• 89554
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

В.ХРАПУНОВ: Женевада вилланы қалай сатып алуға болады?

Өткен жылдың қараша айында-ақ қазақстандық сот В.Храпуновты тұтқындауға санкция берген болатын. Алматы қаласының экс-әкіміне қатысты 20 қылмыстық істің қозғалуының өзі-ақ осындай шешімнің шығарылуына негіз бола алады. Храпуновқа халықаралық іздеу жарияланбай тұрып-ақ, қазақстандық қоғамда «өзінің байлыққа малынған керемет өмірін мақтан тұтып, оңды-солды ақшаны шашып жүрген бұрынғы шенеунікте соншама миллиондар қайдан?» деген сұрақтар көп болатын. Аса ірі алаяқтыққа қатысы бар деген күдік тағылған «швейцариялық миллионерді» қолға түсіруге бүгінгі күні қазақстандық қоғамның мүдделілігі де арта түсуде.
Храпунов мекенжайын өзгерте ме?
Казнетте жиі кездесетін танымал блогерлік тезистердің бірі, біріншіден, мораль мен әділеттілік заңы бойынша Виктор Храпунов Женева көліне терезесі қарайтын вилласын бостандықтан айыру орнына айырбастауы тиіс, екіншіден, оның отбасының заңсыз жинаған мүлкі Отанға қайтары­луы тиіс екендігін айтады.
Әйтсе де әзірше Храпуновтың өзі Швейцарияда тығылып жүрген кезде бұл солай болуы керектігіне қарамастан, жүзеге асырылуы қиындау сценарий болып көрінеді. Миллиондаған долларды Қазақстаннан алып кете отырып, Алматының экс-әкімі өзінің арманын орындаған болып отыр. Ал енді қазақстандық салық төлеушілердің тілегін орындайтын кез келді. Барлық активтерді қайтаруы тиіс.
Міне, тура осы тұста проблемалар туындайды - Храпунов елге қайтуға ғана емес, теңге эквивалентіндегі миллиардтарды қайтаруға да асықпайды. Өйткені Храпуновта айналып келгенде айырылып қалмауға тырысарлық байлық баршылық. Танымал еуропалық басылымдардың болжамы бойынша, қазақстандық бұрынғы олигархқа, көз алдымызға елестету қанша жерден қиын болса да, 400 миллион швейцариялық франк немесе 300 миллион доллар тиесілі көрінеді.
Қайтып оралатыны жайында қанша жерден сендіргісі келгеніне қарамастан, ол Қазақстаннан біржола қашты және ешқашан қайтып оралу ниеті болған жоқ. Әйтпесе ұшаққа 20 тоннадан асатын өзінің жеке заттарын тықпаламас еді.

Шалқып өмір сүруге тыйым сала алмайсың
«Адал экс-шенеунік» Храпуновтың Швейцария секілді қымбат елде қалай күн көріп жүргенін білу - Қазақстандағы көптеген адамдар үшін, әрине, қызық. Біреулер үшін бұл жаңалық болуы да мүмкін, бірақ ерлі-зайыпты Виктор мен Лейла Храпуновтар және олардың ұлы Ілияс пен қызы Эльвира өз өмірлерін байлыққа арнағаны шындық. Әңгіме бірінші кезекте, орасан қаражатқа «люкс» класындағы жылжымайтын мүлік сатып алулары жөнінде болмақ. Бірде Храпунов отбасының шетелдерден сатып алған бас айналарлық заттары жайындағы мақалаға байланысты «Несі бар, өте бай және ұзақ жылдар бойы супертұтыну режимінде өмір сүріп келе жатқан адамдар оның мәнін жақсы түсінеді» деп жазды белгілі бір қазақстандық блоггер өзінің пікір бөлісулерінде.
Храпуновтың өзінің сұхбаттарында байлығын әйелі және оның «VILED» атты фирмасының арқасында жинағаны жайында әңгімелеп, «аңқау Батыс журналистерін» сендіргісі келеді. Аталған фактіні назарға алғанның өзінде, Виктор мен Лейла Храпуновтарға тиесілі фирманың толық мағынасында зергерлік бұйымдар сататын кәсіпорын емес болғандығы белгілі.
«VILED» жылжымайтын мүліктің шұрайлы бөліктерінің иесі, сонымен бірге, сондай бизнес үшін ең арман болған жерлердегі жарнамалық билбордтардың қожайыны және коррупциялық схемалар қатысушысы ретінде баспасөз беттерінде мезгіл-мезгіл өзінің айғай-шуымен көрініс тау­ып тұрды. Әкімнің өзінің көмегенсіз, мұндай табысты бөліктердің бәрін оның фирмасы өз уысына жинап ала алмайтынын түсіну қиын емес. Тіпті біреулер «VILED» арқылы Храпуновтың Алматы әкімі ретінде сыбайластық қызметі жүзеге асырылып тұрды деп те айтып қалып жүрді.
Өзінің қолы қойылған құжатты қажет ететін адамдарды ол өзінің дүкендеріндегі бриллианттарды сатып алуға мәжбүрлеп, кейіннен сол асыл тастарды дүкен сөрелеріне қайтып әкеп қойғызатын деп те айтады. Осылай бриллианттар тоқтаусыз айналып жүретін.

