Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
11:16, 24 сентября 2012

ҚАС ҚАҒЫМ ДҮНИЕ

Blog post image

Асығып-үсігіп жұмысқа шыққан бетім болатын. Жақсы көңіл-күймен аялдамада ел қатарлы автобус күтіп тұрған едім. Көп күттірмей  автобусымның тұмсығы да көрінді. Бағдаршамда  аялдағаны болмаса, аялдамаға таяқ тастам жерде ғана тұр. Жаяу жүргінші жолымен төрт-бес адам өтіп бара жатыр. Сол сәтте екі ит адамдардың соңынан ілесіп, жүгіріп өтпек болды. Бір ит жолды кесіп өтіп үлгерді де, екіншісі өтіп үлгермей зулап келе жатқан жеңіл көлік оңдырмай қағып өтті. Көзді ашып жұмғанша ит қыңсылап барып, жолдың шетінде жан тәсілім етті.

Асфальттің сыз басқан бетіне тілі жоқ төрт аяқтының қып-қызыл қаны жайылып кетті. Сыңарынан айырылғанын сезген екінші итке қансырап жатқан серігінің қасына келуге ағылған машиналар мүмкіндік беретін емес. Ары- бері қипақтап, бірде жолға, бірде жерге қарап тұмсығын жоғары көтеріп қыңсылап ұяласына қарап үрген иттің сол бейнесі көз алдымнан кетер емес. Ажал жетсе, бір минутта артқа күттіріп қоймайтынын осы кезде еріксіз мойындадым. Жердегі жылы қанды, сыңарын тұмсығымен жалтақ- жалтақ жеткен итке жаным ашыды. Соңынан ертіп әкетуге әрекет жасағысы келетіндей. Бәлкім бір үміті бар шығар. Тырбалаңдап сүйреп бара жатқан итте ешкімнің жұмысы болмады. Керісінше ақылдың иесі саналатын - адамдар сол сәтте жақындап барып ұялы телефондарына түсіріп қызықтап жатса, екіншілері таңырқап қастарынан өтіп кетіп жатты. Адамдардан көмек күткендей мұңлы көзбен қараған иттің жанарында серігіне деген қимастық сезімі түсінген жанға анық көрініп тұрған еді. Серігін тастап кете алмай, күйзелген иттің мына қылығы мені еріксіз таңқалдырды. Хайуан болса да серігіне деген адалдығын дәлелдеген итке қарап тұрған ойымды ыңыранып келген автобус ғана бұзды.

 
1
381
1