Тікелей эфир

Әлия Мұсаева: Мақсатымыз — «Қазақстанда жасалған» белгімен прет-а-порте киімдерін жасау

Бүгінгі таңда өз-өзіңе жұмыс істеп, табыс табу — әр адамның арманы. Алайда бел буып, қиындықтарға төтеп беру әркімнің қолынан келе бермейді. «Екпіннің» бүгінгі кейіпкері «Apolti» шеберханасының иесі Әлия Мұсаева оқырмандарымызға өз ісін қалай, неден бастағаны туралы баяндап бермек.

— Әлия, сәлеметсіз бе! Тігіншілікпен қашаннан бастап айналыса бастадыңыз?

— Осыдан бір жыл бұрын әпкелеріммен бірге тігін шеберханасын ашуға әрекет жасадық. Бір аптаның ішінде шеберхана орны да табылды. Сөйтіп ақ қабырғалы пәтерде 1 үстел, 2 орындық, 2 тігін машинасы және 1 үтікпен Apolti дүниеге келді.
Әрине, жоспарымда модельер жұмысын жасап, коллекция шығарамын деген ой болатын. Бірақ диплом алғаннан кейін, ғылым артынан қуып, университетте ары қарай оқуымды жалғастырдым. Қанша дегенмен, киім тігетінімді біліп алған жұрт уақытымды білім саласымен ғана шектетпейтін. Сөйтіп, теория мен тәжірибе қатар жүрді.

Тігуді 2 курстан бастадым, себебі салған нобайларымды тігіншілер жасай алмады. Басында студент болғанымда, киім тікпей, тек сурет салып және киімнің конструкциясын жасаймын деп ойлатынмын. Қазіргі модельер салған жұмысын құрып та, пішіп те, тігіп те білу керек деп санаймын.

Ал сурет салып, өнерге деген қызықшылығым бала кезімде қолыма қарындашты ұстағаннан басталды. Үйде таза қағаз қалмайтын. Сәл өскен соң барлық қыздар сияқты қуыршақтарға киім тігетінбіз. Шүберек бос жатпайтын, тіпті мамам мен папамның сау киімдері де қайшының астына түсетін. Содан мамам суретшілер үйірмесіне жазғызды, оны мектеппен қатар бітірдім. Әрине, келешекте кім боламын деген сұрақ туған жоқ. Сөйтіп, «Модельер және конструктор мамандығына» түстім. Негізі үйде екі үлкен әжем де, анам да тігеді.

— Ең бірінші киіміңізді кімге тіктіңіз?

— Ең бірінші киімді сіңілім Алмаға тіккенмін. Алманың үстіне киім тігіп үйрендім десем болады. Алма тоғызыншы сыныпта оқыған кезде ең бірінші тіккенім — мектепке киетін шалбар мен үстіне киетін корсет болды. Сол форма көптеген қыздарға ұнаған болу керек, Алмуша көшеде келе жатқанда бәрі қызығатын. Жарты жылдың ішінде көп қыздар солай киіне бастады. Алманың өзі кішкентай кезінен ерекше киініп жүруді жақсы көретін. Кішкентай кезімізде барлық киімімізді мамамыз тігіп, өзі киіндіретін. Киім сатып алмайтынбыз. Алайда мамамның мамандығы — дәрігер, тек қолы бос кезінде тігінмен айналысады.

— Ең алғашқы тапсырысыңыз есіңізде ме?

— Ең алғашқы үлкен тапсырыс мектеп бітіру кешіне арналған көйлек болды. 2005 жылы Гүлнұр деген қыз өзінің эскизын салып алып келді, оны біз ары қарай толықтырып, тіктік. Сол жылы оның көйлегі Тараз әкімшілігінің шешімімен 2005 жылдың ең әдемі көйлегі атағына ие болған.

— Мамандығыңыздың қыр-сырлары турасында айтып кетсеңіз...

— Негізгі мамандығым — құрастырушы. 1999 жылы Тараз қаласындағы ТарМУ-ға «Тігін бұйымдарының технологиясы және дизайн» кафедрасына түскен болатынмын. Онда 5 жыл оқып, одан соң «Тігін бұйымдарының технологиясы» мамандығы бойынша магистратураға түстім. Алдында құрастырушы мен бейнелеуші болсам, енді технологиямен де айналыстым. Магистратурадан кейін, аспирантураны да оқып, 1 жыл университетте «Материалтану» сабағын оқыттым. Матаның құрамын, құрылымын зерттейтін қызық әрі қиын сабақтардың бірі болатын. Сол кезде мүмкін өз ісімді бастауға ниетім пайда болды. Өйткені жай ғана мұғалім болып қалу болашағы маған ұнамады. Өз ісімді, өз шеберханамды ашуды армандадым. Солай бір жылдан соң отбасымның, жақындарымның қолдауымен осы «Apolti» шеберханасын аштық. Бір аптаның ішінде бәрі де шешіліп, Алматыға көшіп келдім.

