место в рейтинге
  • 125496
  • 96
  • 21
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ИРАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕНДІРУ

ИРАН

Мемлекеттендіру 1951-1979 жылдар аралығында жүргізілді

Атауы

Мемлекеттендіруге дейін            (1977ж.)

Мемлекеттендіруден кейін               (1981ж.)

1977 жылмен салыстырғандағы өзгеруі, %

1

ЖІӨ [1]

$ 71 343 000 000

$ 100 658 000 000

+41%

2

Жан басына шаққандағы ЖІӨ

$ 2 013

$ 2 456

+22%

3

Мұнай өндіру көлемі , баррель/тәулік [2]

 

5 662 800

1 262 800

-77%

4

Мұнай экспортының көлемі,        баррель/тәулік [3]

 

4 867 400

714 600

-85%

5

Азаматтар саны [4]

 

35 445 000 адам

40 980 000 адам

+15%

6

Бір баррель мұнайдың бағасы [5]

 

$ 12,39

$ 32,51

+162%

7

Мұнай экспортынан түскен кіріс

(Мұнай экспортының көлемі * Мұнайдың бағасы *365)

$  22 012 086 390

$ 8 479 550 790

-61%

8

Әр азаматтың жылдық кірісі (Мұнай экспортының көлемі * Мұнайдың бағасы *365)/Азаматтар саны

$ 621

$ 207

-66%

9

Жалпы сыртқы қарыз [6]

0

 

$ 3 857 188 000

 

10

Дәлелденген мұнай қоры, млрд. баррель [7]

 

62

57

-8%

11

Дәлелденген газ қоры, трлн. текше фут [8]

 

500

497

-0,6%

 

12. Ирандағы мемлекеттендіруге дейінгі жағдай

 

Мемлекеттендіруге дейінгі компаниялар

(1977ж.)

Тәулігіне өндірілген мұнай көлемі, баррель (Иранда)

 

Мұнай қоры, млрд. баррель (Иранда)

Ирандағы жалпы өндірілген мұнай көлемінен иеленетін үлесі, %

Ирандағы жалпы мұнай қорынан иеленетін үлесі, %

1

Халықаралық мұнай консорциумы (ХМК)                      («British Petroleum» - 40%, «Royal Dutch Shell» - 14%, 5 американдық мұнай компаниясы («Standard Oil Company of New Jersey», «Socony Mobil Oil», «Standard Oil of California», «Texaco», «Gulf Oil Corporation») - 40%, Compagnie Francaise des Petroles - 6%)

5 662 800

62

100

100

 

Иранның үлесі ( Иран ұлттық мұнай компаниясы; ИҰМК)

0

0

 

0%

0%

 

Жалпы тәулігіне өндірілген мұнай көлемі, баррель

 

5 662 800

62

 

100%

100%

 

ХМК («British Petroleum», «Royal Dutch Shell», 5 американдық мұнай компаниялары («Standard Oil Company of New Jersey» (қазіргі Exxon), «Socony Mobil Oil» (қазіргі Mobil), «Standard Oil of California» (қазіргі Chevron), «Texaco», «Gulf Oil Corporation» (1984ж. «Chevron» компаниясымен біріккен), Compagnie Francaise des Petroles (қазіргі Total).

