Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:57, 28 сентября 2012

Алматының «Алмасы»

 
 

28.09.12.
Blog post image



  

Алматының апортына қызығатындардың қатары артты. Тіпті, жер-жерде жарнамалық сипаты бар алманың суретін іліп, тас пен темірден жасалған сұлбаларын көрнекті жерге қоюға құштарлықтан да осыны байқауға...

Ал Республика алаңында пайдалануға берілген алып алма бейнесіндегі нысан нағыз шебердің қолынан шықты деуге болады. Ол қала тұрғындары мен қонақтарды қатты қызықтыратын сәулет өнеріне айналып шыға келді. Әсіресе, отау құруға бел буған жастар екі шетіне неке сақинасы тағылған Алманың ортасындағы «көпірден» өтуді сәнге айналдырды.
Биіктігі - 2,9 метр, көлемі - 5,4 метр келетін металл каркас пен сөре­лік әйнектерден жасалған мүсін жұртты қызықтырмай қоймайды. Осылайша некеге тұрған жас жұбайлар үшін тәу етер қадірлі орын баршаға қуаныш сыйлап жатыр.
- Алматы осындай әдемі, мүмкін болса ұлттық нақыштағы ескерткіштер мен мүсіндерге зәру. Әрнәрсенің өз орны болуы керек десек, шетелдерден келген қонақтар Қазақ еліне келгенін сезінетін туындыларды көбейту қажет. Тіпті, осы Алманың жанына арнайы жәшік қойып, бақытты отбасын қалай құруға болатындығы туралы пікір қалдырып отырудың өзі жастарға сабақ болар еді, - дейді Алматы тұрғыны Жанар Нұрсейітова.
Қалай десек те, қалалықтардың көз­қуанышына айналған Алма маңы енді жастардан босамайтыны анық.

   
0
481
0