— Ал іс бастағанда қандай қиындықтарға кезіктіңіз?

— Ең басында шеберхананы немен толтырамыз деген сұрақ пайда болды. Өйткені мен өзіммен тек 3 тігін машинасын, екі-үш тігілген көйлек және алдын ала жасап қойған бірнеше той көйлегіне арналған аксессуарлар ғана әкелдім. Одан басқа ештеңе болған жоқ. Кейін жайлап 1-2 айдың ішінде шеберхана сөрелерін толтыра бастадық.

Содан соң алдымыздан шыққан мәселе — клиенттер сенімін иелену. Алғашында клиенттер бізге киімдерін жөндеуге ғана алып келетін. Шалбар қысқарту, көйлек тарылту сияқты «тексеріс» кезеңінен өткендей болдық. Кейін бара-бара киімдерді тапсырысқа бере бастады. Солай бір жылдың ішінде өзіміздің тұрақты клиенттеріміз де пайда болды.

Тағы бір қиыншылығымыз — уақытты жоспарлау. Жарты жыл түнделетіп жұмыс жасадық, өзімізді тоқтата алмадық. Жалпы, жоспарсыз қиын — ол тек бизнес жоспары емес, жеке уақытыңыз да. Шағын жеке бизнес болғандықтан, тіпті бос уақыт туралы ұмытасыз, ауырып, мұңая да алмайсыз, себебі бәріне өзіңіз жауаптысыз.

Аксессуарлар

— Киім үлгісін өзіңіз ойлап табасыз ба?

— Әр клиентпен жеке жұмыс істейміз. Тапсырыс берушінің талғамына, түріне, бойына, мінез-құлқына қараймыз. Не жарасатынын айтып, кеңес береміз. Әр деталін өзімен ақылдаса отырып жасаймыз.

— Шеберхана атын неліктен "Apolti" деп қойдыңыздар?

— Бұл шеберхана 2011 жылы 28 маусымда ашылған болатын. Орнын, арендатура шаруасын — бәрін сіңілім Алма шешті. Атын қалай қоямыз деп біраз ойландық. Сосын бұл істі Алма бастаған соң, Алманы еркелетіп атайтын Apolti деп қояйық дедік. Негізінен жұмсартып, Апольти деп айту керек. Әкеміз кішкентай кезінен оны Апорт деп еркелететін, тәтті алма, апорт деп, содан Апольти болып кетті.

Алманың үстінде трансформер көйлек

— Шеберхананың қазіргі жағдайы қандай?

— Қазіргі жағдайы бірқалыпты жақсы. Өйткені осы жылдың мамыр мен маусым айының ортасына дейін алты ұзату көйлегін тіктік. Сол уақытта тапсырыс көп болды. Ораза айына дейін жұмысымызда сәл кідіріс болды, енді міне, қайта жанданды.
Жарты жылда тапқан ақшамыз жалға беруге кетіп отырды. Келесі жарты жылдық табысымызға жаңа тігін машиналарын алдық. Өзіммен алып келген машиналардың тоқтамай жұмыс істеуге қуаты жетпеді. Сондықтан арнайы кәсіби машиналарға жараттық. Енді мамыр айынан бастап сәл де болса, табысқа жетіп жатырмыз.

— Көбінесе қандай киімге тапсырыс беріп жатады?

— Көбінесе ұзату көйлектеріне, кеш көйлектері, той көйлектері және ұлттық киімдерге тапсырыс жасалады.

— Матаны қайдан аласыздар?

— Матаны тапсырыс беруші қыздармен барып, бірігіп сатып аламыз. Өйткені олардың көбісі мата таңдай алмаймыз деп, кеңес сұрайды. Матаны өзіміздің таңдап алуымыз да маңызды, өйткені қыздардың сатып алып келген маталары салынған үлгіге сай келмей қалуы мүмкін.

— Қазірде Алматыда осындай шеберханалар көп. Сіздің ойыңызша, олардан сіздердің ерекшеліктеріңіз қандай?

