"Қазақтелекомда" өрт шығып, кейбір телефондар тілсіз қалды

miss-Lee 2012 M10 2
1577
0
0
0

Түнде (1-ші қазан күні түнгі сағат 22:30-дар шамасында) Телекоммуникация ғимаратынан өрт шыққан екен. Мамандардың хабарлауынша, өрттің салдарынан Ақтаудағы 30, 31-ден басталатын 7000-нан астам...

Таңертең жұмысқа келсем, телефон жасамай тұр екен. Түнде (1-ші қазан күні түнгі сағат 22:30-дар шамасында) Телекоммуникация ғимаратынан өрт шыққан екен.

Мамандардың хабарлауынша, өрттің салдарынан Ақтаудағы 30, 31-ден басталатын 7000-нан астам телефон нөмірі істен шықты. Осылайша, тілсіз жау Ақтаудың кейбір шағынаудандарын телефонсыз қалдырды.

- Тілсіз жау нөмірі 30, 31-ден басталатын автономды телекоммуникациялық қызметтің сымдарын зақымдап кетті. Қазір ол сымдарды ауыстыруға кірісіп кеттік. Әзірге, жүйенің қай уақытта қалпына келтірілетінін нақты айта алмаймын, – дейді «Қазақтелеком» АҚ МОФ бас директорының міндетін атқарушы Мұхтар Ақниязов.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына 5 өрт сөндіру және құтқару көлігін жөнелтіп, жеті байланысшыны аман алып қалды. Алдын-ала жасалған болжамға сүйенсек, от ғимараттың екінші қабатындағы серверлік қызмет орталығында болған қысқа тұйықталудан тұтануы мүмкін. Өрттің нақты неден орын алғанын өртке қарсы қызметтің мамандары анықтау үстінде.

Оцените пост

0
Дальше