Аптаның қызықты материалдары #17

Алия 2012 M11 10
4068
2
6
0

Достар, «Аптаның қызықты материалдары» айдары жазғы демалыстан шығып, отандық БАҚтың мәдениет тақырыбында қозғаған мақалаларымен таныстыруға дайын.

Достар, «Аптаның қызықты материалдары» айдары жазғы демалыстан шығып, отандық БАҚтың мәдениет тақырыбында қозғаған мақалаларымен таныстыруға дайын.

МҮСІРЕПОВ КЕНЕСАРЫНЫ НЕГЕ ҰНАТПАДЫ, ҰЛПАНДЫ ҚАЛАЙ АСҚАҚТАТТЫ?


Соңғы кездері арыстар тобы, алыптар тобы деген тіркестер айтылмайтын болып кетті. Бара-бара олардың атын да ұмытып кететін түріміз бар. Осындай жағдайда алыптар тобының белді өкілі Ғабит Мүсіреповтің көлемі 1000 беттен асатын, іші-сырты қалың, әдемі тысталған көркем шығармалар жинағы «ҚазАқпарат» баспасынан жарық көрді. «Мәдениет» телеарнасының «Халық сөзінен» қолдау тапқан жобасында белгілі әдебиеттанушы, ғалым – Талапбек Әкім мен филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті Сәлима Қалқабаева осы кітап жайында төмендегіше әңгіме өрбітті (жалғасы).

Маржан ЕРШУ, ақын: Менің қырсық бір мінезім бар...

- ТҮРКСОЙ тарапынан татардың ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 125 жыл толуына орай 2011 жыл - «Ғабдолла Тоқай жылы» болып жарияланды. Өзің де Тоқай өлеңдерін қазақша сөйлеттің. Әңгімені осыдан бастасақ...

- 2010 жылы ТҮРКСОЙ-дың ұйым­дастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасадым. Сол шара кезінде ТҮРКСОЙ-дың басшысы Дүйсен Қасейінов келер жылды татардың ұлы ақынына арнап отырғандарын айта келіп, осыған орай Тоқайдың өлеңдерін қазақшаға аударуға ұсыныс білдірді. Тоқайдың өлеңін кезінде Жақан Сыздықов, Қадыр Мырза Әли секілді үлкен ақындарымыз аударған. Қазақшаға аударылмаған өлеңі де қалмаған болуы керек. Қайталап аудара бергенде не болады деп едім, Дүйсен аға: «Бұл ойың дұрыс емес. Ұлы ақындар айналып тұрған жарық шам іспетті. Әр ұрпақ оның шы­ғар­маларына өз көзқарасымен келеді. Сондықтан ойланып көр дегесін Тоқайдың оншақты өлеңін аудардым. Бұл ТҮРКСОЙ-дың тапсырмасы болған соң, Жақан Сыздықовтың, Қадыр Мырза Әлидің аудармаларымен қоса өз аудармамды да бір папкаға жинастырып тапсырдым. Ондағылар бұл өлеңдерді Татарстанға жібереміз деді (жалғасы).

АҚЫННЫҢ АҢСАҒАН БІР ТОЙЫ НЕГЕ ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ АТАЛЫП ӨТПЕДІ?

Салтанат АЙБЕРГЕНОВА:
«Айбергенов әлемі» журналының бас редакторы, ақынның қызы:
Қолдау жағына келсеңіз, шынында да мен тойды жалғыз өткіздім деп айтпаймын. Елемей жатқан елдің арасында қолдаушы азаматтар болды. Жазушылар одағы да мектеп оқушылары арасында  ақын өлеңдерін жаттаудан өткен байқауға демеушілік етті. Әкемнің шығармашылығын сыйлап, бағалаған адамдардың барлығына алғысым шексіз, Мен емес, әруақ риза болсын. Сондай-ақ өзім болмасам, жаны ашитын тағы ешкім жоқ. Бұл атақ-даңқ үшін жасалып жатқан дүние емес. Тіпті Төлеген Айбергенов менің әкем болғандығынан да емес. Өзім филолог болған соң, әкеме тек әке ретінде  емес, мамандық тұрғысынан да қараймын. Шығармашылығын қатты бағалаймын. Егер тіпті ол кісі әкем болмай, бөтен адам болса да, мен бәрібір Айбергеновтің шығармашылығы үшін жүгірер едім. Екінші жағынан, 30 жылдан бері мұғалім болып, ұрпақ тәрбиелеп отырған адамдармыз ғой (толығымен).

