкиннің көркемділігіне таңқалуға болады. Достоевскидің адамгершілік ізденістерін бағалауға болады. Гогольді юморы үшін... Тағы басқа нәрселер көп. Алайда, тек қана Чеховқа ұқсағым келеді».

Антон Чехов, повестер мен әңгімелер
Александр Пушкин, «Капитан қызы»
Уильям Фолкнер, «Ұрлықшылар»

Оралхан Бөкей

Оралхан Бөкей (1943-1993) бір естеліктерінде «Неге екені белгісіз, көркем шығарма оқуға бала жастан бері зауқым жоқ. Әлемдегі мақтаулы әдебиеттің айдарынан жел ескен шоқ туындыларын жұтынып-ақ қолға аламын, амал қайсы, қызықтырмайды. Бәрі баяғыдан белгілі дүние сияқты таңқалдырған емес. Содан соң өзінше ой айтқан тұстарын шолып, аттап-бұттап, парақтай бастаймын. Ал, керісінше, танымдық әдебиеттер көп тартады» деп жазған екен.

Десе де, оның да сүйікті жазушысы болған екен. Ол — Бейімбет Майлин. Тіпті «Шұғаның белгісін» сахна үстінде жатқа айтқан кезі Сәкен Иманасовтың естеліктерінде кездеседі: «Оралхан сахнада тіпті шоқтығы биіктеп, кесек адымдап, кемеліне келе түседі екен. Жақтауға таяп барды да:

— Бейімбет Майлин, "Шұғаның белгісі" деп хабарлады.

Сөйтті де, мен бұрын естіп көрмеген бөлек бір діріл, басқаша бір мейірлі мәнермен Бейімбет шығармасын зуылдатып жатқа айта жөнелді.

Зал іші сілтідей тынып қалған. Кейде бір орында тұрып, кейде жүре түсіп, тоқтай бере дауысын баяулатып келіп: "Әй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!" — деп үзілдіре аяқтағанда, шын мәніндегі сүйсініспен ду қол шапалақтау басталды.

Кейін оңашада мен де мақтай қошемет білдіргенде, Оралхан: "О, біз деген әртістің де оқуын оқып, бола алмай қалдық қой, әйтпесе!"- деп бітірген сөзін».

Бейімбет Майлин, «Шұғаның белгісі»

Иосиф Бродский

Иосиф Бродский (1940–1996) өмірінің ең басты авторымен бетпе-бет таныс болған. Ол КСРО-дан депортацияланғаннан кейін бірінші кезекте сүйікті авторы Уистен Оденмен кездескен. Бірақ, шыны керек, ол кезде Оден қартайып, әрі ішімдікке салынып кеткен болатын, ал Бродский болса оның ағылшын тілінде айтқандарының бірін түсінсе, бірін түсінбейтін де. Бірақ не дегенімен бұл кездесу ақынның өміріне әсер етпей қоймады, өйткені Оден ол туралы бірнеше мақтау мақалаларын жазып, өзінің Англиядағы достарымен байланыстырған. Оден Бродский үшін замандасынан да өзге еді, ол оның табынушысы болған.

«Кітап дәл осы Оденнің "У.Б.Йейтс туралы естелік" атты шығармасы жазылған бетте ашылып қалғандығы, шындығында да, кездейсоқтық еді». Кішкентай үйшіктің иллюминатордай ғана төртбұрышты терезесінен балшыққа, кедір-бұдыр жолда жүрген тауықтарға қарап, өзімнің жаңа ғана оқып шыққан туындыма жартылай сеніп, жартылай күмәнданып, тіл білімім менімен қалжындасып отырған жоқ па деп те ойландым... Мүмкін, жай 1939 жылы ақынның «Уақыт...тілге сыйынады» дегеніне сенгім келмеген шығар. Бірақ әлем әлі күнге дейін сол қалпы".

Уистен Оден, өлеңдер

Константинос Кавафис, өлеңдер

Чеслав Милош, өлеңдер

 

Материал "Теория мен практика" мақаласы желісімен дайындалған

© Екпін

Алия Arsik
12 қараша 2012, 7:01
3484

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 10288
  • 100
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
25 мая 2017 / 22:56
  • 10099
  • 24
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9472
  • 32
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 7625
  • 12
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
вчера / 13:45
  • 6679
  • 32
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4948
  • 32
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3642
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Аблязов загробным голосом декларирует «ДВК-2». Монолог обиженного человека

Последний монолог Аблязова о «продолжении борьбы с режимом» и «ДВК-2», при всём желании, не выглядел как какой-то политический манифест.
openqazaqstan
25 мая 2017 / 13:53
  • 2900
  • 60