Тікелей эфир

Декорациялар әлеміне саяхат

Нағыз киноман үшін сүйікті картинасы түсірілген орынды тамашалау - үлкен бақыт. Бұндай адамдар фильм түсірілген жерді өз көзімен көріп қана қоймай, кейіпкер образына да кіріп кетеді. Біле берсеңіз, бұрынғы кино алаңдарын кез келген еуропалық астанадан тауып алуға болады. Әр адам Гарри Поттердің немесе Періштелер мен Шайтандардың аяқ басқан көшеге саяхаттап қайта алады.


«Код да Винчи», Париж бен Шотландия. Дэн Браунның «Код да Винчиге» табынушыларына Парижде кино түсірілген жерлерге арнайы экскурсия ұйымдастырылған. Ол кино түсірілімдерінің басым бөлігі өткен Луврден басталады. Топ келісім қағазды еш қиындықсыз ала алады (өйткені мұражай әр түсірілім күніне 30 мың еуро алып отырған), алайда рұқсаттама Луврдың келушілеріне жабық күндер де бар: сейсенбі және тек түнгі уақытта күшіне енеді.

Фильмде «Мона Лиза» суретінің тек көшірмесі қолданылған, өйткені мұражай оның түп нұсқасына жарық түсіруші құрылғыларды жақындатуға рұқсат бермеген. Сондай-ақ түсірілімдер Нотр-дам-де-Лорет (Notre-Dame-de-Lorette) және Сен-Сюльпис (Saint-Sulpice) шіркеулерінің жанында, Вандом алаңында, фильм бойынша басты кейіпкер Роберт Лэнгдонның тоқтаған Ritz қонақүйінде жүргізілген.

Түсірілімдер сондай-ақ Шотландияда да өтті. XV ғ. көрікті ортағасырлық Росслин (Rosslyn) атты кішкентай шіркеу кино шыққаннан кейін саяхатшылар арасында танымал болып кетті.

«Періштелер мен шайтандар», Рим. Ватикан «Код да Винчи» кітабы мен киносын сынап тастайды, алайда бұл фильмнің жалғасы болған «Періштелер мен шайтандарды» Римде түсіруге кедергі болмайды. Бірақ бәрі де жеңіл түспейді. Түсірілім тобына әр кезде белгілі жерлерді түсіруге «байқаусыз» кедергі келтіріліп не мүлдем түсіруге тыйым салынып отырды. Сонда да біз фильмде Пьяцца дель Пополоны, Пьяцца Навонаны, Рим көшелері мен атақты көпірі бар Қасиетті Періштенің сарайын (Castel Sant'Angelo) көре аламыз. Тас қараңғыда көзге көрінуі үшін көпірдегі періштенің әр мүсініне жарық беріп отыру керек болды.

Түсірілім алаңдарына көптеп саяхатшылар мен жай ғана көрушілер келіп жатты, алайда айқай-шу фильмнің атмосферасына тек пайдасын әкелді, өйткені сюжет бойынша көрермен алаңдап отыру керек – анау-мынау емес, Ватиканға бомба қойылған...

Маңызды көріністердің бірі өткен Төрт Өзен Фонтаны түсірілім кезінде қайта өңдеуде еді. Ақыр аяғы оны және де Қасиетті Петрдың алаңын Лос-Анджелестегі павильонда қолмен жасап шығуға тура келді.

«Гарри Поттер», Ұлыбритания. Барлығына таныс поттериана, жеңіп шыққан бала туралы сага, Ұлыбританияда түсірілген. Зәулім әрі ортағасырлық Джоан Роулингтің әлемін айнытпай көрсетіп бере алды. Негізгі түсірілімдер Оксфорд университетінде өткен. Сәйкестік емес пе?

1525 жылы құрылған Оксфордтың ең аристократиялық Крайстчёрч (Christchurch) колледжінің негізгі залы Хогвартстың Үлкен залына айналды. Кейіпкерлер жиі баратын кітапхана герцог Хамфридің Бодлиан кітапханасында, ал дәріхана болса, дін ілімі мектебінде түсірілген.

