место в рейтинге
  • 138693
  • 822
  • 25
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алла, ауылдың ақхалаттысынан сақта...

Ия, Алла, ауылдың доқтырынан сақта! Әбігерге түскенде ауызға Алла түседі екен, шаласауатты доқтырлардың шалағай ісінен сап-сау бала жансақтау\реанимация\ бөлімінен бірақ шыққаннан кейін, құдайға жалбарынған басқа, бүгінде ауыл адамдарының қолдарынан басқа ешнәрсе келмейді екен. Алыс-шалғай емес, экономикалық дамыған Қазақстанның бетке ұстар қаласы Алматының түбінде тұрған ауылдардағы сауатсыз медиктердің ісінен кейін, не өзіңе, не құдайға ғана сенім қалады екен.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Елтай ауылдық аумағына қарасты, Байбосын-Қаратөбе ауылының он жасар тұрғыны Дастан Б. қарапайым ғана құлақ ауыруынан отиттен, менингит ауыруына шалдығып, Каскелеңдегі инфекция жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінен бірақ шықты.

Бала болғанна кейін суға түспейтін бала бола ма, ал бұл ауылда балалар үшін бүгінде түсетін су да қалмаған. Ауыл маңындағы көлді көсіпкерге сатып жіберген, ондағы аздаған шамалап алғанда, таза суға түсу үшін әр баладан 200 теңге алады екен, сондағы бизнес жасағандар. Ал ақша жоқ болып Ақсай өзеніне түсетіндер ауруға шалдықпай қоймайды, себебі көптеген құйылып жатқан химиялық қалдықтардың арқасында, өзеннің ағын суы, қоймалжың күңгірт түсті болып ауылдың қасынан өтеді. Балалардың барар жері болмағаннан кейін ата-аналарына айтпай сол лай суға түседі екен. Дастан да Ақсайға түсемін деп, маусым айында құлағын ауыртып шықты, Ақсайдың лай суынан. Елтай ауылдық емханасында педиатр, балалар дәрігері болғанымен, Лор, құлақ қарайтын дәрігер атымен жоқ. Шешесімен барған баланы Қаскелеңге жіберіпті, аудан орталығындағы ақылы құлақ маманы, мың теңге алып, ішетін дәрі жазып беріп, құлағына шиқан шыққан деп, үйіне қайтара салған.

Арада бір ай шамасы өткенде баланың екінші құлағы қабынып ауыра бастайды, баяғы барар Қаскелең демекші, сол баяғы ЛОР доқтыры, лоқсып құсқан баланы, тамағы мен екі құлағының қабынғанына қарамастан, рентгенге түсіріп, басына ірің шапты ма, жоқ па, ірің жайлаған жердің мөлшерін де анықтамай, антибиотик дәрісін салыңдар да кете беріңдер, деп тиісті ақшасын қалтаға басып, жібере салған.

Қыркүйек келіп, бала мектепке барады, сол ауылдағы Б.Тамабаев атындағы мектептің 4- ші сыныбында оқитын бала, күнара бас ауыруынан жата бергісі келіп, мазасыз күйге түседі. Жұмыстан қолы тимейтін шешесі мен әжесінің баласы болғандықтан, ауылдағы медбикені шақыртып укол салдырғаннан басқа қолдан келер қайран жоқ деп үлкендер де жүре берген.

17- ші қыркүйекте ауылға барсақ, бала: басым, басым деп,- мазасыз күйде жатыр екен, температурасы қатты көтерілмеген сияқты, өлшейтін граусник те жоқ екен. Не болды? ,- дегенге, кеше шешесінің туған күніне арнап алған торт пен қалбасаны аралтырып жеп, күпті болған шығар, -деді әжесі. Е, ондай-ондай ханның баласында да болады деп, кешке қарай бас ауырғаны қоймағаннан кейін, уланып қалса, "активированный уголь" деген, ағзадағы артық затты сорып алар деп, екі түйіршегін беріп едік, бала құсып тастады. Түнде де құсты. Ертеңіне Елтай ауылындағы ауруханаға апардым, ол Байбосын ауылына "жедел жәрдем" деген жетпейді дегеннен кейін.