1.BP plc  — британдық мұнай-газ компаниясы. Компания 1909ж. құрылған (компанияның 2001ж. мамырына дейінгі атауы - British Petroleum). British Petroleum компаниясының негізін қалаушы Уильям Нокс д’Арси 1901ж. мамырда Иранның 75% аумағында мұнай көздерін 60 жыл бойы монополиялық пайдалану үшін иран шахынан концессия алды. Алғашқы жылдары компания нәтижеге қол жеткізбеді. Білікті қызметкерлердің жоқтығы, жергілікті тұрғындардың қарым-қатынасы және парсы үкіметінің қолдауының жеткіліксіздігі компанияның қаржы ресурстарын тұрақсыздандырды. 1908ж. мамырда Уильям Нокс д'Арси Иранда мұнай кен орындарын ашты (Машид және Сулейман мұнай даласы, Парсы елінің оңтүстік-батыс бөлігі) және иран мұнайын өндіру мен оны басқа елдерге экспорттау үшін 1909ж. шілдеде «Ағылшын-Парсы мұнай компаниясын» (ары қарай – АПМК) (Anglo-Persian Oil Company; APOC) құрды. Иранның компаниядағы үлесі 16%-ды құрады. APOC-тың негізгі иесі Burmah Oil компаниясы болды. XX ғасырдың жиырмасыншы және отызыншы жылдары АПМК компаниясы иран мұнайына қатысты кез келген операцияларына жеке иелігін сақтады. В 1928ж. иран билеушісі Реза Шах Пехлеви  АПМК-дан  Иранға төлемдерді арттыруды талап етті, ал содан кейін бұл сұраққа қатысты келіссөздер ұзаққа созылып кеткендіктен, АПМК концессиясының мүлдем күшін жойды.  Алайда, компания жыл сайын 975 мың фунтов стерлинг төлеп тұруға келісіп, иран мұнайын өндіру құқығын қайтарып алды. 1932ж. 27 қарашасында д'Арси мұнай концессиясы жойылды. 1933ж. 29 сәуірінде АПМК мен иран үкіметінің арасында жаңа концессиялық келісімшарт жасалды.  Реза Шах Иранды Парсы елі деп атамауды талап етті, сондықтан 1935ж. АПМК «Ағылшын-ирандық мұнай компаниясы» (ары қарай - АИМК) (Anglo-Iranian Oil Company; AIOC) деген жаңа атқа ие болды. 1940 жылдары АИМК Иранмен қиын қарым-қатынаста болуын жалғастыра берді. 1946ж. Абадандағы мұнай өңдеу зауытында компаниядан еңбек заңдарын сақтауды талап еткен жұмысшылардың ереуілі болып өтті. Бастапқыда АИМК қорқыту мақсатында жағада тұрған британдық әскери кемелерін пайдаланды, бірақ кейіннен талаптарды орындауға келісті. 1950 жылдардың басында Иранда билікке ұлтшыл ниеттегі күштер келді. 1951ж. 15 наурызда Иран парламенті мұнай кен орындарын мемлекеттендіру жөнінде заң қабылдады. Нәтижесінде, АИМК көмірсутектерді өндіру құқығынан айырылды. Осы жылдың сәуірінде Иранның премьер-министрі болып Мохаммед Мосаддык тағайындалды. Ол АИМК қызметіне аса сын көзбен қарады. Бұдан кейін компания иран мұнайына әлемдік бойкот ұйымдастырып, елден барлық мамандарын алып кетті. Мұнайды мемлекеттендіру іс жүзінде Ұлыбритания мен Иран арасындағы  дипломатиялық қатынастардың үзілуне және Иранға қарсы БҰҰ санкцияларын енгізу бойынша британдық әрекеттердің  орын алуына алып келді. 1953ж. тамызда американдық арнайы қызмет Иранда төңкеріс ұйымдастырды. Соның нәтижесінде Моссадык орнынан алынып, британдықтар Иран экономикасына  ықпалын қайтарып алу мүмкіндігіне ие болды. Тек үш жылға созылған келіссөздерден кейін, дау мұнай компанияларының консорциумын құру арқылы реттелді. 1954ж. қарай компанияның атауы British Petroleum Company деп өзгертіліп, өз портфелінде консорциумның 40% акциясын иеленді.[9] 1954ж. ХМК-ға ирандық мұнай кен орындарын пайдалану құқықтарын берді. British Petroleum-ның ең ірі  акционері Ұлыбритания үкіметі болып табылды.[10] 1954ж. атауын British Petroleum-ға ауыстырған АИМК төңкерістің нәтижесінде Иран мұнайына деген монополиясын жоғалтты. Британдық компания кен орындарының тек қырық пайызына ғана бақылауын қайтарып алды, тағы қырық пайызы  американдық компанияларға тиесілі болды, ал қалған жиырма пайызы нидерландтық және француздық компаниялардың үлесіне тиді. Осыған байланысты компания стратегиясын өзгертіп, Иран мұнайымен ғана шектелмеуді ұйғарды. Сондықтан, 1950 жылдары British Petroleum Кувейтте, Иракта, Ливияда барлау жұмыстарын жүргізді, ал 1956ж. Нигерияда алғашқы кен орындарын тапты. 1970 жылдары Таяу Шығыс пен басқа дамушы елдерде British Petroleum-ның ықпалы әлсіреді. Себебі, енді ғана құрылған Мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы іс жүзінде бұл елдерде мұнай өндіру мен баға саясатын өз бақылауына алды. 1979ж. Ислам революциясынан кейін, Ирандағы жаңа билік, ең алдымен, British Petroleum-мен (американдық компаниялармен салыстырғанда) келіссөздер жүргізді, бірақ артынша мұнай өндірісін мемлекеттендіру туралы мәлімдеді.[11] 2011ж. BP дәлелденген мұнай қоры 17,7 млрд. мұнай баламасындағы баррельді құрады.[12] 2011ж. компанияның жалпы мұнай өндіру көлемі тәулігіне 3,5 млн. баррельді құрады.[13] 2012ж. сәуір айына сату көлемі - $ 375,5 млрд. 2012ж. сәуір айына компанияның нарықтық құны - $ 147,4 млрд.[14]

2. Royal Dutch Shell plc. — нидерландтық-британдық мұнай-газ компаниясы. 1907ж. Royal Dutch Petroleum Company мен The «Shell» Transport and Trading Company Ltd. бірігуінің нәтижесінде құрылған. 2005ж. жазда Royal Dutch Petroleum Company мен The «Shell» Transport and Trading Company Ltd акционерлері бас компаниялардың бір компанияға бірігуін мақұлдады; оның штаб-пәтері Нидерландта орналасты. Бұл мәміле 2005ж. Нидерландыны әлемдегі ең ірі инвесторға, ал Ұлыбританияны әлемдегі негізгі инвестицияларды қабылдап алушыға (олар үш есе өсті, $ 164,5 млрд. дейін) айналдырды. Shell әлемнің 40-тан аса елінде геологиялық барлау және мұнай өндірумен айналысады.[15] 2011ж. дәлелденген мұнай және газ қорлары 14,3 млрд. мұнай баламасындағы баррельді құрады.[16] 2011ж. тәуліктік мұнай өндіру көлемі – 3,2 млн. мұнай баламасындағы баррель.[17] 2012ж. сәуір айына сату көлемі – $ 470,2 млрд. 2012ж. сәуір айына компанияның нарықтық құны – $ 227,6 млрд. [18]

 