Қара сиқыр мен магия мектебінің сыртқы бейнесінің прототипі Шотландияның оңтүстігінде орналасқан Элнвик (Alnwick) сарайы болды. Ол 700 жылдан астам Нортумберленд герцогтерінің иелігінде. Әрине, кино түсірушілер кейін оны компьютерлік графика арқылы одан да сұсты етіп көрсетті.

Глостер кафедралдық соборы фильмде сарай дәліздері мен мектептің тағы да бір прототипіне айналды. Оның готикалық архитектурасы әлі күнге дейін әлемдегі ең үздік болып саналады. XI ғ. тұрғызылған ол кейбір ағылшын корольдерінің тәж кигізу мен жерлеу рәсімдері өтетін жерге айналады.

Басқа көріністер Готлендте, Йоркшир графтығында, Лэкок ауылында және Даремдегі норманндық соборында түсірілген. Гарри Поттер содан алты рет оқуға аттанатын King`s Cross вокзалы расында Лондонда бар екен, тек түсірілмдер 9, 10 емес, 4-ші және 5-ші платформалар арасында жүргізілген.

«Турист», Венеция. Жақында шыққан «Турист» фильмі бізге қауіпті, батыл, бірақ сонда да романтикалық жаңа Венецияны алдымызға әкелді. Қала әкімшілігі түсірілімдерге қуана-қуана келісім берген. Түсірілім тобын Сан-Марко алаңында да, Пегги Гуггенхайм мұражайында да, Арсенал мен Венецияның басқа да көрікті жерлерінде кездестіруге болатын.

Фильм бойынша Анджелина Джоли мен Джонни Депптің кейіпкерлері бес жұлдыздық сәулетті Danieli қонақүйіне түседі, онда өз кезінде Хемингуэй тоқтаған, алайда түсірілім тобы онда тек бірінші қабатында кей көріністерді түсіреді. Ал қонақүй бөлмесінің өзі Гранд-каналдағы Palazzo Pisani Moretta-да жасалады. Неге? Басты кейіпкерлердің романтикалық сүйісуі түсірілген керемет дәстүрлі венециандық балконға шығу үшін.

Бал залының интерьеры 1308 жылы қаланған итальяндық мектеп Scuola Grande della Misericordia-да түсірілген. Бірнеше апта бойы түсіруші топ үлкен залды әшекейлеп, оған қажетті салтанатын беріп отырған. Тіпті мезонин мен балкон салдыруға мәжбүр болған.

«Вики Кристина Барселона», Каталония. Келесі аялдама – Барселона мен Вуди Алленнің «Вики Кристина Барселона» фильмі. Қала билеушілері мен Каталония үкіметі атақты режиссердің түсірілімдеріне бір жарым миллион еуро бөледі, бұл қала тұрғындарының наразылығын тудырады. Өйткені мұндай ақшаға көптеген испан режиссерлері де лайық, алайда биліктегілер Вуди Аллен саяхатшыларға қаланы жақсырақ «жарнамалап» береді деп есептеген. Дегенмен, олар қалыс қалмады.
Режиссер ерекшеленуге тырыспай, көбінесе Гауди архитектурасын құрайтын бүкіл танымал көз тартарлық орындарды түсірді. Оған аяқталмаған Саграда Фамилиа (Sagrada Familia), Мила үйі (Casa Mila) немесе басқа атауы Ла Педрера (La Pedrera), Ла Рамбла көшесі, Тибидабо тауындағы ойын-сауық паркі (1901 жылы құрылған), Сант-Пау (Sant Pau) ауруханасы жатады. Басты кейіпкерлер «Төрт мысық» (Els Quatre Gats) кафесінде танысады. Готикалық кварталдағы өте богемдік орын. Әрқашан да жанында суретке түсушілер мен тілек тілеушілер толып жүретін мозаикалық саламандр-фонтанында Вики мен Хуан-Антонионың кездесуі өтеді.
Фильмде біз Барселонаға Монжуик пен Тибидабо тауларына тамсанып, белгісіз Гаудиді – қазірде Барселона университетіне тиесілі қақпасында айдаһары бар Гуэль мекенін көре аламыз. Сондай-ақ фильмде солтүстік жағалаудағы кішігірім Овьедо мен Авила қалаларын байқауға болады.

