• 93188
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Өлең оятатын ақын

 
03.10.12.

Тұманбай Молдағалиев!
Қазақ өлеңінің өрен жүйрігі. Сонау студент кезінде, университеттегі оқуын бітірмей жатып тұңғыш кітабының тұсауы кесілген жас ақын. Ол қазақ поэзиясының қара шаңырағын думанды жас дәуреннің сырлы жырынан шашу шашып аттаған арынды ақын. Қазақ өлеңіне тұмадай тұнық, қызғалдақтай хош иісті, жасындай жарқылдаған жырларымен жаңалық ала келген дарынды ақын.

Ғашық жүректің лүпілін, сүйіспеншіліктің мөлдір сезімін өлеңдерінде өзгеше өрнектеген жаңашыл ақын. Ғұмыр бойы жалаулы да алаулы жастық шақтың жыршысы болған ақынның көңілі көктем, жаны жайсаң болатын. Тұманбай ақынның айшуақ жырлары оқырмандарының жүрегін жылытып, ойлантып, толғантып, пәк сезімнің шуағына шомылдырып, самалымен сергітіп, серпілтіп келе жатқаны ақиқат. Барша қазақ оның сөздеріне арнап жазылған әуезді әндерді шырқап жүр, тыңдап жүр. Өзі де, сөзі де жалпақ елдің аузында жүрген ақында не арман болсын! Бақытын талантынан тапқан ақынның тағдыры тәлімді, өмірі өнегелі.
Міне, осындай атақ-даңқы жалпақ елге жайылған ғажайып ақынмен таныс-біліс қана емес, ағайындай аралас, сыйлас болу керемет тағдыр сыйы ғой. Өзім осылай ойлаймын.
Тұмағаңды талайдан, алыс ауыл мекте­бін­дегі шәкірт кезімнен білемін. Өзін көр­месем де, өлеңдерімен таныс болатынмын. Оныншы сыныпта оқып жүргенмін. «Ле­ниншіл жас» газетін жаздырып алып, үзбей оқитын баламын. Күз айы. Бір күні газетке Тұманбай ақынның бір топ өлеңдері жария­ланыпты. Оқып шықтым. Махаббат жыр­лары жүрегіме қона кетті. Интернатта бірге жататын балалар да оқысын деген оймен әлгі газеттегі өлеңдерді қиып алып, қабыр­ғаға іліп қояйын. Жатақханаға жағдайы­мызды білмекке кештете келген физика пә­нінің мұғалімі, сынып жетекшісі әлгі өлеңдерді оқып шығып, табан астында ту­лап шыға келгені. Келесі күні жиналыс ашып, жастарыңа қарамай махаббат жай­ындағы өлеңдерді оқып, ойларың бұзылған екен деген желеумен жер-жебірімізге жетіп ұрсып, соңынан ауызша сөгіс жариялады.
Содан 1959 жылы салып ұрып Алматыға жеттім. Арманым - Қазақ университетіне оқуға түсіп, ақын болу. Ақындықтың Алла берген қасиет-таланттың же­мі­сі екенін қайдан білейін... Еңбек өтілім бол­мауы себепті оқудан қағылдым, алайда жо­лым бо­лып, «Лениншіл жастың» киелі табал­дыры­ғын аттағанмын. Ара-тұра азды-көп өлеңдерім жариялана бастаған. Бір күні редакцияға соққан Тұманбай ақын әдебиет бөлімінің қызметкері, ақын Бекен Әбдіра­за­қов көкеме сол күнгі газетте жарияланған өлеңдерімді оқығанын, ұнағанын, кім еке­нім­ді сұрапты. Соны естіп, есім шыға қуан­дым. Алайда атақты ақынның алдына ба­рып танысып, рақмет айтуға жүрегім дауа­­лаған жоқ. Одан әскерге алындым. Қайтып оралған соң, ұзамай үйленген едім. Қалыңдығым шет тілдер институтын біті­ріпті. Тұмаңның келіншегі Күлтәйдің бірге оқыған құрбысы екен. Соның арқасында Тұмағаңмен араласып, туыстай болып кет­тім. Бір кездері алдына баруға қорқып жүр­сем, енді үйіне қонақ болатын дәрежеге жеттім.
Тұмағаң Күлтәй мен Тыныштықтың құр­былығын айтып, мені «бажам» деп әзіл­дейтін. Атақты ақынның кішіпейілдігі, қа­рапайымдылығы, кісілігі мені таң-та­маша қалдыратын. Кездескен сайын жылы амандық-саулық сұрап, жағдайымды біліп, оңаша қалғанда жаңа өлеңдерін оқып беретін. Үш жыл әскерде жүріп, жыр жазуға жағдай келмей, қарайыңқырап қалған маған қара мақала жазғаныңа мәз болмай, өлеңдеріңді қолға ал деп кеңес беріп, жана­шырлық жасайтын. Алғашқы жыр жинағым жарыққа шыққанда қолымды қысып, құтты болсын деген тілегін айт­қан.
Ақын ағамен сол сыйластығымыз жара­сым тауып, жалғаса берді. 1974 жылдың соңғы желтоқсан айында Тұмағаң қоныс аударып, жаңа үйге көшті. Бір күні маған телефон соғып, жаңа жылды бірге қарсы алайық әрі қоныстойды атап өтейік, Ты­ныштық екеуің міндетті түрде келетін бо­лың­дар деп тапсырды. Бардық. Қарсы алып, құрметтеп күтті. Шарап ішілді, өлең оқылды, әңгімеміз жарасып, ұзақ таңды ұйқысыз атырдық. Тіпті, түн ортасында Тұмағаң екеуміз далаға шығып, көше ара­лап сейіл-серуендеп қайтқаным да күні ке­шегідей есімде.