18-ші қыркүйекте саған 9 шамасында балалар дәрігерінің алдында болдық. Сол ауылда тіркелген баланың медкартасы жоқ болып шықты. Мектепте ашылған медкартасында бір де бір жазу жоқ. Дастан екі жыл бұрын сары ауыру, гепатиттің "А" түрімен ауырған жоқ па десем, шешесі: онда болниске жатқан жоқ, ауылдан система алып, аяғымен жүріп кеткен,- деді. Қандай вакцина, емшара болды, оның бірі жайында жазулар жоқ еш жерде. Ауылдық медбике мектепке сілтеді, мектепте мұғалімдер одан хабарсыз екен, Елтай ауылдық педиатрлары ондай заттарды қадағаламайтын болыпты. Педиатр дәрігер З. ханым: отравление болса мына система мен уколды салыңыз,- деп рецепт жазып берді де екінші қабаттағы емшара бөлмесіне жібере салды. Екі сағат кезек күтіп, балаға система салғызып болғанша бала үш рет запыран құсты. Құсығы сап-сары болып шыққанынан шошынып, қайтадан дәрігерге бардық: Баланың құсығы сары, басы қатты ауырады, температурасын тексеріңіз, менингит болуы мүмкін емес пе?

Ой, қойыңызшы жаман сөз айтпай, жаман тамақ жеп күпті болған ғой,- деп жібере салар жайы бар, педиатрдың. Жоқ бұлай болмайды, не Каскелеңдегі инфекция ауруханасына, не қалаға направления жазып беріңіз деп, ұрысқандай болып, ауданға жолдама алдық. Қайда кетсең онда кет, тек меннен аулақ бол деген дәрігермен қоштасып Каскелеңге жетсек, қабылдау бөлмесіндегі орыс апай күледі, не болды десем: Балада қалай острый гастрит деген, диагноз болады? Какой умный врач вам поставил такой диагноз без анализов, дегенде не дерімді білмей қалдым. Әй, қазағым ай, - деп.

Тым болмаса анықталмаған ауыруы бар, жұқпалы дерт болуы мүмкін деп те жаза алмаған екен, ауылдағы дәрігер. Надан дейін десең, тақылдап тұр. Бірақ соншама салғырт қарап, атүсті ойына келгенді жаза салу, жауапкершіліктің болмауының өте ауыр түріне жататын шығар. Өз ісіне салғырт қарау, дәрігер деген атаққа жараспайды екен.

Каскелеңдегі Лор доқтыры атүсті қарай салды, ақша алып тұрып. Ауылдағы балалар дәрігерінің шамасы мынау, күндегі қарбаластан басы айналып отыр, өзімен өзі алысып. Тым болмаса баланың медкартасы қайда екеніне де назар аудармайтын халге жеткен. Келіп-кетіп жатқандарға тек бұлыңғыр бірдеңе айтып шығарып салумен болатын секілді күндегі тірлігі. Бұндай тірліктен кейін, дұрыс ем қолданылмаған бала құлақ ауыру асқынып, ақыры менингит болып бірақ шықты. Жұлыннан ПЦЖ дегенді пунктуациялап алып, анализ арқылы анықтап, жансақтау бөліміне жатқызып, ем қолдана бастады. Бұл аурухананың өзінде де кей дәрілер жоқ екен, тек білікті мамандардың арқасында баланың жаны аман қалатын шығар.

Бұдан он жыл бұрын немерелес ініміз Тілеужан И. осындай дүдәмал жорамал жасайтын дәрігерлердің білместігінен 33 жасында менингиттен көз жұмған еді, басы ауырып, температурасы көтерілген адамды Каскелеңнің ауруханасы "пневмониядан" емдеп, есінен айырылғанда: Алматыңа алып кетіңдер, мұның есі дұрыс емес,- деп жындыханаға аттандырғанда, сол Алматыдағы Сейфулин мен Абай көшелерінің қиылысындағы жындыхана докторлары: Жоқ, бұл адам жынды емес, скорее всего менингит,- деп инфекция ауруханасына жіберген еді. Екі апта дұрыс ем қабылдамағаннан кейін комаға түсіп, есінен айырылып, ақыры жан тапсырған еді, шаласауатты, надан доқтырлардың арқасында.

Ал мына он жастағы Дастанға дұрыс диагноз қойылып, дер кезінде ем қолданыла бастағанының  арқасында, аман алып қалған сияқтымыз.

Бұдан кейін ақхалаттағыларға сенуге бола ма?

Бәріне бірдей сене алмаймын деп те айта алмайды екенсің. Менің байқауымша, соңғы кезде шаласауатты, дүмбілез дәрігерлер көбейген секілді. Өзіміз де ауылдан шықсақ та,  ауылдан шыққан, қазақша қатырып сөйлейтін емшіден гөрі, орыс, немесе орысша сөйлейтін Кеңес-Совет дәуірінен қалған дәрігерлерге қаралғанды ұната бастағандаймыз. Ондай білгір мамандар азайып бара жатыр екен, жыл санап. Жаңадан оқып келген мамандарды білгір дәрігер қылып, тәжірибе бөлісер мамандар үлкен қалаларда болғанымен, аудан, ауыл деңгейінде жоқтың қасы сияқты. Егер Алматының түбі, Елбасының Отаны, Қарасай ауданына қарасты ауылдарда дәрігерлердің дүмбілездігі, атойлап тұрса, алыс аймақтағы адамдардың халі қалай болғаны?