Вуди Аллен үшін бұл фильм қалаға деген махаббатын білдіру еді. Режиссер мұндай оқиға тек Барселона немесе Парижде болуы мүмкін деген еді. Айтпақшы, режиссер биылғы жылы кино түсіру үшін Римге кетті, ал келесі жылы түсірілім қаласы Мюнхен болмақ.

Еуропалық кино алаңдарын әлі ұзақ тізе беруге болады: Прага мен «Нарния Хроникалары», Рим мен «Американдықтағы» тыныш ауылдар, «Парфюмердегі» Парижге айналған Барселонаның готикалық кварталдары, Борн жайлы сага түсірілген Берлин, Мадрид, Турин және де аты айтып тұрғандай, жаңадан шыққан «Түн жарымдағы Париж». Бұл фильмдер бізді Еуропаның ең әдемі қалаларына өзгеше қырынан көз салғызып, олармен байланысты тамаша естеліктерді жаңғыртуға мүмкіндік береді.

"ChasKor", аударған Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
11 қараша 2012, 9:02
3213

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Осы мақаланың арқасында, Барселонада жүрген кезде әдейі кино түсірілген жерлерді іздеп жүрдім: "Төрт мысық" кафесін, Гауди паркінің жанындағы фонтан, саграда фамилиа, каса мила:))
Айжаник, прямой перевод болып кетіпті. Бір рет қазақ тілді редакторға оқытып алу керек сияқты. Ну, а так, қызық ақпарат екен. Әсіресе, Гарри Поттер туралы. Фанаткасымын ғой. )) Рахмет!

PS. Бірер айдан соң Барселонаға іссапармен барып қалатын шығармын ))
иә...қазір қарап отырсам, қателер бар екен:) келесі аудармалар көркемірек болады деп ойлаймын) рахмет!
Ооо...күштііі...!)
Түн жарымдағы Париж ен тамаша фильм !коре бергим келед кайтадан !
аха) қыздар неге осындай фильм көрмейд екен а )анау киноға уқсамайтын Сумырқы көре бергенше )
мен білетін қыздардың бәрі де бұл фильмді көрген:) ұнатты

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 3601
  • 57
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 3328
  • 32
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 3037
  • 10
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2683
  • 2
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2310
  • 18
Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

Что происходит в казахстанской правоохранительной системе под видом борьбы с коррупцией

За день до своей гибели прямо около памятника жертвам политических репрессий 1937-го Жампозов сказал жене, что он – жертва точно таких же репрессий.
openqazaqstan
сегодня / 10:18
  • 1918
  • 7
Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Почему путь к любимому Иссык-Кулю из года в год не становится легче

Минувшие выходные для казахстанских туристов, рвущихся от алматинской жары к иссык-кульской прохладе, снова обернулись настоящим кошмаром.
caravan_kz
19 июля 2017 / 18:39
  • 1773
  • 4
Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Наша новая рубрика «Топ-5»: самые красивые актрисы Казахстана

Решили сделать топ-5 красивых актрис Казахстана. Очень долго спорили о первых трех местах и даже чуть не подрались. Было очень тяжело выбирать.
asdbqwe
20 июля 2017 / 14:24
  • 1746
  • 41
Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Легендарный вокалист «Linkin Park» унёс за собой молодость десятков тысяч людей

Самое грустное, что, как и всегда в таких случаях, скоро на Честера начнут изливаться потоки грязи - что он был наркоманом, или что-то подобное (как в случае со многими знаменитостями).
demonica
21 июля 2017 / 15:13
  • 1781
  • 49