Ташкентте табысқа жеттік

«Айқын» 2012 M09 28
320
0
0
0

  28.09.12.Өзбекстанның астанасында дзюдо күресінен әлем кубогының кезеңдік жарысы өтті. Оған 13 мемлекеттен келген 120-ға жуық балуан қатысты. Ташкент татамиінде жерлестеріміздің табысы мол болды...

 
28.09.12.

Өзбекстанның астанасында дзюдо күресінен әлем кубогының кезеңдік жарысы өтті. Оған 13 мемлекеттен келген 120-ға жуық балуан қатысты.

Ташкент татамиінде жерлестеріміздің табысы мол болды. Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медальді иеленді. Биыл Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 48 келі салмақта белдескен Александра Подрядова бұл жолы 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынауға бел буды. Бұл ретте оның қадамы құтты болды. Жарыс барысында израильдік Гили Кохен, өзбекстандық Ділдора Убайдоллаева және белоруссиялық Алеся Старавероваға сан соқтырып, алтыннан алқа тағынды. Әйгілі әріптесінің жеңісті жолы Анар Сейтімоваға жұғысты болды. Ол 78 келі салмақта өнер көрсетіп, бас жүлдені жеңіп алды. Финалда Анар боз кілем иесі Ирода Мадмұратованы ұтты. Күміс медаль Айгүл Байқұловаға (48 келі) бұйырса, Севара Нысанбаева (57 келі) мен Жібек Атаева (63 келі) қолаға қол созды. Ерлер сайысында жалғыз қола медальді аса жеңіл салмақта күш сынасқан Рүстем Ыбраев еншіледі. Шешуші тұста ол, еліміздің жас жұлдыздарының бірі, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы Елдос Сметовтан басым түсті.

 

Оцените пост

0
Дальше