Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
04:45, 26 сентября 2012

Теңізге шөккен ұңғымалар

 

Blog post image

Бүгінде Каспий теңізінің түбінде 68 ұңғыма бар. Су астында қалуы мүмкін бұл ұңғымалардың 48-і ғана табиғат пайдаланушы компаниялардың балансына алынса, 20-сы иесіз тұр. Мәселен, «Комсомольское» кенорынындағы 18 ұңғыманың бәрі де «Ком-Мунай» ЖШС иелігінде, олардың 8-і қайта қалпына келтіріліп, пайдаланылуда.

- Бірақ «Арман» кенорынындағы 9 ұңғыманың 9-ы да кенорынмен аттас компанияның балансына алынбаған. Олардың екеуі су басып қалған аймақта, қалған жетеуі маусымдық су көтерілу аймағында орналасқан. Иесіз қалған ұңғымалардан мұнай төгілу қаупі бар. Олар өз кезінде консервацияланбаған, – дейді Маңғыстау Орхусс орталығының директоры Қажымұрат Хайрушев облыс әкімдігінде өткен экологиялық кеңес басқосуында.

–     Экологиялық кодекс өзгерді. Соған сәйкес, табиғат пайдаланушылармен жасалған келісім-шарттарды қайта қарап, талаптар мен міндеттемелерді өзгерту қажет. Әсіресе, өздері жұмыс жасайтын аумақтағы ұңғымаларға жауапкершілігі туралы. Қолданыстағы келісімшарттарды ҚР Үкіметке ұсыныс әзірлеуді орынбасарым Қуаныш Мұқановқа тапсырамын, - деді облыс басшысы Б.Мұхамеджанов.

Әзірге мәселені шешуге тек «Қаражанбасмұнай» кенорыны ғана жауапты қарап отыр. Компания 11 ұңғыманың барлығын да өз балансына алған. Олардың 10-ы арнайы салынған алаңда (құрлықта) орналасса, біреуі су басып қалуы мүмкін аймақта тұр. Су астында қалған ұңғымалардың діңгегінің жарылуының алдын алу және қоршаған ортаға зиян келтірмеу мақсатында компания 2009 жылы арнайы жоба жасап, келесі жылы 3 ұңғыма, 2011-2012 жылдары 7 ұңғыманы зарарсыздандырған. Ал соңғы ұңғыманы жою жұмыстары 2012-2013 жылдың күз-қыс айына жоспарланған.

1
545
0