Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
22:47, 01 октября 2012

Қалам – қандауырдан да қуатты құрал БАҚ тілі мінсіз болсын десек…

Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ тілінде 449 газет пен 117 журнал шығады екен. Оның сыртында қазақ, орыс тілдерінде екі тілде шығатын газет-журналдар тағы бар. Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазақ басылымдары санының бұлай артуы тәуелсіздік арқасында қол жеткен жетістік екені даусыз. Осы басылымдар қазақ тілінің шешімін таппаған сан алуан мәселелерін үздіксіз көтеріп, тіліміздің дамуына, оның Ата Заңда көрсетілген мәртебесіне сәйкес қолданылуына қатысты жазудан жалыққан емес. Тек журналистердің ғана емес, тілші ғалымдар мен филологтардың, тіл жанашырлары мен түрлі сала мамандары тарапынан тілдің жайын сөз еткен сан алуан мақалалар да негізінен қазақ тілінде жарық көретін газет-журналдарымыз арқылы қалың жұртшылыққа жол тартады. Жалпы, қазақ тілінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын да қазақ баспасөзі, қазақ тілді журналистер қауымы екені баршамызға белгілі. Тіліміздің дамуы мен қолданысына елеулі үлес қосып отырған төл баспасөзіміздің тілі жөнінде дүркін-дүркін сөз қозғалып жатады. Бұл мәселе тіл мамандарының назарынан да еш­­қашан тыс қалып көрген емес. Жекелеген мақалаларды айтпағанда, әр кезеңдегі қазақ мерзімді басылымдарының тілін зерттеуге арналған монографиялар жазылып, бірқатар кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды. Осы дәстүрді жалғастырып, біз де кейінгі бес-алты жыл көлеміндегі баспасөздегі сөзқолданыс, сөзжасам, терминжасам мәселелерін қарастырып жүргендіктен, жинақталған деректер негізінде кейбір ойларымызды ортаға салуды жөн көр­дік. Әрине, қазақ баспасөзінің бүгінгі биігінде ондағы тіл мен стиль мәселелерінің негізінен ойдағыдай шешіліп келе жатуының мәні үлкен. Газеттер мен журналдардағы мақала, сұхбаттардың тілі жетік, содан да ойы айқын бола түс­кені талас тудырмайды. Әйтсе де, қолдағымызды ешкім де тартып алмайтынын ескере кетіп, бұл мақалада біз негізінен баспасөз тілінің мәдениетіне, сөзқолданыcта орын алып жүрген кейбір кемшіліктерге баса тоқталамыз.

1
441
0