СУРЕТКЕРДІҢ СОҢҒЫ САПАРЫ: АҢЫЗЫ МЕН АҚИҚАТЫ


...Оралхан десе, бізге оқшау өлім елестейді. Қыранша қалықтап, зеңгір көкпен таласып, бұлтқа найзадай шаншылған, шыңын қасат қар ақсіреу кіреукесімен қасаттап тастаған Мұз­тауының шыңында кербұғыдай кербез қалпында өз биігінен титтей де төмендемеген нағыз қы­ранның өр өлімі...

Әдетте, адам қасыңда, күнде көз алдыңда жүр­гендіктен бе, бір-бірінің қадірін, бағасын түсіне бермейді. Ертең көзден ғайып болып, жаныңнан мәңгілікке жырақтаған кезде әрбір сөзіне мән беріп, ой төркінін түсініп, «аһ» ұрады. Бұл – жер басып жүрген әр пенденің ежелден келе жатқан әдеті.

1993 жылдың сол бір көктемі... Мамыр айы­ның мамыражай күндерінің бірінде қазақстандық делегация Үндістанға аттанып кетті. Бір топ қа­ламгерлер талай суреткердің арманы болған Тәж-Махал табалдырығынатабан тигізіп еді... Бұл – мамыр айының 15 жұлдызы, сағат таңертеңгі 11-12-лердің кезі, күн сенбі болатын.

Алпысбай ШЫМЫРБАЙ, жазушы:

– Махаббаттың мәңгілік ақ күмбезі – ұлы Тәж-Махалды көріп аса таңғалып, «Бұл өзі бүкіл түркі ұрпағының келіп тағзым ететін қасиетті орны екен» деген тебіренісі әлі есімде. Сонда өзін «Мен Бабырдың ұрпағымын!» – деп таныстырып, көкірегіне ерекше бір күй толып еді... (толығымен)

Домбыра PARTY


«Нұржол» саяжолында бейсенбі сайын жиналып, ән шырқап, күй тартып, жыр төгіп, терме айтатын бір топ астаналық жас өз бастамаларын дәл осылай атайды. Яғни, «Домбыра кеші».

Кешке жиналатын жастар арасында бірде-бір кәсіби әнші жоқ. Әрқайсысы өз дәргейіндегі «күміс көмей». Еліміздің әр түкпірінен елордаға жиналған жастардың бұл бастамасының басты мақсаты – біріншіден, өз уақыттарын көңілді өткізу болса, екіншіден – қазақ өнерін насихаттау.

«Әдетте, көшеде гитара тартып отырады. Неге жиналып домбыра тартпасқа деген ой болды» дейді аталған шараны ұйымдастыруға мұрындық болғандардың бірі – Аршат Оразов, «Осылайша Астананың төрінде домбыра тартайық деген ұсыныс тасталды (жалғасы).

Танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова ұзатылды

Танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаева кеше, Астананың бір мейрамханасында кенже қыздары, Қазақстанның беделді актрисаларының бірі Қарлығаш Мұхамеджанованы қияға қондырды.

Ұзату той жайлы "Твиттерде" Қарлығаштың әріптестері мен достарыСанжар Мәдиев, Максим Акбаров, Әнуар Нұрпейісов пен Айдархан Әділбаев твит-репортаж жасап отырды.

Кештің асабалары болып "Базар жоқтың" әртістері Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин тағайындалған. Ал жас жұбайлардың құрметіне Батырхан Шүкенов, танымал пианист Денис Мацуев, Евровидения-2011 қатысушысы Алексей Воробьев өнер көрсетті (жалғасы).

Оцените пост

6

Комментарии

0
Төлеген Айбергеновтің тойы неге өз деңгейінде өтпеді дегенсіздер. Меніңше той жақсы өтті. Себебі бұл ақынға арналған алғашқы той емес пе? Келешекте келесі тойлары бұданда жақсы өтеді деп ойпаймын.
Показать комментарии