Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:57, 03 октября 2012

Электронды сот төрелігі: ол қандай?

 

03.10.12.
Blog post image
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров пен Жоғарғы соттың судьясы Рахымбек Мамырбаев сондай-ақ, Жоғарғы сот хатшылығы басшысының орынбасары Леонид Недзвецкий Минскіде өткен судьялар қауымдастығының II халықаралық форумына қатысты. Бұл туралы Жоғары соттың жұртшылықпен және БАҚ-пен өзара байланыс бөлімі қызметі хабарлады.

«Сот төрелігінің тиімділігі мен сапасы: жаңа технологиялар мен әдістер» деген атпен өткен бұл форумда жаңа технологиялардың сот төрелігін жүргізуге тигізетін ықпалы және сот жүйесінің судьялар мен соттарды мамандандыру бағытындағы даму мәселелері талқыланды.
Форумның алғашқы күні экономика саласындағы дауларды қарайтын Жоғарғы төрелік, шаруашылық, экономикалық және басқа да соттар төрағаларының кезекті кеңесінің отырысы, сондай-ақ «Сот актілерінің орындалу тиімділігін көтерудегі ұлттық тәсілдер» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өтті.
Кеңесте Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасы Бектас Бекназаров «Трансшекаралық экономикалық дауларды шешу барысында бейнеконференцбайланысты пайдаланудың құқықтық мәні» тақырыбында баяндама оқыды.
Қазақстан судьялары корпусы­ның басшысы өз баяндамасында ақпарат­тық және коммуникациялық техноло­гиялардың дауларды шешу мен құқық қорғау саласындағы маңыздылығын, сондай-ақ халықаралық құқықтық ақпараттандыру жүйесін дамыту және оған әр адам мен баршаның қолы жетуін қамтамасыз ету үшін одақтасу қажет екендігін сөз етті.
- Соңғы жылдар ішінде бірқатар елдердің сот төрелігін жүзеге асырушы органдары азаматтар мен ұжымдардың құқығын қорғау тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында дыбыс жазбалар, телефон және бейнеконференцбайланысын және жаһандық ақпараттық интернет желісі мүмкіндіктерін пайдалана бастады. Қазақстанда бүгінгі күні бұл бағытта көп жұмыс жүзеге асты. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың қорына «Электрондық сот төрелігі» жүйесі енгізілді. Қазақстандықтар осы жүйе арқылы сотқа өз талаптарын электрондық тәртіппен бере алады, сот хаттамасына ескерту айту мүмкіндігіне ие болып, сот хаттамасының электрон­дық нұсқасын беру туралы өтініштерін жібере алады. Бүгінде кез келген адам, үйінен шықпай-ақ немесе жұмыс үстелінен ұзамастан интернет желісі арқылы сот актісімен танысып, оның тұжырымы мен негіздемесін анықтай алады. Барлық сот актілерін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ресми интернет-қорынан табуға болады. Бейнеконференцбайланыс сотталу­шыны сот процесіне алып келгізбей-ақ сот процестерін өткізуді және де өзге аймақтарда тұратын іске қатысы бар куәлардан еш кедергісіз жауап алуды қамтамасыз етеді. Бейнебайланыс Жоғарғы соттың жалпы отырысын, республикалық жиналыстар мен мәслихаттар өткізу барысында кеңінен қолданылып, бұл шараларға барша судьялар мен сот қызметкерлерінің бір уақытта қатысуын қамтамасыз етеді. Жоғарғы сот осы бейнеконференц­байланыс арқылы жергілікті соттардың судьялары мен сот қызметкерлерін қашықтықтан оқыту және Жоғарғы сот төрағасының азаматтарды қабылдауын жүзеге асыруда. Бұл апелляциялық және кассациялық сот сатылары кейбір аудандардан жүздеген шақырым қашықтықта орналасқан Қазақстан соттары үшін өте маңызды, - деп атап көрсетті Б.Бекназаров.
Кеңес отырысының барысында экономикалық және азаматтық істер бойынша Еуразиялық заң желісін құру мәселесі қаралды, сондай-ақ төрағалар кеңесінің 10 жылдық қызметі есебінің жобасы талқыланып, бекітілді.
Сонымен қатар «Сот төрелігінің тиімділігі мен сапасы: жаңа техно­ло­гиялар мен әдістер» деп аталатын ха­лықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Жоғарғы соттың төр­ағасы Бектас Бекназаров «Қазақстанда электронды сот төрелігін қолданудың маңызды мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, елімізде «электронды сот төрелігі» жүйесін енгізу мен дамыту жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттарын сөз етті.
Бүгінгі күні Қазақстан Республи­касының Жоғарғы сотында сот іс жүргізуіне қатысушыларды мерзімін­де хабардар ету мақсатында электрон­дық ескертпелер; сот органдарының құзырына кіретін сауалдар бойын­ша азаматтардың ауызша (телефон арқы­лы) өтініштерін қабылдап- өңдеуге арнал­ған бағдарламалық-аппараттық кешені (сот органдарының байланыс орталы­ғы); сот құжаттарын ұзақ және сенімді сақтау, сот қызметкерлері мен судьялардың құжаттармен кідіріссіз танысуы үшін сот отырыстарының дыбыс және бейне жазбаларын, мәтін құжаттарына электронды мұрағаттандыру және құқықтық маңызы бар сот құжаттарының электрондық көшірмелерін жасау мәселелері қарастырылуда. Сондай-ақ республика соттарына «электронды бақылау өндірісі» (ЭБӨ) деп аталатын жоба енгізілуде, яғни соттардың ресми сайты арқылы сот процесіне қатысушылар іс жүргізу құжатының жүргізілуі туралы барлық ақпаратты ала алады.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 
0
965
0