3. Exxon Mobil Corporation  - американдық компания. Қазіргі компания 1999ж. ірі американдық Exxon және Mobil мұнай компанияларының бірігуі арқылы пайда болды. Компанияның негізгі иелері  - инвестициялық қорлар, институционалдық және жеке инвесторлар. Дәлелденген мұнай қоры  – 24,9 млрд. мұнай баламасындағы баррель.[19] 2011ж. компанияның жалпы өндіру көлемі тәулігіне 4,5 млн. баррельді құрады.[20] 2012ж. сәуір айына сату көлемі – $ 433,5 млрд. 2012ж. сәуір айына компанияның нарықтық құны $ 407,4 млрд. құрады.[21]

 

4. Chevron Corporation — ExxonMobil-дан кейінгі АҚШ-тың екінші интеграцияланған энергетикалық компаниясы, әлемдегі ірі корпорациялардың бірі. 1879ж. Калифорниядағы Пико-Каньон қаласында құрылған. 2001ж. Texaco компаниясын өзіне қосып алып, ChevronTexaco деген атқа ие болды. 2005ж. қайтадан бұрынғы атымен атала бастады.[22] 2011ж. 31 желтоқсанына Chevron компаниясының жалпы дәлелденген қоры 8,5 млрд. мұнай баламасындағы баррельді құрады.[23] 2011ж. компанияның жалпы мұнай өндіру көлемі – тәулігіне 2,7 млн. баррель.[24] 2012ж. сәуір айына сату көлемі – $ 236,3 млрд. 2012ж. сәуір айына компанияның нарықтық құны – $ 218 млрд.[25]

5. Total S.A. — француздық мұнай-газ компаниясы. 1924ж. компания  Compagnie française des pétroles деген атаумен құрылды, ал Total атауы 1985ж. пайда болды. Бельгиялық Petrofina компаниясын өзіне қосып алғаннан соң, 1999ж. Total Fina деген атқа ие болды. Содан кейін, 2000ж. француздық Elf Aquitaine компаниясын қосып алғаннан кейін, TotalFinaElf деп атала бастады. 2003 жылдан бастап компанияға Total атауы қайтарылды.[26] 2011ж. дәлелденген мұнай мен газ қоры – 11,4 млрд. мұнай баламасындағы баррель. 2011ж. компанияның жалпы мұнай өндіру көлемі  – тәулігіне 2,4 млн. баррель.[27] 2012ж. сәуір айына сату көлемі – $ 216,2 млрд. 2012ж. сәуір айына компанияның нарықтық құны – $ 132,4 млрд.[28]

Қазақстан

Қазақстан

Дәлелденген мұнай қоры,  млрд. баррель

 

Дәлелденген газ қоры,  трлн. текше фут

Тәулігіне өндірілетін мұнай көлемі, баррель

 

ҚМГ-дың тәулігіне өндіретін мұнай көлемі, баррель

 

ҚМГ-дың Қазақстандағы жалпы мұнай өндіру көлемінен иеленетін үлесі, %

ҚМГ-дың дәлелденген мұнай қоры, млрд. баррель

30

 

85 [29]

 

1 600 000 [30]

 

270 000

 

17%

2,1[31]

 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы 2004ж. наурызда «Өзенмұнайгаз» («ӨМГ») АҚ мен «Ембімұнайгаз» («ЕМГ») АҚ қосылуы нәтижесінде құрылды. «ҚМГ» БӨ» «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылады. 2007ж. сәуірде «ҚМГ» БӨ» «Қазгермұнай» БК ЖШС-нің 50% үлесін, 2007ж. желтоқсанда CCEL-дың («Қаражанбасмұнай» АҚ) 50% үлесін және 2009ж. желтоқсанда Петроқазақстан Инк.-тың 33% үлесін сатып алды. Бұл өндіріс көлемінің артуы мен мұнай қорларының едәуір өсуіне мүмкіндік туғызды.[32] 2010ж. компанияның жалпы өндіру көлемі, «Қазгермұнай» БК ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ), «ПетроҚазақстан Инк.» пен «НБК» ЖШС компанияларындағы үлестерін қоса алғанда, тәулігіне 270 мың баррельді құрады. 2010ж. 31 желтоқсанына ҚМГ БӨ-дің (ӨМГ бен ЕМГ) негізгі активтеріндегі дәлелденген және ықтимал мұнай қорлары 1,7 млрд. баррельді құрады; ал біріккен кәсіпорындардағы үлестерімен қоса есептегенде – 2,1 млрд. баррельге жуық. Өзен кен орны – ҚМГ БӨ-дің негізгі активтерінің портфеліндегі ең ірі кен орны, оның үлесіне барлық қорлардың 73%-ы және барлық өндірілген өнімнің 68%-ы келеді. Компанияның екі өндірістік филиалы – Өзенмұнайгаз (ӨМГ) бен Ембімұнайгаз (ЕМГ) оның негізгі өндірістік активтері болып табылады. 2010ж. олардың жалпы өндіру көлемі тәулігіне 177 мың баррельді құрады.[33] 2012ж. сәуір айына сату көлемі – $ 4,9 млрд. Компанияның 2012ж. сәуір айына нарықтық құны – $ 8 млрд.[34] 2010ж. 1 қаңтарға Қазақстанның дәлелденген мұнай қоры 30 млрд. баррельді құрады.

13. Ирандағы мемлекеттендіруден кейінгі жағдай

Мемлекеттендіруден кейінгі компаниялар

(1981ж.)