7000 пайыз пайда
Алматының басты мемлекеттік қызметкері ретінде Виктор Храпунов баю үшін негізгі көз ретінде жер мен жылжымайтын нысандарды кеңінен пайдалана алды. Тексеріс барысы бойынша, Храпуновтың жеке бақылауымен өткізілетін алып-сатарлық келісімшарттар кей кездері 7000 пайыздық маржамен өткен. Бұл - әкімшілік ресурс көмегімен учаске ең төменгі құнмен сатылып, кейіннен нарықтық бағамен қайта сатылатын жағдайлар да болып тұрған. Экономистер «500 пайыз және одан да жоғары пайданы көріп тұрғанда, қылмысқа бармайтын капитал болмайды» деп бекер айтпайды.
Бұрынғы бағынышты болған адамдар мегаполис әкімі Храпуновтың сатылатын нәрсенің бәрін сатқанын естеріне алады. Бірде-бір инфрақұрылым нысаны оның кезінде нөлден нәтижеге дейін жеткізілмеген.
Осындай айналымдары барда, Храпунов үшін Швейцарияда Колоньиден, Женеваның фешенебльдік ауданынан виллалар және құлшылық ету тауында «Хотель де Парк» сатып алуға ақша табу түк емес екендігі белгілі. Сонымен қатар көпшілікті бүгінгі күні Храпуновтың қандай ақшаға қызына Женевадан испандық әшекейлер сататын бутик алып бергендігі де қызықтырады.
Сарапшылар Храпунов өзінің табысын әртараптандыру үшін «қайтарылмайтын банктік несиелер» деп аталатын несиелерді пай­даланған болуы мүмкін дегенді айтады. Тура осы «қайтарылмайтын банктік несиелер» арқылы ол 1 миллион АҚШ долларын Швейцария экономикасына салып, соның негізінде Швейцарияның азаматтығын «ірі инвестор» категориясы бойынша алуы да мүмкін.
В. Храпуновтың есепшотында бас айналдырар соманың пайда болуын басқаша түсіндіру мүмкін емес. Оның әлемдік олигархтар өлшемі бойынша әкімдік еңбекақысы 300 миллион доллар жинауға жетпейді.

Дайындаған
Алма МҰХАМЕДЖАНОВА

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
13 сентября 2012, 14:18
319

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

Прогноз эксперта: в Казахстане будут жить 5 миллионов китайцев

В ближайшие годы в Центральной Азии будут проживать восемь миллионов китайцев, считает заведующий отделением востоковедения национального исследовательского университета высшей школы экономики.
kurmanovainur
23 июня 2017 / 11:23
  • 41094
  • 47
Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Почему мы должны быть благодарны журналисту Джеймсу Палмеру за критику ЭКСПО

Как одним критичным постом зарубежному журналисту Джеймсу Палмеру удалось вскрыть сразу несколько гнойников казахстанского общества.
anotherblogger
21 июня 2017 / 0:39
  • 7089
  • 64
Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Почему я больше не поеду отдыхать на северное побережье Алаколя

Нам казалось, что на Алаколе мы сможем хорошо отдохнуть, расслабиться и набраться сил на весь следующий год. Вроде, и достаточно бюджетно, и не так далеко.
RisKaS
вчера / 18:05
  • 3920
  • 34
На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

На каких улицах города Алматы вы точно попадете в «пробку»

Строятся пешеходные и велосипедные дорожки, трамвайные пути "сносят", а главная традиция нашего мегаполиса - замена подземных коммуникаций и в этом году не была нарушена.
beoblod
вчера / 17:22
  • 3308
  • 3
В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

В каких случаях у вас могут изъять удостоверение личности?

Недавно один знакомый задал вопрос: «Я сейчас выступаю как свидетель по одному делу. У меня забрали удостоверение личности (УЛ) в РУВД и не вернули обратно. Так можно?». Я сразу задалась вопросом...
asselsabekova
21 июня 2017 / 10:17
  • 3308
  • 11
Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Эксперимент. Два парня и девушка в поисках лучшего донера в Астане

Нас трое: девушка и двое парней. Мы обошли 7 заведений, где продают донеры. Оценивали по 10-бальной шкале только по вкусовым качествам донера. Никто нам за рекламу не платил, бесплатными донерами не кормил!
nargiz_15
сегодня / 10:08
  • 3293
  • 6
Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Где отлично провести летние месяцы с пользой для здоровья и кошелька?

Я обратил внимание, что в случае с уникальными природными зонами Павлодарской области применима поговорка: «что имеем – не ценим», а ведь они легко могли бы стать международными курортами.
Muzalevskiy
23 июня 2017 / 22:57
  • 3226
  • 11
Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Это «колхозное сооружение» вредит имиджу города. Я, как алматинка, против!

Почему эту трубу не проложили под землей? Она обезображивает улицу, как дикий багровый шрам от раны, зашитой равнодушным, криворуким и ленивым хирургом, обезображивает лицо.
ValentinaVladimirska
23 июня 2017 / 12:10
  • 2640
  • 40
На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

На Иссык-Куль через Юг. Не бойтесь ехать в Киргизию своим ходом!

Очень живописная и бюджетная поездка вдоль всего берега по Иссык-Кулю! Мы, две обаятельные девушки, поехали вдвоем, подготовленные к совершенно автономной жизни в палатке, и ни разу ничего не...
yelenasergiyenko
22 июня 2017 / 13:20
  • 2830
  • 23