Ақпейіл, ақкөңіл ақын ағам мені туған інісіндей көріп кеткені ғажап-ақ. Ауылдасы, ағайыны болсам бір сәрі, қияндағы Қоста­най өңірінен келген, қызметі де, шығар­ма­шылығы да қатардағы ғана мені соншама жақын тартып, алаңсыз араласқаны Тұма­ғаң­ның жақсыны жат көрмейтін адал аза­маттығы деп білемін.
Тұмағаң мені өзінің мерейтойы, шығар­машылық кештерінен қалыс қалдырған емес. Қыздарын ұзатып, жалғыз ұлы Дәу­рен­ді үйлендірген тойларында да төрден орын тиді. Тіпті, Жазира қарындасымызды ұзатқанда, өзінің жетпіс жасына орай жайылған дастарқанда маған тамада болуды тапсырған. Бұл да болса, Тұмағаңның қара­пайымдылығының белгісі. Ол өзін асыра мақ­тап, ретсіз көтермелеп сөйлеуді жарат­пайтын. Қатарындай қалжыңдасып, ойнап-күліп көңілді отыруды қалайтын. Ауылы жақын әрі кісі жатырқамайтын болған­дықтан болар, қашан барсаң да үйі қонақтан босамайтын. Тұмағаң інілерін де қадірлей білетін. Әйтсе де, үйіне ақын-жазушылардан гөрі, жай адамдар үйір еді. Олардың көп­шілігі балаларын оқуға түсіруге, қызметін өсіруге иә жұмысқа орналасуға көмек сұрай келетініне талай рет куә болдым. Алды кең, жақсылық жасағысы келіп тұратын мейір­бан мінезін білетін таныс-бейтаныс адамдар көп болатын. Аға қолынан келсе аянбайтын. Атағы зор ақынның сөзін жықпайтын лауа­зымды қызметтегі азаматтардың алдына қаймана қазақтың аманатын айтып баруға Тұмағаң әсте тартынбайтын. Жұрт оның сол қасиетін қадірлеп, өтініштері орындал­май қалса да өкпелемейтін. Бәрі де жаны жомарт, жүрегі жылы, аңқылдаған ақпейіл адамгершілігіне бас иетін.
Ұзақ жылдар қатар жүріп, талай рет сапарлас та болдық. Тұмағаң өзінің кіндік қаны тамған туған ауылына да қыдыртып апарды. Алматы облысын аралап, кездесу кештерін өткізгенде де қасына ертті. Оң­түстік өңіріне де жолымыз түсті. Сондай сәттерде де атақты ақындық дәрежесін бұл­дап, өркөкіректеніп, теріс қылық, жа­ман мінез көрсеткен емес. Қайда барса да, қай ортада отырса да ашылып әңгіме айтып, сыр ашып, көңілді жүретін, қара­пайым­дылық қалпынан айырылмайтын.
Мен білетін Тұмағаңның асқақ адамгер­шілік қасиеті ғажап ақындығына сай бола­тын. Жүрегі жырдан жаралған жылпоз ақын ағыл-тегіл өлең жазды. Жырлары баспасөз беттерінде жиі-жиі жарияланатын, кітап­тары кейде жыл сайын, кейде жыл аралатып шығып жататын. Ақындығы көркемдігімен, сыршылдығымен, шыншылдығымен кім-кімді де қайран қалдыратын. Бір керемет қасиеті, Тұмағаң өзі сияқты жандары таза адамдарға өлердей ғашық еді. Оларға өлең арнайтын. Сол үшін қайсыбір солақай сын­шылар, сезімсіз әріптестері сынап-мінеп қоятынын білеміз. Олары, әрине, түбірімен қате пікір. Тұмағаңның арнау өлеңдері поэ­тикалық портреттер. Прозада да кейіпкерлер образы сомдалады емес пе. Сол сияқты поэзияда ақын өзі жақсы білетін адамдардың қадір-қасиетін сипаттап, өлең кестелесе оның несі мін, несі айып?! Өлең кейіпкерінің ішкі жан дүниесін ашып көрсету арқылы, адамдардың асыл қасиетін, мінезін мүсін­деген ақын өмірлерінен өнеге алатын об­раз­дар жүйесін жасақтаса оған шын көңіл­ден, жүрек жарыла қуану қажет. Ақын мақса­ты осы.
Шалқар шабытының, дарқан дарын­дылығының арқасында қазақтың ұлттық поэзиясының көркемдігін көкке көтеріп, әлемдік деңгейге жеткізген жасампаз ақын Тұмағаңның өзі жоқ болса да, өнері - өлеңінің өмірі жалғаса беретіні күмәнсіз. Ақынның ақперен жырлары жөнінде жо­сыл­та жазып, талдап, таразылап көп әңгі­ме­нің басын қайыруға да болар еді. Алайда ол естелік жазбаның табиғатымен табысып, үндесіп, үйлеспейтінін білеміз. Оның бер жағында ақынның алпысқа толған мерей­тойы қарсаңында бейнелеп айтсақ, көлемі көлдей, мазмұны мәнді, сындарлы сын ма­қала - әдеби-поэтикалық портретін түзген­біз. Оған қатты риза болған ақын аға түнгі сағат 3-те телефон соғып, алғысын көзі тірі­сін­де өзі айтқан. «Түсініп, талдап, ағың­нан жарылып жазғаныңды оқып, көзіме жас алдым» деген сөзі де құлағымда. Сон­дық­танда Тұмағаңның - қайтыс бола­рының алдында теледидардағы сұқба­тында өзі айтқандай, өлең оятатын ақын жырының қыры мен сыры туралы әзірге арнайы әң­гіме қозғамай, оны біздің де, басқалардың да алдағы күндер атқаратын борышы сана­тына қосып, сөзімізді аяқтамақшымыз. Әзіз адам, аруақты ақын Тұмағаңның аруағы көзін көрген, сыйласқан адамдарды желеп-жебей бергей!..

Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

 
 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
3 октября 2012, 17:53
985

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
вчера / 15:48
  • 2711
  • 10
Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Почему депутат Божко хочет ограничить приток сельской молодёжи в города?

Вице-спикер Мажилиса Владимир Божко остановился на некоторых деталях известного конфликта в Астане возле строящегося «Абу Даби Плаза», затронув проблему «многочисленной сельской молодёжи»...
openqazaqstan
19 сент. 2017 / 13:16
  • 2501
  • 64
«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

«Моя депрессия длилась больше двух лет». История о том, как я была готова сдаться

По данным статистики 2017 года Казахстан занимает 4 место по самоубийствам. Говорить об этом - социальное табу. Мы игнорируем разговоры о депрессиях. Потому что нам страшно.
goribaldi
18 сент. 2017 / 15:45
  • 2426
  • 81
«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

«Папина принцесса» или «обезьяна с гранатой»? Случай в бассейне

Мужчины спокойно подчиняются логичным правилам, большинство женщин пытаются выторговать себе особые условия. Я убеждалась в этом много раз.
ValentinaVladimirska
18 сент. 2017 / 14:25
  • 1958
  • 34
Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Лайфхаки для путешественников. Как я не заплатила ни цента за проживание в Испании

Бесплатное проживание и завтрак в Испании, как прокачать иностранный язык и где поймать бесплатные ништяки в Европе. Если вы backpacker, который пересекает границу разных стран каждую неделю -...
dianaobyrne
18 сент. 2017 / 12:16
  • 2478
  • 1
Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Бой Головкина и Альвареса завершился ничьей

Канело согласен на реванш, что неудивительно, Гена тоже "за". Все это было немного ожидаемо - эксперты отмечали, что промоутеры надавят на поединок, и захотят растянуть его на трилогию.
Trequartista
17 сент. 2017 / 0:15
  • 2291
  • 17
Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Мой опыт вегетарианства: «Я ела овощи, и сама стала как овощ»

Три года назад начитавшись-наслушавшись кое-каких знаменитых людей, я решила завязать  с абсолютно любым мясом. Как же возмущались все мои близкие, это надо было видеть, но я была непреклонна.
Bonittta
18 сент. 2017 / 14:33
  • 1809
  • 30
Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Путешественник был шокирован полицейским беспределом в Казахстане

Полицейский беспредел в Казахстане осудил российский блогер и путешественник Евгений Золотухин. На своей странице он рассказал, как встретился с казахстанскими полицейскими, и как они оставили не...
tala03
18 сент. 2017 / 16:58
  • 1569
  • 13
Одним уникальным садом в столице станет больше – Корейский сад в Астане

Одним уникальным садом в столице станет больше – Корейский сад в Астане

27 сентября откроет свои двери уникальное место в Астане –  Корейский сад. Подобных общедоступных мест нет в Астане. Это видно по дизайну парка, который был разработан в Южной Корее.
iamYerlan
18 сент. 2017 / 0:51
  • 1671
  • 7