Құқығыңды біл

miss-Lee 2012 M09 26
591
0
1
0

Ақтаудағы «Дана» әмбабап дүкенінде Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы мен жеке кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қойылды. – Тұтынушылар өзі талап ететін, яки өзінен талап...

Ақтаудағы «Дана» әмбабап дүкенінде Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы мен жеке кәсіпкерлер арасында меморандумға қол қойылды.

– Тұтынушылар өзі талап ететін, яки өзінен талап етілетін нәрсені білмегендіктен, түсінбеушілік туындайды. Біз осындай келеңсіздіктің алдын алып, мәжіліске заң жобасын ұсынып, мектеп кезінен бастап азаматтардың тұтынушылық сауаттылығын арттыруға ықпал жасаймыз. Тағы 16 әмбабап дүкен келісімге қол қоймақ,– деді облыстық монополияға қарсы инспекцияның бастығы Алтынбек Ақмырзаев.

Меморандумға алғашқылардың бірі болып 28 шағынаудандағы «Аман» әмбабап дүкені, 3 «а» және 11 шағынаудандағы «Дана» әмбабап дүкендері қол қойды.

Оцените пост

1
Дальше