Байтұрсыновтың бәйбішесіне ескерткіш орнатылды

«Айқын» 2012 M09 18
311
0
0
0

Қостанай өңірінің жұртшылығы үшін ұмытылмастай елеулі оқиға болды. Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың аяулы жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылының...

Қостанай өңірінің жұртшылығы үшін ұмытылмастай елеулі оқиға болды. Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың аяулы жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына Меңдіқара ауданындағы Қасқат ауылының аумағындағы қорымда ескерткіш белгі орнатылды.

Ескерткіш белгіні көрнекті ғалым, академик Кенжеғали Сағадиев, облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Есжанов, 84 жастағы Дәмежан апа ашты. Жұртшылық ұлтымыздың мақтанышы Кенжеғали ағамыздың ұлағатты сөзін ұйып тыңдады. Ауданның бас имамы Ертай қажы Балахмет аруақтарға бағыштап құран оқыды.
Әңгіменің орайы келгенде, Бәдрисафаның кезінде Ислам дінін қабылдап қана қоймай, бұл діннің қағидаттарын берік ұстанып, ораза тұтып, намаз оқып, ардақты Алаш қайраткеріне қамқор болғанын айтып өткеніміз жөн.
Басқосуда жергілікті мектеп оқушылары ескерткіш белгінің алдына гүл шоқтарын қойды. Аудан орталығындағы «Жұлдыз» мейрамханасында ас беріліп, құран оқылды. Ахмет Байтұрсыновтың әйгілі «Қоштасу», «Аққұм» әндері орындалды.
Ескерткіш белгіні орнатуда ахметтанушы Ибрагим Ағытаев және басқа да зиялы қауым өкілдері жоғары азаматтықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Оразалы Жақсанов

Оцените пост

0