Жаңбырды сағынып жүрмін

Роксана Риччи 2012 M09 16
611
0
1
0

Жаңбырлы күні ғана СЕН менің жаңымда жүргендейсің. Жауынды сүйетінім де сондықтан шығар...

Жаңбырды сүйемін. Жанымдай сүйемін. Ғашықпын жауынға. Жаңбыр жауса болды, көңілім көтеріліп, ерекше бір сезімге бөленемін. Жанымды қажытқан ескі мұңды да, күндегі күйбең тіршілікті, санамды билеген сан қилы ойларды да – бәрін, бәрін ұмытып кетем. Терезеге жүгіріп, әрбір тамшыға құштарлана қараймын. Бетімді жауынға тосып, сол тамшылардың жылылығын сезінемін, олардан ләззат аламын. Құдды мені сүйіп тұрғандай. Иә, сүйіп тұрғандай... Ернім де, денем де, бүкіл тұла бойым дірілдеп, жүрегім аттай тулап кетеді.

Нөсерді СЕН деп елестетемін. Дәл сол сәтте, СЕН келіп, есімнен адастыра, бетімнен өбіп, тәнімді аймалап тұрғаңдайсың. Содан кейін...жүзімді жауыннан алғым келмейді. Мейлі, сүйе берсінші, сезімнің ыстығына күйдіре, күлкімнің астына тығылған мұңды ұмыттырып, санамдағы ойдың бәрін жуып тастасыншы дегендей, жүзімді тамшыға ұзааааааақ тосып тұра беремін. Жаңбырдың иісі де – сенің иісің тәрізді... Жанымда СЕН тұрғандай, терең тыныстап, бір сәттік рахатқа бөленемін. Тек, сол сәтте ғана, жаңбырлы күні ғана СЕН менің жаңымда жүргендейсің. Жауынды сүйетінім де сондықтан шығар...

...Нөсерді сағынып жүрмін. Кенеттен құйып кетердей, кенеттен тағы да СЕН келердей, терезеге елеңдеп қарай беремін, қарай беремін...

Оцените пост

1