Өз басым доқтырдан гөрі, интернетке сенетін болдым, интернеттен оқып алып, мына Дастанға да дүдәмал диагноз жасаған едім, расталып, Алланың көмегімен, аман алып қалдық.

Біз көптеген жайтты кездейсоқтықтық дей саламыз, ал сол кездейсоқтық Көктен түскен бағдарлама екеніне мән бермейміз. Адамда сенім болуы тиіс, мұсылман болғаннан кейін Аллаға сенеміз, бес уақыт намаз оқымасақ та, қазақи мұсылманбыз дей салып, одан кейін адам өз өзіне сенімді болуы керек екен мына заманда, өзің оқып білмесең көптеген жерде, кездейсоқ кездескен қиындықтар қиналтады екен. Дәрігерлердің де айтқанын істемес бұрын, интернеттен информация алып, тек сенімді болғаннан кейін ғана  ем қабылдаған дұрыс сияқты.

Аман болыңдар ағайын, ауырмаңдар.

Нурлан Ибрагимов NurlanBekmurat
По образованию инженер-строитель. хобби журналистика, член Союза Журналистов Казахстана. Написал книгу \\\\\\\\\\\\\\\\"Коррупцияның көлеңкесінде\\\\\\\\\\\\\\\\". Пишу стихи на русском и на казахском.
20 сентября 2012, 12:59
878

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

Узаконенное варварство в стране, принимающей «EPXO». Еще далеко нам до «топ-30 развитых стран»

В продвинутых государствах едва ли поймут, почему в столь развитом, успешном и преуспевающем Казахстане от имени и по заданию властей творятся такие зверства над животными.
openqazaqstan
24 мая 2017 / 12:12
  • 9921
  • 98
Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Поддержим пенсией жиреющие банки! На что казахстанцам разрешат досрочно тратить свои накопления в ЕНПФ

Со стороны ЕНПФ в очередной раз прозвучало крайне неоднозначное заявление, от которого, на наш взгляд, лучше было бы воздержаться.
openqazaqstan
23 мая 2017 / 11:08
  • 9303
  • 32
Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Казком берет комиссии за оплаты по карте. Почему на это закрывают глаза Visa и MasterCard?!

Покупаешь в супермаркете продукты на 5000 тенге и банк забирает себе еще 30-50 тенге. То есть, продукты обошлись уже не в 5000, а в 5050 тенге.
ValentinaVladimirska
вчера / 22:56
  • 6177
  • 14
Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Вырубка деревьев в Алматы под БРТ. Проект уже нанес городу экологический ущерб

Как ранее уже сообщалось из-за строительства БРТ в Алматы пострадают значительное количество деревьев. На прошлой неделе вырублены первые вязы и клён, - под расширение проезжей части на улице...
SKYFALL
24 мая 2017 / 17:20
  • 5663
  • 12
Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Что бы ни сделал пешеход – все равно водитель сядет

Вопрос о равной ответственности водителя и пешехода при наезде на последних, только-только начинают обдумывать в высоких кабинетах. Но, пока государственные головы думают, водители продолжают...
Mirogloff
22 мая 2017 / 23:29
  • 4833
  • 32
Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Системная коррупция стала главной угрозой для Казахстана. У нас воруют миллиардами

Коррупционные отношения вышли на такой уровень, что они уже начинают дискредитировать всю систему управления.
openqazaqstan
сегодня / 13:45
  • 3317
  • 23
Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Пока полицейские будут прощать, им будут бить и по чести, и по лицу

Судья Алмалинского районного суда Куаныш Арипов ломает стереотипы отношения граждан к представителям Фемиды. Напавшему на полицейского экс-сотруднику алматинского акимата он назначил наказание выше...
Mirogloff
24 мая 2017 / 16:41
  • 3343
  • 9
Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Да-да, я знаю, пора выходить замуж. Есть ли у меня еще время и, пожалуйста, уточните сколько?

Итак давайте сразу начистоту. Мне 29. Не замужем, никогда не была, детей нет. В душе я совсем не чувствую этот возраст. Каждый раз когда задумываюсь об этом больше чем на 3 минуты, меня накрывает...
user2017
23 мая 2017 / 10:57
В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

В Алматы доставили чудотворную икону «Умягчение злых сердец»

Икона "Умягчение злых сердец" несет особые - сакральные, духовные смыслы. Ее намоленность ощущается даже за те секунды, пока прикасаешься губами к образу.
ValentinaVladimirska
20 мая 2017 / 0:09
  • 3368
  • 0