 

Тәулігіне өндірілген мұнай көлемі, баррель (Иранда)

 

Мұнай қоры, млрд. баррель (Иранда)

Ирандағы жалпы өндірілген мұнай көлемінен иеленетін үлесі, %

Ирандағы жалпы мұнай қорынан иеленетін үлесі, %

1

Иран ұлттық мұнай компаниясы            (ИҰМК)

1 262 800

57

100%

100%

 

Иранның үлесі (ИҰМК)

1 262 800

57

100%

100%

Жалпы тәулігіне өндірілген мұнай көлемі, баррель

1 262 800

57

100%

100%

 

Шетелдік компаниялар жоқ, барлық мұнай өндірумен 100% мемлекетке тиесілі Иран ұлттық мұнай компаниясы (ИҰМК) айналысады.

 

1. ИҰМК (National Iranian Oil Company; NIOC). 1948ж. мұнай саласын басқару мақсатында  құрылған. Алайда, әлемдік нарықта үстемдік еткен және Ирандағы мемлекеттендіру саясатына қарсы шыққан ірі трансұлттық мұнай компаниялары тарапынан жарияланған бойкот салдарынан компания өз өнімінің экспортын жолға қоя алмады. 1954ж. Мосаддык үкіметі құлатылғаннан кейін, шах ХМК-мен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл ХМК-на американдық (40%-дық капитал), британдық (40%), аралас ағылшын-нидерландтық (14%) және француздық (6%) компаниялар қатысты, ал ИҰМК кен орындарына номиналды меншік құқығын сақтап қалды. 1979ж. Ислам революциясына дейін консорциум ирандық мұнайдың негізгі өндірушісі болып келді және бүкіл өндіру көлемінің 90%-ына жуығын беретін кен орындарына иелік етті. Штаб-пәтері Тегеранда орналасқан. Компанияның  100% акциясы Иран үкіметіне тиесілі.[35] 2011ж. компанияның дәлелденген мұнай қоры 158 млрд. баррельді құрады. 2010ж. жалпы тәулігіне 4,2 млн. баррель мұнай өндірді. [36]

14. Мемлекеттендіру кезінде қабылданған заңдар

1. 1951ж. 15 наурызда Иран мәжілісі мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру туралы заң қабылдады. Аталған заң мемлекеттендіру қағидасын жариялады. Бұл заңның авторы - премьер-министр Мохаммед Мосаддык.