— Алматыны осындай шеберханалардың отаны десек те болады. Қазіргі таңда аса ерекшелігіміз жоқ. Өйткені ол ерекшелікті жасайтын уақыт керек. Тек бір айта алатыным, көйлекке салынған бір ою екінші қыздың көйлегіне қайталанып салынбайды. Осы біздің ерекшелігіміз деп ойлаймын. Содан кейін жасайтын гүлдеріміз, аксессуарларымыз қайталанып жасалынбайды, бәрі де жалғыз экземплярдан.

Жалпы, жоғарғы сән үлгісіне көп жұмыс жасау керек, оған, әрине, уақыт, қаражат қажет. Біз сапа мен клиенттің сұранысына көп көңіл бөлеміз.

— Ал шеберхананы қалай жарнамалайсыздар?

— Әдеттегідей арнайы жарнама жасамадық. Елдер бір-бірінен естіп, келе бастады. Достарымыз немесе клиенттеріміз достарына айтып тұрады. Оған қоса сіңілім ғаламторда жұмыстарымыздың суреттерін іліп, Ювижн сайтында посттар жазып тұрады.

Апольтидің ең бірінші клиенті — Мәдина есімді қыз, ол той әшекейлерімізді жұмыстағы әріптесі әрі біздің досымыз арқылы фотодан көрген. Осылайша тойға басына тағатын әшекей гүлге тапсырыс берген болатын. Мәдина үшін сол кездегі бос шеберханамыз күдік туғызбады. Біздің мақсатымыз — осындай сенімділікті жоғалтпау.

— Шеберхананы дамыту мақсатында болашақта қандай әрекет жасаймыз жеп жатырсыздар?

— Болашақта топтама ретінде кешкі көйлектер үлгілерінің санын көбейткіміз келеді. Ал ең басты мақсатымыз, арманымыз — «Қазақстанда жасалған» белгімен прет-а-порте киімдерін көбейту. Дизайнер ретінде өз коллекциямызды шығаруды да армандаймыз.

— Шеберханадан басқа немен айналысасыз?

— Уақытым болғанда латина биіне қатысамын. Өйткені бір жерде отырып жұмыс істегеннен арқа да, денеміз де талып кетеді. Соны біраз жазу үшін билеп тұрамын. Бір жағынан хобби, бір жағынан гимнастика.

— Өз ісін бастағысы келетін жас тігіншілерге қандай кеңес айтар едіңіз?

— Ең бірінші кеңес — қорықпау керек. Адам қорықса, ары қарай ісі жүрмей қалады. Есейген сайын батылдық пен еркіндік азая береді. Себебі жауапкершілік көбееді, уақыт азаяды. Бірақ қандай себеп болса да, өз арманыңды күтіп алуға дайын болу керек. Бұны өнерлі жастар арасында өтетін «Профи» атты бәйгеге қатысқанымда түсіндім. Магистратураға құжаттарды жинап жүргенде, аяқ астынан сол бәйгеге сайыскерлер санын көбейту үшін мені де шақырған. Бәйгеге диплом жұмысымның коллекциясын көрсеттім. Бірінші орын маған бұйырады деп ойламаппын. Сол кезде алғаш рет жұмысыма сұраныс бар екенін көрдім. Киім тігуге деген қызығұшылығым арта бастады.

Жалпы, шеберхананы ашпай тұрып, түрлі киім тігуді және түрлі адамдардың сұранысын түсінуді жақсы біліп алдым. Сондықтан, бастапқы тәжірибе мен негізгі қаражатпен жұмысты бастауға оңай болды. Басқа мәселелерді бауырларымның мойнына арттым. Арамызда бухгалтер, экономист, жеке кәсіпкер, тіпті эколог пен дәрігер де бар.

Тағы бір маңызды дүние — қолдайтын адамдарың. Олар — жанұяң, достарың, жұмыстағы серіктестерің. Бірақ бұның бәрі ішкі құштарлық пен жеке ұмтылыстың арқасы екені тағы ұмытпау керек.

Cұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Алия Arsik
11 қараша 2012, 11:45
10710

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Aikona
1
0
Көйлектері әдемі екен. Алматыдан қай жерден көруге болады
Ұнағанына қуаныштымыз. Бізді Arsik айтқан қиылыста, яғни Әл Фарабидың бойындағы 4-лі пәтерлі үйдің 1-ші қабатында таба аласыз.
Arsik
0
0
Шеберхана Әл Фараби-Достықта.
керемет сұхбат кен, жұмыс жандансын! :)
тілегіңізге рахмет!
Мен тек осы кыздарга гана сеним артамын! Кыздарга тек алга!
Дамика, сенің сенімің болмаса ) Тілегіңе аумин!
Керемет! Киім тіктіруге аса қызықпайтын едім, соңғы кезде дүкендерден дұрыс көйлек таба алмай қалдым.. Мүмкін, талғамым жоғарылап кетті ме, білмеймін, ештеме ұнамай кетті... Күзде киюге болатын, денеге жабысып тұратын кішкентай қара көйлек тігіп бере аласыздар ма? Қалай хабарласуға болады, а?

Айжаник, күшті жазба. Интервью болса да, сенің стилің көрініп тұрады)
Arsik
0
0
www.facebook.com мына жерде телефоны да, адресі бар) өз талғамыңмен тіктірген көйлекке не жетсін))
Жазба расында да керемет жазылған. Екпінге рахмет!
Пікіріңізге рахмет. Айтылған көйлегіңізді тігіп жүрміз. Келіңіз, бірге шешімін табармыз )

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Как казахстанцы могут получить кусок международного рынка аутсорса?

Сокурсник Илона Маска инвестировал в образовательные проекты, и теперь хочет создать в Казахстане рабочие места на глобальном рынке аутсорса.
Zhumanova
18 мая 2017 / 13:38
  • 45738
  • 22
Алматы ошеломил ненавистью к пешеходам

Алматы ошеломил ненавистью к пешеходам

Алматы – «бензиновые джунгли». Неповторимая Алма-Ата растерзана чиновниками и распродана алчным собственникам строительных компаний, выжимающим соки из каждого квадратного сантиметра ее земли...
ValentinaVladimirska
15 мая 2017 / 23:38
  • 13905
  • 36
Уятмены снова в деле. Танец обнаженных монашек возмутил пользователей Казнета

Уятмены снова в деле. Танец обнаженных монашек возмутил пользователей Казнета

Видео из столичного клуба, попавшее в Интернет, возмутило пользователей Казнета. Причиной такой реакции стало содержимое ролика – девушки гоу-гоу в костюмах монашек танцуют...
Washington
16 мая 2017 / 10:49
  • 8390
  • 31
А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

А-ля Астана: новый город начали строить на левом берегу Сырдарьи

Свершилось! Сегодня в Кызылорде приступили к застройке левобережной части Сырдарьи. Через 10 лет на месте этого пустыря будет шумный и современный новый город, наш престижный деловой Левый берег!
socium_kzo
17 мая 2017 / 17:39
  • 4948
  • 8
Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Пристань для обиженных людей. Как Жарылкап Калыбай Родину поменял

Этот несомненно талантливый, яркий, достаточно харизматичный журналист приобрёл себе много поклонников в среде оппозиционно-либеральной интеллигенции. Теперь они вновь, стоя, аплодируют своему кумиру.
openqazaqstan
17 мая 2017 / 16:01
  • 4404
  • 57
Телохранитель корейского президента сводит мир с ума

Телохранитель корейского президента сводит мир с ума

И телохранители могут быть секс-символами! 36-летний охранник нового президента Южной Кореи Мун Чжэ Ина стал невероятно популярным в последнее время.
Seattle
16 мая 2017 / 16:49
  • 3905
  • 13
Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Кого нам ждать: обнародована культурно-развлекательная программа EXPO-2017

Рианны не будет (как и ожидалось, в общем-то). Зато будут Мумий Тролль с Би-2, Эрос Рамазотти, 30 Seconds to Mars, и даже почему-то Limp Bizkit. А также фестивали J Azzia и "The Spirit of Tengri".
Clair-de-la-Lune
18 мая 2017 / 1:19
  • 3607
  • 8
Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Алматинские проститутки превращаются в шпионок

Попасть в притоны на алматинском проспекте Сейфуллина, которых, как бы ни старались полицейские, меньше не становится, теперь можно, только зная явки и пароли.
Mirogloff
19 мая 2017 / 13:25
  • 3343
  • 29
Нью-Йорк — другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Нью-Йорк — другая планета. Дороги тут переходят, как в моем родном Чимкенте

Тут нет безвкусицы, нет осуждающих взглядов на меховые тапки под вечерним платьем. Тут все одеваются как дети. Нацепили и пошли. Тоже самое и о волосах.
miyatov
17 мая 2017 / 11:09
  • 3016
  • 8