Төстік батыр мен Жөндік би туралы лингвистикалық ертегі

janashr October 2, 2012
2780
0
6
0

 Ертегі деген қиал,  Қиалдан өнер туар Ерте,ерте ертеде,ежелгі қазақ жерінде,Еділ мен Ертіс енінде,бейбіт өмір жайлаған бір ел болыпты. Онда ел басқарған екі дана – Төстік батыр мен Жөдік би атты...

Ертегі деген қиал,
Қиалдан өнер туар

Ерте, ерте ертеде, ежелгі қазақ жерінде, Еділ мен Ертіс енінде, бейбіт өмір жайлаған бір ел болыпты. Онда ел басқарған екі дана – Төстік батыр мен Жөдік би атты ағайынды екеуінің өз елінде орнатқан тұрақты, әдепті тәртібі, ондағы жарасымды әлеуметтік өмір, әділ билікті бүкіл халық құлшына қолдайды екен.

   Күндердің күнінде көршілес отырған ел өз ішінен бүлініп,өз-ара қырқысып, елдің берекесі кетеді,босқындар көрші елдерге шұбырады. Әбден жүдеген жұрттан Төстік батыр мен Жөндік биге елшілер келіп, ол елге де әділ билік орнатып беруді сұрайды. Төстік пен Жөндік хан сарайы маңындағы жағымпаз елпектерге ел билігін сеніп тапсырып, өздері көрші елге қырық күншілік шолден өтіп айлап жүріп ат арытып жетеді. Бірі асқан батыр, енді бірі дана би,ағайынды екеуі бұл елде де белдескендермен белдесіп, даукестерін сөзбен.ақылмен жеңіп,қианатшылдарды қысталап, жәбір көргендерін жебелеп, кетіскендерін өз-ара келістіріп, жаман әдеттерінен арылтып мұнда да әділетті бейбіт өмір тәртібін орнатыпты.

   Жаман әдеттерінің бірі мынадай екен. Бір үйден өлік шықса,ол үйдің от басын,ошақ қасын,бала-шағасымен қоса жұрдай ғып тонап,мал-мүлкін тонап,қатын-қыздарына дейін бөлісіп алады екен. Көбінесе талас-тартыс,ұрыс-керіс, төбелес осындайдан басталады екен. Жөндік би бұларың қалай деп сұрастырса «әдетіміз осылай» дегеннен басқа жарытымды,көкейге қонымды ештеңе біле алмайды, Бұл тағылық жаман әдетті қойдыру үшін Жөндік би барлық нөкерлерді жинап, мұндай жаман әдеттің адамгершілікке, мәдениеттілікке симайтынын түсіндіріп, ойландырып, бұдан былай ондай рәсім қалай атқарылу керек екенін жариалап, елдің ол шеті мен бұл шетіне дейін шабармандарды, үгіт-насихат топтарын жібереді. Ақыры бұрынғы жаман әдеттерін қойдырады. Жөндік бидің осындай әділетті,мәдениетті көздеген уағыздарын түсіне бастаған халық «әдет - әдет емес,жөн әдет» деп мақұлдап мақалдайтын болыпты.

   Төстік батыр мен Жөндік би, ағайынды екеуі өз елін сағынып,жиі әңгімелесіп еске алып отырады екен. Күндердің бір күнінде Жөндік би ағасына келіп былай дейді:

               Бүгін мен бір түс көрдім,
               Түсімде жаман іс көрдім.
               Біздің қыздар басында
               Сәукеле емес пұт көрдім! –дейді

Бұл түсті екеуі жақсылықтың нышаны емес деп жорып, Төстік батыр Жөндік би інісін дереу елге аттандырыпты. Жөндік би қырық күндік шөлден өтіп айлап жүріп,ат арытып елге жетіп,ел шетіне жеткеннен көргені сұмдық. Ауыл шетіндегі арық қойлар табыны жайылуды қойып,топтпсып,бас түйістіріп құққ-құқ,қыққ-қық,құқыққ-қықыққ деп жөтелгені ме,адамдарға еліктегені ме,әйтеуір көмекейлерін жыртып қырқылдайды. Ауылға келсе, әтештер бұрынғыдай шырқатып ән сала алмайды: құққ-қықыққ, қыққ-құққ деп қырқылдайды. Тауықтар тырым-трақай қашып құққ-көтөк, қыққ-көтөк деп шуласады, бірақ өздері де шатасып, балапандарын бұрынғыдай «қыт-қыт» деп емес, «құқыққ-қықыққ-қыққ» деп шақырады, ал балапандары оны түсінбейді,жүгіріп келмейді. Ауыл ортасына келгенде бір үйдің алдына бұдан да сорақыны көреді. Бір адам білегін сыбанып алып,баланың көмекейіне қолын жүгіртіп жатыр. «Мұның не,не болды?» деп сұраса,әкесі былай дейді: балам қоққ-хоққұқ, хухх-қоқыққ-қыққ дегеннен басқа ештеңе дей ме, әйтеуір көмекейіне бірдеңе қадалып тұрып қалған сияқты, соны алып тастайын деп едім дейді.