2. 1951ж. 26 сәуірде мәжілістің мұнай комиссиясы мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіруді жүргізу туралы заң жобасын қабылдады. Заң мемлекеттендіру қағидасын жүзеге асыру бойынша нақты іс-шараларды белгіледі. Аталмыш заңның орындалуын бақылау және тексеру мақсатында қос палата мен үкімет мүшелерінен тұратын аралас комиссия құрылды. Заңға сәйкес, АИМК мүлкі Иран мемлекетінің меншігіне шұғыл түрде  берілуі тиіс болды. Үкімет комиссияның бақылауымен компанияның қаржы есептілігін тексеруге міндеттенді. Компания Иран ұлттық мұнай компаниясының (ИҰМК) жарғысын және мұнай бойынша ирандық мамандарды дайындау бағдарламасын әзірлеуге тиіс болды. Заңның бабында Иран үкіметінің аралас комиссияның бақылауы арқылы екі жақтың (ИҰМК мен АИМК) әділ шағымдарын қарауы және өздерінің ұсыныстарын сенат пен мәжіліске ұсынуы қарастырылды. Сонымен қатар, заңда бұрынғы иесіне, яғни, АИМК-на өтемақы төлеу ескерілді.[37] Жобаның бірінші бөлімінде былай делінген: «Иран халқының игілігі үшін Иранның бүкіл мұнай өнеркәсібі мемлекеттендіріледі, яғни, мұнай ресурстарын барлау, өндіру және пайдалану бойынша барлық операциялармен бұдан былай Иран үкіметі айналысатын болады».[38] 1951ж. 29 сәуірде Мосаддыктың бастамасымен Үкімет құрамы ұйымдастырылды. Жаңа үкіметтің негізгі міндеті 1951ж. 15 наурыздағы заңды жүзеге асыру болып табылды.[39] 1933ж. мұнай келісімшартына сәйкес Ағылшын-ирандық мұнай компаниясы ұсынған концессия шарттары  біржақты реттілікпен өзгертілмеуі және барлық туындаған қарама-қайшылықтар Төрелік сотта шешілуі тиіс болғандықтан, Мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру туралы заң Ұлыбританиямен келіспеушіліктерге әкелді.[40] Тең құқықсыз ағылшын-ирандық келісімшартқа сәйкес, Иранның мұнай кен орындары Ұлыбританияның иелігіндегі АИМК-на 60 жылға концессияға берілді. 1951ж. қазан айында Мосаддык үкіметі елдің мұнай кәсіпшілігі мен мұнай айыру зауыттарынан барлық ағылшын мамандарын қуып жіберді. Британдық мамандардың елден кетуі мен Британияның мұнай эмбаргосын енгізуі салдарынан мұнай өндіру іс жүзінде тоқтатылды. Мұнай өндірісінің қысқаруы нәтижесінде елдің бюджетіне келетін түсім азайды. Бірақ бұған қарамастан, үкімет шетелдік диктатқа қарсы шықты. Ұлыбританияның бастамасымен Иран мұнайына қатысты санкциялар қабылданғандықтан, 1951 жылдан бастап Иран мұнайын экспорттау көлемі күрт төмендеді. Бұл санкциялар мұнайды сыртқа шығаруға кедергі келтірді.  Халықаралық мұнай компаниялары ирандық мұнайға қарсы санкция шарттарын нық орындап отырды. Бұл ирандық мұнайды экспорттау көлемінің в 1952ж. 241,4 млн. баррельден 1952ж. 10,6 млн. баррельге дейін қысқаруына алып келді. Ұлыбритания тарапынан әскери теңіз блокадасының енгізілуі жағдайды одан әрі шиеленістірді. Мосаддык ағылшындардың жариялаған блокадасына жауап ретінде Кеңес Одағымен сауда келісімін жасасып, Венгриямен, Польшамен және Чехословакиямен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Ұлыбританияның бастамасымен Иранның 26 млн. фунт стерлинг көлеміндегі  валюталық сақтық қорлары тоқтатылды. 1952ж.  22 қазанда Ұлыбританиямен дипломатиялық қатынастар үзілді. 1952ж. ақпанда үкімет $ 25 млн. көлемінде ұлттық қарыз облигацияларын басып шығарды. Қоғамның ең төменгі әлеуметтік топтарының өкілдері, базардағы қарапайым саудагерлер ұлттық қарыз облигацияларын сатып алды, бірақ ауқатты адамдар оларды сатып алудан бас тартты.  Барлық болжамдарға қарамастан, 1951-1954 жж. мемлекеттік бюджет өткен жылдармен салыстырғанда 6 есеге артты. Мұнай импортының төмендегеніне қарамастан, жалақыны төлеу мәселелері бойынша мұнай өнеркәсібінің жұмысшылары алдындағы мемлекетттің міндеттемелері өз күшінде қалды. Сонда да, үкіметтің жағдайы күннен-күнге нашарлай түсті. Ұлыбританияның консерваторлар үкіметі дағдарысты шешу жолдарын қарастырудың орнына, төңкеріс жасауды ойластырды. Бұл ретте АҚШ  Ұлыбританияны қолдады. Бастапқыда АҚШ Мосаддык үкіметінің Ұлыбританияға қарсы күресін қолдағандай болып көрінді. Американдық әкімшілік Иранға көмек көрсетуге және Импэксбанктің $ 25 млн. көлеміндегі несиесін беруге уәде берді. Бұл туралы келіссөздер 1951 жылдан бастап жүргізіле бастаған болатын. 1952ж. қараша айында Мосаддык АҚШ президенті Трумэнге несие сұрау туралы өтінішін жібере отырып, «Иран мұнай сатудан өте көп көлемде кіріс алуға мүмкіндігі бар» деп мәлімдеді. Кейіннен Мосаддык пен Кашани тағы бір рет Эйзенхауэрден $ 100 млн. несие беруін өтіне отырып, американдық мұнай компанияларына ирандық мұнайды сатып алуды ұсынды. Эйзенхауэр Мосаддыкка АҚШ-тың қазіргі күні Иранға көмек көрсетіп, мұнайын сатып алуға  мүмкіншілігі жоқ екенін жеткізді. АҚШ Иранға әскери мәселелер бойынша кеңестер ұсынып, Иранның армиясы мен полициясы үшін көмек көрсетті. Бұл АҚШ тарапынан Иранға көрсетілген жалғыз көмек болып табылды.  Бірақ Мосаддык бұл көмекті қабылдаудан бас тартты тартты, себебі, ол ұлтты қорғауға қатысты мәселелер Батыстың көмегіне тәуелді болғанын қаламады. Американдық өкімет өзінің ықпалы мен мұнай жеңілдіктерін жоғалтқанын мойындағысы келмеді. Бұл мәселені шешу мақсатында Мосаддык үкіметін құлату туралы шешім қабылданды. Осы шешімнің нәтижесінде 1953ж.
арнайы қызметтің көмегімен төңкеріс жасалды.[41] Төңкерістен кейін бірден АҚШ үкіметінің бастамасымен Иран мұнайының мәселелерінің шешудің мүмкін жолдары қарастырылды. 1953ж. желтоқсанда Лондонда жеті ірі ағылшын-американдық мұнай корпорацияларының өкілдері ирандық мұнайды өндіру мен өткізуді ұйымдастыру мақсатында Халықаралық мұнай консорциумын (ХМК) құру   туралы шешім қабылдады.[42]

3. 1954ж. 19 қыркүйекте ХМК мен Иран үкіметі арасында ХМК-ға (мәжіліс 21 қазанда қабылдады) ирандық мұнайды өндіру мен өңдеу құқықтарын беру туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұрын мұндай құқықтар АИМК-да («British Petroleum») болатын. Жаңадан тағайындалған премьер-министр Фазулла Захеди мұнай кен орындарын мемлекеттендіру туралы заңды жоққа шығарып, оларды бұрынғы иелеріне қайтарды. 1953ж. желтоқсанда Фазулла Захеди Ұлыбританиямен дипломатиялық қатынастарын қалпына келтірді. Американдық үкіметтің шах пен үстем тапқа Мосаддык үкіметін құлатуға көмектесуінің нәтижесінде АҚШ компаниялары ирандық мұнайдың қомақты үлесіне ие болды. Консорциумның 40% акциясын ағылшындық «British Petroleum» компаниясы, 14%-ын  ағылшын-голландтық «Royal Dutch Shell», 40%-ын бес американдық мұнай компаниясы («Standard Oil of New Jersey», «Socony Mobil Oil», «Standard Oil of California», «Texaco», «Gulf Oil Corporation») және қалған 6%-ын француздық «Соmpagnie Francaise des Petroles» иеленді. Келісімшартқа сәйкес, консорциумның құрамындағы компаниялар Иранға таза пайда сомасының 50%-ын төлеп отыруы тиіс болды. Бүкіл өнеркәсіптік және коммерциялық қызметтер консорциумға мүше компаниялардың қолына шоғырланды. Келісімшарттың әрекет ету мерзімі 25 жыл, яғни, 1979 жылдың аяғына дейін деп бекітілді. Келісімшарт 1951ж. мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру туралы қаулыны іс жүзінде жойды.[43] Сонымен бірге, Иран АИМК-на 1951ж. мемлекеттендіру кезінде келген залал үшін өтемақы ретінде 25 млн. фунт стерлинг төледі.[44] ИҰМК ХМК-ға біріккен оперативтік және коммерциялық компаниялардың қызметтерін формальды түрде бақылау құқығына ие болды. Алайда, жалпы алғанда, келісімшарт мұнайды мемлекеттендіруге қатысты ирандық заңдарда қарастырылған Иранның мұнай ресурстарына деген егемендігін толықтай қамтамасыз етпеді.[45]

