"E-learning" бізге де келіп қалды!

Бақытжан Күшібарұлы September 28, 2012
890
1
1
0

Жаңалыққа жаны құмар мен үшін бұл өте қуанышты хабар! Осы өңірде алғашқылардың қатарында "Электрондық оқу" жүйесіне енеміз. Сызбалары сызылды, құжаттары бекіді,енді жақын арада құны миллиондар...

Жаңалыққа жаны құмар мен үшін бұл өте қуанышты хабар!

Осы өңірде алғашқылардың қатарында "Электрондық оқу" жүйесіне енеміз. Сызбалары сызылды, құжаттары бекіді, енді жақын арада құны миллиондар тұратын ең жаңа ақпараттық-компьютерлік құрылғылар келе бастайды. Бүкіл мектептің біртұтас ақпараттық жүйесі орнатылып, ол өз кезегінде бүкілқазақстандық электрондық оқу жүйесіне қосылады! Бұл... фантастика.


Ең заманауи техниканы айтыңыз - аса жоғары жылдамдықты локалдық желі, интернет, оларға қалаған жерден қосылатын сансыз Wi-Fi нүктелері, ең заманауи сервер, мультимедиалық сандық подиум - ең заманауи видео-аудио-студия, интерактив тақта, қуатты проектор, мультимедиалық-лингафондық ноутбуктер сыныбы, әрбір сыныпта, директордан бастап әрбір мұғалімнің, қызметкердің алдында жеке компьютер, электрондық кітапхана, электрондық мұғалімдер бөлмесі...

Электрондық есеп, сынып журналы, күнделіктер, оқулықтар. Компьютер сыныптарын біртұтас басқару жүйесі. Біртұтас республикалық оқу ресурстарына қосылу, өз серверіміздегі мектеп сайты.

Осының бәрі іске қосылғаннан кейінгі балалардың қуанышын елестетемін. Ал мұғалім қауымы... біраз қорқынышта. Осы кезге дейін компьютерді игермеген әріптестер жетерлік. Ал "электрондық оқыту" деген заман талабы енді оларды біраз қаттырақ "қамшыласа" керек. Тіпті, "e-learning" мұғалім халқының жалпы менталитетін өзгерте ме деп үміттенемін. Өзгеру - керек!

Ал мен үшін бұл көптен күткен жақсылық. Әлдеқашаннан-ақ мультимедиалық сыныптың мүмкіндіктерін барынша толық пайдаланып, CRMS-пен, локалдық желіде, электрондық оқулықтармен, интернет ресурстарды, ондағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана сабақ өтіп жүрген адамға "электрондық оқу" анау айтқан қиындық тудырмаса керек. Тек, осы "жан рахатын" барлық балаларымыз бен әріптестер де пайдаланса деп армандаушы едім, лайым солай болғай.

"E-learning" - мемлекетіміздің білім саласындағы жаңа бір үлкен асуы деп қабылдаймын. Ол балаларымыздың жарқын болашағына жасалған заманауи тұғыр.

 

Оцените пост

1

Комментарии

1
Қуанышыңыз ұзағынан болсын аға! БҰЛ ЖАҢАЛЫҚТЫ БІЗДЕ КҮТІП ЖҮРМІЗ
Показать комментарии