Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
4
21:35, 17 сентября 2012

Жазығым не еді?!

Автобустағы оқиға...

Бірде бір құрбым микроблогына «Алматының кептелісі бәрімізге ерте тұруды үйретеді», - деп жазып қойыпты. Бұл рас-ау. Бұрынғадай емес, күз басталғалы жұмысқа екі сағат бұрын шығатын болдым. Кептелістің кесірінен, әрине. Бір күні әдеттегі уакыттан ертереееек шығып, тралейбусқа отырғам. Бос орын болмағандықтан, ортадағы тұғырдан ұстап, терезе қарап тұра бердім. Межелеген аялдамаға дейін әлі біраз бар. Уақытты құр өткізбейін дедім де, сөмкемнен ұялы телефонымды шығарып, көшіріп алған кітаптің электронды нұсқасын оқи бастадым. Кітаптың қызығана кіріп кетіппін, кім мініп, кім түсіп жатыр, онда шаруам жоқ. Бірі былай түйді, бірі олай түйді. Әншейінде қабақ түйіп шығатынмын. Сол жолы мән бермедім. Бір мезетте жанымнан бір әжейдің дауысы шықты. «Әй, немене тесіліп қарап тұрсың? Жаңа көрдің бе сол бәлеңді? Тіпті, сонша есі кеткені несі».

Жанымдағы адамдар шықылықтап күле бастады. Әсіресе, қыздар. Естімегенсіп тұра бердім. «Әй, қыз! Саған айтам. Құрмағыр, қақақтап тұрғанын қараш.  «Үлкен айтып жатыр-ау» деп, тыңдау жоқ.  Өлдің ба сонша? Тұрсаңшы адам құсап». Тағы да күлкі. Гүбір-гүбір әңгіме. «Әй, бала, ана қызды түрші. Тіпті, естімейді ғой өзі. Есі кеткен бәле». Біреу түрткенде ғана, маған айтылып жатқанын білдім. Әжейге қарадым да, «Маған айтып жатырсыз ба?» деп, нақтылап сұрадым. «Иә, саған. Басқа кімге болсын! Адам құсап тұршы, айналайын». «Мен қайтіп тұрмын сонда?». Даусым кішкене қаттырақ шығып кетті, білем. Бірақ, осы сөзді бекер айттым-ау деймін... Әжей мені жерден алып, жерге салды. Айтпаған сөзі қалмады. Шынымды айтсам, тұғырдан ұстап, телефонымнан кітап оқығаннан басқа ештеңе істемеп ем... Қисалаңдан тұра алмай, жұрттың мазасын алып тұрсам бір жөн. Елдің көзінше мені неге сөккенін түсіне алмадым. Үндемей тұра беріппін. Жазығым не еді сондағы?!
4