Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:52, 13 сентября 2012

Сөзі жаттаулы, бейнесі сақтаулы

Егер тірі болғанда Алтынбек Сәрсенбаев елуге келер еді. Бірақ амал қанша. «Жазмыштан озмыш жоқ» дегендей қырық төрт жасында мерт болды. Алтынбек қысқа ғұмырында халқына шынайы берiлгендiктiң, сүйiспеншiлiктiң, жанашырлықтың, қамқоршы қайраткерлiктiң өнегелi үлгiсiн көрсете бiлдi. Шыны керек, қоғам қайраткерi, күрескер екенiн көзi тiрiсiнде-ақ дәлелдеп берген азамат.
Ол ел, жер, саясат туралы, адамдық, имандылық қасиеттер, кiсiлiк, кiшiлiк туралы дер кезiнде өткір сөйледi. Халыққа қызмет ету керек екенiн, тек қана билiк жүргiзу емес, елдің сөзiн тыңдап, санасу қажеттiлiгiн де дер кезiнде айтты. Халықтық демократияны қолдады. Алтынбек Сәрсенбайұлы шын мәнiнде мемлекетшiл, халықшыл, ұлтжанды, нағыз демократ азамат болатын. Отыз жасында министр болды. Министр бола жүріп, қазақ баспасөзі үшін көп тірлік жасап кетті. Ел мен елді жақындастырған елші де болды.
«Ұлт мүддесі (мемлекет мүддесі) жолындағы ұлы күрес қай заманда да бір сәтке тоқтаған емес. Бұл күрестің мазмұны өзгермейді. Тек формасы ғана заманына қарай ауысып отырады. Ал күрескерді ұлт тудырады. Қазақ елінің бүгінгі территориялық, мемлекеттік, мәдени-тарихи және тілдік, халықтың һәм ұлттық біртұтастығы алтын басын Алаштың бақыты жолына бәйгеге тіккен батыр ұлдардың күрескерлігі мен ерлігінің еңбегі. Сондай сардар тұлғаның бірі және бірегейі, екі ғасыр тоғысындағы өліара шақта қазақтың көшін алға сүйреген, сол жолда мерт болған - мемлекет және қоғам қайраткері Алтынбек Сәрсенбайұлы. Ұлт күресі жо­лында өлген ерде арман жоқ. Өйткені, қара орман қазақтың жадында сөзі жаттаулы, бейнесі сақтаулы» деп жазады «Абай.кз» сайты. Бұдан асыра айту мүмкін емес. Қазақтың арда ұлының атын халық есінде мәңгі қалдыру үшін Алтынбек Сәрсенбаев атындағы қордың ұйымдастыруымен бильярдтан жыл сайын жарыс ұйымдастырылып отырады. Биыл да сол турнир табысты өтті. Оған респуб­ликаның баспасөз қызметкерлерi, ақын-жазушылары қатысты. Жеңiмпаздарға ба­ғалы сыйлықтар берiлдi. Бұдан тыс, жақындары, достары, замандастары марқұмның басына барып, Құран оқыды. Ас берілді. Сондай-ақ, кеше кешкісін «Қазақконцерт» залында Алтынбек Сәрсенбаевты еске алуға орай ұйым­дастырылған концерттік кеш өтті.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

0
500
0