• 30105
  • 15
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Шындықтың ауылы алыс емес

17 қыркүйек Ақтаудағы сотта В.Козлов, С.Сапарғали, А.Әминовке қатысты қылмыстық істің айғақты заттарын көрсету жалғасты. Cот отырысына қатысушылардың қарасы аз көрінді. Саусақпен санарлық бақылаушылар мен бірлі-жарлы журналистерден басқа, айыпталушылардың жақын туысқандары да процеске құлық танытпай отырған сыңайлы.

Өткен аптаның жұма күнінде сот тергеуі аяқталып, айғақты заттарды көрсету басталған болатын. Бүгінгі отырыста оның ізі жалғасып, мемлекеттік айыптаушылар көптеген дәлелдемелерін ұсынды. Бейне, аудио дыбыстық жазбалар тыңдалып, көрсетілді. Бейнежазбаның бірінде Еуропарламент депутаты Пол Мерфидің жаңаөзендіктерге келіп жағдайды қалыпқа келтіруге ат салатынын, мұнайшыларды қолдайтынын айтып, әкім қаралармен кездесу арқылы жұмыстан босағандарды қайтадан орындарына алғызуға барынша күш салатынын жеткізген. Ал келесі бір айғақты затта Б.Атабаев пен В.Козловтың сөздерінде нақты оқиғаның жоспары турасында әңгіме болған. Б.Атабаев Козловпен сөйлесуде Жаңаөзенге өз адамдарының арасында сенімді біреуді жіберіп, жағдайды барлауды айтқан. Екеуара әңгімеде С.Сапарғали мен оның қасына ертіп жіберетін жақтас іздеген. Сондай-ақ, Жаңаөзенде қан төгу мақсатында жоспарлы іс-әрекетті құруда абай болу керектігі де сөз болған. «Ереуілшілерге Серік жасырын барады. Ол бізді көрсете алады. Жаңаөзенде, ештене айтып қоймай, жаны ашыған болып мұнайшылардың сөзін сөйлеп, баға беруі керек» деген сынды сөздер бар. Прокурор осы сөздер арқылы «Конституциялық құрылысты бұзуға әрекет еткенін айтып, ереуілшілер оқиғасын жандандыра отырып жұмыс барысы құпия түрде баяндалған»,- деді.

Келесі бір аудио жазбада Б.Атабаев, Козлов және оның қазіргі әйелі Әлия Тұрысбекованың арасындағы әңгіме желісі назар аударарлық болды. Үшеуара сөзде ереуілшілер арасында митинг өткізуге тапсырыс беру жайы талқыланған. Бұған ерекше ықылас қойған Козловтың жары Ә.Тұрысбекова да бұл оқиғадан бей-жай қалмағанын анық байқауға болады. Оның Б.Атабаевқа айтқан «Мұнайшылар арасында шеру ойластыру үшін, арыз жазған дұрыс. Арызда митингіге шығатын барлық адамның аты-жөнін көрсетсеңіздер, кейін сіздер құтылып кетесіздер» деген сөздері бар. Сондай-ақ, Козлов та бұл әңгімеден шеткері қалмай, «Біз қазір ойланайық шеруді қалай ұйымдастыруды. Ереуілшілер арасында шерудің болатыны туралы мәлімдеме тастап, оған адамдардың келтіруді көздеу керек. Шерудің ұтымды шығуы адамдардың санымен байланысты болмақ»,- деген. Ал Б.Атабаев мырза Жаңаөзенге бару сапарын «Халық майданынының» атынан емес, жеке азаматтық тұлғада баратынын жеткізіп, мұнайшылардың іші майына кіруді мақсат еткен. «Алға» партиясының мүшесі М.Сизов пен шетелдегі босқын М.Аблязов арасында болған скайп әңгімесінің желісінде Ж.Мамай мен Б.Атабаевтың қамауға алынуына байланысты оппозициялық партияның саяси қызметін жүзеге асыру бағыты талқыға салынған. 2011 жылдың 15 тамызындағы дәлелдемеде сыртта жүрген бас сауғалаушыға Сизов құқық қорғау қызметкерлерінің «Алғаның» өкілдерінен жауап алып жатқандығын баяндай келе, тіс жарып ешқандай мәлімет айтылмағанын жеткізді. Сондай-ақ, «Жігіттерді алып кетті, құқық қорғау органдары бізді тексеруге алып жатыр. Сіздің партияны қалай басқарып отырғаныңыз бен міндетіңіз турасында сұрақтар қойды» деген. Сизовтың айтуынша, бұл тексерістерде скайп, телефон байланыстары қатаң бақылауда. Сондықтан байланыс желісінің құпия сөзін күнделікті ауыстырып туру қажеттілігін де атай кеткен. Келесі бір зерттеу материалындағы М.Кетебаев пен Сизовтың 2012 жылғы 15 маусымдағы аудио жазбасында тіркелмеген «Алға» партиясында қысқартылулардың жүргізілуіне үйлестіру комитетінің мүшесі, әрі идеология бойынша төраға орынбасары М.Кетебаев қарсылығын білдірген. 2012 жылы 19 маусымда тағы да Сизов пен М.Аблязов арасында байланыс орнап шетелдегі босқын «Президентке соққы беруі» жайлы сырын ашқан. Ол 6 шілде күні жоғарыда аталып кеткен шеруді ұйымдастыруды сұрап, Елбасының туған күнінде «бүйірден қанжар салуды көздейтінін» айтқан. Бұдан өзге де көптеген аудио жазбалар тыңдалды. Олардың ішінде Козловқа қатысты зерттеу материалдарында Кетебаев, Сизов, Сапарғалимен, Алдамжаров, Винявскиймен, сондай-ақ 2011 жылдың 16 желтоқсанында болған А.Әміровамен байланыстың аудио жазбасы бар.