    Жөндік би өз сарайына келсе, төрде Х Kоххистоннан келдім деп біреу отыр, «Мен сендерге құқыққтықты үйретемін» деп жер тепкілейді. Оған мойынсұнған кешегі өзін сыйлайтын қызметшілері «Сен кет, құқықтық барда,Жөндік,сенің керегің жоқ « деп бәрі төмен қарайды. Қуып жібереді,енді келме дейді. Бірақ қалың елі ұмыта қоймапты, әлі де болса көздеріне жас алып:

                Жөндік жоқта құқықтық,
                Шыға келер ортаға – деп

жырлап, күрсінетін көрінеді. Ал Жөндік рухы әлі де болса туған жерін шарлап кезіп жүр деп сезінеді халқы.

                                       х х х х х х х х х х х

 Ертегі өтірік дейді,бірақ ол шындыққа меңзейді. Ал шындық сол «құқықтық» және «жөндік» сөздерінің мәндерінде жатыр. Айтуға да естуге де дөрекілеу,ыңғайсыздау осы сөзге қынжылған пікірлерді, естігендер,баспасөз беттерінен көргендебар шығар. Советтік заманда «право» деп орыс сөзін қолданып кеп,одан жалт бергенде «құқықтық шыға келді ортаға». Осы сөздің өзі қайдан келді, кімнің аспанынан «аяғы салбврап жерге түсті»?, оны қазбалап қарасақ,мұның тәжік сөзі екенін «Русско-таджикский словарь»-дан табамыз. Бізде, тегі, ондай ұғым да сөз де болмаған ғой?! Егер ондай ұғым болса, оған сәйкес сөз де болу керек еді ғой. Тегі, біздің байғұс халық екеуінен де жұрдай, жұтаң тіл, таяз ойлы халық қой?! Жоқ,мұнымен келісуге де,бұған шыдауға да болмайды! Егер біздің халықта ертеректен «террор», «проститутка» деген ұғым да сөз де болмаған десе, біз оған шамданбайық, егер ол сөздерге тәжік тілі бай десе, олардан біз ауысып алайық. Ал бізде «право» деген ұғым да сөз де болмаған дегендерге көнуге болмайды. Ондай сөз де,ұғым да қазақта ежелден бар. Ертегі соған меңзейді. Енді соны талдап көрейік, ол үшін әзірше баяғыдай орыстың «право» сөзін қолдана отырып талдайық. Ол дегеніміз, былайша айтқанда, әлеуметтік өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатнастардың тәртібі ғой. Көне заманда ондай тәртіп тұрмыс-салт, әдет-ғұрыппен жарастырылып отырса, кейіннен,дами келе мемлекеттік заң актлерімен реттелетін болған. Бұл барлық халықтарға тән үрдіс, бәрі де дамудың осындай жолын жүріп өткен. Жоқ, қазақта ондай түрмыс-салт, әдет-ғұрып тәртібі де сөзі де болмаған деп кім айта алады?! Халықтың бұрыннан нені ЖӨН, нені ЖӨНСІЗДІК дегенін билер өз басшылығына алуға тиіс болған. Қай халықты алсақ та,олардың право ұғымының шыққан төркіні сол әдет-ғұрып болған, ал оған лайық тапқан сөздері қайсы екен? Мысалы немістер мен орыстар «оң» сөзін дұрыстық, жөн мағнасында қолданады. Біздіңше де «оң» дегеніміз дұрыстық мағна береді,бірақ бізде заң, әділет ұғымын беретін тамаша «жөн» сөзіміз бар, немісте де, орыста да бұған балама сөздері жоқ, бірақ  олар икемділікпен «оң» сөзін жаратып алған, «жоқтан бар жасап» алған, ал біз бар сөзді іске жарата алмай жүрміз. Рас, заң терминдеріне қойылатынең бірінші талап, ол- бір мәнді ғана болу керек, «жөн» көп мәнді сөз заң терминіне лайық емес деушілерге мен не дер едім? Авторы Ожегов орыс тілінің түсіндірме сөздігінде «правый» сөзінен жасалған 64 сөз келтіріпті, соның ішінде 19-ы заң терминдері. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігінде «жөннің» 11 мәні келтірілген, олардың ішінде бір де заң термині жоқ. Мысалы неге былай демеске:

Конституционное право – конституциялық жөн (жөндік, жөнділік)
Гражданское право -  азаматтық жөн (жөндік, жөнділік)
Уголовнок право – кіналау жөні (жөндік, жөнділік)Правонарушение – жөнбұзушылық
Правоохранительные органы – жөнқорғау органы
Право собственности – меншік жөні (жөндігі, жөнділігі)Правосознание – жөнсана
Правосудие – жөнбилік
Бесправие – жөнсіздік т.б.с.с

       Ертегі ШҚО да қазақ-орыс тілдерінде шығатын облыстық әдеби «Ертіс/Иртыш» жұрналының 6-шы нөмірінде 2003 жылы басылған.

Құмаров Ғаббас
Өскемен
қ. Қабанбай б.к.
97/1-9
тел. (7232) 55-20-50

             Орыс тілділерді қазақ тіліне үйретудің ең бірінші өдәсі- аударма сөздердің дұрыс мәнді болуы ғой. Ал ондай дұрыс аударылмай жүрген сөздер көп.

Оцените пост

5