4. 1973ж. шілдеде Иран ХМК-мен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл келісімшартқа сәйкес, ИҰМК формальды түрде ХМК-ның иелігіндегі барлық мұнай-газ қорлары мен мұнай өнеркәсібінің мүліктеріне бақылау орнатып,  оларды дербес пайдалану құқығына ие болды. Жаңа келісімшарт бойынша, ХМК-ның ирандық мұнайды экспорттауы бойынша айрықша құқықтары толығымен жойылмады. Сонымен қатар, бұл келісімшартта ХМК-ның  Ирандағы қызметін іс жүзінде тоқтату қарастырылмады. ХМК ірі мұнай монополияларының бірлестігі ретінде сақталып қалды. Консорциум бұрынғы «өндіруші компаниялардың» орнына арнайы «Қызметтер көрсету Компаниясын» құрды. Бұл компания ХМК-ның автономды әрекет еткен қатысушы компанияларының функцияларын ИҰМК атынан атқарып отырды. Бұл компанияның мердігер ұйым ретінде әрекет етуі оның бұрынғыдан басты айырмашылығы болып табылды. Жаңа келісімшарт бойынша, ағылшын-американдық мұнай корпорацияларының ирандық мұнайды өндіру мен оның көп бөлігін (70%) өткізуді бақылау мерзімі ұзартылды. 1954ж. келісімшарттың мерзімі 1979ж. дейін созылса, ал 1973ж. келісімшарттың мерзімі 1993ж. аяқталуы тиіс болды.[46] 1973ж. ХМК-ның барлық мүлкі Иран ұлттық мұнай компаниясына (ИҰМК) тапсырылды. Бұл ретте ИҰМК 20 жыл бойы ХМК-ның қарамағына мұнай жеткізіп отыруға, ал ХМК, өз кезегінде, Тегеранға пайда сомасының 60%-ын аударып отыруға кепілдік берді. Мұнай бағасының және ХМК-ның ИҰМК-ға ақша аударымдарының өсуі нәтижесінде Иранның мұнайдан түскен кірісі 1972ж. $ 2,4 млрд.-тан 1974ж. $ 20 млрд.-қа дейін  көбейді. Аталған келісімшартқа қол қойылғаннан кейін, «Қызметтер көрсету Компаниясы» ирандық мұнайдың басым бөлігін өндіріп отырды. Сонымен, 1973ж. консорциум ұзақ мерзімге мұнайды сату мен жеткізу құқығын иелене отырып, мұнай кен орындарын тек қосалқы жалгерлік құқықтар негізінде пайдалана бастады; мұнай өндіруді бақылау ИҰМК-ның қолына көшті. 42 1973ж. келісімшарт әлі де болса Иранның өз табиғи ресурстарына деген толық егемендігін қалыптастыра алмады.

5. 1954 пен 1973 жылдары мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіру формальды сипатта жүргізілді. 1979ж. революция кезінде экономика іс жүзінде мемлекеттендірілді (өнеркәсіптік өндірістегі мемлекеттік сектордың үлесі 1981ж. аяғында 80%-ға жетті).[47] 1979ж. революциядан кейін, 1951ж.  15 наурыздағы мұнай кәсіпшілігін мемлекеттендіру туралы заң қайтадан күшіне енгізілді.40 1979ж. 1 сәуірде Иран Ислам Республикасы ресми жарияланды. Жаңа үкімет бұрын ХМК қолында болған мұнай өндіру мен өткізуге толық бақылауын орнатты.[48] 1979ж. мамырда Иран үкіметі біржақты реттілікпен  ИҰМК мен ХМК-ның құрамына кірген компаниялар арасында 1973ж. жасалған келісімшарттың қолданылуын тоқтататыны  және бұрын шетелдік капиталға тиесілі болған құқықтарды ИҰМК-на беретіні жөнінде мәлімдеді. Иран мұнайын өндіру мақсатында консорциум құрған Мұнай қызметтерін көрсету Компаниясы жабылатындығы туралы жарияланды. Иран Мұнай қызметтерін көрсету Компаниясынан бұрын ИҰМК-нан алынған барлық құрал-жабдықтар мен материалдық қаражаттарды қайтаруын талап етті. Осы уақыттан бастап 1954ж. келісімшарттың бұрынғы аймағында мұнай өндіру, өңдеу және тасымалдау бірінші рет толықтай ИҰМК-ның  бақылауына өтті.[49]

6. 1979ж. жазда Лондонда ИҰМК мен ХМК өкілдерінің арасында қаржы мәселелерін реттеу бойынша келіссөздер басталды. Шетелдік компаниялар Ираннан $ 350 млн. көлемінде өтемақы төлеуді талап етті. Алайда, бұл келіссөздер нәтижесіз аяқталды. 49