Қылмыстық істің дәлелдемелері әлі зерттелу үстінде. Мемлекеттік айыптаушылар ұсынып жатқан айғақтарда тіркелмеген «Алға» партиясының бұрынғы жетекшісі В.Козловқа қатысты дәлелдемелер көптеп кездесуде.

Бұл айыпталушылар 2011 жылдың 16 желтоқсанында болған Жаңаөзендегі мұнайшылардың көтерілісіне қатысы бар деген күдікпен қамауға алынып, оппозициялық белсенді Владимир Козловқа «әлеуметтік араздықты қоздыру» (164-бап, 3-бөлім), «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» (170-бап, 2-бөлім) және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру» (235-бап, 1-тармақ) баптары бойынша қылмыстық іс қозғанған еді. Ал «Халық майданы» қозғалысының өкілі Серік Сапарғали мен қоғамдық белсенді Ақжанат Әминов (164, 170-баптар) бойынша («әлеуметтiк араздықты қоздыру», «ҚР Конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру») деп айыпталып отыр.

Асылжан Иманғалиев

Kabanbai
18 сентября 2012, 21:03
439

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

«До какой же еще степени унижения должен дойти народ?!»

Министерство труда и соцзащиты провело через парламент очередной крайне неоднозначный закон, который может вызвать всплеск недовольства в стране.
openqazaqstan
15 нояб. 2017 / 11:17
  • 25918
  • 19
«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

«Почему я не хочу встречаться с мужчинами-казахами»

Заранее отпишусь, данный пост не является попыткой оскорбить собственную нацию) Как говорится о вкусах не спорят, каждому свое.
Bonittta
16 нояб. 2017 / 14:28
  • 13476
  • 349
Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Почему катастрофический отток интеллектуальной элиты не тревожит Астану?

Как сообщает телеканал КТК, только за последние девять месяцев Казахстан покинули 28200 человек, из них почти пять тысяч инженеров, около 2700 экономистов и 1700 учителей.
openqazaqstan
17 нояб. 2017 / 11:00
  • 9270
  • 48
Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

Самый большой мошенник в стране: об эффективной схеме развода «Казахтелеком»

История о том, как Народный провайдер наваривается на своих клиентах, намерено не отключая услуги, и беря лишние деньги за ненужные и не оказываемые услуги.
ligaspravedlivosti
17 нояб. 2017 / 19:12
  • 9331
  • 26
Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Задержан казахстанец, продававший детей в сексуальное рабство в ОАЭ и Бахрейн

Подтверждаются худшие предположения, циркулирующие в соцсетях. Периодические исчезновения детей в разных регионах Казахстана объясняются не только семейными проблемами и «синими китами».
openqazaqstan
16 нояб. 2017 / 15:46
  • 6696
  • 54
«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

«Думай как британец»: 8 вещей, которым я научилась в Великобритании

Как два года в Великобритании изменили мою жизнь. Несколько простых вещей, которые могли бы сделать нашу жизнь лучше.
goribaldi
13 нояб. 2017 / 16:51
  • 4214
  • 28
О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

О «топ-30», «топ-50» и прочих понтах можно пока забыть

В объективности выводов швейцарского банка Credit Suisse усомниться трудно – его экономические рейтинги относятся к самым авторитетным и их явно трудно упрекнуть в предвзятости
openqazaqstan
вчера / 17:21
  • 4069
  • 72
Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Мой личный рейтинг женщин: от пуританки до содержанки

Сегодня предлагаю вашему вниманию мой личный рейтинг женщин. А вот я хочу быть домохозяйкой, правда, не пахать дома, а хозяйничать.
Mysli_v_Sluh
13 нояб. 2017 / 15:00
Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Российским женщинам нужны казахстанские мужчины?

Отдельные инициативы некоторых российских чиновников вызывают в Казнете приступы просто-таки гомерического ржача. Женщин в регионе – пруд пруди, а вот мужчин, с которыми они могли бы создать семьи, не хватает.
openqazaqstan
14 нояб. 2017 / 15:55
  • 2734
  • 18