7. 1979ж. 28 қыркүйекте мұнай мен газ саласында өнеркәсіптік және коммерциялық қызметті жүргізу мақсатында алғаш рет Мұнай министрлігі құрылды.49 Иранның Мұнай министрлігі елдегі мұнай өнеркәсібін, мұнай мен мұнай-химиялық өнімдер шығаруды басқарады, шикі мұнай мен мұнай өнімдерін экспорттау, бөлу, барлау, өндіру және пайдалануға қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.[50] Қазіргі таңда Мұнай министрлігі  үш негізгі мемлекеттік компанияға басшылық етеді: National Iranian Oil Company (NIOC), National Iranian Gas Company (NIGC), National Petroleum Company (NPC). NIOC мұнай мен газды өндіру және іздестіру жұмыстарымен айналысады. NIGC газ бен газ сұйықтықтарын бөлу, экспорттау, жинау, өңдеу, қайта өңдеу және тасымалдауға жауапты болып табылады. NPC мұнай-химиялық өндірісті, мұнай өнімдерін бөлу мен экспорттауды қамтамасыз етеді.[51]

8. 1979ж. желтоқсанда қабылданған Иран конституциясы бойынша, ұлттық мұнай өндіруші кәсіпорындардың акцияларын шетелдік компанияларға сатуға немесе оларға мұнай өндіруге концессиялар ұсынуға тыйым салынады. Мұнай кен орындарын игерумен мемлекеттік Иран ұлттық мұнай компаниясы (ИҰМК) айналысады.[52]

9. 1980ж. наурыз айында Иранның Революциялық Кеңесі ИҰМК-ның шетелдік компаниялармен ынтымақтастығына қатысты заң қабылдады. Аталмыш заңға сәйкес, арнайы комиссия құрылды. Бұл комиссияға шетелдік компаниялармен жасалған барлық келісімшарттардың 1951 жылғы «Иранның мұнай өнеркәсібін мемлекеттендіруді жүзеге асыру туралы» заңға сәйкестігін тексеру жүктелді. Комиссия бұл келісімшарттардың барлығын «мұнайды мемлекеттендіру туралы заңға қайшы» деп тауып, сол себептен олардың күші жойылғаны туралы мәлімдеді.  Мұнай министрі бұл шешімді барлық мүдделі шетелдік мұнай компанияларына жеткізді.  Сонымен қатар, ол комиссияға келісімшарттарды бұзудан туындайтын кез келген шағымдарды қарауды және халықаралық арналар арқылы, мүмкіндігінше, олардың түпкі шешілуі мен Иран халқының заңды құқықтарының қалпына келтірілуіне дейінгі істерді жүргізуді тапсырды. Комиссияның қорытындысы 1981ж. қыркүйек айында жарияланды. Онда ИҰМК-ның шетелдік мұнай корпорацияларымен революцияға дейінгі ынтымақтастық жағдайларының ирандық мұнайды мемлекеттендіру қағидаларына еш сәйкес  келмейтіні мен бұл жағдайлардың Иранның өз табиғи байлықтарына толық егемендігін қамтамасыз етпейтіндігі көрсетілді. Сонымен, осы уақыттан бастап мұнай өнеркәсібін басқару толығымен Иранның қолына көшті.[53]

10. 1980ж. қыркүйек айында Иран өкіметі ИҰМК-ның филиалы ретінде арнайы компания құрды. Бұл компанияға 1981 жылдан бастап шетелден елдің мұнай өнеркәсібіне қажетті құрал-жабдықтар мен технологиялар сатып әкелу жүктелді. Ал 1980ж. дейін мұндай функцияны (1973ж. мұнай туралы келісімшарт жасалғанға дейін және жасалғаннан кейін) ХМК-ның еншілес компаниясы «Iranian Oil services» атқарған болатын. 48

 

[1] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 11

[2] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 21

[3] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 31

[4] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 9

[5] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 125

[6] http://www.indexmundi.com/facts/indicators/DT.DOD.DECT.CD/compare?country=ir

[7] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 17

[8] http://www.opec.org/opec_web/static_files_project/media/downloads/publications/ASB2004.pdf стр. 19

[9] http://ru.wikipedia.org/wiki/BP

[10] http://dic.academic.ru/dic.nsf/es/71480/%D0%91%D0%A0%D0%98%D0%A2%D0%98%D0%A8

[11] http://lenta.ru/lib/14172583/_Printed.htm

[12] http://www.bp.com/sectionbodycopy.do?categoryId=9039423&contentId=7072266 BP Annual report стр. 82

[13] http://www.bp.com/sectionbodycopy.do?categoryId=9039423&contentId=7072266 BP Annual report стр. 83

[14] http://www.forbes.com/global2000/list/#p_1_s_a0_Oil%20&%20Gas%20Operations_United%20Kingdom_All%20states

[15] http://ru.wikipedia.org/wiki/Royal_Dutch_Shell

[16] http://reports.shell.com/investors-handbook/2011/upstream/provedreserves.html

[17] http://reports.shell.com/investors-handbook/2011/upstream/production.html?cat=m

[18] http://www.forbes.com/global2000/list/#p_1_s_a0_Oil%20&%20Gas%20Operations_Netherlands_All%20states_royal%20dutch%20

[19] http://www.hoovers.com/company/Exxon_Mobil_Corporation/rfhyki-1.html

[20]https://www.adr.com/Markets/GlobalNewsStory?docID=1-ON201201310004592R3K5J2EME9QLR1BLM0DJ0EUTG

 

[21] http://www.forbes.com/global2000/list/#p_1_s_a0_Oil%20&%20Gas%20Operations_All%20countries_All%20states_exxon%20

[22] http://ru.wikipedia.org/wiki/Chevron

[23] http://www.chevron.com/annualreport/2011/ Chevron Corporation 2011 Annual report  стр. 78

[24] http://www.chevron.com/annualreport/2011/ Chevron Corporation 2011 Annual report  стр. 12 http://wiki.openoil.net/index.php?title=Chevron

[25] http://www.forbes.com/global2000/list/#p_1_s_a0_Oil%20&%20Gas%20Operations_All%20countries_All%20states_chev

[26] http://ru.wikipedia.org/wiki/Total

[27] http://www.total.com/en/about-total/publications/latest-publications-940498.html Total Factbook 2011 стр. 40

[28] http://www.forbes.com/global2000/list/#p_1_s_a0_Oil%20&%20Gas%20Operations_France_All%20states_total

[29] http://www.eia.gov/countries/country-data.cfm?fips=KZ&trk=p1

[30] http://www.eia.gov/countries/cab.cfm?fips=KZ

[31] http://kmgep.kz/rus/news/press_releases/?cid=0&rid=621

[32] http://www.kmg.kz/manufacturing/upstream/

[33] http://www.kmgep.kz/rus/the_company/our_business/

[34]http://www.forbes.com/global2000/list/#p_1_s_a0_Oil%20&%20Gas%20Operations_Kazakhstan_All%20states_kaz

[35] http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%B8%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B0%D1%8F_%D0%BD%D0%B5%D1%84%D1%82%D1%8F%D0%BD%D0%B0%D1%8F_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F

 

[36] http://wiki.openoil.net/index.php?title=National_Iranian_Oil_Company

[37] С. М. Алиев История Ирана. XX век, М.: Ин-т востоковедения РАН: Крафт+, 2004  стр. 251-252

[38] http://russian.irib.ir/analitika/stati/item/126308-20-марта-день-национализации-нефтяной-промышленности-ирана

[39] http://greatoperation.narod.ru/5/mossadik.htm

[40] http://www.hrono.ru/1951_.php

[41] http://islamtv.ru/news-192.html

[42] С. М. Алиев История Ирана. XX век, М.: Ин-т востоковедения РАН: Крафт+, 2004  стр. 299

 

[43] http://ru.wikipedia.org/wiki/Мохаммед_Реза_Пехлеви

[44] http://www.usinfo.ru/1953iran.htm

[45] С. М. Алиев История Ирана. XX век, М.: Ин-т востоковедения РАН: Крафт+, 2004  стр. 303

[46] С.М. Алиев История Ирана. XX век. Рос. акад. Наук. Институт востоковедения. М. РАН: Крафт+, 2004  стр. 378-380

[47] http://www.mining-enc.ru/i/iran/

[48] http://how-much.net/publ/p_ek_1980/ja/2-1-0-315

[49] С. М. Алиев История Ирана. XX век, М.: Ин-т востоковедения РАН: Крафт+, 2004  стр. 493

 

[50] http://ru.wikipedia.org/wiki/Министерство_нефти_Ирана

[51] http://farsiiran.narod.ru/economics/gas.htm

[52] http://ru.m.wikipedia.org/wiki/Иран#section_8

[53] С. М. Алиев История Ирана. XX век, М.: Ин-т востоковедения РАН: Крафт+, 2004 стр. 494

 
Дана жол danajol
Dana Zhol: qazaq economic school «Қазақстанның экономикалық даму бағдарламасын» таныстыру мақсатында экономикалық семинар-тренингтер өткізеді. Осы күнге дейін орталық БАҚ, кәсіподақтар, бизнес ассоциация, университеттер мен маслихаттар және т.б. салалармен жұмыс істеп келді. vk.com/danazhol facebook.com/danazhol https://www.youtube.com/channel/UCxz8e1MUxjOmKNSq2RAYPfA
2 октября 2012, 18:29
2248

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 11791
  • 177
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Дайте Байбеку сломать и переделать город. Он хочет шагнуть вверх, а не бабло украсть

Я в тогдашней Алма-Ате родился, вырос. В школу начал ходить пешком. Весь центр опползал. Все эти знаковые места помню как ещё не знаковые места. Никаких этих ностальгических страданий у меня нет.
Aidan_Karibzhanov
вчера / 16:25
  • 3767
  • 28
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 3432
  • 52
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2320
  • 4
Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

Надо научиться видеть скрытые экономические процессы за вспышкой национального гнева

При полном отсутствии бюджетного жилищного строительства, целые аулы оседают в ветхих домишках, сквозь заборы которых насмешливо возвышаются башни "коктемов", "риц карлтонов" и "есентаев".
niyazov
19 авг. 2017 / 11:16
  • 2485
  • 67
Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Подземная Акмечеть Бекет-Ата в Атырауской области – одно из самых сакральных мест

Его отцом был Мырзагул, матерью Жания, оба глубоко верующие. По рассказам, Бекет-Ата обладал богатырской силой, что в том числе помогало выбивать мечети в крепких скалах.
theYakov
вчера / 17:21
  • 2133
  • 3
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 2133
  • 1
«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

«Нас и здесь неплохо кормят», или почему я не собираюсь уезжать из Казахстана

Я всегда теряюсь, когда слышу этот вопрос, потому что я так и не сумел выразить причину одной фразой. Давайте рассмотрим популярные варианты, и я объясню, что именно мне в них не нравится.
convoluted
вчера / 12:29